Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тюр.нар..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
138.28 Кб
Скачать

71.Махмұд Қашқари еңбегінің түркі тарихын зерттеудегі құндылығын анықтаңыз.

М.Қашқари түркі халықтаарының ұлы филологы,ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерін жинап зерттеуші ғалым.Қашқаридың сол кезден қазірге дейінгі атақты еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік». «Диуани лұғат ат-түрік» - 1072-1074 ж.Бағыдат қаласында жазылған түрікше – арабша сөздік.Ол түркі тілдері үшін ең ауқымды,ең маңызды ежелгі тіл жәдігері.Оның қол жазба нұсқасы 638 беттен тұрады.Онда 900-ден астам түркі сөзінің араб тіліндегі егжей-тегжейлі түсіндірме,аудармалары қосылған.Түркілердің тарихы,географиялық таралуы,тайпалары,диалектілері және дәстүрлері бойынша қосымша мәліметтер берген.Сөздіктің қазіргі бізге келіп жеткен жалғазғана жазба нұсқасы 1266 ж. Дамск қаласында жаңадан көшіріліп жазылып,оны тек 1915 ж.ғана Әли Емірі Стпамбул қаласынан кездейсоқ тауып алады.Оның көшірмесі 1917 ж. Талат патшаның қолдауымен және келісім Рифат білгенінің бақылауымен басылып шығып,бүкіл дүние жүзінің тюркологтарының назарын өзіне аударады.М.Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік»атты зерттеуі тек түрікше- арабша түсіндірме сөздік қана емес,сонымен қатар ол ежелгі түрік тілдері мен ауыз әдебиетін зерттеп,танып-білуге таптырмас ,аса қажетті еңбек болып табылады.

72Осман империясының саяси даму жолы.XI ғасырдың аяғына қарай Кіші Азияда қуатты мемлекет Түрік Осман империясы құрыла бастады. XI ғасырда қыпшақтар күшейіп, оғыздарды ығыстырды. Оғыздардың басым көпшілігін құраған салжұқтар Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға көшіп кетуге мәжбүр болды. Салжұқ Тоғрыл-бек Хорезмді, Иранды, Әзірбайжанды, Күрдістан мен Иракты басып алып, өз билігін орнатты. 1071-1081 жылдар аралығында салжұқтар Кіші Азияны жаулап алды.Оғыздардың Қынық тайпасынан шыққан әскербасшысы, Салжұқтың немересі Тоғрыл-бек 1040-1060 жылдары Кіші Азияда Салжұк түріктерінің мемлекетін құрды. Монғолдар шапқыншылығынан кейін ыдырап кеткен Салжұқ мемлекетінің орнына 1299 жылы желтоқсанда Осман түріктерінің мемлекеті келді. Оның негізін 1220 жылы Сырдария маңынан қоныс аударған түріктердің басшысы Ертоғрылдың баласы Осман сұлтан (1258-1326) қалаған еді. XIV ғасырдың екінші жартысында Осман империясы көрші елдерге жорықтар ұйымдастыра бастайды. 1352-1354 жылдары түріктер Дарданелл жағалауын, Галлиполь және бірқатар калаларын басып алады. Бұдан кейін осман түріктері Балкан түбегінде тұрып жатқан оңтүстік славян тайпаларынан құрылған Болгар патшалығы мен Серб мемлекетіне қарсы соғыс бастайды.1363 жылы сұлтан I Мұрад Андрионопольды алады да, өз астанасын сонда көшіреді. Андрионопольды жаулап алуы Балқан түбегіндегі славян мемлекеттерін бағындырудың негізгі базасына айналады. Бұл кезде Балқан түбегіндегі Болгар және Серб феодалдық мемлекеттері өзара қырғи қабақ болып, бытыраңқылықты бастан кешіріп жатқан еді.1389 жылы түріктер Сербияға шабуыл жасайды. Шешүші ұрыс 15 маусымда Косово даласында болады. Серб королі Лазарь мен түрік сұлтаны I Мұрадтың арасында болған шайқаста түрік әскерлері ірі жеңіске жетеді. Серб сарбазы Милош Обилич I Мұрад отырған шатырға кіріп келіп, оның ту сыртынан қанжар салып өлтіреді. Соғыста Лазарь тұтқынға түсіп, өлтіріледі. Балқан түбегін бағындыру I Мұрадтың баласы Иылдырым Баязит (1360-1403) кезінде жалғасты. Соғыс майдандарында көрсеткен ерлігі үшін оған Иылдырым (Найзағай) деген ат берілген. Түрік әскерлері Баязит сұлтанның басшылығымен бөлшектеніп кеткен болгардың Тырнова патшалығын бағындырады. Балқан түбегіндегі славяндар айтарлықтай қарсылық көрсете алмайды. Содан соң түріктер Византия мемлекетінін; астанасы Константинопольге жорық бастайды.1453 жылы сәуірдің басында II Мехмед сұлтан 200 мың түрік әскерімен Константинополь қаласын қоршайды. 1453 жылы 29 мамырда түрік әскерлері Константинополь қаласын жаулап алады. Византия мемлекетінің соңғы императоры Константин XI Палеолог (1444-1453) шайқас үстінде қаза табады. Константинопольдің құлауы Византия империясының өмір сүруін тоқтатты. Константинополь Стамбул (Истанбул) атымен Осман империясының астанасына айналдырылды. Түркия Осман империясы болып жарияланады. Осман түріктері XIV-XVII ғасырдың бірінші жартысында ұлы империя құрды.

