Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК, Технол. процессы ОД, каз, Машеков С.А..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.14 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И.СӘТБАЕВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Өнеркәсіптік инженерия институты

Білдекжасау, материалтану және машинажасау өндірісінің технологиясы кафедрасы

СТУДЕНТТІҢ ПӘНДІК

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Қысыммен өңдеудің технологиялық процестері” пәні бойынша

5В071200 – Машинажасау мамандығына арналған

Алматы 2012

“Қысыммен өңдеудің технологиялық процестері” пәнінің оқу-әдістемелік кешені Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 5В071200 – Машинажасау мамандығында оқитын студенттерге арналған.

Құрастырушы: Білдекжасау, материалтану және машинажасау өндірісінің технологиясы кафедрасы (БМжМӨТ), Алматы: ҚазҰТУ, 2012.

Құрастырған: Мәшеков С.Ә. – техника ғылымдарының докторы, профессор,

Алшынова А.М. - техника ғылымдарының кандидаты, оқытушы

Андатпа

Оқу-әдістемелік кешенінде өндірісте қолданылатын илемдеу, соғу және қалыптау жабдықтарының жұмыс істеунің технологиялық негіздері баяндалған. Орнақтың, тоқпақтың және басқыштың жұмыс істеуіне илемдеу, соғу және қалыптау технологияларының әсері көрсетілген. Илемдеу, соғу және қалыпптауға, сляб пен блюмды қыздырудың жылдамдығын таңдауға, ал тағы да илемді салқындатуға режімдер таңдауға ұсыныстар берілген. Термиялық өңдеудің илемнің және соғылманың сапасына әсері көрсетілген. Жабдықтардың әр түрлерін қолданып илемдеу, соғу және қалыптаудың технологиялық процесін жобалаудың мысалдары келтірілген. Ыстықтай және суықтай табақты, сортты илемдеудің ерекшеліктері келтірілген.

5В071200 – Машинажасау мамандығы студентеріне арналған “Қысыммен өңдеудің технологиялық процестері” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені, студентер пәнді өз бетінше талқылаған кезде және зертханалық сабақтарды орындап пәннің технологиялық бөлімін оқыған кезде, оларға жақсы көмек беруді өзіне мақсат қойады.

Оқу-әдістемелік кешені КР МЖБС талабына және жұмысшы оқу жоспарына сәйкесті жасалған. Сондықтан осы оқу-әдістемелік кешені пәннің негізгі мазмұнын толық бейнелейді.

Оқу-әдістемелік кешені пәннің оқу бағдарламасынан, дәріс конспектісінен, әдістемелік материалдан, студенттер өз бетімен жұмыс істеу үшін қажетті оқу-сараптамалық материалдан, керекті әдебиет тізімінен тұрады.

Оқу-әдістемелік кешені студенттердің танып білерлік және творчествалық істерін белсендетуге және дәріс пен дәрістен тыс уақытта студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Оқу-әдістемелік кешенді машинажасау мамандықтарының студенттері мен магистрантары қолдана алады.

Кесте , суреттер .

Рецензент: Шаутенов М.Р., БММмБ кафедра меңгерушісі

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігімен 2010 бекіткен типті оқу бағдарламасы.

© Қ.И.Сәтбаев атындағы

Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2012

1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus

1.1 Оқытушы жайлы мәліметтер:

Сабақты өткізетін оқытушы

Мәшеков Серік Әкімұлы, техн. ғылым. докт., профессор

Алшынова А.М. - техника ғылымдарының кандидаты, оқытушы

Қатысу ақпараттары: 8-702-100-17-00

Кафедрада болу уақыты:

БМжМӨТ кафедрасының дәрісханалары мен зерханалары.

Кафедрада болатын уақыты: сағат 900 – 1700.