
- •Жоспар:
- •I тарау. Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты
- •II тарау. Ақша және несие саясатының өзара байланыстылық ерекшелігі.
- •III тарау. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын талдау.
- •I. Тару. Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты.
- •1.2. Ақша-несие саясатының құралдары.
- •1.3. Ақша-несие жүйесі.
- •II. Тарау. Ақша және несие саясатының өзара байланыстылық ерекшелігі.
- •2.1 Ақша-несие саясатының операциялары.
- •2.2 Ақша-несие саясатының салық-бюджет, валюта саясаттарымен байланысы.
- •2.3. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс
- •III. Тарау. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын талдау.
- •3.1. Ақша айналысы және несиені талдау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.3. Ақша-несие жүйесі.
Ақшалай формадағы капитал иесінің ссудаға төлемін пайда түрінде кайтару жагдайында берілуі ссудалық капитал деп аталады,ал осы капиталдың қозғалысы несие деп аталады.
Ссудалық капиталдың қайнар көздеріне төмендегілер жатады:
- негізгі капиталды қалпына келтіруге арналған және оның құнының бөлшекті түрде амортизация түрінде өндірілген өнімге аударуы бойынша жинақталған ақшалай қаражаттар;
- тауарды өткізу мен жалақы төлеу арасындағы уақытша бос
- негізгі капитал алуға бағытталған қаражаттар;
- үй шаруашылығындағы адамдардың ұзақ мерзімді пайдаланатын тауарларды және тұрғын үй алуға арналған, банкта шоттарда жинақталған қаражаттары.
Ақшалай қаражаттардың козғалыссыз тұруы нарықтық экономиканың табиғатта қарама-қайшы келеді. Несие, қайшылықты шешуге көмектеседі.
Несие негізгі екі түрде болады: қатысушылар құрамына, ссуда объектісіне, пайыз динамикасы мен шамасына және қызмет атқару аймағына байланысты ерекшеленетін коммерциялық және банк несиесі.
Коммерциялық несие—бұл бір кәсіпорынның келесі кәсіпорынға тауарды төлемін кейінге қалдыру түріндегі несие. Коммерциялық несиенің құралы ретінде вексель қызмет атқарады.
Тауарды өткізуді жылдамдату мен одан пайда алу коммерциялық несиенің мақсаты. Тауардың бағасы мен вексель сомасына енетін оның пайызы банк несиесіне қарағанда төмен, ал соңғысының мақсаты - ссуда бойынша пайда алу болып табылады. Бұл несиенің көлемі кәсіпкерлердің иелігіндегі еркін капитал мөлшерімен шектеледі.
Банк несиесі ақшалай қаражаттардың иелері банктер арқылы арнайы несие мекемелеріне ақшалай ссуда түрінде беріледі. Банк несиесінің объектісі - ақшалай капитап. Сонымен қатар банк несиесі капитал жинақтарына да қызмет көрсетеді.
Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға коммерциялық және банктік несиенің үйлесімділігі тән. Бұл кәсіпорындарды ғана емес, сонымен қатар тұтынушыларды несиелеуден де көрінеді.
Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға ұсынылады. Ұзақ мерзімде пай-даланылатын тауарлар, әртүрлі қызметтер тұтыну несиенің объектісі болып табылады.
Тұтыну несиесі коммерциялық (тауарды бөлшек сауда дүкендері арқылы төлемін кейінге қалдыру арқылы сату) және банкілік (несие мекемелері арқылы тұтыну мақсаттарына ссуда беру) несие түрінде жүзеге асырылады. Кейбір жағдайларда банктер дүкендермен келісім жасайды, ал олар тауарды банк клиенттеріне несиеге береді. Бұл жағдайда банктер сатылған тауар үшін дүкенге тауар құнын бірден төлейді, ал сатып алушылар банк ссудасын бірте-бірте төлейді. Тұтыну несиесінің ең жоғарғы мерзім шегі — үш жыл. Жеке тұлғаларға тұрғын үй алу және соғу мақсатында ұзақ мерзімді ссуда беру тұтыну несиенің бір түрі болып табылады (ипотекалық тұрғын үй несиесі).
Мемлекеттік несие - қарыз алушы да, қарыз беруші де мемлекет пен үкіметтің жергілікті органдары болып табылатын несие қатынастарының жиынтығы. Олар ссудалық капитал нарығында қаражаттарды, займдарды несие - қаржы мекемелері арқылы шығару жолымен қарызға алады. Ішкі займдардан түсетін кіріс салықтан кейінгі, мемлекеттік шығындарды қаржыландыруда орындалады.
Халықаралық несие - ссудалық капиталдың елдердің арасындағы қозғалысы мен қызметі. Бұл капиталдың халықаралық қозғалысының біртүрі.
Несие ең алдымен қайта бөлу қызметін атқарады. Оның көмегімен кәсіпорындардың, үй шаруашылығының. мемлекеттің еркін ақшалай капиталы жинақталады және уақытша пайдалануға белгілі төлем (пайыз) көлемінде берілетін ссудалық капиталға айналады. Ссудалық капитал несие механизмінің көмегімен қайтарым негізінде шаруашылық салалары арасында қайта бөлінеді және ол үлкен пайда алуды қамтамасыз ететін сфераларға ұмтылады.
Несие сонымен қатар айналыс шығынын үнемдеу қызметін атқарады. Ол нақты ақшаны алмастыру (вексельмен, чектермен), сонымен қатар нақтысыз есеп айырысуды (банктер арқылы және есеп айырысу төлемдері арқылы) және ақша айналысын жылдамдату арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі нарықтық экономиканың ерекше қызметі несиені ақшамен және жеңілдіктермен бірге оны реттеу құралы ретінде пайдалану. Экономиканы несиелік реттеу мемлекеттің шаруашылық процестерге әсер ету мақсатында несие көлемі мен динамикасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы.
