
- •2. Сурет.Ортанжілік басының жамбас буыннан шығуыалды сызбанұсқасы.
- •5. Сурет. Тайып кету симптомын анықтау.
- •6. Сурет. Ортан жілік басының жамбас-буынынан шектелуін анықтау.
- •7. Сурет. Аяқ бөліктерінің салыстырмалы ұзындығының қысқаруы
- •8. Сурет Аяқтың сыртқа бұралуы
- •9. Сурет Тері қатпарының асимметриясы.
- •12. Сурет Келлер сызығының жүргізу сызба нұсқасы
- •13. Сурет Эрлахердің сызба нұсқасы көрсетілген
- •14. Сурет с-өлшемін анықтау (ортан жіліктің проксимальдық бөлігінің бүйірлік орналасуы).
- •18. Сурет Біздің әдіс бойынша нәрестелерде жамбас буыны патологиясын анықтау сызбанұсқасы көрсетілген
- •19. Сурет Хильгенрейнер, Омбредан Перкинс сызбасы
- •20. Сурет 21. Сурет
- •22. Сурет 23. Сурет
- •24 Сурет. Ұршық ойығының төбесінің өрісін анықтау әдісі
- •25 Сурет. Ультрадыбысты зерттеу кезіндегі сәбиді қолайлы жатқызу.
- •26.Сурет. Ультрадыбыстық зерттеудегі жамбас буын құрылысының графикалық көрінісі.
- •27. Сурет. Жамбас буынның сонографиялық анатомиясы.
- •28. Сурет. Удз суреттемесінің бұрыштық көрсеткіштерін анықтау.
- •29 Сурет. Граф бойынша сызықтар жүргізу үлгісі.
- •30 Сурет. Кең құндақтау тәсілінің қалай дұрыс жүргізілу реттері көрсетілген.
- •31 Сурет. Фрейк жастықшасын қолдану реттері.
- •34.Сурет. Жақтауша-кергі
- •36. Сурет Созу кезеңдері
- •Қорытынды
- •22. 5 Жастағы балаға «сан басының буыннан тума шығуы» диагнозы қойылды.
- •23. 1,5 Жастағы балада «сан басының тума шығуы» диагнозы анықталды.
- •Клинические симптомы врожденного вывиха бедра у детей.
- •Консервативное лечение дисплазии тазобедренного сустава и врождённого вывиха бедра у новорождённых и детей раннего возраста
- •Диспансеризация после консервативного лечения
- •Алгоритм диагностики и лечения дисплазии тазобедренного сустава у детей до 6 мес.
- •Заключение
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
Балалардың жамбас буын дисплазиясы ортанжілік басының ұршық ойығынан шығып кетуіне алып келетін және жиі кездесетін аурулардың бірі. Туа біткен ортанжілік басының ұршық ойығынан шығып кету мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлінгенімен жамбас буын дисплазиясының диагностикасы мен емі толығымен шешілмеген.
Сәбилердің жамбас буын дисплазиясын үш айға дейін ерте кезінде анықтап дұрыс ұтымды ем тәсілін жүргізу балалардағы мүгедектіктің алдын алу болып табылады. Жамбас буынының дисплазиясының диагнозін анықтау үшін, барлық сәбилерге ультрадыбысты зерттеу қажет.
Есептер
№1
6 айлық балада, сандағы асимметриялық қатпар, сол аяғының қысқарылуы мен осы табанының жалпақ-вальгусті деформациясы байқалады. Рентгенограммада: ортанжілік басының ядросы сол жағында оң жағымен салыстырғанда кіші екені байқалған, бірақ ұршық ойығында орналасқан.
Диагноз қойыңыз.
№2
Ортопедиялық кабинетке анасы 1,5 айлық баласын әкелген. Дәрігердің тексеру барысында сан тері қатпарларының асимметриясы санның сыртқа әкетуінің шектелуі анықталды. Аяқтың қысқаруы мен «тырсылдау» симптомы жоқ.
Жамбас буынының патологиясын анықтау үшін рентгенографиялық диагностика жүргізген дұрыс па? Сіздің емдеу тактикаңыз.
№3
Бала 4,5 айлық. Сандағы асимметриялық қатпар, оң аяқтың қысқа болуы санның қозғалысының шектелуі, «тырсыл» синдромының оң нәтижелі екені анықталған. Рентгенограммалық зерттеуде ұршық ойығының қақпағы түзу, ортанжілік басы сол жағына қарағанда кіші және ұршық ойығының қақпағынан 1,5 см жоғары орналасқан.
Сіздің қоятын диагнозыңіз, емдеу тәсіліңіз /тактика/.
