Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Часть2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.75 Mб
Скачать

4.3 Қт диапазонындағы радиокоммуникация жүйелері

Ақпаратты үлкен аумақтарда сенімді таратуды қамтамасыз ету үшін,бір уақытта елде сенімді ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін байланыстың техникалық шаралары және әртүрлі жүйелері қолданылады.

ЖЖ диапазондағы радиобайланыс жалпы және мекемелік қолданыстағы магистральды ішкі және халықаралық,зоналық,жылжымалы және өндірістік-диспетчерлік байланыс құралы болып табылады.Ол қамтамасыз етеді:

- магистральдық, зоналық и жергілікті тіркелген и жылжымалы радиожелі;

- радиотарату желісі;

- стандартты жиілік және уақыт жұмысын;

- спутниктік байланыстың жердегі станциялары үшін қызметтік сызығын;

- әуе, теңізжәне теміржол байланысы;

- дипломатиялыққызметтер,жаңалық агентерінің қызметін;

- Гидрометеоқызмет радиобайланыс желісін;

- әуесқой радиобайланысты.

Жоғары тиімділігі бар кабельдік,радиорелейлік және спутниктік байланыс желілерінің тез дамуына қарамастан ЖЖ радиобайланыстың салмағы әлі де болса жоғары және оның дамуы үшін мүмкіндік сақталуда.Бұған негіз ретінде техникалық құдіретін,халық-тұрмыстық мазмұнын және экономикалық тиімділігін ескеретің ЖЖ радиобайланыстың дұрыс бағалау болып табылады.

Бұл оны арнайы жағдайларда таптырмайтын ететін ЖЖ радиобайланыстың кейбір қасиеттерімен анықталады.Мысалы,радиорелейлік сызықтардың жеке аралық станцияларының стихиялық апат жағдайларында немесе басқа себептерге баланысты зақымдануы,және де спутниктің істен шығуы жалпы мемелекеттік байланыс желілерінде өте үлкен қиындықтар туғызуы мүмкін немесе айтарлықтай территория аумақтарында оның жұмыс істеуінің толық бұзылуына алып келуі мүмкін.Бұл жағдайда ЖЖ радиобайланыс қысқа уақыт ішінде аздаған шығындармен қалпына келтірілуі мүмкін.Күндегі рентгендік жарқырау кездеріндегі D ионосфера аумағындағы ионизациялау артқанда радиобайланыс бұзылуы мүмкін,бірақ басқа жүйелерге қарағанда тез қалпына келеді.ЖЖ радиобайланыс халық шаруашылығының көптеген салаларында кеңінен қолданылады,яғни ол кез-келген елдің бүкілхалықтық байланыс желілерінің комплекстік мүшесіболып саналады.

Жоғарыжиілікті радиобайланыс спутниктік радиобайланыс желісі сияқты құрлықаралық байланыс түрлерінің бірі ретінде алыс радиобайланыс желісін құрудың үнемді әдісіне жатады.Микротолқындық диапазондағы байланыс желіліері бір уақыттың өзінде бірнеше мыңдаған телефндық каналдарды тарату кезінде ғана үнемді болып саналады.Бұл жағдайда байланыс желісіне,канал санына жұмсалған жалпы пайдаланылмалы және капиталдық шығындардың бөлінуінің нәтижесінде анықталатын бір телефондық каналдың құны салыстырмалы түрде көп емес болады.

Көптеген жағдайларда(жеке аудандармен,кемелермен және ұшақтармен байланыс) каналдың көп саны қажет емес.Осымен қатар бір-екі телефондық сөйлесулерді немесе бірнеше ондаған телеграфтық аппараттардың жұмысын тарататын ЖЖ аппаратура салыстырмалы түрде қымбатқа түспейді.

Канал санына деген сұраныс артуына байланысты,ал ЖЖ диапазонның жиіліктік сыйымдылығы шектелгендіктен,жиілік жөніндегі халықаралық комиссия жер шарын 10 аймаққа(70 аймақшаларға) бөлді.Бұл зоналар бір-бірінен территориалды алшақтатылған және тәулік уақыттары бойынша тіркелініп қолданылады,бұл дәл сол жиіліктерді көп рет қолдануға мүмкіндік береді.Сонымен,1,5...30 МГцдиапазонындағы әрбір килогерц 20...30 арнайы жиіліктік меншіктеулерде қолданылады.Осы жерде «зона» термині негізінде көлемі 500*500 км болатын жер бетінің ауданын айтамыз.Бұл зонадағы немесе соғылып жатқан кәсіпорындар ортақ тұрмыстық байланыстарға ие,сондықтан желі құру кезінде тармақтарды «әркім-әркіммен» әдісі арқылы байланыстыру қажет.Сәйкес технико-экономикалық өзгертулердің нәтижесінде кейбір орталық аудандарда зоналық ЖЖ радиобайланысты қолдану тиімді болады.

ЖЖ радиобайланыс желілерінің көп саны бір-бірінен құрылымы арқылы(радиальдық,бұтақты,сызықты,жұлдызды,радиальды-сақинал ж.т.б),радиостанциялар және каналдар санымен,ақпаратты тарату жылдамдығымен,қызмет көрсету зоналарының көлемімен,қолданыстағы құрылғы түрлерімен,басқаруды автоматизациялау деңгейімен және басқа да параметрлері бойынша айырмашылық жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]