
- •Өнеркәсіптік инженерия институты
- •Андатпа
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушы жайлы мәліметтер:
- •1.2 Пән жайлы мәліметтер:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі
- •1.7 Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •Оқу процесіндегі барлық бақылау түрлерін тапсырудың күнтізбелік кестесі “Қысыммен өңдеудің технологиялық процестері ” пәні бойынша
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақтар конспекті
- •7.3 Сурет – Түзеткішпен ұзартудың сұлбасы
- •7.4 Cурет – Жазық соққышта түзеткішпен ұзарту
- •7.5 Cурет – Түзеткіште кеңейжаю
- •7.8 Сурет – Куысты тескішпен тесу
- •7.9 Сурет – Төсем сақинада тесу
- •Соғылманың массасы, кг……2,5 дейін 2,5-тен 6,0 дейін 6,0 жоғары
- •Үлкейту ………………………0,5 дейін 0,8 дейін 1,0 дейін
- •2.3 Зертханалық сабақтар жоспары
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстары (сөж) аясында өтетін сабақтар тақырыбы
- •2.6 Өзіндік бақылау үшін тестілік тапсырмалар
- •2.7 Пән бойынша экзамендік сұрақтар
- •Глоссарий
- •Шығыс мәліметтері
- •5В071200 Машинажасау мамандықтары үшін
- •«Қысыммен өңдеудің технологиялық процестері»
- •5В071200 Машинажасау мамандығына арналған
- •Кафедра меңгерушісі ______________ а.Р. Сейткулов
- •Председатель _______________ а.Т. Тұрдалиев
2.3 Зертханалық сабақтар жоспары
Зертханалық жұмыс № 1 «Илемдеу орнағына сипаттама беру»
Тапсырма: ДУО-100 зертханалық илемдеу орнағымен танысып, сипаттама беру.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
1. Жұмыстың мазмұнымен танысу. 2. Илемдеу орнағының барлық элементтерінің параметрлерін өлшеп, оларды кестеге ендіріп жазу. 3. Илемдеу орнағын іске қосып, алдын ала дайындалған қорғасын үлгілерді оқытушының нұсқауымен илемдеп, нәтижелерді кестеге ендіріп жазу. 4. Өлшеніп алынған нәтижелер бойынша илемделген металл деформациясының мәнін анықтау.
Есептеме мазмұны:
1. Жұмыстың мақсаты. 2. Жұмыстың орындалу тәртібін жазу. 3. Өлшенген мәліметтерді кестеде келтіру. 4. Есептелген параметрлердің нәтижесі. 5. Қорытынды.
Әдебиеттер: қос. 7 [3-9].
Бақылау сұрақтары:
1. ДУО-100 орнағының негізгі элементтерін ата.
2. Орнақ жетегінің жұмыс принципі қандай?
3. Тістегеріштік қапас қандай роль атқарады?
4. Абсолюттік және салыстырмалы жаншылу дегеніміз не?
Зертханалық жұмыс № 2 «Қаңылтырды илемдеуді зерттеу»
Жұмыстың мақсаты: тікбұрышты қимасы бар жолақты илемдеген кезде бірлік деформациядан абсолюттік деформацияның тәуелділігін зерттеу.
Материалдар, саймандар, жабдықтар
Өлшемі 10×100×150 мм тең болатын қорғасыннан жасалған үлгіліктер – 3 дана. ДУО-100 зертханалық илемдеу орнағы. Тегіс пішінбіліктер.
Жұмысты жасудың реті
Үш үлгілікті кезекпен ДУО-100 орнағында мынандай бірлік жаншумен илемдеу қажет: ε = 10, 15, 20 %. Әрбір илемдеуден кейін әр түрлі қималарда үлгіліктің өлшемдерін өлшеу жолымен мынандай мөлшерлерді анықтау керек: ∆h = h0 – h1 – абсолюттік жаншу, мм; ∆b = b1 – b0 – абсолюттік кеңею, мм; ∆l = l1 - l0 – ұзару, мм.
Есеп мазмұны
Кестені толтыру қажет. Кестеде келтірілген мәліметтер бойыншы мынандай тәуелділіктерді салу керек: ∆h = f(ε); ∆b = f(ε); ∆l = f(ε). Алынған тәжірибе және есептеу нәтижелерін талдап, оларды салыстырып қортынды жасау қажет.
Техникалық әдебиеттер: 2 нег. [6-54].
