Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кенган еркебулан гб-41.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
140.29 Кб
Скачать

III бөлім. Республикадағы инвестициялық процестерді басқару.

3.1 Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері

Жаңа экономикалық қатынастар негізінде нарықтық экономикаға көшу сапалы жаңа инвестициялық саясатпен қамтамассыз етілуі қажет.Себебі,қатынастардың жаңа жүйесі барысында инвестиция көздері түпкілікті өзгереді.Егер реформаға дейінгі жүйеде республика экономикасы бірыңғай,қатаң орталықтандырылған қайнар көзге КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне тәуелді болған болса,ал егеменді даму жағдайларында әр түрлі,ең алдымен меншік көздерге бағдарланады.

Инвестициялық процесті басқару Қазақстан экономикалық дамуының тарихи тәжрибесін, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жаңа мүмкіндіктерін ескеруді пайымдайды. Қайта құру кезеңінде республика дамуының жалпы деңгейі мен қарқыны,оның сапалық жағдайы бірталай төмендеді және нақты,потенциялды мүмкіндіктері әлемдік тенденцияларға сәйкес келмеді.</h4>

Бұл кезеңде экономикада елеулі алға басулар болмады.Қазақстан жақсы тұрмыс жағдайының көптеген негізгі көрсеткіштері бойынша бұрынғы КСРО елдері үшін орташадан төмен деңгейде тұрды.Қоғамдық еңдек өнімділігінің өсу қарқыны мен өнімнің көптеген түрлерінің сапасы біршама артта қалды.Әлемдік деңгейге жабдықтың тек 2-3%-ы ғана сәйкес келді,ал материалдардың,энергияның үлестік шығыны әлемдік көрсеткіштерден шамаме 2-3 және одан да көп есе артық болды.

Сол кезеңдегі инвестицияларды басқару ерекшелігі,олардың соңғыға емес,аралық өнімге бағдарлануы болды.Инвестицияның негізгі бөлігі өндірістік салаға бағытталынды.Капитал салымдары көлемінің басым бөлігін өндірістік бағытталған қаражаттар құрады,яғни өндіріс құралдарын өндіруге бағытталынды,бұл әрине қоғамдық өндірістің бірінші мен екінші бөлімшелері арасындағы сәйкессіздікке әкелді.Бұл қоғамның әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізбеуі мүмкін емес.

3.2 Қазақстан Республикасындағы инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі.

Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрылымдарды құру, сондай-ақ республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды.</h4> Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсаты мен инвестицияларды басқарудың заң шағаратын негізі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың бір тұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, «Шетел инвестициялары туралы»заң (1991ж), «Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже»(1993ж).

«Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы»Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж) «Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі» ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж) «ҚР-дағы инвестициялық қорлар туралы» ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж)және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданады.Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады;жұмыс орындарын құру,инфрақұрылымды дамыту,елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциялын дамытудың өсу қарқыны мен әр тараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін,олардың функциялары мен міндеттерін анықтады.

Өткен кезеңдердің инвестициялық саясатын талдау экономикадағы инвестицияларды тарту бойынша басқару тиімділігінің төмендігінің бір қатар негізгі кемшіліктерін анықтады.Олар мына төмендегіге салды:Шетел инвесторларымен жұмыс тәжрибесінің жоқтығы;несиелер бөлу,әсіресе,алғашқы кезеңде,оларды бөлудің мақсаттылығы мен қайтарымдылығын қамтамассыз етудің сарапшылық бағалауының жеткіліксіздігінсіз несие бөлу;Қазақстанда тартымды инвестициялық климат құру бойынша ынталандыру жүйесінің жетіспеушілігі; Шетел несиелерін беру мен олардың масатты қолдануын бақылау механизмі қатысында нақты құрылған стратегияның жоқтығы; әлеуметтік, өндірістік, нарықтық, инфрақұрылымының жетілімегендігі,нарықтық жағдайларға көшу барысында кәсіпорындарды басқару бойынша маман қызметкерлерінің жетіспеушілігі.

Инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесіне инвестициялық белсенділікті қамтамассыз ету кіреді.Бұл елдің экономикасына отандық пен шетелдік капиталды тарту үшін әсерлі ынталандыруды құруды жорамалдайды.Ынталандыру құрамына кемсілер кіру қажет: шетел мен отандық инвестролар үшін қолайлы климат жасау;жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) мемлекеттік капитал салымдарының үлесін ұлғайту, соның ішінде, пайдалы қазба кен орындарын пайдаға асырудан алынған табысты қайта бөлу есебінен; әрбір инвестициялық жобаны әлеуметтік –экономикалық дамудың мақсаттары мен басымдықтарына сәйкестігін алдын –ала міндетті сарапшылаудан кейін, жарыс (конкурстық) негізінде орталықтандырылған капитал салымдарын үлестіру; халық –аралық ұйымдармен бірлескен мемлекеттік –коммерциялық қаржыландыру мен қайта қаржыландыру практикасын едәуір кеңейтті.

Инфрақұрылымға салынған капиталдығы инвестицияның экономикалық өсуі мен өндіріс көлемін қалпына келтіре алған елдің мысалын тарих әлі білмейді.