73Алтын Орда мемлекетінің құлау себебі мен нәтижелері.Алтын Орда хандығы феодалдық мемлекет болды, ол берік мемлекеттік бірлестік болмады. Оның халқы ала-құла, әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі әркелкі, экономикалық негізі әлсіз еді. Феодалдық қатынастар дамыған сайын ішкі –сыртқы қатынастар асқына түсті. 1342-1357 жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен соң, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасында хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алып, бір кезде күшейіп дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін мүлдем әлсіретті. Оның үстіне Алтын Орда үстемдігі астында езілген қалың бұқара мен тәуелді халықтардың азаттық күресі етек алады. 1380 жылы Куликов даласындағы зор шайқаста Алтын Орданың Мамай бастаған қалың қолын орыс князьдерінің жеңуі Алтын Орданың құлауын тездетті. XIV ғ. аяқ шенінде, яғни 1391 – 1395 жылдары Ақсақ Темір Алтын Ордаға бас көтертпестей етіп екі рет күйрете соққы берді. Осыдан соң ол бірте – бірте ыдырай бастады. XV ғасырдың басында Тоқтамыс хан мен Едіге бидің өзара таласы Алтын Орданы одан әрі қажытты. XV ғ бірінші жартысында онан бұлғарлар, казан (1445 жылы) мен Қырым (1449 жылы) бөлініп шықты. XV ғ ортасына қарай Астрахань, Сібір хандықтары, Ноғай Ордасы құрылды. 1480 жылы орыс князьдіктері моңғолдардан толық тәуелсіздік алды. Қорытып айтқанда, езілген халықтардың моңғолдарға қарсы үздіксіз күресі, Алтын Ордаға қараған елдердің ішкі экономикалық байланысының болмауы, олардың арасындағы қайшылықтар мен феодалдық тартыстар, хан тағына таласқан күрестер, сыртқы соғыстар салдарынан, Алтын Орда мемлекеті бірте–бірте ыдырап, ақырында құлады. Нәтижесінде басқа ордаларға бөлшектеніп кетті.

74.Түрік тайпалары мен халықтарының тарихына қатысты Батыс Еуропа жазба деректерін топтастырып  анализ жаса. М.Протектор мен Ф.Симокатаның «Тарих»,Иордан «Гетика»,Г.Турский «История франков», «Тайная история»,А.Касядов,Ф.Кесаринский «Война с готами»,Ю.Эвеский «Тарих».Сонымен қатар ежелгі славиян жылнамалары,Сагалар «Бақсы заман жылнамалары»Нестр атты монах жазған. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинск аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын.