Бақылау сұрақтары
Абсолюттік жаншуды қалай анықтайды ?
Салыстырмалы жаншуды қалай анықтайды ?
Көлемнің тұрақты болу шарты туралы Сіз нені білесіз ?
Зертханалық жұмыс № 3 «Сортты илемдеуді зерттеу»
Жұмыстың мақсаты: Бірлік жаншумен байланысты мөлшерлегіштің толу заңдылығын зерттеу.
Материалдар, саймандар, жабдықтар
Өлшемі 10×100×150 мм тең болатын қорғасыннан жасалған үлгіліктер – 3 дана. ДУО-100 зертханалық илемдеу орнағы. Мөлшерленген пішінбіліктер.
Жұмысты жасудың реті
Үш үлгілікті кезекпен ДУО-100 орнағында мынандай бірлік жаншумен илемдеу қажет: ε = 10, 15, 20 %. Әрбір илемдеуден кейін әр түрлі қималарда үлгіліктің өлшемдерін өлшеу жолымен шығықы және ойым жерлердің өлшемін анықтау керек.
Есеп мазмұны
Кестені толтыру қажет. Кестеде келтірілген мәліметтер бойыншы мынандай тәуелділіктерді салу керек: hо/hи = f(ε); bо/bи = f(ε) (мұндағы hо; bо – илемделген үлгіліктің шығынқы және ойым жерлерінің биіктігі мен ені; hи; bи – пішінбіліктің шығынқы және ойым жерлерінің биіктігі мен ені). Алынған тәжірибе және есептеу нәтижелерін талдап, оларды салыстырып қортынды жасау қажет.
Техникалық әдебиеттер: 2 нег. [55-87].
Бақылау сұрақтары
Сортты илемдеу не үшін қолданылады ?
Пішінбілікті мөлшерлеу деп нені айтады ?
Бірлік жаншу мөлшерлегіштің толуына қалай әсер етеді ?
Зертханалық жұмыс № 4 «Сымдау процесін зерттеу»
Жұмыстың мақсаты: сымның қирауына кермелеудің әсер ету заңдылықтарын зерттеу.
Материалдар, саймандар, жабдықтар
Әр түрлі диаметрі бар сымдар. Зертханалық сымдау орнағы.
Жұмысты жасудың реті
Әр түрлі диаметрі бар сымдардың шет жақтарын үшкірлеп әр түрлі кермелеу мөлшерімен сымдауды жүргізу қажет. Сымдағаннан кейін деформацияланған сымтемірдің әр түрлі көлденең қимасында ауданды анықтау қажет.
Есеп мазмұны
Кестені толтыру қажет. Кестеде келтірілген мәліметтер бойыншы мынандай тәуелділіктерді салу керек: λ = Fо/F1 = f(L) (мұндағы Fо – сымтемірдің көлденең қимасының бастапқы ауданы; F1 – сымтемірдің көлденең қимасының деформациядан кейінгі ауданы; L – сымтемір ұзындығы). Алынған тәжірибе және есептеу нәтижелерін талдап, оларды салыстырып қортынды жасау қажет.
Техникалық әдебиеттер: 2 нег. [88-105].
Бақылау сұрақтары
Сымдауыш деп нені айтады ?
Сымдауышты қандай материалдардан жасайды ?
Кермелеу сымтемірдің қирауына қалай әсер етеді ?
Зертханалық жұмыс № 5 «Баспақтау процесін зерттеу»
Жұмыстың мақсаты: тура баспақтаған кезде пайда болатын күштік режімге деформация дәрежесінің және ұяқалып құйғышы пішінінің әсерін зерттеп, баспақ-сүйретілменің пайда болуы басталатын басапақ-қалдықтың ең кішкентай мөлшерін анықтау керек.
Материалдар, саймандар, жабдықтар
Биіктігі h = 40 мм және диаметрі d = 40 мм болатын пластопарафиннен жасалған үлгіліктер – 8 дана; Алынатын ұяқалыбы бар тәжірибелік қалып; ендірме жиыны (жазық, мөлшерлейтін тесігінің диаметрі мынандай: d0 = 20, 15, 10 мм; конусты, диаметрі d0 = 15 мм, ұяқалыптың кіретін бұрышы 2γ =150, 120, 90 және 60о); штангенциркуль, сызғыш, сынау машинасы.
