Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК, Технол. процессы ОД, каз, Машеков С.А..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.14 Mб
Скачать

1 – түзеткіштің белдемесі;2 - дайындама;

3 – соққыш; 4 – соғылма; 5 – түзеткіш

7.3 Сурет – Түзеткішпен ұзартудың сұлбасы

Түзеткішпен ұзартқанда ойық соққышты қолданады. Жоғарғы илемділік қасиеті бар материалды ұзартқанда құрастырылған соққыштарды қолданады. Екі жазық соққыштарды қолданып (7.4 сурет) түзеткішпен ұзартқанда соғылманың тесігінің түрі бұрмаланады, ал оның ішкі диаметрі түзеткіштің диаметрінен үлкен болады.

Түзеткішпен ұзартқанда шөкпе мынандай формуламен анықталады:

(7.2)

мұндағы – дайындама қабырғасының қалыңдығы; – соғылма қабырғасының қалыңдығы Dдай.ор, – дайындаманың орташа диаметрі; Dсоғ.ор – соғылманың орташа диаметрі.

7.4 Cурет – Жазық соққышта түзеткішпен ұзарту

Түзеткіште кеңейжаюды (7.5 сурет) балдақты, құрсау типті салыстырмалы қысқа жұқа қабырғалы соғылмаларды жасауға қолданады. Түзеткіште кеңейжайғанда дайындаманың ішкі және сыртқы диаметрін үлкейтеді, сонымен қатар бастапқы дайындама қабырғасының қалыңдығы кішіреюінің себебінен соғылманың биіктігі азғантай үлкейеді. Бұндай жағдайда дайындаманың орташа диаметрінің жанамасының бойымен кеңейжаюы жүреді (орташа диаметр бойынша дайындаманың ұзындығы үлкейеді).

Аспап ретінде жазық соққыш қолданылады (7.5, в сурет) немесе баспақпен жұмыс істегенде тар соққыш және цилиндрлік түзеткіш қолданылады. Кеңейжаюдың алдында дайындамада тесік жасайды. Соққыштың ұзындығы соғылманың биіктігінен үлкен болу керек (7.5, а – сурет). Дағдылы жағдайда кеңейжаюдың алдында түзеткіштің диаметірі мынаған тең болады: dтүз = dдай. Соғылманы қайта қыздырғаннан кейін диаметірі үлкен түзеткіш қолданылады.

а-сұлбе; б – күнделікті соққышпен; в – бақа-соққышпен

7.5 Cурет – Түзеткіште кеңейжаю

Әрбір басудан кейін тұғырық тіреуіндегі түзеткішті бұрау жолымен дайындаманы айналдыра қайта басуға береді. Кеңейжаюда салыстырмалы жаншу мына формуламен анықталады:

(7.3)

Кеңейжаюда шөкпе былай анықталады:

(7.4)

сонымен Lдай/ Lсог 1, у .

Алынған мөлшерлер біраз көтеріңкі болады. Түзеткіште кеңейжаюды әдейі жасалған кесте, диаграмма және жазық соққышта ұзартқанда қолданылатын формуланың көмегімен есептеуге болады.

Тесу. Тесу деп негізгі ұсталық операцияны айтады. Ол арқылы дайындамада тесікті немесе үңгілді алады. Тесуді ашық (сурет 7.6, а) және жабық (сурет 7.6, б) деп екіге бөледі.

Сурет 7.6 – Ашық және жабық тесудің сұлбасы

Тесу үшін тұтас және қуысты тескіштер қолданылады (7.7 және 7.8 суреттер). Тескіштің диаметрін дайындаманың сыртқы диаметрінің 0,3 – 0,5–не тең етіп таңдайды. Дайындаманы тесу үшін оны 180о бұрмай бір жағынан жүргізуге болады. Ондай тесу үшін сақинаны қолданады.

Тесу дайындаманың түрін өзгертумен және жұлынғы ретінде металдың қалдығы қалумен қошталады. Тесудің алдында дайындаманы шөктіреді. Шөктірген кезде тескішті дәл қою үшін бүйіржағын тегістейді.

Т

а – тесу; б – кертік тесу; 1 – дайындама; 2, 5 – соққыш; 3 – тескіш; 4 – жалғама; 6 – кертік тесетін тескіш; 7 – жұлынғы 8 – тесілген соғылма

Сурет 7.7 – Тұтас тескішпен тесудің сұлбасы

есу операциясында майлайтын материалдарды қолданады (қарамай немесе машина майының графитпен қоспасы, ұнтақ тәрізді графит немесе графитпен кокстың қосындысы). Майлайтын материалды жағу үшін тескішті металға 10 – 30 мм тереңдікке басып еңгізеді. Пайда болған үңгілтте майлайтын материалды орналастырады, содан кейін ары қарай тескішті басып еңгізеді.

Ірі соғылмаларды тескенде далдашаның қалыңдығы h = 150 – 170 мм болады. Тұтас тескішпен өтпелі тесікті алу үшін тесуді толық жүргізбейді. Өйткені күш тез үлкейеді. Бірақта h – ті 50 – 60 мм дейін жеткізуге болады. Содан кейін дайындаманы 180о аударады, жалғамаларды шығарады және бірінші тескішпен салыстырғанда диаметрі бірнеше есе кіші тескішпен өтпелі тесікті жасайды. Тескенде жұлынғы пайда болады. Дайындамаға тескішті ені үлкен бүйір жағымен қояды. Өтпелі тесік жасайтын тескіштің дұрыс центрленуін далдашаның қараюымен және бүйіржағының ісінуімен тексеруге болады. Осы уақытта бірінші тескішті алып тастайды. Жаман қасиеті бар дайындаманың бөлімін жұлынғыға кетіру үшін тұтас тескішпен дайындаманы аударып тескен кезде қосылма бөлімін бастапқы уақытта төмен қаратып қояды.

ав – тесудің кезеңдері; 1 – соққыш; 2,3,8 – жалғамалар; 4 – тескіш; 5 – құймакесектің қосылма жағы; 6 – сақина; 7 – жалғама; 9 – металдың қалдығы