Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алты айға дейінгі жастағы сәбилерде кездесетін...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.19 Mб
Скачать

22. Сурет 23. Сурет

1 кесте. Текстердің көрсеткіштері

Жамбас буыны

0-3 айлық

4-6 айлық

7-9 айлық

10-12 айлық

Ішке қарай

Сыртқа қарай

Сау балаларда

1/3

1/3-1/2

1/3-1/4

1/4

Ортанжілік басынан жамбас буынан шығуы алды

1/3

1 /3-1/2

1/3-1/4

1 /4

Таю кезінде, емдеу 3 айға дейін басталғанда

¼

1/3-1/2

1 /3-1 /4

1 /4

Таю кезінде, емдеу 3 айдан соң басталғанда

1 /4

1 /3

1 /3

1 /4

Ортанжілік басы шығуында, емдеу 3 айға дейін басталғанда

1 /5

1 / 4

1 /3

1 /4

Ортанжілік басы шығуында, 3 айдан кейін

1 /5

1 /5

1 /2

1 /3 -1/4

Ұршық ойығы төбесінің өрісі сыртқы жиегінің дөңгелеуіне байланысты анықталады. Бірақ оның нақты көлемі мен математикалық өлшемдері жоқ.

Біз ұршық ойығының төбесінің өрісін анықтау әдісін ұсындық. Сау балаларда және дисплазияның әр түрлі деңгейін, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты анықтау.

Берілген мақсатқа төбе өрісін сатылы түрде анықтауда жетеміз.

Біздің әдіс пен келесідей анықталады: балаға тік проекцияда жамбас буыны рентгенографиясын жасайды, түсірілімде ішкі жиектен сыртқа қарай сызық жүргізіледі, ортасынан берілген сызыққа перпиндикуляр жүргіземіз. Өрістің көлемі перпендикулярдың биіктігіне байланысты анықталады (24 сурет).

24 Сурет. Ұршық ойығының төбесінің өрісін анықтау әдісі

Біз туғаннан 3 жасқа дейінгі сау және ауру балалардың өріс көрсеткіштерін есептедік. Берілген әдіс шартты түрде дисплазияның деңгейін бақылауға мүмкіндік береді. Нәрестеде ұршық ойығының төбесі тегіс болатыны белгілі. Ақпараттар бойынша, ренгеннологиялық, төбесі 3 айлық жасқа дейін тегіс болады.

3 айда сау балада төбенің өрістенуі байқалады, ол рентгенде доға тәрізді болып көрінеді (35,2%) , 4 тен 6 айға дейін өріс биіктігі 0,5мм-ге тең. Қалған жағдайда төбе тік болып табылады. 7-ден 9 - айға дейін (32,1%), биіктігі 1,6мм.,10-12 айда төбе өрісі 2,0мм. болды, ал 3-жаста-3,6мм.

Зерттеулер нәтижесі №2 кестеде берілген

2 Кесте Баланың жастарына сәйкес жамбас буынының әр түрлі дәрежесіндегі дисплазиясының көрсеткіші берілген

Жамбас буыны

3 ай

6 ай

9 ай

1 жас

2 жас

3 жас

Дені сау балаларда

0

0,5+0,07

1,6+0,2

2,0+0,4

2,8+0,4

3,6+0,3

Ортанжілік басының шығу алды кезеңі

0

0,3+0,05

1,2+0,2

1,8+0,3

2,3+0,4

3,0+0,3

Ортанжілік басының таюы

0

0,1+0,03

0,7+0,1

1,5+0,3

2,0+0,5

2,5+0,5

Ортанжілік басының шығуы

0

0

0,5+0,1

1,1+0,2

1,6+0,4

2,5+0,8

Ортанжілік басының туа біткен шығуында Омбредан сызығы эпифиздің ішкі жиегінің 1/5 бөлігін қиып өтеді немесе оның ішімен өтеді.

Жамбас буын дисплазиясын рентгенологиялық зерттеу барысында Омбредан-Перкинс сызықтарымен толықтырылған Хильгенрейнер үлгісін, Эрлахер үлгісін және ортанжілік басының ортаңғы нүктесін анықтайтын сызықтар жүйесін қолдану қажет. Жаңа туған нәрестелерде жамбас буын дисплазиясының айқын рентгеногиялық белгісі - ортанжілік сүйегінің проксимальді ұшының сыртқа ығысуы болып табылады. Ортанжілік басының сүйектену ядроларының кеш байқалуы дисплазияның диагностикалық белгісі бола алмайды, бірақ сүйектену ядроларының екі жақта біркелкі болмауы жамбас буынының патологиясы екендігін көрсетеді.

Ацетабулярлы индекстің көрсеткіштері жаңа туылған нәрестелерде 30º төмен болады, егер ацетабулярлы индекстің көрсеткіші 3 айлық немесе одан үлкен жастағы сәбилерде 30º-дан асса, ол патология, ортопедиялық емді қажет етеді. Шентон және Кальве сызықтарының тек қана көмекшілік маңызы бар.

Жамбас буынның ультрасонографиялық зерттеуі (УСГ)

Жамбас буынның ультрадыбыстық зерттеу мен жіктелуін 1980 жылы Graf ұсынды.

Сонография – бұл арнайы аймақты ультрадыбыстық зерттеу.

Ультрадыбыстық зерттеудің 3 түрлі көрсеткіші бар:

  • сызықтық

  • секторлы

  • конвексті

Ультрадыбыстық зерттеудің рентгенографияға қарағанда келесідей артықшылықтары бар:

  • радиациялық факторы жоқ, сондықтан емдеу кезінде бірнеше рет қолдануға болады;

  • жамбас буынның дәнекер тінді және шеміршекті құрылымдарын көруге мүмкіндік жасайды

Ортанжілік басының туа біткен шығуын ерте анықтауға және одан әрі қарай даму механизмін бақылауға УСГ диагностикалық маңызы өте зор.

Жаңа туған нәрестелер мен емшек жасындағы сәбилердің жамбас буынының ультрадыбыстық зерттеуге көрсетілімдері:

  1. буындарда патологиялық өзгерістерді болжайтын клиникалық белгілері байқалса (зақымдалу аймағындағы аяқтың сыртқы ротациясы, бұтты жазудың шектелуі);

  2. жүктілік және босану үрдісін жүргізу ерекшеліктеріне байланысты (баланың аномальді орналасуы, әсіресе жамбасымен жатуы, көпұрықты жүктілік, ұзаққа созылған құрғақ босану, жүктіліктің екінші жартысындағы токсикоз);

  3. тұқым қуалаушылық, асқынған анамнезі болса (нәрестенің ата-анасы мен туысқандарында туа біткен ортан жілік басынаң жамбас-буынының шығуы мен басқа да ортопедиялық патологияның болуы);

  4. жамбас буын қаб-байламдық аппаратының әлсіздігі болса (бұлшықет тонусының төмендеуі)

Ұрықтың жамбас буынының құрылымдарына УСГ мен сапалы баға беру, жатыр ішілік дамудың 35-40 апталарында мүмкін болады.

Ультрадыбыстық зерттеуді жамбас буынының патологияларын анықтауда скрининг тест түрінде қолдануға болады.

R. Graf әдістемесі бойынша жамбас буынын сканерлеу сәбиді бір бүйіріне қарай жамбас буынынан 20-30º бүгілген күйінде жүргізіледі. Ультрадыбыстық аппараттың көрсеткіші үлкен айналым проекциясында фронтальды орналасады және монитор көмегімен зерттеуге қажетті кескіні көрінеді. (25 сурет)