Жұмысты жасудың реті
Пластопарафиннен жасалған үлгіліктерді жазық және конусты ендірмелер арқылы баспақтау қажет. Жазық ендірме арқылы баспақтауды 5 мм-ге тең болатын баспақ-қалдық мөлшеріне дейін жүргізу қажет. Осыдан кейін баспақтауды тоқтата жүргізіп, 0,5 – 1,0 мм-ден кейін тексеріп баспақ-сүйретілменің пайда болуын тексеру керек. Тәжірибені маймен және майсыз жүргізі керек. Конусты ендірме арқылы майсыз баспақтау қажет. Деформация дәрежесін және басапақтау күшін теориялық форомулалар бойынша есептеу керек. Тәжірибе мәліметтерін кестеге кіргізу керек.
Есеп мазмұны
Алынған тәжірибелік және есептелген мәліметтер негізінде меншікті күштің сотанның қозғалу мөлшерінен және ұяқалыптың кіретін бұрышынан тәуелділігі графигін салып, алынған қисық сызықтарға талдау жасау керек.
Техникалық әдебиеттер: 5 нег. [8-305].
Бақылау сұрақтары
1. Жазық ендірмелер арқылы баспақтаған кезде баспақтаудың аяғында меншікті күштің өсуін немен түсіндіруге болады ?
2. Жазық ендірмелер арқылы баспақтаған кезде баспақтаудың аяғында баспақ-сүйретілменің пайда болуын немен түсіндіруге болады ?
3. Деформация дәрежесінен баспақ-сүйретілменің пайда болуы тәуелді болады ма ?
Зертханалық жұмыс № 6 «Соғу процесін зерттеу»
Жұмыстың мақсаты: жазық соққышта цилиндрлі дайындаманы шөктірген кезде деформациялаудың меншікті күші мен пішін өзгерту түрінің дайындаманың биіктігі мен диаметрі қатнасынан және жанасу үйкелісі жағдайынан тәуелділігін анықтау.
Материалдар, саймандар, жабдықтар
Диаметрі d = 30 мм тең болатын пластопарафиннен жасалған цилиндрлік үлгіліктер. Осы үлгіліктердің биіктігі мынаған тең: hx = 40 мм – 6 дана., h2 = 60 мм – 6 дана., h3 - 90 мм – 6 дана. Өлшемі мынандай төсеу тақтасы: D = 80 мм, h = 10 мм. Осы төсеу тақтасының жанасу беті мынандай тазалықпен өңделген: Ra = 20; 0,25; 0,01. Штангенциркуль, май, ацетон, сынау машинасы.
Жұмысты жасудың реті
Тоғыз үлгілікті кезекпен сынау машинасында шөктіру қажет (үлгіліктің әрбір өлшемінен үштен). Әрбір үлгілікті шөктіруді 8 – 10 мм биіктікке дейін беті әр түрлі тазалықпен өңделген, майдан тазартылған төсем тақталар арасында бірнеше жаншумен жүргізу қажет. Әрбір жаншудың мөлшерін 5 – 10 мм шегінде бірдей қылып таңдаған дұрыс. Тәжірибені жүргізген кезде әрбір шөктіруден кейін штангенциркулмен үлгіліктің биіктігін өлшеу керек.
Әрбір жаншудан кейін мыналарды анықтау керек: ∆h = h0 - hi – абсолюттік деформация, мм; di = dо√h0/hi – үлгіліктің келтірілген диаметрі, мм; F – үлгіліктің көлденең қимасының ауданы, мм2. Теориялық формула бойынша деформациялаудың меншікті күшін р анықтау қажет, МПа.
Қалған үлгіліктерді шөктіруді жоғарыда жазылғанға ұқсас жолмен жүргізеді, бірақта шөктіру үшін май қолданады. Нәтижені кестеге кіргізу қажет.
Есеп мазмұны
Кестені толтыру қажет. Кестеде келтірілген мәліметтерді пайдаланып деформациялаудың меншікті күшінің мыналардан тәуелділік графигін салу керек: үлгіліктің биіктігі мен диаметрі қатнасынан (h/d); абсолюттік жаншу мөлшерінен (εh); төсем тақтаның жұмысшы бетін өңдеудің тазалығынан.
Алынған тәжірибе және есептеу нәтижелерін талдап, оларды салыстырып қортынды жасау қажет.
Техникалық әдебиеттер: 8 қос. [56-138].
Бақылау сұрақтары
1. Қандай жағдайда шөктіруді қолданады ?
2. Цилиндрлік үлгілікті шөктірген кезде не себептен бөшке ұқсайтын пішін пайда болады ?
