
- •4.Радиокоммуникацияның жербетілік жүйелері
- •4.1 Радиокоммуникацияның аймақтары
- •Расстояние, км Расстояние, км
- •Информатизация және байланыс жөніндегі комитет Қазақстан Республикасының жиілігі жөніндегі Мемлекеттік ведомстваралық коммисия
- •4.2 Конвенционалды(Шартты) жүйелер
- •Жиіліктер диапазоны
- •Радиоқұрылғылардың типтері
- •4.3 Қт диапазонындағы радиокоммуникация жүйелері
- •4.3.1 Жж радиосызықтарындағы сигналдар мен кедергілер
- •4.3.2 Жж радиобайланыстың автоматтандырылған желілер құрылымы.
- •4.3.3 Магистральдік жж радиобайланыс
- •4.4 Радиобайланыстың радиорелейлік сызықтары.
- •4.5 Арнайы радиошақыру жүйесі
- •4.5.1 Қр теміржол транспорттарында пейджингтік байланысты қолданудың келешегі.
- •4.6 Транкингтік байланыс
- •4.6.1 Транкингтік жүйелердің мүмкіндіктері
- •4.6.2 Транкингтықжүйелердің классификациясы
- •4.7 Ұялы радиобайланыс желілері
- •4.7.1 Ұялы радиобайланыс желілерінің даму кезеңдері.
Радиоқұрылғылардың типтері
УСЛОВИЯ ЭКСПЛУАТАЦИИ |
|
Профессиональные радиостанции |
Как правило, соответствуют требованиям военного стандарта по ударопрочности, воздействию вибрации, пылевлагозащищенности. Имеют минимум органов управления, параметры жестко программируются и не могут быть изменены пользователем. Рассчитаны на длительный срок службы в жестких условиях. |
Коммерческие и любительские радиостанции |
Имеют «дружественный» дизайн. Не рассчитаны на работу в экстремальных условиях. Параметры могут устанавливаться пользователем. Радиолюбительские станции имеют расширенный набор пользовательских функций. |
Необходимо отметить, что некоторые модели занимают промежуточное положение и не могут быть однозначно отнесены к определенному классу. |
|
МЕСТО УСТАНОВКИ |
|
Портативные (носимые) радиостанции |
Выходная мощность 0.5-6 Вт, емкость аккумулятора (в среднем) 600-1700 мАч. Типичный комплект поставки: приемопередатчик (собственно станция), антенна, аккумулятор, зарядное устройство. |
Автомобильные радиостанции |
Выходная мощность 10-60 Вт, питание от бортовой сети (13.8 В). Типичный комплект поставки: приемопередатчик (собственно станция), монтажный комплект, кабель питания, автомобильный микрофон с креплением. Автомобильная антенна, как правило, поставляется отдельно. |
Стационарные радиостанции |
Как правило, автомобильные станции имеют возможность стационарной установки. Дополнительное оборудование: блок питания от сети 220 В, стационарная антенна, антенный кабель. Для удобства работы может использоваться настольный диспетчерский микрофон |
Радиостанциялардың негізгі программаланатын функциялары:
Пилот сигналдар-субтональды жиіліктер жолағында(300 Гц-тен төмен) сигналдар көмегімен шумбасқышты басқару.
Сканерлеу режимі-берілген тізімге сәйкес каналдарды автоматты қайталау түрінде «тыңдау» мүмкіндігі.
Тарату үшін үздіксіз жұмыс режимі-таратуға арналған белгіленген жұмыс уақытынан кейін таратқышты өшіреді,тангента басулы болса да,таратқышты қызып кетуден сақтайды.
Жұмыс каналында таратуға шектеу-егерде каналда,программаланғаннан бөлек, пилот-тонымен(CTCSS или DCS) бірге басқа радиостанцияның сигналы болатын болса таратқыш қосылмайды.
Радиобайланыстың бар екенін қадағалау-екі радиостанцияның оператор қатсуынсыз DCS сигналдарымен алмасуы.Радиостанция сенімді байланыс аймағынан шығарда ескертпе сигнал қалыптасады.
