
- •4.Радиокоммуникацияның жербетілік жүйелері
- •4.1 Радиокоммуникацияның аймақтары
- •Расстояние, км Расстояние, км
- •Информатизация және байланыс жөніндегі комитет Қазақстан Республикасының жиілігі жөніндегі Мемлекеттік ведомстваралық коммисия
- •4.2 Конвенционалды(Шартты) жүйелер
- •Жиіліктер диапазоны
- •Радиоқұрылғылардың типтері
- •4.3 Қт диапазонындағы радиокоммуникация жүйелері
- •4.3.1 Жж радиосызықтарындағы сигналдар мен кедергілер
- •4.3.2 Жж радиобайланыстың автоматтандырылған желілер құрылымы.
- •4.3.3 Магистральдік жж радиобайланыс
- •4.4 Радиобайланыстың радиорелейлік сызықтары.
- •4.5 Арнайы радиошақыру жүйесі
- •4.5.1 Қр теміржол транспорттарында пейджингтік байланысты қолданудың келешегі.
- •4.6 Транкингтік байланыс
- •4.6.1 Транкингтік жүйелердің мүмкіндіктері
- •4.6.2 Транкингтықжүйелердің классификациясы
- •4.7 Ұялы радиобайланыс желілері
- •4.7.1 Ұялы радиобайланыс желілерінің даму кезеңдері.
4.7.1 Ұялы радиобайланыс желілерінің даму кезеңдері.
Бір кезеңде ұялы радиобайланыс желілерінің аналогтық желілері пайда болды.Бұл аналогтық жүйелер,басқаша айтқанда стандарттар,кеңінен тарала бастады.Оларға жататындары:
- AMPS–жетілдірілген ұялы телефондық қызмет түрі,«североамериканский стандарт» атымен танымал,800 МГц диапазонын қолданады. AMPS өзінің сандық дамытылған түрі D-AMPS-пен бірге Казақстанда қолданылады;
-TAСS-900 МГц диапазонындағы ортақ қолданыстағы байланыс жүйесі,ETACS(Англия) және JTACS/NTACS(Япония) модификацияларымен Англияда,Италияда,Испанияда,Австрияда,Ирландияда қолданылады.Бұл аналогтық стандарттардың ішінде таралуы бойынша екінші стандарт;
- NMT 450 және NMT 900 –солтүстікеуропа елдерінің ұялы радиобайланыс желілерінің стандарттары 450 және 900 МГц диапазонын қолданады.Олар «скандинавский стандарт» атымен де танымал және аналогтық стандарттардың ішінде таралуы бойынша үшінші орын алады;
- С-450 (диапазон 450 МГц) -Германиядажәне Португалияда қолданылады;
- RTMS - 450 МГцдиапазонында жұмыс істейтін және Италияда қолданылатын ұялы радиобайланыс жүйесі;
- Radiocom 2000 (диапазон 170, 200, 400 МГц) – Францияда қолданылады;
- NTT – 800...900МГц диапазонында жұмыс істейтін телефон мен телеграфтың жапондық үшвариантты схемасы.
Радиалды және радиалды-аймақтық байланыстарды, максималды алыс қашықтыққа жетуі, таратқыш қуатына, қабылдағыштың сезімталдығына, шудың дәрежесіне тәуелді және станциялардағы антенналардың арасындағы тікелей көру қажеттілігімен шектеледі. Мұндай жүйелердің таратқышы максималды қажетті алыс қашықтықта байланыспен қамтамасыз ету үшін үлкен қуатқа ие болады. Бөлінген жиіліктер жолағында жұмыс істейтін таратқыштар саны шектелген, себебі көрші арналар арасындағы жиіліктерінің айырмашылығы 12,5кГц болады
Ұялы радиобайланыс желілерінің дамуының екінші кезеңі қазіргі кезде де тұрақты дамып жатқан ақпарат таратудың сандық жүйелерін қолданумен басталды.Еуропада жағдай көптеген аналогтық жүйелердің бір-бірімен үйлеспейтіндігімен ушығып тұрды.Бұл жағдайда ең дұрыс шешім болып ортақ еуропалық GSM (GSM 900 - диапазон 900 МГц) стандартын құру болып табылады.Стандартың 1982 жылдан басталған құрылуынан оның бірінші рет қолдануына дейін 10 жыл уақыт кетті.Алғашқы тәжірибелі GSM желісі 1990 жылы пайда болып,1992 ж. алғаш рет Германияда қолданысқа енді.GSM-900— қозғалмалы байланыс жүйесінің ең кең тараған түрі.Оператордың жиілік ауқымы 890—960 МГц. GSM-900 стандартының басқа стандарттармен салыстырғандағы басты артықшылығы телефон аппараттары өлшемдерінің шағын болуы жәнеаккумуляторының зарядталмай ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуі. GSM операторында орнықты байланыс ең жақын базалық станциядан (үдеткіштер мен антенналар қолданғанда) 35 км-ге дейін жетеді.GSM-900 стандартында бөгде қосылудан қорғану үшін абоненттің арнайы модулі — SIM-карта қолданылады.Бұл картада белгілі абонент туралы нақтыақпаратжазылғанмикросұлбаорнатылады,сондықтан оны GSM стандартты кез келген ұялы аппаратта қолдануға болады.Әрбір картаның арнайы идентификациялықнөмірі болады.SIM картаның тағы бір жетістігі абонент аппаратты ауыстырғанда оның ұялы нөмірі және ондағы барлық ақпараттар сақталады.
