Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дін философиясы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
44.58 Кб
Скачать

XX ғасырдың дін философиясы

XX ғасырдың христиан философиясы әлеуметтік зұлымдықтың келесі себептерін көрсетеді: бірінші жаратылыстану ғылымдарында қалыптасқан «әлем дегеніміз – өз иегізінде өмір сүріп жатқан болмыс» деген қағида. Екіншіден, либерализм ұрандарының негізінде қалыптасып ағарған, Құдайдан бас тартқан мемлекет. Үшіншіден, коммунизм (бұрынғы Кеңес Одағы мен басқа социалистік елдер) бүкіл байлықты мемлекеттің қолына өткізіп, қарапайым адамдарды сол мемлекеттің құлына айналдырса, капитализм (Батыс елдері) негізгі жұмысшы халықты тауарға, яғни затқа айналдырады. Жеке меншікке деген адамның құқы – табиғаттың заңы, адам жеке меншікке жету үшін жұмыс істейді, міне, осы тұрғыдан христиандық философия, әсіресе коммунизм идеясын қатты сынға алады.

XX ғасырдағы философиялық ағымдардың бірі - неотомизм, немесе жаңа томизм - католикалық шіркеу философиясы, қазіргі заманғы діни философиялық ағымдардың арасындағы Батыс Еуропада ғана емес, бүкіл әлемге ең танымалы және беделдісі. Неотомизм Орта ғасырдың діни философы Томас Аквинскийдің іліміне негізделген. Сенім мен ақылдың, дін мен ғылымның үндестігін жария еткен бұл ілім шіркеуді қорғау үшін аса қолайлы болғандықтан, папа Лев 13-ші 1879 жылы оны христиандық католиктік діннің негізгі қағидаларын философиялық тұрғыдан дұрыс түсіндіруші бірден бір философия деп тұжырымдады. Негізгі өкілдері: Э. Жильсон, Ж. Маритен, П.Тейяр де Шарден.

Неотомизмнің басты қағидасы - сенім мен ақыл-ойдың, ғылым мен діннің гармониясы. Бұл ағымның өкілдерінің пікірінше, ақиқат философия рационализм мен иррационализмді қарсы қоюдан бас тартып, дүниені түсінудің әртүрлі тәсілдерін біріктіріп, универсалды мүмкіндіктерге ұмтылуы қажет. Бірақ неотомистер құдайдан туындайтын сенімді жоғарырақ қояды.

Қазіргі заманғы неотомизм антропологиялық сипатқа ие, яғни адамға бағытталған. Құдайдың жаратушылық функциясы неотомизмде шектелген, ол адамды жаратушы болғанмен, өзін жүзеге асырушы, микрокосмы бай нақты тұлғаға айналдырушы, Құдайдың ісін аяқтаушы еркін, өзін-өзі жетілдірген, құдай жаратқан космостың кішкене үлгісі адамның өзі.

Неотомизмнің ірі өкілі Пьер Теяр де Шарден «Адам феномені» деп аталатын негізгі еңбегінде: «Адам Құдай жаратқан Дүниенің қонағы ма, немесе жаратылыста жүріп жатқап өзгерістерге үлесін қосып, оны әрі қарай дамыта ма? Егер бұл Дүние дайын күйінде берілсе, онда адамға оның ғажаптарына таңырқап, оған табынудан басқа еш нәрсе қалмайды. Егер Дүниенің басы да, аяғы да болмай, ол ұдайы шыңдалу, өзгеруде болса, онда адамның бұл Дүниеге келуінің мақсаты – оны дамытып, көркейтіп, өзгертуінде болса керек», – дейді. Ойшыл материализм мен идеализмнің біржақтылығын сынап, Дүниенің сыртқы материалдық және ішкі психикалық, рухани жақтары болуы қажет деген пікірге келеді.

П.Т. де Шарден христиан дінінің кейбір моральдық қағидаларын, енжарлық пен мойынсұнуды сынайды. Адамның өмірге белсенді араласуы, оның өмірінің мақсат-мұраты жасампазды еңбек болуы керек. «...христиан Дүниенің жаратылу үдерісіне белсенді қатысады, өркениеттік ағымның белсенді мүшесіне айналады». Ойшыл ұжымдасып өмір сүруге шақырады. Жалғыз адам рухани жетіле алмайды. «Менің» жетілуім ұжымдық сана арқылы жүзеге асады.

Қазіргі қоғам күйзелісі оның дамуы, шыңдалуының «жемісі». Адамзат әлеуметтік ортаның бұдан да жетілуінің негізгі күшіне айналғанын сезінеді және осы сезімге күмәнмен де қарайды. Осы ізгілікті істі ары жалғастыру үшін, адамзатқа рухани тірек қажет. Ойшыл бұл тіректі «өмірден жоғары» тұрған құдіретті күш деп, оны аспандағы жарқыраған жұлдызға теңеп, «Омега» нүктесі атайды. «Омега» кеңістік пен уақыт шеңберінен тыс, өмір сүріп жатқанның бәріне өз әсерін тигізетін құдіретті күш. П.Т. де Шарденнің «Омегасы» христиан дінінің Құдайына ұқсамайтын таза рух, сана жиынтығы, дүниенің одан ары дамып, күрделенуінің себебі.