Дәстүрлі диспетчерлік байланыс жүйелерінде әр топқа бөлінген жиіліктік канал бекітіледі.Радиобайланыстың құрудың мұндайы әдісі абоненттердің жалпы саны көп емес жағдайда айтарлықтай тиімді болады,ал керекті жабын зонасы шектелген болса.Радиобайланыстың мұндай жүйелерінің негізгі артықшылықтары қарапайымдылық және қымбат еместігі болып саналады.Ал кемшіліктеріне жиілітік спектрді тиімсіз пайдалану және қызмет көрсету функцияларының аздығын жатқызуға болады.
4.2.2 Симплектік радиожүйелер.Қарапайым жағдайда радиожелі бірдей жиілікте(бір симплектік каналда) жұмыс істейтін радиостанциялар түрінде болады.Радиостанцияның барлық абоненттері бірін-бірі естиді және дауысарқылы керекті абонентті шақыртады.Байланысты құрудың мұндай әдісінде бір-біріне кедергі келтірме й жұмыс істей алатын абоненттер саны,ереже бойынша,көп емес (2…20).
Радиожелілерде шағын,автомобильдік және стационарлық радиостанциялар қолданылуы мүмкін.Олар әртүрлі мақсатқа арналған.Әрине,автомобильдік станциялардың арасындағы байланыс қашықтығы жоғары,себебі олар тиімдірек антенна түрін қолданады және таратқыштың үлкен уатына ие.
Әдетте көбінесе радиобайланыс жүйесінде абоненттерді топтарға бөлу керек болады.Бұл мәселенің ең оңай шешімі-әр топқа өз жиілігін бөліп беру,мұны көп жағдайда шектелген жиілік қорына байланысты жүзеге асыра алмаймыз.Бұл жағдайда анағұрлым тиімді шешім топты әртүрлі тональдық және сандық пилот-сигналдар көмегімен бөлу болып табылады.Қазіргі заманғы радиостанциялардың көпшілігі шумбасқыштың тональдық және сандық пилот-сигналдар арқылы басқару функциясына ие.
Алайда,бұл,барлық топтар бір уақытта сөйлесе алады деген сөз емес.Ережеге сай,мұндай топтарға бөлу кезінде радиостанцияларда,эфирде «бөтен» пилот-сигнал болған жағдайда,таратуға шектеу программаланады.Бірдей радиостанциялар әртүрлі топтардың мүшесі болуы мүмкін.Осымен қатар бірдей жиіліктегі әртүрлі каналдар программаланады,бірақ әртүрлі пилот-сигналдармен.
Станциялардың біреуі диспетчерлік(базалық) болатын нұсқа айтарлықтай көп таралған болып саналады.Бұл,ережеге сай,биікте орналасқан және үлкен күшейту коэффицентіне ие антеннасы бар стационарлық станция болып табылады.
Радиожеліде бір ғана симплекстік жиілікті қолданғанның өзінде телефондық желіге байланыс орнатылу жүзеге асырылады.Бұл үшін арнайы радиотелефонды интерфейс деп аталатын құрылғы қолданылады.Әдетте радиотелефонды интерфейспен жұмыс кезінде сандық клавиатурамен жабдықталған радиостанциялар қажет.Мұндай пернетақталарда пернелерді басу кезінде эфирге,әр сан екі дауыстық жиіліктер комбинациясымен кодталатын,DTMF стандартындағы дауыстық сигналдар жіберіледі.Бұл стандарт қарапайым АТС-терде номерлерді теру үшін қолданылады және «тональдық теру» деп аталады.Радиотелефонды интерфейспен жабдықталған стационарлық станция абоненттік станциямен терілетін DTMF сигналдарын қабылдайды және оларды телефондық желіге таратады.Ережеге сай,селективік қоңырауларсыз радиотелефонды интерфейстерді қолдану кезінде,станциялардың абоненттерінің барлығы телефондық сөйлесулерді еститін болады.
Бірақ радиостанциялардың қарапайым түрін қолданғанның өзінде телефондық абоненттердің конвенциальдық желі абоненттерімен сөйлесуін ұйымдастыруға болады.Бірақ бұл жағдайда теру функциясын,бір уақытта байланысты телефондық желі абонентімен де радиожелі абонентімен де орнатудан кейін,оларды радиотелефонды интерфейстердің көмегімен байланыстырады.Мұндай типтегі интерфейстер әлі күнге дейін қолданыста және Қазақстанда ЗАО СКТБ «Гранит» шығарылады.
