Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukik bauk-13-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
200.71 Кб
Скачать

67.Құқтық жүйенің қайнар көздері.

Құқықтың қайнар көздері

Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және түрлері. Позитивтік құқықтың өзіне тән белгісі болып оның формальды сипаты табылады. Оны құрайтын нормалар заңдарда немесе мемлекетпен танылатын басқа да , жалпыға міндетті болып танылуы мүмкін.

Құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми - құжаттық нысандары, оларға заңды , жалпыға міндетті мағына беру.

Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тән , оларды мемлекет таниды; бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдауын қамтамасыз етеді.

Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі:

Құқықшығармашылық жол арқылы; бұл жағдайда нормативтік құжаттарды құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни, тікелей мемлекет шығарады.

Санкциялау жолы арқылы ; бұл жағдайда мемлекеттік органдар белгілі бір түрде әлеуметтік нормаларды(әдет-ғұрып,корпоративтік нормалар) қолдап , оларға заңды күш береді.

Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:

1) Нормативтік заң актілері – бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын , құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға сәйкес актілер жатады.

2) Санкцияланған әдет нормалары – бұл адамдардың санасынан орын алған және көп рет қолданылуының нәтижесінде әдетке айналған , тарихи қалыптасқан жүріс - тұрыс ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән беріп , оларды орындауды өзінің мәжбүрлеу күші арқылы кепілденуі. Әдет – ғұрып нормаларына заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі:

а) нормативтік актілерде әдет нормаларына сілтеме жасау арқылы;

б) оларды сот шешімдерінде және басқа да мемлекет органдар актілерінде іс жүзінде тану арқылы.

3 ) Заңды прецедент – бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын және жалпыға міндетті заңды мағына иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе әкімшілік шешім.

4) Нормативтік шарт – бұл екі немесе одан да көп субъектілердің жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған келісімі.

5) Құқықтың жалпы қағидалары – бұл құқықтық жүйенің негізгі бастамалары. Мысалы , заңнамалық норма , міндетті прецедент немесе әдет нормасы болмаған жағдайда заңгерлер әділеттілік , ар – ождан , құқықтың әлеуметтік бағыттылық қағидаларына негізделуі мүмкін( Грецияның , Испанияның , Ауғаныстанның Азаматтық кодекстері).

6) Діни мәтіндер – бұлар , әсіресе мұсылмандық құқыққа тән. Ең алдымен , бұл Құран мен Сүннет. Құран – бұл Алланың сөздері , өсиеттері және ақылдарының жиынтығы түріндегі қасиетті кітап . Сүннет- бұл Мұхаммед Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ.

68.Бағалы қағаздар және олардың түрлері

Құнды қағаздар, бағалы қағаздар — мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (15.1. 2001) сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады (130-бап). құнды қағазға өтімділік, кірістілік бағамының өзгеріп отыратындығы, сенімділік, дербес айналымдылық сияқты жалпы экономикалық сипаттамалар тән.

Құнды қағаз ұсынбалы (мүліктік құқықтар құнды қағазды тапсыру жолымен басқа біреуге беріледі), ордерлік (құнды қағаз мүліктік құқықтардың берілгенін куәландыратын жазба жолмен табысталады) және атаулы (мүліктік құқықтар құнды қағазда аталған адамға беріледі) болуы мүмкін. Құнды қағазда заңда белгіленген деректемелер болуға тиіс және құнды қағаздағы мүліктік құқықтар осы құнды қағаз көрсетілгенде ғана іске асырылады, сондай-ақ құнды қағаздың эмиссиясы және айналысы заңмен белгіленген ережелер мен нормаларға бағындырылады. Құнды қағаз реттеушілік, ақпараттық міндеттер атқарады, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларын, соның ішінде нақты экономика мен қаржы саласын байланыстыру тетігі ретінде қолданылады.

Қазақстан Республикасының “Бағалы қағаздар рыногі туралы” заңында (10.7. 2003) эмиссиялық құнды қағаздың шығарылуы, таратылуы, айналысқа жіберілуі және өтелуі барысында туындайтын қоғамдық қатынастар реттелген, сондай-ақ құнды қағаздың инвесторлары мен ұстаушыларының құқықтарын,құнды қағаз рыногінің қауіпсіз, ашық, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолдары белгіленген.

Бағалы қағаздар -

1. Мүліктік кұқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да

белгілердің жиынтығы.

