Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_VKM_1100_vopr.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
276.86 Кб
Скачать

Тақырыбы № 2 Тыныс алу ағзалары аурулары кезіндегі тексеру әдістері: сұрастыру, кеудені тексеру және пальпациялау, өкпе перкуссиясы мен аускультациясы. Пикфлоуметрияның маңызы

Проф. Касенова С.Л. аударған Ахметова Н.К.

1.Тыныс алу жүйесінің ауруларына тән негізгі шағымдар:

1) +Жөтел

2) Кеуде ауырсынуы

3) Жүрек айну

4) Ісіну

5) Ұйқы бұзылысы

2. Тыныс алу жүйесінің ауруларында кеуде ауырсынуы немен байланысты:

1) +Тыныспен

2) Физикалық жүктемемен

3) Тағам қабылдаумен

4) Жүрумен

5) Дене қызуымен

3.Инспираторлы ентігу немен байланысты:

1) +Тыныс алудың қиындауы

2) Тыныс шығарудың қиындауы

3) Тыныс алу және тыныс шығарудың қиындауы

4) Физикалық жүктемемен

5) Тағам қабылдаумен

4.Экспираторлы ентігу немен байланысты:

1) Тыныс алудың қиындауы

2) +Тыныс шығарудың қиындауы

3) Тыныс алу және тыныс шығарудың қиындауы

4) Физикалық жүктемемен

5) Тағам қабылдаумен

5.Аралас ентігу немен байланысты:

1) Тыныс алудың қиындауы

2) Тыныс шығарудың қиындауы

3) +Тыныс алу және тыныс шығарудың қиындауы

4) Физикалық жүктемемен

5) Тағам қабылдаумен

6. Ентігудің ең ауыр түрі қалай аталады:

1) Инспираторлы

2) Экспираторлы

3) Аралас

4) +Ентігу

5) Өкпе ісінуі

7. Бронх демікпесінде тұншығу ұстамасы ненің нәтижесінде дамиды:

1) Бронхтың шырышты қабатының ісінуінен

2) +Ұсақ бронхтардың ісінуінен

3) Альвеоладағы экссудациядан

4) Плевра қуысындағы экссудациядан

5) Жүрек жұмысының әлсіреуінен

8. Жүрек демікпесі ненің нәтижесінде дамиды:

1) Бронхтың шырышты қабатының ісінуінен

2) Ұсақ бронхтардың ісінуінен

3) Альвеоладағы экссудациядан

4) Плевра қуысындағы экссудациядан

5) +Жүректің сол бөлігінің жұмысының әлсіреуінен

9. Құрғақ жөтел байқалады:

1) +Ларингитте

2) Іріңді бронхитте

3) Бронх демікпесінде

4) Абсцессте

5) Бронхоэктатикалық ауруда

10. Іріңді қақырықпен жөтел байқалады:

1) Ларингитте

2) Өкпе саркоидозында

3) Фиброздаушы альвеолитте

4) Бронх демікпесінде

5) + Бронхоэктатикалық ауруда

11. «Таңертеңгілік жөтел» байқалады:

1) + Бронхоэктатикалық ауруда

2) Альвеолитте

3) Саркоидозда

4) Бронх демікпесінде

5) Эмфиземада

12. «Түнгі жөтел» байқалады:

1) Өкпе абсцессінде

2) Эмфиземада

3) +Өкпе туберкулезінде

4) Саркоидозда

5) Бронх демікпесінде

13.Тұрақты жөтел байқалады:

1) Тұмауда

2) Эмфиземада

3) Пневмосклерозда

4) Бронх демікпесінде

5) +Өкпенің бронхогенді ісігінде

14. Қатты, «үрлемелі» жөтел анықталады:

1) Бронхитте

2) Пневмонияда

3) +Трахеяның ісікпен қысылуында

4) Бронх демікпесінде

5) Жедел респираторлы ауруда

15. Қан қақыру дегеніміз қанның немен бөлінуі:

1) +Қақырықпен

2) Зәрмен

3) Нәжіспен

4) Өтпен

5) Құсықпен

16. Қан қақыру жиі кездеседі:

1) Бронхитте

2) Пневмонияда

3) +Өкпе туберкулезінде

4) Бронх демікпесінде

5) Плевритте

17. Тұтқыр түсті қақырық кездеседі:

1) Бронхитте

2) +Крупозды пневмонияда

3) Өкпе туберкулезінде

4) Бронх демікпесінде

5) Өкпе ісігінде

18. Қақырықта ашық түсті қанның болуы кездеседі:

1) Бронхитте

2) Крупозды пневмонияда

3) + Өкпе туберкулезінде

4) Бронх демікпесінде

5) Өкпе ісігінде

19. Өкпелік қан кету анықталады:

1) +Өкпе ісігінің таралуында

2) Бронхитте

3) Бронх демікпесінде

4) Плевритте

5) Фиброздаушы альвеолитте

20. Тыныс алу жүйесінің ауруларында кеуде ауырсынуы күшейеді:

1) +Жөтелгенде

2) Физикалық жүктемеде

3) Тамақ ішкенде

4) Қозғалыста

5) Тыныштықта

21. Тыныс алу жүйесінің ауруларында кеуде ауырсынуы ненің тітіркенуімен

байланысты:

1) Бронхтың

2) Өкпенің

3) +Плевраның

4) Диафрагманың

5) Жүректің

22. Плевралық ауырсыну сипаты:

1) Сыздап

2) +Шаншып

3) Қысып

4) Күйдіріп

5) Басып

23. Плевралық ауырсыну бәсеңдейді:

1) Терең тыныс алғанда

2) +Кеуде клеткасы қысылғанда

3) Нитроглицерин қабылдағанда

4) Тыныштықта

5) Белсенді қозғалыста

24. Төс артындағы тұрақты интенсивті ауырсыну болуы мүмкін:

1) Бронхитте

2) Пневмонияда

3) Плевритте

4) +Средостения ісігінде

5) Бронх демікпесінде

25. Аурудың жедел басталуы байқалады:

1) Созылмалы бронхитте

2) Плевритте

3) +Пневмонияда

4) Туберкулезде

5) Өкпе ісігінде

26. Қандай ауру суықтанумен байланысты болады:

1) +Пневмония

2) Гастрит

3) Гепатит

4) Гипертония

5) Анемия

27.Аурудың аяқ астынан басталуы байқалады:

1) Бронхит

2) Пневмония

3) Плеврит

4) +Өкпе ісігі

5) Тұмау

28. Тыныс алу жүйесімен ауыратын науқастардан анамнез жинағанда неге көңіл бөлу керек:

1) Режим сақтау

2) Тамақтану режимін сақтау

3) +Туберкулезбен ауыратын науқаспен қатынаста болу

4) Науқас мінезі

5) Туа болған ақаулар

29. Тыныс алу жүйесімен ауыратын науқастардан өмір анамнезін жинағанда неге көңіл бөлу керек:

1) Мекемедегі еңбек жағдайын

2) +Даладағы жұмыс жағдайын

3) Алкоголь қабылдау

4) Күйзеліс

5) Тамақтану режимін

30. Нормостеникалық кеуде клеткасының пішіні қандай болады:

1) +Конусты

2) Цилиндрлі

3) Жалпақ

4) Бөшке тәрізді

5) Түтік тәрізді

31. Эмфизематозды кеуде клеткасының пішіні қандай болады:

1) Конусты

2) Цилиндрлі

3) Жалпақ

4) +Бөшке тәрізді

5) Түтік тәрізді

32.Нормостеникалық кеуде клеткасы сипатталады:

1) +Эпигастральды бұрышы 90 0 жақын

2) Эпигастральды бұрышы 90 0 үлкен

3) Эпигастральды бұрышы 90 0 кіші

4) Қабырға аралықтары ұлғайған

5) Түтік пішінді

33.Гиперстеникалық кеуде клеткасы сипатталады:

1) Эпигастральды бұрышы 90 0 жақын

2) +Эпигастральды бұрышы 90 0 үлкен

3) Эпигастральды бұрышы 90 0 кіші

4) Қабырға аралықтары ұлғайған

5) Түтік пішінді

34.Астеникалық кеуде клеткасы сипатталады:

1) Эпигастральды бұрышы 90 0 жақын

2) Эпигастральды бұрышы 90 0 үлкен

3) +Эпигастральды бұрышы 90 0 кіші

4) Қабырға аралықтары ұлғайған

5) Түтік пішінді

35.Омыртқаның бүйір жағына қисаюы қалай аталады:

1) +Сколиоз

2) Кифоз

3) Лордоз

4) Кифосколиоз

5) «Бамбукты таяқ»

36. Омыртқаның артқа жағына қисаюы қалай аталады:

1) Сколиоз

2) +Кифоз

3) Лордоз

4) Кифосколиоз

5) «Бамбукты таяқ»

37. Қалыпты тыныс жиілігі:

1) 5-15

2) +16-20

3) 21-30

4) 31-40

5) 41-50

38. Тыныстың патологиялық жиілеуі аталады:

1) Брадипное

2) +Тахипное

3) Чейн-Стокс тынысы

4) Биот тынысы

5) Куссмауль тынысы

39. Тыныстың патологиялық сиреуі аталады:

1) +Брадипное

2) Тахипное

3) Чейн-Стокс тынысы

4) Биот тынысы

5) Куссмауль тынысы

40. Тыныс алу жүйесінің ауруларында кеуде пальпациясында анықталады:

1) «Мысық пырылы»

2) +Дауыс дірілі

3) Өкпе ұшы

4) Жүрек ұшы

5) Эпигастральды бұрыш

41. Дауыс дірілінің күшеюі анықталады:

1) Плевра қуысында ауаның жиналуында

2) Плевра қуысында сұйықтың жиналуында

3) +Өкпе тығыздануында

4) Өкпе ауалығының жоғарлауында

5) Семіздікте

42.Өкпенің салыстырмалы перкуссиясын нені анықтау үшін жүргізеді:

1) Өкпенің жоғарғы шекарасын

2) Өкпенің төменгі шекарасын

3) Кренинг алаңын

4) Өкпе шеттерінің қозғалғыштығын

5) +Патологиялық үрдістердің орналасу аймақтарын

43. Өкпедегі қорапты перкуторлы дыбыстың естілуі нені айтады:

1) +Өкпе ауалығының жоғарлауын

2) Өкпенің ауасыз аймақтарын

3) Өкпе тығыздануын

4) Плевра қуысында сұйықтың жиналуын

5) Өкпе ісігін

44. Өкпенің тимпаникалық перкуторлы дыбыстың естілуі ненің болуын айтады:

1) +Өкпеде қуыстың

2) Өкпеде ісіктің

3) Плевра қуысында сұйықтың

4) Пневмосклероздың

5) Өкпе эмфиземасының

45. Өкпенің тұйық перкуторлы дыбыс естілуі нені айтады:

1) Өкпе ауалығының жоғарлауын

2) Өкпеде қуыстың болуын

3) Туберкулезды кавернаны

4) Пневмотораксты

5) +Пневмосклерозды

46. Қалыпты тыныс болып табылады:

1) +Везикулярлы

2) Қатаң

3) Бронхиальды

4) Құрғақ сырылдар

5) Ылғалды сырылдар

47. Везикулярлы тыныста естіледі:

1) Тыныс алу тыныс шығаруға тең

2) +Тыныс алу тыныс шығарудан ұзақ

3) Тыныс алу тыныс шығарудан қысқа

4) Тыныс алу мен шығару фазалары күшейген

5) Тыныс шығару фазасы күшейген

48. Қосымша тыныс шуларына жатады:

1) Везикулярлы тыныс

2) Бронхиальды тыныс

3) Қатаң тыныс

4) +Сырылдар

5) Шулар

49. Өкпе аускультациясында естілетін құрғақ сырылдар немен негізделген:

1) + Бронхтар спазмымен

2) Бронхтарда сұйық секреттің жиналуымен

3) Альвеолада сұйық секреттің жиналуымен

4) Плевра қуысында сұйықтың жиналуымен

5) Плевра бетінде фибрин жиналуымен

50. Плевраның үйкеліс шуы негізделген:

1) Бронхтар спазмымен

2) Бронхтарда сұйық секреттің жиналуымен

3) Альвеолада сұйық секреттің жиналуымен

4) Плевра қуысында сұйықтың жиналуымен

5) +Плевра бетінде фибрин жиналуымен

51. Тыныс алу жүйесінің ауруларында жүргізілетін маңызды аспапты зерттеу әдісі:

1) Электрокардиография

2) Электроэнцефалография

3) +Рентгенологиялық

4) Ультрадыбысты

5) Морфологиялық

52. Рентгенологиялық зерттеу әдісі өкпе ауруларында қалай көмектеседі:

1) Өкпе қызметін бағалауға

2) Бронхтардың шырышты қабаттарының жағдайын бағалауға

3) Цитологиялық зерттеу жүргізуге

4) Бактериологиялық зерттеу жүргізуге

5) +Диагнозды нақтылауға

53. Өкпенің рентгенологиялық зерттеу әдісі көмектеседі:

1) Өкпе қызметін бағалауға

2) Бронхтардың шырышты қабаттарының жағдайын бағалауға

3) +Үрдістің орналасуын анықтауға

4) Цитологиялық зерттеу жүргізуге

5) Бактериологиялық зерттеу жүргізуге

54. Өкпенің рентгенологиялық зерттеу әдісі анықтауға мүмкіндік береді:

1) Лаваж сұйықтығын зерттеуге

2) Плевра сұйықтығын зерттеуге

3) + Динамикалық бақылау жүргізуг

4) Цитологиялық зерттеу жүргізуге

5) Вентилялық бұзылысты бағалауға

55. Өкпенің рентгенологиялық зерттеудің бір түрі:

1) Спирография

2) Бронхоскопия

3) +Рентгеноскопия

4) Торакоскопия

5) Медиастиноскопия

56. Өкпе рентгенографиясының тағы бір түрі болып табылады:

1) Спирография

2) Бронхоскопия

3) +Флюрография

4) Торакоскопия

5) Медиастиноскопия

57. Өкпенің рентгенологиялық зерттеу әдісі нені бағалауға көмектеседі:

1) +Өкпе паренхимасының жағдайының

2) Бронхтардың шырышты қабатының жағдайын

3) Өкпе қызметін

4) Вентиляциялық бұзылыс түрін

5) Плевра сұйықтығының сипатын

58. Өкпенің компьютерлік томографиясы нақты көрсетеді:

1) Өкпе суретін

2) + Патология орналасуын

3) Өкпе артериясының қысымын

4) Сыртқы тыныс қызметін

5) Тыныс алған ауаның ағымының жылдамдығын

59. Бронхография бұл зерттеу әдісі…

1) Өкпе паренхимасының

2) Өкпе артериясының

3) +Бронх бұтағының

4) Бронх шырышының

5) Өкпе түбірінің

60. Ангиопульмонография – бұл зерттеу әдісі:

1) Бронх құрылымының

2) Өкпе суретінің

3) Өкпе түбірінің

4) +Кіші қан айналым шеңберінің тамырларын

5) Сыртқы тыныс қызметін

61. Өкпе ауруларын зерттейтін функциональды әдістердің бірі:

1) Электрокардиография

2) Электроэнцефалография

3) Фиброгастродуоденоскопия

4) +Бронхоскопия

5) Ирригоскопия

62. Бронхоскопия нені нақтылауға көмектеседі:

1) +Бронхтағы қан кету көзін

2) Өкпедегі қан кету көзін

3) Плевра сұйықтығының сипатын

4) Өкпе паренхимасындағы инфильтрация ошағын

5) Өкпе түбіріндегі өзгерістерін

63.Емдік бронхоскопия не үшін қолданылады:

1) Бронхтардың шырышты қабаттарының жағдайын бағалауға

2) Цитологиялық зерттеу жүргізуге

3) Бактериологиялық зерттеу жүргізуге

4) Сыртқы тыныс қызметін бағалауға

5) +Бронхтар санациясын

64. Тыныс алу ауруларын ультрадыбысты зерттеу неге көмектеседі:

1) Сыртқы тыныс қызметін зерттеуге

2) Өкпе құрылысын

3) Бронх бұтағының құрылымын

4) +Плевра қуысындағы сұйықтықты анықтауға

5) Қан құрамындағы оттегінің парциальды қысымын анықтауға

65. Спирометрия қандай қызмет түрін зерттейтін әдіс:

1) + Сыртқы тынысты

2) Жүрек қызметін

3) Бауыр

4) Бүйрек

5) Буындардың

66. Спирографияның көрсеткішінің бір түрі болып табылады:

1) Пульс

2) Қысым

3) +Өкпенің тіршілік сиымдылығы

4) Қышқылдылық

5) Шумақты фильтрация

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]