75.Мұстафа Шоқай және оның ортақ Түрік идеясы. Түркі халықтарының ортақ қамқоршы­сы, бүкіл ғұмырын осы жолдағы арпалыс­пен өткізген тұңғыш эмигрант күрескер, саяси қайраткер Мұстафа Шоқайдың ұлтшылдық идеясы. Оның өзгелерден басты ерекшелігі де сол. Эмиграцияда жүрген кезінде М.Шоқай бірнеше мақала­ларында және Франция мен Германияда халық алдында сөйлеген сөздерінде КСРО-ның саясатын сынға алды. Яш «Түркістанды» ол Түркістан, Кавказ және Украина ұлттық орталықтарының, КСРО-дағы орыс емес халықтардың құқықтары­ның бұзылуы туралы Ұлттар Лигасына арнап бастырады. М.Шоқай мұның бірінші үндеу еместігін жазып, ұлттар құқығын қорғау үшін күреске шақырған.Мұстафа Шоқайдың өзі шетелде, Еуропалық ғылыми ортада, көрнекті саяси тұлғалардың арасында жүріп Қазақстан және бүкіл Орталық Азия халықтарының жарқын болашағы үшін "біртұтас Түркістан идеясын" және олардың тіл, дін, діл және тарихы үшін үлкен ойлар мен пікірлер тастап кетті. Шоқайдың "Яш Түркістан" журналы - Түркістанның тәуелсіздігі жолындағы күрестің туы болып табылады. Журналдың мақсатын алғашқы санында атап көрсеткен Шоқай мұның Түркістанның тәуелсіздігі мен халқының өзін-өзі басқару құқығына қол жеткізуі жолындағы күрес екендігін айтады.Түркі халықтары бір-бірінің сөйлегенін және жазғанын ешқандай аудармашысыз түсінуі керек. Стамбулда шыққан газет Самарқанда да оқылуға тиіс. Осылайша, түркі халықтары арасындағы бірлік пен туыстық сезімдері күшейе бермек. Осындай бірлік-береке қамтамасыз етілгеннен кейін басқа халықтармен тәуелсіздік мәселесінде одақтасуды жақтайды. Шоқай мұны Түркістанның тәуелсіздігі үшін қажет деп санайды.Шоқайдың Түркістанның тәуелсіздігі жолындағы күресі үшін зор үміт артқан "Яш Түркістан", яғни "Жас Түркістан" журналының аты кездейсоқ қойылған ат емес, қайта саналы түрде жасалған таңдау еді. Мұның өзі, Шоқайдың Түркістанның тәуелсіздік күресінде жастарға деген сенімінен туындаған еді. Бұл сенімін Шоқай бір сөйлеммен былай деп ортаға салады: "Біз тәуелсіз Түркістанымыз үшін қажетті барлық нәрсені жас ұрпақтан күтеміз." Сол секілді тәуелсіз Қазақстан үшін қажетті барлық нәрсені жас ұрпақтан күтуге болады. Оларды осы орайда ұлттық сананы қалыптастыру үшін Шоқай сынды тәуелсіздікке бүкіл саналы ғұмырын арнаған тарихи тұлғаларымыздың еңбектері және идеяларымен таныстыруымыз қажет.