2. Бағалы кағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы кағаздардың

Азаматтық кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалған өзге де түрлері жатады.

3. Бағалы кағаздар шығарылым нысаны бойынша:

1) құжатты және құжатсыз;

2) эмиссиялық, және эмиссиялық емес;

3) атаулы, ұсынбалы және ордерлік бағалы қағаздар болып бөлінеді.

Акция (нидер. aktіe , нем. актіе, лат. актіү - қарамағына беру, рұқсат беру) — акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз. Акция айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарылады. Онда көрсетілген сома акцияның нақты бағасы болып табылады. Ал акция сатылатын және сатып алынатын құнды қағаз болғандықтан оның сатылу бағасы сатылу курсымен анықталады. Мысалы: акцияда 100 теңге деп көрсетілсе, бұл оның нақты бағасы, ал төленетін дивиденд пен несие капиталы процентінің деңгейіне байланысты ол 110-115 теңгеден сатылуы мүмкін. Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу тәсіліне қарай олар атаулы және ұсынбалы дейтін екі түрге бөлінеді. Атаулы акциялардың иелері міндетті түрде корпорация реестірінде тіркелуге тиісті. Ұсынбалы акцияларды корпорация тіркемейді. Корпорацияны басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар жай және пайдалы болып бөлінеді. Жай акциялар акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға құқық береді. Пайдалы акциялар басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты түрде белгіленген дивиденд түсіреді және пайданы бөлу немесе қоғамның жойылуы кезінде жай акциялармен салыстырғанда артықшылыққа ие болады.

Облигация (лат. облігатіо – міндеттеме) – бағалы қағаз.

Иеленушісінің ақшалай қаражат салғанын куәландырады және шығарылым шарттарында басқа жәйттер көзделмесе‚ қарызгердің иеленушіге тіркелген пайызбен қоса осы бағалы қағаздың атаулы құнын күні бұрын көрсетілген мерзімде өтелуін міндеттейді.

Облигация қатаң түрде ерікті негізде таратылады және ішкі мемлекеттік және жергілікті қарыздар; кәсіпорындардың облигациялары түрлерінде шығарылады. Атаулы‚ ұсынушыға арналған‚ пайыздық‚ пайызсыз‚ еркін айналымды немесе шектеулі облигация болуы мүмкін.

Олар болашақта нақты тауар өндіру (қызметтер көрсету‚ жұмыстарды орындау) кепілдігімен пайызсыз мақсатты облигация түрінде де шығарылады. Мұндай облигация кәсіпорындар мен халықтың арасында таратылады‚ олардың иесі осы облигация кепілдікпен шығарылған тауарларды сатып алуға‚ қызметтерді пайдалануға басым құқық алады.

Облигациядан табыс қатаң тіркелген пайыз түрінде немесе жыртылмалы купонға төлем төлеу жолымен де‚ оларды ойнатып‚ ұтыс төлеу жолымен де, өзгермелі (құбылмалы) мөлшерлеме бойынша пайыз түрінде де алынады.

Облигация бланкілерінің негізгі деректемелері:

  • имитенттің фирмалық атауы‚

  • олардың орналасқан мекен-жайы‚

  • бағалы қағаздың “облигация” деген атауы‚

  • оның рет нөмірі‚

  • шығарылған мерзімі‚

  • түрі (кепілзаттық‚ қамтамасыз етусіз‚ айырбасталымды)‚

  • шығарылымның жалпы сомасы‚

  • пайыздық мөлшерлемесі‚

  • пайыздарды төлеу,

  • өтеу шарттары мен тәртібі.

Облигация мынадай негізгі тұрпаттарға бөлінеді:

  • Айырбасталымды облигация – иелеріне белгілі бір жағдайлар басталғанда оларды шығарған кәсіпорынның акцияларына айырбастау құқығын береді.

  • Табыс облигациясы – фирмада (компанияда) табыс болғанда ғана ол бойынша пайыз төленеді.

  • Нөл купонды облигация – еурооблигациялардың бір түрі‚ олар айырбасталымды акциялар және бағалы қағаздардың басқа да тұрпаттары.

Олар иесіне тек бір рет қана – эмитент-компанияның берешегін өтеу сәтінде ғана‚ яғни бағалы қағазды сатып алу кезінде ғана табыс алуға мүмкіндік береді. Әдетте табыс мөлшері жай облигация әкелетін пайдадан асып түседі.

