Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukik bauk-13-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
200.71 Кб
Скачать

26.Алименттік міндеттемелер

Алименттер – алуға құқылы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асыру қаражаты.

Ата – аналар мен балалардың алименттік міндеттемелері

Ата аналардың алименттік міндеттемелері

Ата аналар өздерінің кәмелетке толмаған балларын асырап бағуға міндетті.Олар өздерінің балаларын асырап бағу туралы келісім жасауға құқылы.

Егер ата аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап бағуына алмаса, алимент ата аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады.

Кәмелетке толмаған балаларға қатысты алименттің мөлшері /ай сайын/

  • Бір балаға – 1/4 (25)%

  • Екі балаға – 1/3(33)%

  • Үш және одан да көп балаға – тең жартысы (50%).

(Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайын және назар аударлық өзге де мән жайларды ескере отырып кемітуі немесе көбейтуі мүмкін )

Кәмелетке толмаған балалардың ата аналарын асырап бағу жөніндегі міндеттері

Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата аналарын асырап бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті.

Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда – сот тәртібімен өндіріп алады.

Алимент мөлшері

Алимент мөлшері айқындау кезінде сот , балаларының бәріне, олардың біреуіне немесе олардың бірнешеуіне талап қойылғанына қарамастан, осы ата ананың еңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларының бәрін ескеруге құқылы.

Қай кезде балалары алимент төлеуден босатылады?

Егер сот ата аналардың ата ана міндеттерін орындаудан жалтарғанын анықтаса, балалара өздерінің еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата аналарын асырап бағу жөніндегі міндеттерінен босатылуы мүмкін.

Балалары ата ана құқықтарынан айырылған ата аналарына алимент төлеуден босатылады.

Ерлі зайыптылардың және бұрынғы ерлә зайыптылардың алименттік міндеттемелері.

Ерлі зайыптылар бір-бірін материалдық жағынан қолдауға міндетті. Бұл ьек моральдық парыз ғана емес, жұбайлардың заңдық міндеттері болып есептеледі.

Қай жағдайда талап ете алады?

  • Жұбайы еңбекке жарамсыз мұқтаж болса;

  • Әйелі жүкті ортақ баласы болса (туған күннен бастап 3 жыл бойы);

  • Мұқтаж жұбайы асырауында ортақ мүгедек баласы болса(18 жасқа толғанға дейін)

Міндеттен босату немесе міндеттің мерзімін шектеу

  • Спирт ішімдіктеріне,есіріткі заттарына, психотропты заттарға салынып кетуі салдарына көмекке мұқтаж жұбайы еңбекке жарамсыз болып қалған;

  • Ерлі зайыптылар некеде ұзақ тұрмаған ;\

  • Алимент төлеуді талап ететін жұбайдың отбасында өзін лайықты ұстамаған жағдайларда шектеуі мүмкін.

Бұрынғы жұбайын асырап бағу жөніндегі міндет мынадай жағдайларда:

  • Көмек алуға құқығы бар жұбай жаңа некеге тұрғанда;

  • Тараптарының бірінің қайтыс болуы;

  • Еңбекке жарамсыз жұбайдың еңбекке қабілеттілігің қайтадан қалпына келуі;

  • Және тағы басқалар сот шешімімен тоқтатылады.

Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері

Отбасының басқа мүшелері

Ағалар мне апалар, інілер мен сіңлілер, атасы мен әжесі, немерелер, өгей ұлдар мен өгей қыздар, өгей әек мен өгей шеше, тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер.

Алимент төлеу туралы келісім

Алимет төлеу(алименттің мөлшері, оны төлеу шарттары мен тәртібі)туралы келісім алиментті төлеуге міндетті адам мен оны алуша адам арасында, ал алиментті төлеуге міндетті адам және /немесе/ алимент алушы әрекетке қабілетсіз болған жағдайда осы адамдардың заңды өкілдері арасында жасалады.

Нысаны

Жазбаша түрде жасалады және оны нотариат куәландыруға тиіс.

Алимент мөлшері

Алимент мөлшерін тараптар сол келісімде белгілейді.

Төлеудің әдістері

  • Алименттің алимент төлеуге міндетті адам табысына және өзгеде кіріс үлес есебімен;

  • Дүркін-дүркін төленіп тұратын тұрақты ақша сомасымен;

  • Мүлік беру жолымен;

  • Бір жолғы төленетін тұрақта ақша сомасымен;

  • Сондай-ақ келісімде қол жеткеніне қарай өзге де әдістермен төленуі мүмкін.

Алименттік міндеттемелерді тоқтату

1)Алимент төлеу туралы келңсіммен белгіленген алименттік міндемтемелер осы келісімнің күшінде болу болу мерзімі біткен немесе осы келісімде көзделген негіздер бойынша, сондай –ақ тараптардың бірі қайтыс болғанда тоқтатылады.

2)Сот тәртібімен өндіріп алынатын алиментті төлеу:

- бала кәмелетке толғаннан кейін немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілетін алған жағдайда;

- Асырар бағу үшін алимент өндіріп алынған бала асырап аланғанда:

- сот алимент алушының еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілген немесе көмекке мұқтаждығы тоқтатылған деп танығанда;

- еңбекке жарамсыз, бұрынғы жұбайның көмекке мұқтаж болып келген алимент алушы жаңа некеге тұрғанда;

- алимент алушы адам немесе алимент төлеуге міндетті адам қайтыс болғанда тоқтатылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]