Пилот-сигналдарды қолдану нақты бір абонентті шақыртуды қарастырмайды.Жеке және топтық шақыртулар,және дабыл қағу,радиобайланыс барлығын тексеру,радиостанцияның идентификациялық номерін тарату сияқты қосмша функцияларды сигналды жүйені қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.Олар көрсетілген функцияларды күрделі және қымбат базалық құрылғыларды қолданбай-ақ абоненттік радиостанциялар деңгейінде жүзеге асыруға болады.Сигналдық жүйелер,бірінші орында,профессионалдық мәселелерді шешуге арналады.
4.2.3 Ретрансляторлар.
Байланыс жүйесінде екі жиілік(дуплекстік жұптар) болса,ретрансляторды қолдану арқылы радиожеліні құру мүмкіндігі туады,бұл абоненттер арасындағы байланыс қашықтығын ұзартуға мүмкіндік береді.
Ретрансляторлардың функциялары.
Ретранслятор f1 жиіліктегі сигналды қабылдап,оны күшейтіп f2 жиілікте таратады.Сигналды өңдеуге кететін уақыт елеместей аз болып табылады. Ретранслятор дуплекстік құрылғы болып табылады,яғни өабылдау және тарату бір уақытта жүзеге асады.
Ретранслятор арқылы жұмыс істейтін абоненттік радиостанциялардың тарату жиілігі f1-ге тең,қабылдау жиілігіf2-ге тең.Осы жағдайда абоненттік радиостанциялар екіжиіліктік симплекс режимінде жұмыс істейді.
Дуплекстік интервал және дуплекстік фильтр.
Ретранслятордың жұмысы үшін қабылдап және таратуға арналған екі бөлек антенна немесе бір антенна және арнайы дуплекстік фильтр(дуплексор) қолданылуы мүмкін.
Дуплекстік интервал деп қабылдау және тарату жиіліктерінің айырмашылығын айтады.Бір-біріне деген әсердің алдын-алу үшін қабылдаушы және таратушы антенна бір-бірінен белгілі-бір арақашықтықта орналасуы керек.Кеңістіктік таралым шамасы дуплекстік интервал шамасына кері тәуелділікке ие.
Барлық уақытта антенналарды ретранслятордың қабылдағышының оның таратқышына әсерінен құтылатындай етіп орнату мүмкін бола бермейді.Көп жағдайларда бір қабылдап-таратқыш антенна және дуплекстік фильтр қолданылады-бұл қабылдау және тарату жиіліктерінде сигналдары арасындағы өшуді қамтамасыз ететін құрылғы.Жартылай дуплекстік режимде қалыпты дуплекстік интервалы ретінде 4-5 МГц аралығы саналады.Осымен қатар дуплекстік фильтрді қымбат емес және ықшамды етіп жасауға болады.Дуплекстік интервал бұдан төмен болған жағдайда оның құрылымы күрделенеді,ал бағасы айтарлықтай өседі.
Ретранслятордың жұмыс циклі.
Ретранслятордың жұмыс циклі деп ретранслятордың шығысы жұмысы істен шықпайтындай арнайы тұрақталған шығыс қуатының деңгейімен таратуға кететін уақыт пайызын айтамыз.Жұмыс циклі көп деңгейде салқындату жүйесімен және қуат көзінің параметрлерімен анықталады.
Ретранслятор құрамы.
Ретранслятор құрамына қабылдап-таратқыш,қуат көзі,контроллер,салқындату жүйесі бар корпус кіреді.Қуат көзі,контроллер және дуплекстік фильтр ішкі немесе ішінде орнатылған болуы мүмкін.Салқындату жүйесі мәжбүрлі(радиатор + вентилятор) немесе пассивтік(тек радиатор) болуы мүмкін.
Ретраслятордың жұмыс режимі.
Сәйкес контроллермен құру кезінде ретранслятор әртүрлі жұмыс режимдерінде жұмыс жасауы мүмкін.Мысалы:ретрансляторға рұқсат шектелген болып және сигналдың ретрансляциялануы оның өзі арнайы кодты декодтауынан кейін немесе пилот-сигнал бөлінуінен кейін жүзеге асады.Бұл байланыс жүйесін қолданушылар үшін келесі шақыртулар түрлері қолжетімді:
радиоабонент - радиоабонент (жекеқоңырау);
радиоабонент - топ;
радиоабонент – телефондық желінің абоненті;
телефондық желінің абоненті - радиоабонент (жекеқоңырау);
телефондық желінің абоненті– радиоабоненттер тобы.