3. Мынандай мөлшерлер: h/d және εh, ал тағы да төсем тақтаның жұмысшы бетін өңдеудің тазалығы шөктірудің күшіне қалай әсер етеді ?
Зертханалық сабақ №7 «Көлемдік қалыптауды зерттеу»
Жұмыстың мақсаты: Қалыптаудың периодына байланысты ашық көлемдік қалыптаудың күштік режімінің өзгеруін зерттеу және бастапқы дайындаманың өлшемін есептеп, оның ең жақсы көлемін анықтау, ал тағы да бастапқы дайындаманың көлемінің жетіспеуі немесе артық болуы қандай жарамсыз құбылыстарға алып келетіндігін анықтау.
Материалдар, саймандар, жабдықтар
Дйаметрі Æ30 мм тең цилиндрлік пластопарафиннен жасалған үлгіліктер. Осы үлгіліктеердің биіктігі мынаған тең: hо = 44; 50; 57 мм. Бұндай өлшемдер мынандай қатнастарға сәйкес келеді: hдай./hсоғ. = 1,05; 1,2; 1,36; сынау машинасы; ашық төсемді қалып; штангенциркуль; микрометр.
Жұмысты жүргізудің реті
Үлгілікті
кезекпен тәжірибелік қалыпта біртендеп
3 – 5 мм тең болатын жаншумен ұяқалыптардың
түйісуіне дейін қалыптау керек. Әрбір
жаншудан кейін мыналарды анықтау қажет:
дайындаманың нақты биіктігін hi,
мм; дайындаманың диаметрін di,
мм; Бірінші период үшін диаметр d
мынандай формуламен анықтайды:
келесі периодтар үшін ең үлкен диаметрді
өлшейді; дайындаманың көлденең қимасының
ауданын Fi,
мм2;
меншікті күшті
МПа (теориялық формула бойынша). Өлшеудің
және есептеудің нәтижелерін кестегі
кіргізу қажет.
Есеп берудің мазмұны
Алынған тәжірибелік мәліметтер негізінде күш пен меншікті күштің биіктіктен тәуелді болу графигін (Р = f (hi) және р = f (hi)) салу керек және алынған тәуелділіктерді талдау қажет.
Техникалық әдебиеттер: 8 нег. [140 - 397]
Бақылау сұрақтары
Металдың ағуының меншікті күші қалыптаудың периодына және дайындаманың бастапқы көлеміне байланысты қалай өзгереді ?
Периодтан перидқа меншікті күштің өсуін қалай түсіндіруге болады және неге ол бастапқы дайындаманың көлемінен тәуелді болады ?
Бастапқы дайындамада металл кем немесе артық болған кезде ақаулардың қандай түрлері пайда болады ?
Осы жүргізілген тәжірибелер жағдайында бастапқы дайындаманың қандай өлшемі ең жақсы ?
Зертханалық сабақ №8 «Қаңылтырды қалыптауды зерттеу»
Жұмыстың мақсаты: Кермелеу технологиялық операциясымен таныстыру.
Материалдар, саймандар, жабдықтар
Сынау машинасы; қыспағы бар ұяқалып пен сотан; циркуль-өлшегіш; штангенциркуль; болаттан жасалған қалыңдығы 0,8 және 1 мм болатын қаңылтырлар.
Жұмысты жүргізудің реті
Қалыңдығы 0,8 және 1 мм болатын болаттан жасалған қаңылтырдан диаметрлері D = 22, 26, 30, 34, 38, 42, 46, 50 мм болатын үлгіліктерді кесіп алу қажет (әрбір өлшем бойынша екі үлгіліктен, яғни 16 дана). Қалыпта кермелеуді былай жүргізу қажет: бір серияны қыспақсыз кермелеу; екінші серияны қыспақпен кермелеу (екі жағдай да ұяқалыпты көп мөлшермен майлау керек). Тетіктің диаметрі мынаған тең: d = 20 мм. Теориялық формула бойынша кермелеу күшін есептеп кестеге кіргізу керек. Барлық кермеленген үлгіліктерді суретке салып, оларды өлшеу керек. Өлшеумен алынған мәліметті кестегі кіргізу қажет. Тәжірибелік мәліметтер бойынша мыналарды есептеу керек: m, К, H/d, S/D 100% . Дайындаманың диаметрін және қалыпталған стақанның биіктігін біле отырып кермелеген кезде бұйымның қабырғасының жұқаруын ескеретін коэффициентті β теориялық формула бойынша табу керек. Кермеленген бір стақанды жартысынан қоларамен кесу қажет. Кесілген сызық бойынша әрбір 2 мм-ден кейін сызықіз салу керек. Сызықіз салынған жерлерде қабырға қалыңдығын және стақан түбін өлшеу қажет. Алынған мәліметтерді кестеге кіргізу керек.