№4
Бес айлық қыз баланың клиникалық көрінісі: туа біткен ортанжілік басының шығып кетуі. Рентгенограммалық тексеруде ортанжілік басының сүйектенуі ядросы көрінбейді. Ортанжілік басының жамбас буынынан шығып кетуінің диагнозын анықтау үшін қандай рентгенологиялық сызбанұсқаны қолдануға болады?
Сызып, мағынасын айтыңыз.
№5
Бала 1,5 айлық, диагнозы: оң жақ ортанжілік басының шығып кетуі. Сіздің тактикаңыз.
№6
Перзентханада, баланы тексеру барысында жамбас буын қозғалысының шектелгені, сандағы қыртыстардың асимметриясы байқалады. Сіздің қолданатын тактикаңыз?
№7
2 айлық баланың жамбас буынына ультра дыбысты зерттеу (УДЗ) жүргізгенде, Граф бойынша & бұрышы сол жақта 42º, оң жағы 60º, b бұрышы сол жағында 77º, оң жағы 51º. Жамбас буының рентгенограммасында ацетабулярлы индекс сол жағынан 33º, оң жақта 22º-ты, С ұзындығы оң жағында 15мм, сол жағында 22мм. Диагноз қойыңыз.
№8
6 айлық бала бірінші рет емхана ортопедіне көрінуге келді. Қаралу барысында, жамбас қыртысының асимметриясы, аяқтың ұзындығы, екі жақтан да жамбас буынының қозғалысының шектелуі 45º-ты құрайды.
Алдын-ала дигнозін қойып, тексеру мен емдеу жоспарын құрыңыз.
Тесттілер
1.Туа біткен ортанжілік басының жамбас буыннан шығып кетуінің клиникалық симптомына бұдан басқасының барлығы кіреді.
Ортанжіліктің басының жамбас буыннан қозғалуының шектелуі.
Сандағы тері қатпарларының асимметриясы
Трендленбург белгісінің оң нәтижесі
Тізенің сыртқы ротациясы
Сан бұлшықетінің атрофиясы
2.Халықаралық статистика бойынша туа біткен ортанжілік басының жамбас буыннан шығып кетуінің таралу жиілігі:
1. Жаңа туылғандардың 1:1000
2. Жаңа туылғандардың 8:1000
3. Жаңа туылғандардың 4:1000
4. Жаңа туылғандардың 5:1000
5. Жаңа туылғандардың 2:1000
3.Бір жасқа дейінгі балаларға туа біткен ортанжілік басының жамбас буыннан шығып кетуінің диагностикасында қайсы рентгенологиялық сызбанұсқасы қолданады
Хильгенрейнердің сызбанұсқасы
Омбреданның сызбанұсқасы
Рейнбергтің сызбанұсқасы
Путтидің сызбанұсқасы
Сызбанұсқаны қолданудың маңыздылығы жоқ.
4. 6 айлық баладағы туа біткен ортанжілік басының шығуын емдеу кезінде емханаларда қай құрылғы қолданады?
Белер құрылғысы
Томас құрылғысы
Петерсон құрылғысы
Виленский құрылғысы
Фрейк жастықшасы
5. Іштен туа біткен ортанжілік басының жамбас буыннан шығып кетуінде қайсысы патологиялық өзгерістерге ұшырамайды:
1. Жамбас буынының жергілікті элементтері
2. Жамбас буынының қапшықтары
3. Жамбас буынның жүйке-жүйелері
4. Жалғама аппараттары
5. Омыртқаның жотасында
6.Туа біткен ортанжілік басының жамбас буыннан шығып кетуі жиі кездеседі:
Ер балаларда 2-3 рет жиі кездеседі
Қыздарда 8-10 рет жиі кездеседі;
Ер балалар мен қыздарда жиілігі бірдей
Ер балаларда 8-10 рет жиі кездеседі
Ер балаларда 5-6 рет жиі кездеседі;
7. Маркс Ортлайннің симптомы балаларда келесідей диагнозда кездеседі:
Іштен туа біткен ортанжілік басының жамбас буыннан шығып кетуінде
Туа біткен маймақта
Туа біткен бұлшықеттің қисық мойында
Омыртқа патологиясында
Қолдың патологиясында
8. Қалыпты жағдайда ортанжілік басының ядросының сүйектенуі байқалады:
1. 3-4 айда
2. 4-6 айлық жасында
3. 1-2 айлығында
4. 1 жасында
5.1 жастан кейін
9. Перзентханада педиатр жаңа туған нәрестеде «таю» симптомы мен оң жақ сан ашылуынын шектелгенін анықтады. Бала 3 аптаға толған сіздің қабылдауыңызға келді. Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?