76. Осман Түрік империясының құрылу тарихы. XI ғасырдың аяғына қарай Кіші Азияда қуатты мемлекет Түрік Осман империясы құрыла бастады. XI ғасырда қыпшақтар күшейіп, оғыздарды ығыстырды. Оғыздардың басым көпшілігін құраған салжұқтар Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға көшіп кетуге мәжбүр болды. Салжұқ Тоғрыл-бек Хорезмді, Иранды, Әзірбайжанды, Күрдістан мен Иракты басып алып, өз билігін орнатты. 1071-1081 жылдар аралығында салжұқтар Кіші Азияны жаулап алды.Оғыздардың Қынық тайпасынан шыққан әскербасшысы, Салжұқтың немересі Тоғрыл-бек 1040-1060 жылдары Кіші Азияда Салжұк түріктерінің мемлекетін құрды. Монғолдар шапқыншылығынан кейін ыдырап кеткен Салжұқ мемлекетінің орнына 1299 жылы желтоқсанда Осман түріктерінің мемлекеті келді. Оның негізін 1220 жылы Сырдария маңынан қоныс аударған түріктердің басшысы Ертоғрылдың баласы Осман сұлтан (1258-1326) қалаған еді. XIV ғасырдың екінші жартысында Осман империясы көрші елдерге жорықтар ұйымдастыра бастайды. 1352-1354 жылдары түріктер Дарданелл жағалауын, Галлиполь және бірқатар калаларын басып алады. Бұдан кейін осман түріктері Балкан түбегінде тұрып жатқан оңтүстік славян тайпаларынан құрылған Болгар патшалығы мен Серб мемлекетіне қарсы соғыс бастайды.1363 жылы сұлтан I Мұрад Андрионопольды алады да, өз астанасын сонда көшіреді. Андрионопольды жаулап алуы Балқан түбегіндегі славян мемлекеттерін бағындырудың негізгі базасына айналады. Бұл кезде Балқан түбегіндегі Болгар және Серб феодалдық мемлекеттері өзара қырғи қабақ болып, бытыраңқылықты бастан кешіріп жатқан еді.1389 жылы түріктер Сербияға шабуыл жасайды. Шешүші ұрыс 15 маусымда Косово даласында болады. Серб королі Лазарь мен түрік сұлтаны I Мұрадтың арасында болған шайқаста түрік әскерлері ірі жеңіске жетеді. Серб сарбазы Милош Обилич I Мұрад отырған шатырға кіріп келіп, оның ту сыртынан қанжар салып өлтіреді. Соғыста Лазарь тұтқынға түсіп, өлтіріледі. Балқан түбегін бағындыру I Мұрадтың баласы Иылдырым Баязит (1360-1403) кезінде жалғасты. Соғыс майдандарында көрсеткен ерлігі үшін оған Иылдырым (Найзағай) деген ат берілген. Түрік әскерлері Баязит сұлтанның басшылығымен бөлшектеніп кеткен болгардың Тырнова патшалығын бағындырады. Балқан түбегіндегі славяндар айтарлықтай қарсылық көрсете алмайды. Содан соң түріктер Византия мемлекетінін; астанасы Константинопольге жорық бастайды.1453 жылы сәуірдің басында II Мехмед сұлтан 200 мың түрік әскерімен Константинополь қаласын қоршайды. 1453 жылы 29 мамырда түрік әскерлері Константинополь қаласын жаулап алады. Византия мемлекетінің соңғы императоры Константин XI Палеолог (1444-1453) шайқас үстінде қаза табады. Константинопольдің құлауы Византия империясының өмір сүруін тоқтатты. Константинополь Стамбул (Истанбул) атымен Осман империясының астанасына айналдырылды. Түркия Осман империясы болып жарияланады. Осман түріктері XIV-XVII ғасырдың бірінші жартысында ұлы империя құрды.

77.Ғұн, авар, хазар тайпалық бірлестіктерінің Әлем өркениетіне қосқан үлесін   феодалдық қатынастардың даму сипатымен салыстырып көрсетіңіз.Ғұн, Авар, Хазар қағанаттары да өз заманында орта азияда өмір сүріп, тіршілік етіп Европа елдерінеб солтүстік пен шығыс ж.е батысқа дейін шапқыншылық жорықтар ұйымдастырған үлкен держава болды. Олардың өмір сүрген кезеңдері Ғұндар б.з.д.ІІ-ІY ғғ., Аварлар YІ-ІХғғ, Хазарлар YІІ-ІХ ғғ.ғундар осы ғасырлар аралығында кавказ жерлерін мекендеген түркі тілдес тайпалар. Олар 2ғ. Орта азиядағы жергілікті угро-сармат тайпаларының жерін басып алып,б.э.2ғ.70 жж шығыс европа жерлерін жаулап алады. Олар волга мен рейн өзендерінің арасында үлкен мемлекеттілік құрды.ғұндардың орталығы кейінірек аварлар негізгі орталығы болған панноне өңірі болды. оларда феодалдық қатынастар көшпелі мал шаруашылығымен,іскери өнермен тікелей байланысты болды. негізсі саяси режимі іскери-аристократиялық жүйе болды. ел басын «тіңірқұты» д.ат. оған мемлекеттік бүкіл басқару аумағы мен басқару міндеті, соғыс болған жағдайда іскерге жетекш.ету, сыртқы саяси билік жүктелді. Мемлекеттің басқа да жоғарғы басшылығын сайлауды туыстық қатынас шешуші мінін сақтады. Олар тіңірқұтының ағайындары, жақын адамдары болды.Авар қағанаты мен ғұндардың тарихы өте байланысты себебі ғұндар аварлардың арғы атасы, хундардан аварлар шықты деген деректер бар. Олар да көшпенді халық болды. жоғарғы билік халық жиналысында таңдалып алынды. Оны «қаған» д.ат. қағанның сенімді өкілі тудун болды. ол қағанаттың бөлек аудандарында билік жүргізді. Оларда билікте иерархиялық билік жүрді. Одан кейін елде тархандар, содан тайпалар мен рулардың көсемдері елде билік жүргізді. Негізгі шар.көшп.мал шаруашылығы, іскери іс болды. Хазар қағ.түркі тілді шығыс дағыстандағы көшпелі халық. Олардың шығу тегіндегі ір түрлі көзқарастың бірі ғұндардың бұтағынан тараған дейді. Оларда елді басқару ісі ғұндар мен аварлардікіне өте ұқсас яғни мұра ретінде қалдырылып отыратын қағанат династиясы. Қағандықты биархей нем. Бек басқарды. Олар Хғ.бастап көшпелі мал шар.нан. жарт.көшп.мал шар.көшті.қысты күндері көшіп қонып жүрмей тұрақты мекендерде тұрды.Ғұн. Хазар, авар қағанаттары өз кезегінде бір аумақтан екінші аумаққа көшіп жүрген түркі тапалық бірлестіктері деп айтсақ қателеспейміз. Себебі олардың ілеум.саяси, шар, мідени, тұрмыстық, ікімш.басқару, ішкі діни ұстанымдары бір-біріне өте ұқсас жіне сол кездердегі түркілік дістүрлер.