Опционды облигация – олардың иелерінде бағалы қағаздардың басқа түріне айырбастау мүмкіндігі болады. Мұндай тұрпаттағы облигацияны‚ егер акция бойынша дивиденд облигация бойынша табыстан көп болса‚ акцияға айырбастауға болады.

Дивиденд (лат. дівідендұм – бөліске түсемін) – акционерлерге акциясының құны мен мөлшеріне сәйкес акционерлік қоғам пайдасынан жыл сайын төленетін табыс.

Коносамент - теңізбен жүк тасу келісімінің жағдайлары жазылған құжат, тауарға иелік құжаты; ол бойынша құжат иесінің жүк тасу ісін өзінше басқаруына құқығы бар. Коносамент әсіресе сыртқы саудада кең тараған. Жүк тасушы оны жөнелтушіге жүк тасуға қабылданғаннан кейін береді. Экспорт және импорт тауарларын тасуда коносамент үш міндет атқарады: жүк жөнелтуші мен оны тасушы арасында шарт жасалғанын куәландырады; жүк тасушының оны қабылдап алғанын растайды; тауар жөнінде (коносаментте көрсетілген жүктің сатылуы, аманатқа берілуі және т.б. мүмкін) жарлықтар беруге мүмкіндік беретін құжат болып табылады. Бұл орайда алушының атына атаулы коносамент толтырылады. Жүкті тура жеткізу көзделген коносамент бойынша жүк тиісті жеріне орта жолдағы портта басқа кемеге ауыстырып арту арқылы жеткізуге қабылданады. Мұндай жағдайда жүк үшін оны тасушы жауап береді. Сақтандырылған коносамент жүкті контейнермен тасыған жағдайда қолданылады, жүктің қабылданғанын дәлелдеп, оның сақтандырылғанын куәландырады. Таза коносаментте жүкті жағымсыз қырынан көрсететін ескертпелер болмайды. Коносамент ұсыну қажеттігі келісім шарттардың үйреншікгі шарты, оны орындамаған сатушы, әдетте, банктен тауарға төлейтін қаржы ала алмайды. Көп жағдайда жүк жөнелтушілер кеме иелеріне таза коносаменттің орнына кепілдеме хат беруді ұсынады.

Варрант (ағыл. және франц. warrant — өкілеттік, сенімхат) — тауардың сақтауға қабылданғаны туралы тауар қоймалары беретін куәлік (сатушының кепілдігі); иесіне құжатта көрсетілген тауарды кепілзатқа салып қарыз алуына құқық беретін құжат; қарызгердің облигацияларын немесе акцияларын тіркелген бағамен сатып алуына құқық беретін бағалы қағаздар нысанындағы облигациялық қарыз шарты. Бүл құжат бойынша тауарды кепілдікке беруге немесе сатуға болады. Варрант екі бөліктен түрады. Олар қойманың өзінің куәлігі және кепілдік куәлігі. [1] Біріншісі тауарды сатқан кезде,оған меншік құқығын беру үшін қажет. Екіншісі кепілдіктегі тауар үшін несие алуға қажет (ол несиелеушіге варрантты ауыстырып табыс ету жөніндегі жазба индоссаменті бойынша беру арқылы). Онда қарыз ақшаның шарттары туралы белгі соғылады.

Фьючерс (лат. futurum - болашақ) — уағдаласылған сұрыптағы тауарды белгілі бір мөлшерде келісілген бағамен көрсетілген кезең бойына жеткізу жөніндегі келісімшарт. Фьючерстік шарт бойынша міндеттемелер барлық жағдайда дерлік нақты тауарды жеткізу жолымен емес, төлеу немесе бағадағы айырманы алу жолымен орындалады.

Чек (фр. chèque, англ. cheque/check) — ценная бумага, содержащая ничем не обусловленное распоряжение чекодателя банку произвести платёж указанной в нем суммы чекодержателю. Чекодателем является лицо, имеющее денежные средства в банке, которыми он вправе распоряжаться путём выставления чеков, чекодержателем — лицо, в пользу которого выдан чек, плательщиком — банк, в котором находятся денежные средства чекодателя.

Вексель (от нем. Wechsel) — письменное денежное обязательство, оформленное по строго установленной форме, дающее владельцу векселя (векселедержателю) право на получение от должника по векселю определённой в нём суммы в конкретном месте. Должником по векселю может выступать: при простом векселе - векселедатель, при переводном векселе (тратте) - иное указанное в векселе лицо (трассат), являющееся должником по отношению к векселедателю.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]