
- •21 Дін философиясы
- •1.Дінді философиялық тұрғыдан зерттеудің ерекшелігі
- •2. Дін ілімінің үш тармағы: буддизм, христиандық, ислам
- •3. Философия тарихында дінді зерттеу мәселелері: ортағасырлық христиан және араб тілді мұсылмандардың дін философиясы
- •XX ғасырдың дін философиясы
- •4. Діни сана қоғамдық сананың формасы ретінде. Діни психология мен діни идеология
- •5. Діннің тамырлары, қызметтері мен элементтері
- •6. Ақыл мен сенімнің арақатынасы. Діни сенім бостандығы
- •2. Дін ілімінің үш тармағы: буддизм, христиандық, ислам.
4. Діни сана қоғамдық сананың формасы ретінде. Діни психология мен діни идеология
Діни сана - діни болмыстың адам санасында бейнеленуі. Жаратылыстан тыс күштерге, Құдайға деген сенімнен туындайтын көзқарастардың, идеялардың, нанымдардың, теориялардың жиынтығы. Діни сананың объектісі – Құдай, мақсаты – адамды Құдайдың немесе Құдіреттің күшіне иландыру немесе сендіру болып табылады. Діни сана қоғамдық сананың ежелгі формаларының бірі. Діни сана, діни институттар, діни қатынастар мен діни қызметтер діннің жүйесін құрайды.
Діни сана екі деңгейдегі құбылыстардан құралады. Бірінші деңгейі – діни психология құбылыстары, ал екінші деңгейі – діни парасат, ақыл-ой құбылыстары, яғни діни идеология.
Діни сананың құрылымына діни психология жатады. Ол діни идеялардың белгілі бір жүйесімен байланысты стихиялық түрде қалыптасатын түсініктердің, сезімдердің, көңіл-күйлердің, әдет-дәстүрлердің жиынтығы болып табылады. Діни психология дегеніміз белгілі бір дінге байланысты адамдардың сезімдерінің, көңіл-күйлерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы. Г. Гегель философиясында діннің мақсаты біреу – ол «абсолютті ақиқат» болып табылады деген ой бар. Оған жету үшін философия логикалық ұғымдарға, ал дін түсініктер мен бейнелерге негізделеді. Діни психологияның таным құралы негізінен нақты бейнелер болып табылады. Діни психологиясы қалыптасқаннан кейін ол адамдардың жан дүниесінің үлкен күшіне айнала бастайды. Стихиялық түрде қалыптасқан діни психологияны, оның түсініктері мен бейнелерін өңдеу, жөндеу, бағыттау өте қиынға түседі. Діни әлеуметтану ғылымы дін иелерін адамның діни психологиясының осы табиғатын ұтымды пайдалануға шақырады.
Діни идеология дегеніміз белгілі бір тәртіпке, жүйеге келтірілген діни ойлардың жиынтығы. Оған діни идеялар жүйесі, оны қалыптастыру және тарату ісімен шұғылданатын діни ұйымдар, дінбасылар, діни қызметшілер айналысады. Діни идеология ғұламалардың, діни қайраткерлердің жасаған идеяларының жүйесі. Діни идеологияның қоғамдық болмысты, адамдарды қоршаған дүниені танудағы құралы негізінен діни мазмұнды түсініктер мен ұғымдар болып табылады. Будданың Бенарес уағызы, Иисус Христостың Нагорный уағызы және Мұхаммед Пайғамбардың «Мәдинедегі умма қауымдастығының жарғысы» логикалық сабақтастық пен қарама-қарсылыққа құрылған түсініктер мен ұғымдардан тұрады. Олар кейіннен ұлы діндердің негізгі шығармаларына арқау болды. Ұлы діндердің діни идеологияларының жүйесі «Трипитака», «Інжіл» («Библия») және «Құранда» көрінеді. Діни сана қоғамдық болмысты, адамдарды қоршаған дүниені діни психологиядан гөрі тереңірек және толығырақ бейнелейді. Сондықтан ол діни сананың жоғарғы деңгейі болып табылады.
Діни сенімге деген екі түрлі көзқарас бар. Атеистік (грекше a – емес қосымшасы; theos – Құдай деген сөздер) көзқарас дін өмір шындығын бұрмалап, табиғаттан тыс күштерге – Құдайға, рухтарға, ақыреттік өмірге т.б. сенуді, бүкіл дін атаулыны жоққа шығаратын көзқарастар жүйесі. Дінді қолдаушылар оны нағыз ақиқат, танымның ең жоғарғы сатысы, адам өміріндегі барлық сұрақтарға жауап бере алатын, қоғамдық сананың басқа формаларының бәрінен асып түсетін формасы деп тұжырымдайды. Қазіргі қоғамда екінші көзқарас басымырақ.