78.И.Гаспринскидің джадидизм идеясын дәріптеудегі рөлін саралаңыз.ХІХ ғ.соңы мен ХХ ғ.бас. қазақ халқының қоғ.-саяси және әлеум-мәдени өмірінде кең өріс алған джадидизм қозғалыс тарихы көптеген отандық және шет ел зерттеушілерінің объектісіне айналғаны бег. Алғаш рет “жаңа әдісті” мектеп, медреселерін ашқан И.Гаспрински «Ысмайыл Гаспыралы» (Түркі әлемінде оны осылай атайды) болды. Оның “Русское мусульманство” атты саяси памфлеті Ресей мұсылмандары арас. ұлттық дербестік идеяның таралуына себеп болды. Памфлетте Ресей имп.ның орыстандыру саясаты мен білім беру жүйесі сынға ұшырады. Ысмайыл Гаспыралының бұл памфлетті жариялаудағы басты мақс. - патша өкіметінен мұсылмандардың рухани өсуіне мүмкіндік беруді талап ету болды.Ыс-майыл Гаспыралының мақс.орыс мис-сионер-ғалымдары былай сипаттайды: “Цели И. Гаспринского были просты и яс-ны: правильное воспитание русских му-сульман, развитие популярной литературы, возможное распространение русского язы-ка, науки и культуры среди русских му-сульман и тесное сплочение их с русскими на почве науки и материального прогрес-са”. Н.П. Остроумов өзінің күнделігінде “Гаспринский не допускает “кровного хи мического единения” мусульманских под-даных России с русскими, а желает едине-ния нравственного, ассимиляции нравст-венной и духовной, основанной на прин-ципе национальной индивидуальности, свободы и самоуправления”- деп жазып, Ы. Гаспыралының нақты мақсаттарын ортаға салған.Ысмайыл Гаспыралы Бақшысарай қаласында 1883 жылы жиырма жыл ішінде баспасөз органы қызметін атқ. және түркі халықтарының оқу-ағарту саласында қызмет еткен “Тәржімән” (аудармашы) газетінің редакторы болып, - өзі құрастыр-ған әліппе негізінде: “Тілде, пікірде және тірлікте бірлік”- ұранымен Ресей боданына тап болған түркі халықтарының ортақ әдеби тіліне қажеттілік мәселесін көтерді. Газет түрік тілінде шығып, көптеген мұсылман елдеріне таратылатын. Түрік тілі ортақ тіл ретінде таңдалуының басты мақсаты-түркі халықтарын бір араға біріктіру болды.

