
- •21 Дін философиясы
- •1.Дінді философиялық тұрғыдан зерттеудің ерекшелігі
- •2. Дін ілімінің үш тармағы: буддизм, христиандық, ислам
- •3. Философия тарихында дінді зерттеу мәселелері: ортағасырлық христиан және араб тілді мұсылмандардың дін философиясы
- •XX ғасырдың дін философиясы
- •4. Діни сана қоғамдық сананың формасы ретінде. Діни психология мен діни идеология
- •5. Діннің тамырлары, қызметтері мен элементтері
- •6. Ақыл мен сенімнің арақатынасы. Діни сенім бостандығы
- •2. Дін ілімінің үш тармағы: буддизм, христиандық, ислам.
6. Ақыл мен сенімнің арақатынасы. Діни сенім бостандығы
Ақыл мен сенімнің арақатынасы мәселесіне философия тарихында үш көзқарас бар: 1) сенімді, діни сенімді ақыл-ойдан жоғары қою, оны «Құдайдың жаратылыстан жоғары сәулесі, нағыз ақиқат» деп түсіну; 2) сциентистік көзқарас сенімге негізделген дінді ақылға негізделген ғылымнан төмен қояды және діни сенім түбінде жоғалады деп есептейді; 3) «екі ақиқат» - сенім мен ақыл-ой қатар өмір сүре алады деп мойындау.
Бірінші көзқарас ортағасырлық христиандық және мұсылман философиясында басым болды. Августин, Тертуллиан, Аквинат адамды ақыл адастырады, сондықтан Құдайды және ол жаратқан дүниені танып-білу үшін сенім жеткілікті деп есептеді. Тертуллиан: «Сенемін, себебі абсурдты» деді. Сенім мен ақылдың арақатынасын түсіндіруде Аквинаттың рөлі ерекше. Ол сенімді жоғары қоя отырып, оны біржақты қолдамай, ақыл мен сенімнің арасындағы ортақ жақтарын да талдауға, олардың таным объектісіннің бір екендігіне және таным тәсілдер бірін-бірі толықтыра алатынына назар аударуға ұмтылды. Кейінірек оның ілімін жалғастырушылар неотомизм бағытын қалыптастырды, 1879 жылы папа Лев XIII бұл бағытты христиандық католиктік діннің негізгі қағидаларын дұрыс түсіндіретін жалғыз философия деп жариялады. Бірақ қазіргі заманғы томизм антропологиялық сипатта, Құдайды ғана емес, адамды да құндылық деп таниды, «адамның өмір сүруі», «экзистенция» ұғымдарын енгізді.
Екінші көзқарас Қайта Өрлеу, Жаңа дәуір кезеңдеріндегі ғылыми-техникалық революциядан бастау алып, XX ғасырда, әсіресе кеңестік қоғамда ерекше дамыды. Бұл құбылыс діни сенімнің төмендетілуіне, дінге сенушілердің қудалануына әкелді.
Үшінші көзқарас Жаңа дәуір философы Ф. Бэконның еңбектерінде кездеседі. Қазіргі заманғы қоғам осы осы «екі ақиқат» ұстанымы бойынша өмір сүріп отыр десек, қателеспейміз. Ақыл мен сенімнің, ғылым мен діннің үндестігінен, бір-біріне түсіністікпен қарауынан қоғам ұтпаса, ұтылмайды. Жеке адам деңгейінен қарастырсақ, Құдайға соқыр сеніп, діни салт-дәстүрлерді орындап, сол арқылы өзін діндар адам ретінде көрсетіп, мақтану, ал күнделікті өмірде зұлымдық жасау, өзіңнен басқаны ойламау, яғни сенімді ақылмен ұштастырмау мүлдем қате.
Діни сенім бостандығы - адамның негізгі және ажырамас құқықтарының бірі. Біздің қоғамымыз ұзақ жылдардан кейін осы түсінікке келді. Қазақстан Республикасы Конституциясының «Адам және азамат» деп аталатын екінші бөлімінің 19-бабының бірінші тармағы және 22-бабының бірінші және екінші тармақтары Қазақстанның әрбір азаматы діни бостандыққа құқылы екендігін заң түрінде бекітеді.
Тақырып сұрақтары:
1. Дін ұғымы мен дінді философиялық тұрғыдан зерттеудің ерекшелігі.
2. Дін ілімінің үш тармағы: буддизм, христиандық, ислам.
3. Философия тарихында дінді зерттеу мәселелері: ортағасырлық христиан және араб тілді мұсылмандардың дін философиясы.
4. Діни сана қоғамдық сананың формасы ретінде. Діни психология мен діни идеология.
5. Діннің тамырлары, қызметтері мен элементтері.
6. Ақыл мен сенімнің арақатынасы. Діни сенім бостандығы