Ссудалық капитал қозғалысы процесінде мемлекет қайнар көзден несиені алуды жеңілдете немесе қиындата отырып, ссудалық капитал нарығына қарыз алушылардың енуін реттей отырып сферасына өту арқылы қатынасады.
Несие жүйесі - есеп айырысу қатынастарының жиынтығы, несиелеу формасы мен тәсілдері және несие ұйымдарының жиынтығы ретінде қарастырады.
Несие - банк жүйесі нарықтық экономикада өте маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдар мен тұрғындардың ірі ақшалай қаражаттары мен төлемдері жүзеге асырылады, ол түрғындардың уақытша айналыстан еркін жинақтарын, ақшалай қаражаттары мен кірістерін белсенді қызмететуші капиталғаайналдырады, көптеген несиелеу, сақтандыру, делдалдык, инвестициялық, кеңес берушілік және т.б операцияларды жүзеге асырады. Өндіріс қатынасында екінші бола отырып несие жүйесі оған үнемі үздіксіз маңызды әсер етеді.
Несие жүйесінің өзінің кызметін атқару барысында несие қатынасы пайда болады. Уақытша ақшалай каражаттарды қайтарым мен төлем жағдайында жинақтау қайта бөлу жөніндегі несие мекемелері мен әр-түрлі субъектілер арасындағы экономикалық байланыс несие қатынасының мазмұнын анықтайды.
Несие жүйесі елдегі ақшалай айналысты реттейді, заңды және жеке тұлғаларға әртүрлі қызмет керсетеді. осында несиеге жатқызылатын экокомикалық қатынастар пайда болады.
Несие екі түрде болады: тауарлы және ақшалай. Тауарлы несие коммерциялық несиенің алғашқы негізін көрсетеді. Шаруашылық субъектілерінін бір біріне ссуда беру кезінде тауарлы формаға ене отырып осы несие ақшалай формаға ауысады. Ссуда алушы субъект ссуда берушіге тауарлы несие алганын растайтын вексель немесе басқа кұжат жазып береді, ал оны ссуда беруші ақшалай түрде ссуда алу үшін банкке ұсынады. Мұнда несие қатынасынын субъектілері ретінде шаруашылық субъектілері мен банк қатынасады.
Несие қатынастары, несие формалары мен несие ұйымдарының жиынтығы несие жүйесін құрайды.
Дүние жүзінде әр түрлі ақша айналымының жүйелері бар, ол тарихи даму кезеңдерінен өткен және әр мемлекеттің заңымен бекітілген. Ақша айналымының басты компоненттері мыналар:
1. Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, сом, франк, марка, йена, крона және т. б.) олар арқылы тауарлар мен қызмет көрсету бағалары белгіленеді.
2. Несие және қағаз ақшалар, монеталар жүйесі, олар қолма-қол айналымдағы занды төлем қүралдары болып саналады.
3. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни айналымға ақша шығарудың заңды түрде бекітілген тәртібі.
4. Ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік органдар.
Ақша айналымы жүйесінің негізгі екі түрі бар:
1.Металл ақшалар айналымы жүйесі. Мұнда толыққанды алтын немесе күміс монеталар айналымда болады, олар акшаның барлық қызметтерін атқарады.
2.Несие және қағаз ақша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі алтынға айырбастала алмайды, алтынның өзін айналымнан ығыстырады.
Тарихи металл ақша айналымының (жүйесінің) биметализм және монометаллизм деген түрлері қалыптасты. Биметаллизм алтын мен күмісті пайдалану негізінде XVI— XIX ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде пайда болды. XIX ғасырдың соңында күміс өндірісі жағдайларының өзгеруіне сәйкес ол құнсызданып, алтынмен арасалмағы өзгерді. Күміс монеталарды І көбеюі оларды шығаруды тоқтатты. Сөйтіп биметаллизмді монометаллизм ауыстырды, мұнда ақша материалы болып, бір ғана металл — алтын есепте-летін болды. Қағаз және несие ақшалары осы металға еркін айыр басталады.
Монометаллизмнің үш түрі белгілі: біріншісі — алтын монеталы стандарт. Ол бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін қолданылып, қағаз және несие ақшалардың алтынға еркін айырбасталуымен сипатталды. Екіншісі — алтын кесек стандарты. Ол Англия мен Францияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде енгізілді. Мұның ерекшелігі қүн өлшемінің алтынға айырбасталуы, тек ол өлшем алтын кесегі стандартының бағасына сәйкес келуі тиіс. Үшіншісі — алтын девиздер стандарты, ол 20-жылдарда көптеген елдерде енгізілді, мұнда банкноттарды алтынға шағылған шетелдік валютаға (девиздерге) айырбастады. 1929—1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс монометаллизм дәуірін тоқтатты.
XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап батыс елдерінде бірте-бірте несие ақша жүйесі қалыптаса бастады. Оның айрықша белгілеріне мыналар жатады: несие ақшалардың үстемдік жағдайы, алтынның айырбастан кетуі, банкнотты алтынға айырбастауды жою және оның алтындык мазмұнын жоққа шығару; жеке кәсіпкерлерге, мемлекетке несие беру мақсатында ақша эмиссиясын күшейту; қолма-қол емес айналымды айтарлықтай кеңейту; ақша айналымын мемлекеттік реттеу.
Қазіргі кезде қағаз және несие ақшаларды шығаруды мемлекет тікелей өз билігіне алды.