GSM стандарты техникалық дами отыра,1989 жылы жаңа 1800 МГц жиілік диапазонын құрастыруға барды.Бұл бағыт жеке байланысжүйесі деген атпен танымал.Соңғы дамыған стандарттың ағымдағы GSM 900 жүйесінен айырмашылығы техникалық емес,ал маркетингтік.Қолданыстағы GSM стандартына қосымша енгізілген стандарт түрі 1990-1991 жылдары Еуропада құрастырылды.Ол DCS 1800деген атау алды.Бұл сандық байланыс түрі бастапқы кезде PCN деген атау алды,ол аударғанда «жеке байланыс желісі» деген мағына береді және 1993 жылдан бастап қолданыла бастады.1996 жылы оны GSM 1800 деп атау ұсынылды.АҚШ-та бұл диапазон бос болмағандықтан,1900 МГц диапазонында жиілік бөліну мүмкіндігі табылды.Ол кейіннен Америкада жеке байланыс жүйесі PCS деген атау алды.1900 МГц диапазонын құру 1995 жылдан басталды.Бұл диапазонда жұмыс D-AMPS стандартымен бекітілген және сәйкес келетін GSM стандарты құрастырылған(«американдық» GSM 1900 - стандарт IS-661).
Аталған сандық жүйелердің барлығының тығыздалуы уақыттық канал бөлінісі бар TDMA көптік рұқсат әдісімен жасалған.Алайда 1992-1993 жылдың өзінде АҚШ-та кодтық канал бөлінісі бар CDMA көптік рұқсат әдісінің негізінде ұялы радиобайланыстың стандарты-IS-95(диапазон 800 МГц) стандарты жасалынып шығарылды.Ол 1995-1996 жылдардан бастап Гонконгта,АҚШ-та,Оңтүстік Кореяда,әсіресе Оңтүстік Кореяда –аса кеңінен, алАҚШ-та 1900 МГц диапазоны үшін арналған стандарт түрі қолданыла басталды.
Қазақстандағы негізгі сандық стандарттар ретінде келесілерді алып қарауға болады:
D-AMPS; диапазондары 800 МГц және 1900 МГц);
GSM - ұялы радиобайланыстың жаһандық жүйесі,диапазондары 900, 1800 и 1900 МГц.Бұл барлық абоненттердің 1/4 –не қызмет көрсететін таралуы бойынша әлемнің екінші стандарты;
CDMA - кодтық канал бөлінісі бар көптік рұқсат, диапазондары 800 және 1900 МГц).
Жылжымалы байланыстың үшінші буыны ІМТ-2000 жүйесімен ұсынылған және келесі артықшылықтарға ие:
Жаһандық желіні қамтамасыз ету;
Қолданыстағы желілермен үйлестіру;
Көрсетілетін қызмет түрін арттыру.Оған жоғары сапалы сөздік төменжылдамдықты байланыспен қатар,жоғары жылдамдықты мультимедиа және Internet-ке сымсыз байланысын жатқызуға болады;
Байланыстың әртүрлі жағдайлары мен шарттарына бейімделу;
Көрсетілетін қызметтерге шапшаң түрдегі рұқсат;
Радиоресурстарды тиімді пайдалану.
Жылжымалы байланыстың үшінші буының Еуропалық жүйесі(UMTS жүйесі) ISDN және GSM сияқты екінші буын жүйелерінің дамытуының нәтижесі болып табылады.IMT-2000/UMTS байланыс жүйесін құрудағы соңғы мақсат-жылжымалы және стационарлық байланыс желілерінің(спутниктік жүйелермен қатар ұялы және пейджингтік байланыс жүйелерін қосқанда) түрлерін біріктіретін әмбебап байланыс желісін құру.