Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дін философиясы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
44.58 Кб
Скачать

21 Дін философиясы

1.Дінді философиялық тұрғыдан зерттеудің ерекшелігі

Дін (латынша religio - құдайшылық, аса құрметті, ғибадат бұйымы; арабша - қасиеттілік, құдайлық деген сөз) дегеніміз - абсолюттік бастаудың, Құдайдың бар екендігінен туындайтын және соған сәйкес мінез-құлық, өмір сүру тәртібін, өмір салтын қалыптастыратын көзқарас, дүниетаным; адамға күш беретін, тірек болатын, өзіне табындыратын тылсым күшпен байланыстылық және оған тәуелділік сезімі. Діннің баcты белгісі - адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау.

Дін қазіргі заманғы адам мен қоғамның рухани өмірінде ерекше орын алатын әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс. Дінді тарих, әлеуметтану, мәдениеттану, саясаттану, философия және тағы басқа ғылымдар өз ғылымдары деңгейінен, әртүрлі аспектілерде зерттеуде.

Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері: 1) философия діннің адам мен қоғамның рухани өміріндегі құбылыс, қоғамдық сананың формасы ретіндегі мәнін анықтайды; 2) көзқарастың түрі ретінде зерттейді; 3) діннің пайда болуының әлеуметтік және гносеологиялық себептерін талдайды; 4) діннің қоғамда атқаратын қызметтерін жіктейді; 5) сенім мен ақылдың арақатынасы мәселесін қарастырады; 6) діннің адам бойында адамгершіліктікті қалыптастырудағы рөлін көрсетеді; 7) діни сенім бостандығы мәселесін зерттейді.

2. Дін ілімінің үш тармағы: буддизм, христиандық, ислам

Дін ілімі - теология (грекше theos - Құдай; logos - ілім деген сөздер) -барлық діндердегі басты қағидаларды жүйеге келтіріп, олардың негізін дәлелді етіп көрсетуге бағытталған діни теориялардың жиынтығы. Ол Құдай, оның қасиеттері, сапалары, белгілері туралы ілімнің жүйелі баяндалуы және негізделуі. Теологияда буддалық, христиандық, исламдық дін ілімдері қалыптасқан.

Буддалық дін (б.з.б. VI ғасырда Сидхартха Готама немесе Гаутама) негізін қалаған) ілімінде аскеза арқылы күнәдан арылуға болады деген ұғым басты орын алды. Бұл адам өлгеннен кейін оның рухы жойылмай, осы өмірдегі іс-әрекетіне байланысты, басқа денеге (құрт-құмырсқадан бастап періштеге дейін) ауыса алады деген сенімнен шығады. Буддалық ілім фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет: 1) өмір - азап; 2) азап нәпсіден туады; 3) нәпсіні ауыздықтаса - нәпсіден құтылады; 4) нәпсіден құтылудың төрт сатысы бар: а) жүректің оянуы; ә) ниет, ақыл, ойды түзету; б) мінез-құлықты түзету; в) адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа (ahимса - тіршілік иесіне жамандық жасамау), махаббатқа жету. Ahимсаны жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарды. Буддалық дін ілімі Құдайдың бар екенін мойындамайды. Адам өмірінің мақсаты әлеммен бірігу (нирвана) деп есептейді. Буддалық дін ілімі дами келе, буддизм философиясына ауысты. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша буддизмді 1 млрд-қа жуық адам ұстанады.

Христиандық дін ілімі (грекше christian - мессия деген сөз) ілімі 3-5 мыңжылдықтарда қалыптасты. Ал христиан діні б.з. I ғасырында Палестинада дүниеге келді. Ол Таурат пен Інжілге (Библия) негізделген. Христандардың жартысынан көбі католицизм ағымында, қалғандары православие мен протестант шіркеуіне бөлінеді. Басты мақсаты - осы дүниеге келген жан біткеннің барлығы Құдай алдында тең екендігін айтып, адамдардың көкейінде әділетсіздік пен қанаушылықтан бірін-бірі кешіріп, жамандыққа жақсылықпен жауап беруі арқылы құтылуы идеясын уағыздады. XII-XIII ғасырларда философиядағы схоластика ағымы діни наным мен ақылдың арасында үйлесімділік барын, Құдайдың ұлылығын дәлеледеуге тырысты.

Католицизм (грекше katholikos - жалпыға ортақ деген сөз) христиан діндарларының Нике және Константинополь жиындарында христиан дінінің негізгі рәмізі етіліп қабылданған бұл наным христиандар сеніміндегі Құдай-Әке мен Құдай-Ұлды (Иисусты) тең дәрежеге қойды. Бұл теңестіру «филиокве» («және Ұлдан») деген терминдік атауға ие болды.

Православиенің теологиялық негізі IX-XVII ғасырларда Византияда қалыптасты. Діни сенім негізі Інжілге және киелі өсиетке жүгінеді.

Протестанттық дін ілімі күнделікті уақытты үнемдеу үшін ғибадат түрінің бірсыпырасын діни дәстүрден алып тастады. Оның орнына діни сезімге, адамның ішкі дүниесіне назар аударды. Шіркеу мен Рим папасының басшылығын мойындамай, тек қана «ізгі жазбаға» (Інжілге) сүйену керек деп уағыздады.

Исламдық дін ілімі VII ғасырда қалыптасқан. Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Дінің басты мақсаты - адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнату болса, ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады.

Исламдық дін ілімі Құран Кәрімнен бастау алады. Құрандағы шариат ілімі кәләм және фикх ілімдері болып екіге бөлінеді. Кәләм - сенім хақындағы қағидалық және өнегелік ілім, ол дін негіздерін анықтап, дәлелдеп көрсететін қағидалар мен ережелерден тұрады. Кәләм ілімі төрт бөлікке бөлінеді: 1) тауһид - Алланың жалғыздығы хақында; 2) адалат - Алланың әділдігі хақында; 3) набууат - пайғамбарлық туралы; 4) миад - фәни мен бақилық өмір жайында.

Фикх - мұсылмандардың азаматтық тұрмыс-тіршілігіне байланысты ережелер, яғни мұсылмандық құқықтану жинағы. Фикх ілімі де төрт бөліктен тұрады: 1) ғибадат - сенім; 2) ақудат - азаматтық істер ережелеріндегі екі жақтың келісіміне негізделген ережелер; 3) айқаат - азаматтық істер ережелеріндегі бір адам шешетін мәселелер ережелері; 4) ахкам - азаматтық тұрмыс-тіршілікте барлық мұсылмандардың орындауға міндетті ережелер жинағы.