
- •4.Радиокоммуникацияның жербетілік жүйелері
- •4.1 Радиокоммуникацияның аймақтары
- •Расстояние, км Расстояние, км
- •Информатизация және байланыс жөніндегі комитет Қазақстан Республикасының жиілігі жөніндегі Мемлекеттік ведомстваралық коммисия
- •4.2 Конвенционалды(Шартты) жүйелер
- •Жиіліктер диапазоны
- •Радиоқұрылғылардың типтері
- •4.3 Қт диапазонындағы радиокоммуникация жүйелері
- •4.3.1 Жж радиосызықтарындағы сигналдар мен кедергілер
- •4.3.2 Жж радиобайланыстың автоматтандырылған желілер құрылымы.
- •4.3.3 Магистральдік жж радиобайланыс
- •4.4 Радиобайланыстың радиорелейлік сызықтары.
- •4.5 Арнайы радиошақыру жүйесі
- •4.5.1 Қр теміржол транспорттарында пейджингтік байланысты қолданудың келешегі.
- •4.6 Транкингтік байланыс
- •4.6.1 Транкингтік жүйелердің мүмкіндіктері
- •4.6.2 Транкингтықжүйелердің классификациясы
- •4.7 Ұялы радиобайланыс желілері
- •4.7.1 Ұялы радиобайланыс желілерінің даму кезеңдері.
4.3.2 Жж радиобайланыстың автоматтандырылған желілер құрылымы.
Автоматтандырылған адаптивтік жүйе өзінің күйін өзгерту болжамына ие болуы тиіс.ЖЖ радиобайланыстың автоматтандырылған адаптивтік жүйесінің үлкейтілген схемасы 4.5-суретте көрсетілген.Оның негізгі бөліктері болып табылады:байланыстың күй датчиктеріне сүйенетін бақылау жүйесі;аддативтік басқару,параметрлерді,жүйе алгоритмдерін және аддаптивтік басқару контурын басқару командаларын блогын құру сияқты процесстерді шешетін компьютері бар басқарушы жүйесі;және де радиобайланыс желісі.
Жоғарыжиілікті радиобайланыс спутниктік радиобайланыс желісі сияқты құрлықаралық байланыс түрлерінің бірі ретінде алыс радиобайланыс желісін құрудың үнемді әдісіне жатады.Микротолқындық диапазондағы байланыс желіліері бір уақыттың өзінде бірнеше мыңдаған телефндық каналдарды тарату кезінде ғана үнемді болып саналады.Бұл жағдайда байланыс желісіне,канал санына жұмсалған жалпы пайдаланылмалы және капиталдық шығындардың бөлінуінің нәтижесінде анықталатын бір телефондық каналдың құны салыстырмалы түрде көп емес болады.
Радиожелілерде шағын,автомобильдік және стационарлық радиостанциялар қолданылуы мүмкін.Олар әртүрлі мақсатқа арналған.Әрине,автомобильдік станциялардың арасындағы байланыс қашықтығы жоғары,себебі олар тиімдірек антенна түрін қолданады және таратқыштың үлкен уатына ие.
Әдетте көбінесе радиобайланыс жүйесінде абоненттерді топтарға бөлу керек болады.Бұл мәселенің ең оңай шешімі-әр топқа өз жиілігін бөліп беру,мұны көп жағдайда шектелген жиілік қорына байланысты жүзеге асыра алмаймыз.Бұл жағдайда анағұрлым тиімді шешім топты әртүрлі тональдық және сандық пилот-сигналдар көмегімен бөлу болып табылады.Қазіргі заманғы радиостанциялардың көпшілігі шумбасқыштың тональдық және сандық пилот-сигналдар арқылы басқару функциясына ие.
Көптеген жағдайларда(жеке аудандармен,кемелермен және ұшақтармен байланыс) каналдың көп саны қажет емес.Осымен қатар бір-екі телефондық сөйлесулерді немесе бірнеше ондаған телеграфтық аппараттардың жұмысын тарататын ЖЖ аппаратура салыстырмалы түрде қымбатқа түспейді.
Адаптивтік жүйені құрудың мүмкін 2 нұсқасы бар.
Біріншісінде сапа көрсеткішінің ғаламдық экстремум немесе деңгейлік мағынасын жүйенің жұмыс істеуінің алгоритмін немесе параметрлерін үнемі өзгертулер нәтижесінде алады.Мұндай жүйелерде оңтайлы шешім қабылдау үшін уақыт керек,алайда осы уақыт аралығында байланыс бұзылмайды.
Екіншісіндерадиобайланыс жүйесіндегі өзгерістер сапаның экстремум белгілерін қамтамасыз ететін шартты аналитикалық табу негізінде пайда болады.Бұл жүйелерде де оңтайлы шешім қабылдау үшін уақыт керек,алайда осы уақыт аралығында байланыс бұзылмайды.Адаптивтік жүйені құрудың 1-нұсқасын әдебиеттерде-іздейтін,ал екіншісін-іздемейтін деп атайды.
