Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukik bauk-13-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
200.71 Кб
Скачать

11.Конституция құқығының пәні және түсінігі

Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:

  • қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;

  • мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;

  • адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.

Конституциялық құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың пәнін құрайды. Қазақстан Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім және ғылым министрлігі). Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полицияпрокуратурасот) жауап беруге тура келеді. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді

Конституциялық құқық әдістері

  1. Міндеттеу әдісі. Мемлекеттік органдарға, сол сияқ­ты жеке тұлғаларға қатысты олардың қызметінің бүкіл ая­сын­да қолданы­ла­ды

  2. Тыйым салу әдісі. Басым түрде мемлекеттік орган­дар­ға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады, шек­теу­лі жағд­ай­ларда азаматтарға қатысты қолданылады

  3. Рұқсат ету әдісі. Адам және азаматтың мәртебесін айқын­дау үшін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілеттігін анықтау кезінде қолданылады

  4. Тану әдісі. Яғни, адамның табиғи құқығын тану

  • Конституция;

  • конституциялық заңдар;

  • әдеттегі заңдар (жай заңдар);

  • президенттің нормативті жарлықтары;

  • үкімет қаулылары;

  • қоғамның негізгі құрылымын, мемлекеттік билік ұйымдарының ұйымдастырылуын реттейтін басқа да құқықтық-нормативтік актілер Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының кайнар көзі болып табылады

12.Конституциялық құқықтың жүйесі.

Конституциялық құқық жүйесі – оның ішкі құрылымын сипат­тайтын және оны құқықтың басқа салаларынан өзгешелеп тұратын институттардың жиынтығы болып саналады.

Конституциялық құқық институттарының жүйесі мынадай түрде беріледі:

1.   конституциялық құрылыстың негіздері;

2      жеке адамның (тұлғаның) конституциялық мәртебесі;

3.  әкімшілік-аумақтық құрылым;

4.  мемлекеттік органдар жүйесі.

Конституциялық-құқықтық нормалар:  

 

1. мазмұнымен (реттеуге бағытталған қоғамдық қатынас­тар­дың аясымен);

2. неғұрлым көбірек заң күшіне ие болумен; Қазақстан Респу­бли­касы Конституциясының ережелеріне қайшы келетін норма­лар­дың күшін жоюымен;

3. сол арқылы білдірілген дерек көздеріменен (неғұрлым маң­ыз­ды нор­малар Қазақстан Республикасының Конститу­ция­сын­­да түзіл­ген);

4. нормалардың өзіне тән түрлерімен (норма-қағидалардың, норма-міндеттердің, ресми мәлімделген (декларативті) ереже­лер­дің болуы);

5. жүзеге асырудың айрықша механизмімен (қоғамдық қаты­нас­тардың түбегейлі, басты тұстарын ғана реттейді);

6. қатынастарды реттейтін (халық, мемлекет, ұлттар, жоғары мемлекеттік органдар) субъектілердің өзіндік сипатымен;

7. құрылымдардың ерекшеліктерімен (ғылыми болжам мен диспозицияға және жекелеген жағдайларда ғана – санкцияға ие);

8. нұсқаулардан тұратын құрылтайшылық сипатпен өзге­ше­ленеді.

Конституциялық-құқықтық нормалардың негізгі жіктеуі

Нұсқаулардан тұратын сипаты бойынша:

1.      құқық жүктеуші нормалар – онда қаралған әрекеттерді жүзеге асыратын және олардың өкілеттік шеңберін анық­тай­тын субъектілер құқығын бекітетін нормалар. Бұл – аза­маттардың саяси, экономикалық, әлеуметтік құқық­та­ры туралы конституциялық нормалар. Мұндай нормалар­ға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Пар­ламенттің, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің конс­ти­туциялық өкілеттігін айқындайтын нормалар жатады;

2.      міндеттеуші нормалар - өзінің тәртібін, өзінің әрекетін атал­мыш нормалардың нұсқауларына жатқызатын су­бъек­тілердің міндеттерін бекітетін нормалар. Мұндай мін­дет­тер тек азаматтарға ғана емес, сонымен бірге Қазақ­с­тан Республикасы Парламенті Палаталарының Төрағаларына да­ жүктеледі;

3.      тыйым салушы нормалар – онда қаралған белгілі бір әре­кет­терді жасауға тыйым салудан тұратын нормалар. Мұн­дай нормалар мемлекеттің конституциялық негіз­де­рін (бас­тауларын), заң ережелері мен құқық тәртібін қор­ғауға бағытталған.

Ондағы нұсқаулардың-айқындаушылық дәрежесі бойынша мынадай нормаларға бөлінеді:

4.              императивті нормалар – белгілеген ережелерді субъекті­ле­рге қолдану еркіндігін қорғауға рұқсат етпейтін  норма­лар;

5.              Диспозитивті нормалар – нормада көрсетілген  жағдаят­тар­ды ескеру арқылы субъектінің әрекет ету вариантын таңдау мүмкіндігін қарайтын нормалар.

Құқықтық реттеу механизмі бойынша нормалар:

6.      материалдық нормалар  -  қоғамдық қатынастарды құ­қық­­тық реттеу бойынша әрекет етудің мазмұнын қарайтын  нормалар;

7.      процессуалдық нормалар – сол арқылы жүзеге асырыла­тын тәртіпті анықтайтын нормалар болып бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]