Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тюр.нар..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
138.28 Кб
Скачать

62.Ертеортағасырларда түрік халықтарының этномәдени байланыстары.

Түркілердің этно-мәдени байланыстары дегенде біз түркі қоғамының артынан қалдырған өз қолдарынан пайда болған жазба ескерткіштерін, сәулет өнерін, материалдық мәдениетін, діни-наным сенімдерін, аңыз-әңгімелерін т.б ұлттық құндылықтарын айтуымызға болады. Көне Түркі жазуы (басқаша Орхон-Енесай жазуы) — V ғ. б.з.б. — X ғ. б.з. Орта Асия түркі тайпалары қолданған жазуы. Бірінші табылғаны Орхон өзенінің бойында (Екінші түркіт қағандығы) және Енесей өзенінің жоғарғы ағысында (қырғыз қағандығы). Жазу әдісі:«Алтын ғасыр» кезіндегі (VIII ғ. б.з.) әліппеге 38 таңба және сөзбөлу нышаны кіреді. Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:Енисей ескерткіштері: Талас ескерткіштері. Орхон ескерткіштері. Ертедегі Ұлы дала көшпенділері сауыт-саймандары мен тұрмыстық бұйымдарын әшекейлеуге қола, күміс және алтын пластиналарды пайдаланып, өзіндік айшықты “жануарлар стилі” өнерін дамытуымен ерекшеленеді. Осы өнердің бұйымдары Сары өзен (Желтая река) мен Шеньсидің солтүстік аймағынан көптеп табылғандықтан, сол аймақты б.д.д. ВЫ ғасырда мекендеген монғолдың Ордосс тайпасының атымен ордосс өнері деп аталды. Археологиялық деректер бойынша, Монғолиядағы және Ордосстағы ғұндардың өнері мен скиф өнері бір мезгілде қатар дамыған. Швед археологы Т.Ж.Арне Лванпиня мен Сюянвадағы ордосс қоласын б.д.д. ЫВ ғасырдікі десе187, жапон археологы Суеджу Умехара мен швед синологы Карлгрен б.д.д. ВЫЫ-В ғасырларда ордосс қоласы қытайдың архаикалық Орташа Чоу стилі әшекейлерінің “Соғысушы мемлекет“ \Воюющие государства\ стиліне өтуіне тікелей әсер еткенін дәлелдеді209, 212, 231. Осы мысалдардың өзінен көне түркі мәдениеті қытай өнері мен өркениетінің негізін салуға және дамуына тікелей әсер еткенін көреміз. Сол заманда қалыптасып келе жатқан қытай мемлекетінің белгісі болып енген Айдаһар алғашында аңшылық дәуір кезіндегі көне түркілердің аналық бөрі образындағы жер-су және жер өнімділігінің тәңірі болған еді 69. Сонымен қатар, қытайлар түркілерден Жаратылыс тану жүйесін (Тәңір) алдымен аспан, жер және тіршілікті жаратқан құдай ретінде қабылдап, соның негізінде тұран жүйесіндегі конфуцианство мен даосизм діндері пайда болды. Одан кейін Тәңір жүйесі қытай мемлекетін басқарудың барлық саласына енді.

63.Хазар қағанаты тарихының зерттелуін өркениеттілік көзқарас тұрғысынан анықтап, жалпы Еуропа қоғамының дамуына ықпалын анықтаңыз.Хазарлардың тым етеректегі өмір-тіршілігі жөнінде мәліметтер онша көп емес. Тек Атилла қайтыс болған кезде Еділддің төменгі сағасында тұрғаны белгілі. Олар VІ ғ. Еділ мее Дон өзені аралығында және Кавказды билеп тұрған болатын. Сол ғасырдың екінші жартысына қарай сібірлерді өздеріне қосып алып, тез күшейе бастады. Сасанидтердің Кавказдың оңтүстігін басып алып, жергілікті тайпаларды өздеріне басып алып, жергілікті тайпаларды өздеріне бағындыра бастауынан сескенген хазарлар византиялықтармен одақтасуға мәжбүр болды. Хазарлар 627-628жж. Арас.кавказдықтарды бағындырды. Сол батыста хазарлардың қолдануына арқа сүйеген Вмизанти армиясы иранның ішкі өлкелеріне дейін сұғана кіріп, зор жеңістерге жетті. Хазар қағандығы Батыс Түрік қағандығының ыдырауынан кейін төменгі Еділ бойы мен Солтүстік Кавказдың шығыс бөлігіне VI ғ.орт.құрылған алғышқы мем. Астанасы Семендер қаласы. Кейін Итил қаласы болды. Хазарлар – түркі тегінен шыққан халық. Хазар қағандығы 735 ж. Кавказдың арғы бетінде арабтардан жеңілді.964-965 жж.орыс князьі Святослав Игорский Еділге жорық жасап, Хазар қағандығын талқандады. Хазар қағандығы Х ғ.түгелімен ислам дініне кірді. Қорыта айтқанда хазарлар Жайық өзенінен бастап, батысқа \дон өзеніне дейін ал солтүстікте Мәскеу маңынан оңт.Аралға дейін созылып жатты. Бұл аумақтың ішінде бұлғарлар, мажарлар, толып жатқан фин қауымдары, славяндар, кавказдың құрама халықтары т.б.тайпалар аралас-құралас тіршілік етті.

