Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тюр.нар..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
138.28 Кб
Скачать

84.Ресей империясы қол астындағы түрік тілдес халықтардың (хіх –хх ғғ. Басындағы) азаттық күресінің мәнін анықтаңыз.

ХІХ-ХХ ғғ.басында Ресей империясының қол астында бұғауланып отырған халыққа өз тәуелсіздігін алу арманға айналғандай болды. Патшаның 1916 ж.шілденің 22-сінде шығарған жарлығы бойынша \түркістанның генерат губернаторлығының осы аймақтың бңрлңгң саналатын \куропаткин тағайынданлды. Куропаткин Ташкентке келгеннен кейін Түркістан өлкесінің еліне белгілі жарлығын шығарады. Онда ол патшаның әмірі бойынша жер-жерде жұмысқа алудың тәртібін жариялады. Жұмыс жұмыс халық үшін ауырлықтар әкеліп, халықтың еріксіз бас көтеруіне әкелді. 1916 ж көтеріліс шығыс халықтарына орталық саясатқа қарсы ұзақ дәуірге созылған күресінің жалғасы биік тұғыры болды. Соғыс зардаптары Столыпин реформасы кезінде жергілікті халықтардың жерін тартып алудың үдей түсуі, дәстүрлі шаруашылықтың күйзелісі мен құлдырауы өлкенің тоналуының күшейе түсуі орыстандыру саясатының асқына түсу осының бәрі халық наразылығынң шегіне жетті. Жергілікті халыққа қарсы жазалау саясатының күшейуі қазақ, қырғыз, өзбек, бұраатна халықтарды қара жұмысқа алу жөніндегі жарлықты орындау әдістері мен репрессиялар қоғамның барлық топтарын көтеріп қарсылыстың жалпы ұлттық сипатын тудырды.

85.«Жас түрік» қозғалысына қандай тарихи баға беретін едіңіз .

XIX ғасырдың соңында реформаторлықтың жаңа толқыны түріктердің ұлттық қозғалысы түрінде көрініс берді. Түріктердің ұлттық қозғалысы XIX ғасырдың  50-60 жылдары басталды. Қозғалыстың бастапқы кезеңінде артушылық  сипаты басым еді. «Жаңа Османдар» ұйымының мүшелері және белгілі ағартушы, жазушы Намык Кемал бастаған бірқатар зиялы топтар түрік тілінің дамуының және оның әдеби тіл дәрежесіне көтерілуіне, ағарту ісіне зор үлестерін қосты. Ендігі реформалық қозғалыс толқынының өкілдері империяның тұтастығын сақтау шараларын іздестірді. 1889 жылғы Стамбұлда «Бірлік және прогресс» (Иттихад ве теракки) партиясы құрылды. Бұл ұйымның бөлімдері провинциялары мен шетелде де құрылды. ¦йымның алға қойған жақын арадағы мақсаты – конституциялық мемлекет құру болатын. Реформалық шаралар жүгізіп, елдің экономикасын көтеру, қоғамды жан-жақты жаңарту көзделді . Бұл қозғалыстың  өкілдерін жас түріктер деп атады.XX ғасырдың басында Осман империясының халықаралық жағдайы нашарлап, империя күйреу алдында  тұрген кезде жас түріктер өздерінің қызметін жандандыра түсті. 1908 жылы шілдеде батыстық державалардың Македонияны Осман империясынан бөліп алмақ болған саясатынан кейін, сұлтан өкіметінің әлсіздігіне ызаланған түрік әсерінің бөлімдері көтеріліс жасады. Бұл жас түрік революцияның басталуы еді. Жас түріктер жағына әскердің басқа аймақтардағы бөлімдері де қосылды. Жас түріктердің қысымынан қорыққан сұлтан, 1908 жылы шілденің 2-де 1876 жылғы  конституцияны қалпына келтіруге және парламентті шақыруға келіседі. Жаңа парламентте көп орынға ие болып, жеңіске жеткен және әскерге арқа сүйеген жас түріктер, іс жүзінде, елде өздерінің билігін орнатады. 1909 жылы жас түріктер II Абдул Хамит сұлтанды тақтан тайдырды. Жаңа сұлтан болып V Мехмед сайланды. 1908 жылғы жас түріктер револлюцияны Осман империясында биліктің конституциялық түрін енгізді.Өкімет келген жас түріктер қиындықтарды шешудің жолын таба алмады. Конституциялық биліктеріне көшу империяның шет аймақтарында ұлттық қозғалыстың жаңа толқынын тудырды. ¦лттық қозғалыс жетекшілеріме тіл табыса алмаған жас түріктер, қолындағы билікті пайдаланып, күш қолдану саясатына көшеді. 1908 жылы Австро-Венгрия Босния мен Герцеговинаны аннексиялады. 1911 жылы Ливиядағы түрік иеліктерін Италия басып алды. Түрікь үкіметінің сәтсіздіктерін пайдаланған жас түріктердің қарсыластары оларды үкімет билігінен кетірді. Бірақ жаңа үкімет империяны сақтап қалуға дәрменсіз болып шығады. 1912 жылы бірінші Балқан соғысында Болгария, Грекия, Румыния, Сербия Осман империясының бүкіл еуропалық иеліктерін басып алды. Тек Стамбұл мен оған жақын жатқан біраз аудандар ғана қалды. Бұл үкіметтің де сәтсіздігін пайдаланғысы келген жас түріктер 1908 жылғы көтеріліске қатысқан Энвер бейдің басшылығымен, 1913 жылы мемлекеттік төңкеріс жасайды. Қайтадан үкімет билігіне ие болған жас түріктер империяның күйреуін бәрі бір тоқтата алған жоқ. Сыртқы саясатта Германияны артқа тұтқан Осман империясы бірінші дүниежүзілік соғысқа үштік одақ жағында араласты. 

