Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 к.Мет.указ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
120.32 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Жалпы педагогика кафедрасы

3-курс студенттерінің педагогикалық практика барысында зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау

Ақтөбе 2013

3-курс студенттерінің педагогикалық практикасының бағдарламасы (силлабус), ҚР МЖМБС 03.08.269 - 2006, Астана. «Білім» мамандықтары бойынша практикаға арналған типтік оқу бағдарламасы – Алматы, 2007 негізінде құрастырылды.

Құрастырғандар: доцент Наренова А.Б.

аға оқытушы Баймаханова Г.К.

пед.магистрі,оқытушы Амиргалиева Б.Т.

Жалпы педагогика кафедра мәжілісінде қарастырылды.

«___» ___ 2013 жыл. № __ хаттама.

Кафедра меңгерушісі____________Жусупова ж.А.

Алғы сөз

3 - курс студенттерінің педагогикалық практикасы мазмұны жағынан болашақ мұғалімнің теориялық және практикалық дайындығын педагогика және психология пәндері, арнайы пәндер мен тәрбие жұмысының әдістемесі, нәтижесінде қазіргі білім беру технологияларын меңгеріп, оны мектеп практикасына ендіретін әртүрлі психологиялық-педагогикалық мәселелерге арналған мүмкіндіктермен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі мектеп пен мұғалімге қойылатын талаптардың мазмұнымен сабақтас сонымен бірге, педагогикалық практика өзінің сипаты жағынан комплексті өйткені, тұтас педагогикалық процесті құзырлылық әдіспен іске асыруға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімнің кәсіби іскерлігін және дағдысын қалыптастыру болып табылады.

Практиканың міндеттері:

-Мұғалім кәсіптік іс-әрекетінің объектісі ретінде-біртұтас педагогикалық процесті ұғынуға бағытталған теориялық және тәжірибелік дайындықтың өзара байланыстылығы.

-Өзін-өзі дамыта білетін оқушы тұлғасын қалыптастыруда педагогтың жетекші рөл атқаруы, тұтас педагогикалық процестін субъектісі болып табылатын мұғалім мен оқушының өзара әрекетін ұғыну.

-Сыныптағы тұтас педагогикалық процесте сынып жетекшісінің және пән мұғалімінің оқыту, тәрбиелеу, және дамыту қызметін іске асыруы.

-Тұлғалық-бағдарлық білім беру жағдайында бүгінгі күнгі білімдік -тәрбиелік технологияларын меңгеруі.

- Ғылыми жұмысына сәйкес психологиялық-педагогикалық зерттеуді жүзеге асыру.

Практика мазмұны:

Меңгеру:

- пән мұғалімнің және сынып жетекшісінің оқу-әдістемелік құжаттарын;

- бекітілген класатағы тұтас педагогикалық процестің жағдайын диагностикалық әдістемелердің көмегімен (оқу үлгерімі, оқушы мен ұжымның даму деңгейі, әлеуметтік белсенділігі, тәрбиелік деңгейі, тұлғалық психологиялық процестерінің дамуы ес, ойлау, ынта және т.б.) жұмыс жүргізу;

- отбасының педагогикалық процесі, психологиялық ахуалы;

- бекітілген сынып оқушыларының ата-аналар мен класс жетекшісімен, мектеппен өзара байланысы;

- мектептің психологиялық қызметінің жағдайы;

- мектептің дарынды балалармен жұмысы;

- мектептің мамандануына сәйкес пәндер бойынша оқу және мектеп кабинеттеріндегі әдістемелік нұсқаулармен танысу;

- инновациялық әдістер және технологияларды талдап, қорыту;

- педагогикалық практиканы өту барысында келешек мұғалімнің ғылыми ізденіс жұмысына бағытталуы;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]