1. ортанжілік басының тума шығуы
2. ортанжілік басының патологиялық шығуы//
3. ортанжілік басының туу кезінде болатын эпифизиолизі/
4.Легг-Калве-Пертес ауруы//
5. ортанжіліктің шетінің сынуы.
10. Сіз 1 жас 3 айлық баланы қараудасыз. Ол енді ғана жүре бастады. Жүрісі «үйрек» тәрізді. Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?
1. екі жақты тума сан шығуы //
2. ортанжілік басының патологиялық шығуы//
3. ортанжілік басының тума сол жақты шығуы//
4. Легг-Кальве-Пертес ауруы//
5. жамбас буынның артриті.
11. Туа біткен ортан жіліктің басының шығып кетуін қазіргі тандағы кең тараған диагностиканы пайдаланады:
1.Жамбас буынының рентгенографиясы
2. Жамбас буынының УДЗ -і
3. Артография
4. Компьютерлік томография
5. Допперлік диагностикалық әдісі
12. Жамбас буының бірінші типіндегі & бұрышының мағынасы:
1. 50º
2. 60º және одан көп
3. 30º
4.30º-дан аз
5. 40º
13. ά және β бұрышының дамымаған буынындағы мағынасы:
1. ά 50º, β 55º
2. ά 60º және одан көп, β 55º-тен көп
3. ά 30º, β 55º-тенкөп
4. ά30º-дан кіші, β 55º-тен кіші
5. ά 40º, β55º
14. 2а типі сәйкес келеді:
1. қалыпты сау буынға
2. дамымаған буынға
3. диспластикалық буынға
4. ортанжіліктің басының шығып кетуінің алдына
5. ортанжіліктің басының шығып кетуіне
15. 3 айлық баланың сонометрия көрсеткіші кезінде бұрыштар ά-50º-59º; β-55º-тен көп:
1. ортанжіліктің басының шығып кетуі
2. дамымаған буын
3. диспластикалы буын
4. сау жамбас буын
5. ортанжіліктің басының шығып кетуінің алды
16. 2 А тип кезіндегі ем.
Арнайы ортопедиялық ем
ЕДШК,массаж,кең құнтақтау тәсілі
Фрейқ жастықшасы
Ем жүргізілмейді
17. 3 айлық жастан үлкен балаларда ά-59º және β-60º бұрыштары сәйкес келсе:
Сау жамбас буын
Дамымаған жамбас буын
Жамбас буынның жеңіл түрдегі дисппазиясы
Жамбас буынының күрделі дисппазиясы
18. Жаңа туылған балаларда ортанжілік басының шығып кетуінің консервативті емнің соңы болып есептеледі:
1 Кең құндақтау
2 Қаңқалы ауырлықпен, немесе Оберхет доғасы
3 Наркозбен жабық түрдегі орнына түсіру
4 Лоренц бойынша гипсті орамды қолдану
5 Наркозбен ашық түрдегі орнына түсіру
19. Жамбас буынының диспазиясындағы ем қай уақыттан бастап жүргізіледі?
Туған сәттен бастап.
1 айлық кезінде
1-2 айлық кезінде
3 айлығынан бастап
6 айлығынан бастап
20. Нәрестеге тексеру әдістерінен кейін төмендегі диагноз қойылды: «тума сан шығу». Осы патологияға қандай рентгенологиялық көріністер тән?
1. +α > 30º; h<10мм; с >14мм; d > 5 мм//
2.α > 15º; h<12мм; с >2мм; d > 2 мм//
3. α > 10º; h<14мм; с >4мм; d > 3 мм//
4. α > 20º; h<16мм; с >8мм; d > 4мм//
5.α > 25º; h<18мм; с >10мм; d > 1 мм.
21. 8 жасар баланың жүрісі «үйрек тәрізді», тез шаршағыштық бар. Объективті: сан сүйегі ашылуының шектелуі, аяқтарының ротациясы, Дюпютрен, Эрлахер және Дюмен Тренделенбург симптомдары оң мәнді.Егер балада сан сүйегі басының буыннан шығуы болса, ренгендік суретте қандай рентгенологиялық белгілері тән?
1.α > 12°; мойын-диафизарлы бұрыш >134°, Шектон және Кальве доғаларының қисаюы
2.α >30°; мойын-диафизарлы бұрыш >130°, сан сүйегінің басы Келер сызығынан төмен орналасқан
3.α > 8°; мойын-диафизарлы бұрыш > 120°, сан сүйегінің басы Келер сызығынан төмен орналасқан
4.α > 12°; мойын-диафизарлы бұрыш > 134°, Веберг бұрышы 18° тең
5.α > 12°; мойын-диафизарлы бұрыш > 120°, Веберг бұрышы 18° тең.