Сондықтан республикада жақын болашақта шамамен мемлекеттік инвестициялық ресурстардың 70% -ы өндірістік инфрақұрылымының кәсіпорындары мен объектілерін қолдауға бағытталынды. Бұл қаражаттар көбінесе әрекеттегі кәсіпорындар мен импортты алмастырушы өндірістерді реформалаумен байланысты жобаларды қаржыландыруға бағытталынды.

2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнер кәсіптік, агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының,машина жасаудың,құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай,химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу.Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңбрінде жүзеге асыру қарастырылады.

Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:

1.Жоспарлау

2.Бағдарламалау

3.Бюджетті дайындау

4.Орындау

Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде,сондай –ақ,әр бір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі.Бұл кезеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды таңдау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады.Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет,жуықтағы бірнеше жылға арналған.Инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек.

Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту.Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңдаудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет.

Қорытынды.

Мен осы курстық жұмысымды аяқтай отырып,бұл жұмысымды қорытындылайтын болсам,мен өте күрделі тақырыпты талқыладым.

Біріншіден жалпы инвестиция дегеніміз не екенін ұғынып,содан соң оның мәнін,мазмұнын, объектілерін және субъектілерін ашып түсінік беріп өттім.</h4>

Себебі,менің тақырыбымның негізгі түйіні инвестиция деген ұғымға негіз болатын.

Енді тақырыбымды аша отырып,өз ойымды айта кетейін.

Азаматтар мен кәсіпорындардың, қаржы институттарының, мемлекеттердің арасында алуан түрлі әрі күрделі экономикалық процестер мен өзара қарым-қатынастар қалыптасқан нарықтық экономика жағдайында ішкі және сыртқы нарықта капиталды көдейту мақсатында тиімді салым салу немесе инвестициялау—аса күрделі,маңызды мәселе.

Кең мәнінде инвестиция дегеніміз —мемлекеттің,заңды және жеке тұлғалардың пайда табу мақсатында жаңа кәсіпорындарды құруға, кеңейтуге, қайта құруға,техникалық қайта құралдандыруға, жылжымайтын мүлікті,сондай-ақ акциялар мен облигацияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалатын ақша қаражаттары,мүліктік және интеллектуалдық құндылықтары.

Инвестицияның экономикалық табиғаты кеңейтілген ұдайы өндіру процесінің заңдылығымен байланысты және оның мәні қосымша қоғамдық өнімнің бір бөлігін қоғамың өндірістік күші жүйесінің барлық элементтерінің саны мен сапасын көбейту үшін пайдалану болып табылады.

Ғалымдар инвестициялау түсінігімен ең алдымен құрал-жабдықты,технологияны байланыстырады,сонымен қатар бағалы қағаздарды, акцияларды сатып алу процесінде қарастырады.

Мұндай анықтама бірнеше шектеуші сипатта болады,өйткені кең мағынада алғанда,ол әр алуан текті операциялардың тізбектеліп орындалуы бар белгілі бір процесі болып табылады.

Осы процестің әлеуметтік-экономикалық салалары бойынша оны экономиканың дамуын қамтамассыз ететін белгілі бір механизм ретін бағалауға болады.

Тақырыпты инвестиция негізінде қолдана отырып,үлкен мәлімет алдым деп ойлаймын, мәліметпен қатар түсінік ала отырып мен осы курстық жұмысымды қорытып аяқтаймын.

<h4>Пайдаланған әдебиеттер.

  1. «Инвестиция туралы ҚР мемлекеттік комитетінің құрылуы» Заңы 9.11.1996ж.

  2. «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңы 28.02.1997ж.

  3. Әубакиров Л.Ә. Нәрібаев К.Н. «Экономикалық теория» Оқулық Алматы, 1998ж.

  4. К.Б.Бердалиев «Қазақстан Экономикасын басқару негіздері» Оқу құралы Алматы 2001ж

  5. И.В.Игошин «Инвестиции» Учебник Москва,1999ж

  6. Ж.О.Ихданов. Э.О.Орманбеков «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Оқу құралы-Алматы, 2002ж.

  7. Кажамгулов.Т. «Саяси экономия негіздері» Алматы, 1991ж.

  8. Т.С.Крылова «Экономикалық теория»Алматы, 2004ж.

  9. А.Г.Куликов «Кредиты инвестиции»Учебное пособие. Москва, 1995ж.

  10. Ғ.Т.Курманова, Қ.Ғ.Дюсембаева «Инвестицияны қаржыландыру және несиелендіру» Орал 2003ж.

  11. А.Қ.Мейірбеков,Қ.Ә.Әлімбетов «Кәсіпорын экономикасы»Оқу құралы Алматы,2003ж.

  12. Осипова «Экономикалық теория негіздері»Алматы 2002ж.

  13. В.С.Савчук «Анализ инвестиционных проектов»Учебник .Украина.2000г.

  14. С.С.Сахариев А.С.Сахариева «Жаңа кезең-экономикалық теория»-Алматы,2004ж.

  15. А.М.Сейтказиева, А.Б.Байкадамова, Ж.И.Сариева «Инвестиционная деятельность предприятия»Учебное пособие. Алматы. «Экономика» 1998г.

26