86.Джадидизмнің даму кезеңдерін көрсетіңіз.19 ғ. екінші бөлігінде пайда болған, 20 ғ. басында кең тараған қоғамдық-саяси және діни қозғалыс. Мұсылман әлемінде, әсіресе Ресей түркі тілдес мұсылман зиялы қауымының озық бөлігінің өкілдері арасында кең тараған. Ресей империясының түркі халықтарының ағарту үдерісіне және жалпы халықтарының дамуына үлкен тарихи рөлін ойнаған. Жәдиттердің халықты ағарту, өзгерістер мен дамыту үшін еңбек ету, демократиялық құқықтар үшін күрес, бір жағынан исламды сақтау, екінші жағынанЕуропаның жақсы жақтарын алу — түркі тілдес мұсылман халықтарының дамытуында үлкен үлес еді. Жәдиттердің еңбегі бекер емес еді. Жәдитшілікті қолдайтындарды «жәдиттер» деп атаған. Жәдиттер өздерін жиі «тараққипаруарлар», немесе «озатын өзгерістердің қамқорлары» немесе «жас», «жаңа» деп атаған еді.Ысмайыл Ғаспыралының жаңа оқу тәсілінің насихаттандыру толқынында пайда болып, әр қарай дамып кеткен. Жәдиттердің негізгі ұстанымдарының бірі — мұсылман мектептерінде балаларды жаңа бағдарлама бойынша оқыту. Мысалы, араб әліпбиін үйреткенде, дыбыс тәсілімен (әр әріпті белгіленетін дыбысына сай) оқыту, бұрыңғыдай әріп құрастырушылық тәсілімен оқытпау. Жәдиттердің пікірі бойынша, жаңа тәсілін пайдаланып, әліпбиді үйрену жеңілірек, демек жұрттың көбірек адамы сауатты бола алады. Білім беру кейбір өзгерістерінің арасында мектептерде сәкі орындықтарын, тақталарын, карталарын пайдалану, кейін әл-КаһирадаҚазанда немесе Ыстамбұлда басып шығарылған жаңа оқулық кітаптарын пайдалану, балаларды сыныптарға бөлу, ал оқу уақытын сабақтарына бөлу еді. Оқу бағдарламасына кейбір зайырлы ғылымдары, мысалы, тарих, жағрапия енгізілген еді. Шынында да, бұрын тәсілі бойынша сауатын ашу үшін үш жыл керек болса, жаңа тәсілі бойынша соған бір жыл-ақ жеткен еді. Осындай оқу тәсілін «төте оқу» деп атаған еді.Жәдиттер мектеп жүйесін түбегейлі өзгерткісі келді, бірақ білім беру сипаты діни көзқарастарының негізінде қалдырғысы келді. Осылайша, жәдиттер дінді білім беруінен бөлмеген, бірақ білім беру саласында да, кейін басқа тұрмыс салаларында өзгерістер үшін болған. Бұл жәдиттердің көзқарастары керітартпа қағидаларымен қайшылықта еді.Жәдиттер түрлі үнжарияларын шығарған. Жәдитшілік насихаттайтын үнжария «Тәржіман» санаса, «Дала уалаяты газеті», «Түркістан уалаяты», «Казан минбере», «Ўрта Осиенинг умр гузорлиги», «Хуршид», «Шухрат», «Азия», «Тиджар», «Турон», «Садои Туркистон», «Кояш», «Ульфат», «Серке», «Қазақ» тағы басқалар да жәдитдтердің үнжариялары еді. Қырымда «Ха-Ха» сатирикалық журналы шықса, Әзірбайжанда «Молла Насреддин», Түркістанда «Ойна», «Ал-Ислох», қазақша «Айқап» журналдары шыққан еді

87.Джадидизм мен жас түріктердің идеяларында сабақтастық бар ма? екі қозғалыстыңда ұқсастығы олар сол кездегі мемлекеттің басқаруны қарсы болған. екуіден мұсылмандардан тұрған. Жәдиттер ерлердің мен әйелдердің құқықтарын теңдігі үшін күрескен. Мұсылман қоғамында жеке адамның билігі емес, мәжілістің билігі жөн деп ойлаған.Осылайша,жәдиттер Ресейде парламентаризм үшін күресуге басталды, ақырында Ресей патшаның, Османлы империясының сұлтанының, Бұқар әміршісінің езгісіне қарсы болып кетті, тіпті монархияны жойып, республиканы орнатуы жөн деп ойлаған. 

 Жәдиттердің халықты ағарту, өзгерістер мен дамыту үшін еңбек ету, демократиялық құқықтар үшін күрес, бір жағынан исламды сақтау, екінші жағынан Еуропаның жақсы жақтарын алу — түркі тілдес мұсылман халықтарының дамытуында үлкен үлес еді. Жәдиттердің еңбегі бекер емес еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]