Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukik bauk-13-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
200.71 Кб
Скачать

1.Мемлекеттің негізгі түсінігі мен белгілері.

Мемлекет – бұл арнайы басқару жəне мəжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын жəне оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.

Мемлекет құрылымдағы əлеуметтік биліктен ажырататын төмендегідей белгілері болады:

1. Бұқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің басқару жəне мəжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік – бұл шенеуніктер, əскер, полиция, түрме мен басқа да мекемелер.

2. Аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші бар-лық адамдарды өз билігімен жəне қорғау арқылы біріктіреді.

3. Салықтар жүйесі. Олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет.

4. Егемендік. Бұл мемлекетке тəн өз аумағындағы үстемдік пен халықаралық қатынастардағы тəуелсіздік.

5. Құқықтың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық мемлекеттік билікті заңдастырады.

2. Мемлекеттің пайда болуы: экономикалық және әлеуметтік мәселелері.

Әскери демократияның дамуы қоғамда саяси ұйымның – мемлекеттің пайда болуына әкелді. Мемлекет, бір жағынан, әскери демократияның жаңа негізде қайта құрылуы нәтижесінде, ал екінші жағынан, жаңа басқару органдарының пайда болуы нәтижесінде құрылды. Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық , әлеуметтік, құрылымдық , басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: Малшылық Жер игеру Өндірістік Саудагерлер тобы

Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісінасырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың – қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.

  • Экономикалық мәселелер Оған экономиканың дұрыс қызмет етуін және дамуын әртүрлі шаралардың (елдегі меншік нысандарын қорғау, сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру және нығайту) көмегімен қамтамасыз ету жатады.

  • Әлеуметтік мәселелерМемлекет тұрғындарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру шараларын іске асыру, тұрғындардың қажетті өмір сүру деңгейін қолдау, еңбек жағдайын, оның ақысын, тіршілік деңгейін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.

3.Құқтық мемлекеттің түсінігі мен белгілері.

Құқықтық мемлекет – бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандық-тарының толық түрде қамтамасыз етілуіне жəне құқық бұзушы-лықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.

Құқықтық мемлекеттің белгілеріне мыналар да жатады:

-билікті заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында оны заңшығарушылық, атқарушылық жəне сот тармақтарына бөлу;

-заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық конституциялық тəртіптерді сақтай отырып қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертіліуі жəне тоқтатылуы мүмкін емес;

- мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;

- қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мəдениеттің жоғары деңгейі;

- азаматтық қоғамның болуы жəне тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]