79. «Дешті Қыпшақ» атауын деректер негізінде түсіндіріңіз. Дешті-қыпшақ мем.еж.түркі мемлекеттілігінің дәст.жалғастырған әрі дамытқан, орталықтандырылған ерте феод.мемлекет. Дешті Қыпшақ, Қыпшақ даласы –XI-XIV ғғ.қолданылған тарихи-географиялық ұғым. Одан бұрын Оғыз даласы ат.ған. Оғыздардан тараған Қыпшақ ұлысының қимақ саяси-әлеум.қауымын құрып, байтақ мәдени із қалдырған өлке. XV ғ.ек.жарт.бастап қыпшақтардың нег.мұрагері және ұрпағы болған қазақ хал.ың байтақ мекені – Дешті Қыпшақ даласы. Ол кейін «Қазақ даласы», «Қазақ сахарасы» дег.атпен белг.болды. Дешті Қыпшақ Оғыздар даласы алып жатқан жерден де кең аумақты қамталды. Сон.қатар Ертісті мек.ген қимақ мем.нің жері де қыпшақтардың еншісіне тиді.қыпшақтардың шығу тегі жөнінде қазақ ғалымы Көмеков Б.Е. қыпш.арғы тегі Се Ордостың шығыс бетін мек.ген ж.е олардың көршісі яньто тайпасы болған, оны қыпшақтар бағындырып, екі тайпа бірігіп Сеяньто аталғанын ді.ді. Көмеков пен Кляшторны кебір араб дерегінің негізінде яньто одағы 630 ж тоғыз-оғыздар Сеяньто одағын талқ. Көрсетеді. Алайда көп ұзамай 691 ж Сеянто тайп. Сир мем.дег.атауды өзгертіп, 760 ж қыпшақ этн.қабылдады.

80.Осман империясындағы феодалдық қатынастардың дамуындағы  ерекшеліктерді анықтаңыз.Түрік иелігіне қараған халықтар өз қожаларына тікелей тәуелді болды. Түріктер Балқан түбегіндегі жаулап алған жерлерін әкімшілік-басқару жағынан санжакқа (облыстарға) бөлді. Санжактарды түрік сұлтаны тағайындаған бейлер басқарды. Балқан түбегіндегі жер түрік сұлтанының иелігіне көшті. Түрік жерінен шаруаларды көшіріп әкеліп, оларға жер бөлді. Феодалдық жер иелігі – спахи, ал мешіт иелігіндегі жерлер –вакуф деп аталды.Балқан түбегіндегі халықтарға өте ауыр мемлекеттік салықтар салынды. Жер салығы – харадж енгізілді. 5 - 7 жастағы ер балаларды Түркияда тәрбиелеп, әскери янычарқұрамдарына алып отырды. Шаруалар спахилік жер иесінің меншігі болды. Түрік иелігі орнаған жерлердегі халықтарды «райя» деп атады. «Райя» деген сөз «мал» деген мағынаны білдірді. Харадж салығы кәпірлерге (христиан дініндегі адамдарға) салынатын салық еді. Үшір салығы - өнімнің түсімінен алынатын салық (оннан бірі) түріне жатты. Шаруалар жергілікті өкіметтің рұқсатынсыз өз үлесін тастап ешқайда кете алмады. Дін жағдайы өте ауыр болды. Болгар, Серб жеріндегі христиан шіркеуіне тыйым салынды. Ислам дінін қабылдағандарға жеңілдіктер жасалды.

81. «Жастүрік қозғалысы» барысы мен нәтижелерін анықта.Түркияда болған прогресшіл жастар төңкерісіСұлтан Абдулхамид ІІ-нің жеке билігін жойып, мемлекетте конституциялық құрылыс орнату мақсатын көздеді. Төңкеріске “Бірлік және прогресс” атты құпия ұйым басшылық жасады. 1908 жылы 3 шілдеде лейтенант Ниязи басқарған, 6 шілдеде майор Әнуарбасқарған түрік партизандары көтеріліске шықты. Бірнеше күннен кейін көтерілісшілерге Македониядағы түрік әскерлері бөлімдерінің көпшілігі қосылып, оларды македонжәне албан партизандары да қолдады. 23 шілде күні көтерілісшілер Македониядағы СалоникиМонастыр, т.б. ірі қалаларды басып алды. Қарсылық көрсетудің пайдасыз екеніне көзі жеткен Абдулхамид ІІ парламент шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Жас түріктер төңкерісінің жеңіске жетуі елде жаппай көтеріңкі рух туғызып, “Бостандық, теңдік, бауырластық, әділдік” ұранымен салтанатты жиындар мен шерулер болып өтті. Абақтыға жабылған, айдалған ондаған мың адамдар босатылып, цензура жойылды. Елде конституциялық құрылыс орнады. Бірақ үкімет басына келгеннен кейін жас түріктер өздерінің көптеген уәделерін орындай алмады. Шаруаларға жер бөлініп берілмеді, жұмысшы ереуілдері басып тасталды. Бұл бұқара халықтың наразылығын туғызды. Ірі державалар елдің ішкі-сыртқы саясатына араласа бастады. Жас түріктер сыртқы саясатта Германиямен одақтасып, Түркияны 1-дүниежүзілік соғысқа киліктірді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]