ЖЖ радиобайланыстарда әртүрлі үздіксіз және дискреттік сигнал түрлері қолданылады.Радиотелеграфтық таратудың ерекше айырмашылығы хабарламаны кодтау болып табылады.Әрбір таратылатын символ(әріп,сан,белгі) өзінің шағын таратуы үшін арналған кодтық комбинациясына ие.Манипуляцияға апаратын алып жүруші тербелістер параметрлеріне тәуелділіктен амплитудалы,жиіліктік және фазалық манипуляцияларды бөліп көрсетеді.Радиобайланыста телефондық хабарламаларды тарату үшін келесі сигнал түрлерін қолданамыз:толық алып жүрушісі бар екіжолақты амплитудалы телефония;толық,әлсіз және басылған алып жүрушісі бар біржолақты телефония;екі тәуелсіз бүйір жолақтардағы телефония.
Дәстүрлі диспетчерлік байланыс жүйелерінде әр топқа бөлінген жиіліктік канал бекітіледі.Радиобайланыстың құрудың мұндайы әдісі абоненттердің жалпы саны көп емес жағдайда айтарлықтай тиімді болады,ал керекті жабын зонасы шектелген болса.Радиобайланыстың мұндай жүйелерінің негізгі артықшылықтары қарапайымдылық және қымбат еместігі болып саналады.Ал кемшіліктеріне жиілітік спектрді тиімсіз пайдалану және қызмет көрсету функцияларының аздығын жатқызуға болады.
4.5-сурет. ЖЖ радиобайланыстың автоматтандырылған адаптивтік жүйесінің үлкейтілген схемасы
Автоматтандырылған ЖЖ байланыс жүйесінде эталонды модель түрін пайдалану жүйенің дәл осындай анық моделін жасау аса күрделі болуынан қиындайды.Сондықтан автоматтандырылған ЖЖ байланыс жүйесін құру кезінде бапталатын модельді адаптивтік жүйелер тиімдірек.
4.5-суреттегі схемадағы байланыс жүйесі өзінің құрамына басқару объектісін кіргізеді-басқару объектісінің характеристикасына әсер ететін орта мен абоненттік станциялар желісі.Радиожелінің автоматтандырылған желілерінде адаптивтік басқару контурының 3 түрін бөліп көрсетуге болады:параметрлік,алгоритмдік және құрылымдық.
ЖЖ радиобайланыс желілерінің көп саны бір-бірінен құрылымы арқылы(радиальдық,бұтақты,сызықты,жұлдызды,радиальды-сақинал ж.т.б),радиостанциялар және каналдар санымен,ақпаратты тарату жылдамдығымен,қызмет көрсету зоналарының көлемімен,қолданыстағы құрылғы түрлерімен,басқаруды автоматизациялау деңгейімен және басқа да параметрлері бойынша айырмашылық жасайды.
Радиожеліде бір ғана симплекстік жиілікті қолданғанның өзінде телефондық желіге байланыс орнатылу жүзеге асырылады.Бұл үшін арнайы радиотелефонды интерфейс деп аталатын құрылғы қолданылады.Әдетте радиотелефонды интерфейспен жұмыс кезінде сандық клавиатурамен жабдықталған радиостанциялар қажет.Мұндай пернетақталарда пернелерді басу кезінде эфирге,әр сан екі дауыстық жиіліктер комбинациясымен кодталатын,DTMF стандартындағы дауыстық сигналдар жіберіледі.Бұл стандарт қарапайым АТС-терде номерлерді теру үшін қолданылады және «тональдық теру» деп аталады.Радиотелефонды интерфейспен жабдықталған стационарлық станция абоненттік станциямен терілетін DTMF сигналдарын қабылдайды және оларды телефондық желіге таратады.Ережеге сай,селективік қоңырауларсыз радиотелефонды интерфейстерді қолдану кезінде,станциялардың абоненттерінің барлығы телефондық сөйлесулерді еститін болады.
Канал санына деген сұраныс артуына байланысты,ал ЖЖ диапазонның жиіліктік сыйымдылығы шектелгендіктен,жиілік жөніндегі халықаралық комиссия жер шарын 10 аймаққа(70 аймақшаларға) бөлді.Бұл зоналар бір-бірінен территориалды алшақтатылған және тәулік уақыттары бойынша тіркелініп қолданылады,бұл дәл сол жиіліктерді көп рет қолдануға мүмкіндік береді.Сонымен,1,5...30 МГц диапазонындағы әрбір килогерц 20...30 арнайы жиіліктік меншіктеулерде қолданылады.Осы жерде «зона» термині негізінде көлемі 500*500 км болатын жер бетінің ауданын айтамыз.Бұл зонадағы немесе соғылып жатқан кәсіпорындар ортақ тұрмыстық байланыстарға ие,сондықтан желі құру кезінде тармақтарды «әркім-әркіммен» әдісі арқылы байланыстыру қажет.Сәйкес технико-экономикалық өзгертулердің нәтижесінде кейбір орталық аудандарда зоналық ЖЖ радиобайланысты қолдану тиімді болады.