Есеп берудің мазмұны
Алынған тәжірибелік мәліметтер негізінде қалыптау күшінің дайындама диамиетрінен тәуелділігі графикигін (Р = f (Di)) салу керек және алынған тәуелділіктерді талдау қажет. Барлық алынған тәжірибелік мәліметтер бойынша қортынды жазу керек.
Техникалық әдебиеттер: 10 нег. [67 - 152]
Бақылау сұрақтары
Кермелеудің қандай түрлерін білесіз ?
Қыспақпен және қыспақсыз кермелеудің қолдану аймақтары қандай ?
Дайында қандай жағдайда орнықты болып қалыптанады ?
Кермелеген кезде деформация дәрежесін қалай есептейді ?
2.4 Оқытушы жетекшілігімен өтетін студенттердің өздік жұмысы (СОӨЖ) аясында өтетін сабақтар тақырыбы
№ п/п |
Тапсырма |
Сабақта өткізу түрі |
Әдістемелік ұсыныстар |
Ұсын. әдебиеттер |
1 |
Өңдеу технологиясының жалпы негізі |
Талдау, есептің мазмұнын қорғау |
Өңдеудің негізін талдау қажет |
[1]: 5–18 |
2
|
Илемдеу цехтарының жабдықтары |
Талдау, есептің мазмұнын қорғау |
Жабдықтарды талдау керек |
[2]: 6-125 |
3 |
Пішінбіліктерді мөлшерлеудің негізі |
Талдау, есептің мазмұнын қорғау |
Пішінбіліктерді мөлшерлеуді есептеудің әдістемесін түсіну |
[2]: 127-144 |
4 |
Илемдеу өндірісінің түрлері |
Талдау, есептің мазмұнын қорғау |
Илемдеу өндірісінің түрлерін түсіндіру |
[2]: 19-96 |
5 |
Баспақтау үшін саймандар |
Талдау, есептің мазмұнын қорғау |
Жаңа сайманның құрылымын ұсыну |
[5]: 96-128 |
6 |
Сымдау үшін саймандар |
Талдау, есептің мазмұнын қорғау |
Жаңа сайманның құрылымын ұсыну |
[5]: 129-139 |
7 |
Ұсталық соғу тоқпақтары мен баспақтары |
Талдау, есептің мазмұнын қорғау |
Жаңа сайманның құрылымын ұсыну |
[8]: 18 – 56 |
8 |
Қалыптау тоқпақтары мен баспақтары |
Талдау, есептің мазмұнын қорғау |
Жаңа сайманның құрылымын ұсыну |
[8]: 58 – 90 |
9 |
Қаңылтыр қалыптау қалыптары |
Талдау, есептің мазмұнын қорғау |
Жаңа сайманның құрылымын ұсыну |
[10]: 58-90 |
10 |
Метизді өндірістің жабдықтары |
Талдау, есептің мазмұнын қорғау |
Жаңа сайманның құрылымын ұсыну |
[1]: 95-134 |
11 |
Құбыр өндірісінің жабдықтары |
Талдау, есептің мазмұнын қорғау |
Жаңа сайманның құрылымын ұсыну |
[2]: 164-196 |
12 |
Металл бұйым өндірудің үйлестірілген процестері |
Талдау, есептің мазмұнын қорғау |
Металл бұйым өндірудің үйлестірілген процестерін талдау |
[3]: 16-219 |
13 |
Металл бұйым өндірудің үйлестірілген процестері |
Талдау, есептің мазмұнын қорғау |
Металл бұйым өндірудің үйлестірілген процестерін талдау |
[3]: 16-219
|
14 |
Құю мен МҚӨ-дің үйлестірілген процестері |
Талдау, есептің мазмұнын қорғау |
Құю мен МҚӨ-дің үйлестірілген процестерін талдау |
[6]: 3-259 |
15 |
Құю мен МҚӨ-дің үйлестірілген процестері |
Талдау, есептің мазмұнын қорғау |
Құю мен МҚӨ-дің үйлестірілген процестерін талдау |
[6]: 3-259 |