64.Түрік республикасының құрылуы, Кемал Ататүріктің реформалары.Мұстафа Кемал Ататүрк, Ғази Мұстафа Кемал-паша (түр. Mustafa Kemal Atatürk; 188110 қараша 1938) — Осман және Түркия мемлекетінің реформаторы, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы тұлға және оның тұңғыш президенті.Мұстафа Кемал Галлиполи операциясы кезінде дивизия командирі қызметін атқарып жүрген кезінде өзін дарынды қолбасшы ретінде көрсете білді. Кейінірек ол Анадолы және Палестина майдандарында әскери ұрыс қимылдарды ерекше табысты жүргізуімен көзге түсіп, Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде атақ-даңққа ие болды. Осман империясының соғыста жеңіліп, Антанта тарапынан елді бөлшектеп тастауға жоспарлар жасалғаннан кейін, Мұстафа Кемал Түрік ұлттық қозғалысын бастады. Ол кейін Түрік тәуелсіздік соғысына ұласты. Анкарада уақытша үкімет ұйымдастырған соң, ол Антанта мемлекеттері жіберген әскерлердің бетін қайтарып, олардан басым түседі.Сыртқы интервенциялық күштерді қайтарғаннан кейін Мұстафа Кемал Түркия өмірінің саяси, экономикалық және мәдени жақтарына терең өзгерістер енгізуге бағытталған реформалар бастайды. Ол реформалардың басты бағыттары Кемалдың саяси идеологиясында баяндалған. Ататүріктің ұстанған көзқарасы бойынша Түркия мемлекеті осы заманғы, демократиялық және зайырлы ұлттық мемлекет болып құрылуы тиіс болатын.

65.Алтын Орда мемлекеті құрамындағы түркі тілдес тайпалық білестіктерінің саяси ахуалы.Ордаға жойқын соққыны Тоқтамыстың әскерін талқандап, астанасын қиратып, Қырым сауда қалаларын тонап, ең шебер қолөнершілерін өзінің астанасы Самарқандқа айдап әкеткен Әмір Темір берді.15-ші ғасырдың алғашқы бөлігінде Литуанияның патшасы Витаутастың әскерлерін Ворскла өзеніндегі шайқаста талқандаған Едіге билікті қолға түсіріп, Ноғай Ордасын құрды.1440-шы жылдары Ордада тағы бір азамат соғысы бұрқ ете түсті. Енді ол бірнеше хандықтарға бөлшектеніп кетті: Қасым хандығы, Қазан хандығы, Астархан хандығы, Қазақ хандығы, Өзбек хандығы және Қырым хандығы әрқайсысы өз алдына билік құра бастады.Бұл хандықтардың ешқайсысы да Мәскеу княздығымен күш сынаса алмады; ақыры 1480 жылы «Угра өзенінде болған тұрудан» кейін Мәскеу бағынудан мүлдем шықты. Мәскеу княздығы түбінде сол хандықтардың әрқайсысын (1550 жылдары Қазан мен Астарханнан бастап) басып алды. Ғасырдың соңына қарай Сібір хандығы Ресейдің құрамына кіріп, оның хандарының ұрпақтары орыстың патшасының қызметіне кірді.Қырым хандығы 1475 жылы Османлы империясына бағынышты мемлекетке айналып, 1502 жылға қарай Ордадан қалғанды өздеріне бағындырып болды. 16-шы ғасырда және 17-ші ғасырдың басында Қырым татарлары оңтүстік Ресей, Украина және тіпті Польшаны жиі-жиі шауып отырды, бірақ Ресейді жеңуге немесе Мәскеуді басып алуға күштері жетпеді. Османлылардың көмегінің арқасында Қырым хандығы жалғаса беріп, тек 1783 жылғы сәуірдің 8-інде ғана ІІ-ші Екатеринаны оны тарқатып, жерін қосып алды. Алтын Орда мемлекетінің ең ұзаққа созылған мұрагер мемлекеттерінің бірі осы еді.

66.Қырым, Астрахань хандықтарының құрылу тарихы. Қырым Хандығы-Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қырым түбегінде құрылған мемлекет (1430 - 1783). 13 ғасырдың аяғында Қырым түбегінде Алтын Ордаға тәуелді ерекше аймақ құрылды. Оның орт. - Солхат қаласы болды. Алтын Орда билеушілерінің өзара күрес-тартыстарынан кейін Меңлі Гирей хан (1428 - 1515) 1443 жылы тәуелсіз Қырым Хандығының негізін қалады. Оған Қырым түбегінен басқа Днепрдің төменгі бөлігі да кірді. Ол хандықтың астанасын Бахшасарайға көшірді. 1475 жылы Қырымға түрік әскерлері басып кіріп, хандық Түркияға тәуелді болды. Қырым Хандығы Ресей, Украина жерлеріне бірнеше жорықтар жасады. Қырым әскерлерінің орыс жеріне жорықтары әсіресе Ливон соғысы (1558 - 83) кезінде жиіледі. 16 - 17 ғасырларда Ресей өкіметі оңтүстік шекарасын Қырым татарларынан қорғау үшін шекара бекініс шептерін құрды. Орыстардың 1687 - 89 жылдары Қырымға жасаған жорықтары нәтижесіз аяқталды.Астрахан хандығы - Алтын Орда ыдырағаннан кейін құрылған дербес мемлекеттердің (1465 - 1556) бірі.[1] Тақ үшін күресте туысы Ахмет ханнан жеңілген Үлкен Орда ханы Махмуд (1459 -1465) ата-бабасының иелігі Қажы Тарханға (Астрахан) қашып келіп, дербес хандық құрды. Оның аумағына Каспийдің солтүстік-батыс жағалауы, төменгі Еділ бойы, Солтүстік Кавказ енді. Халқы 100 мың адам шамасында болды, түркі тілдес тайпалардан тұрды. Батыс пен шығысты жалғастырған Астрахан хандығы Русьпен, Қазанмен, Қырыммен, Хорезммен, Армениямен, Иранмен, Әзербайжанмен, Сібірмен, Ноғай Ордасымен, Қазақ хандығымен, Түркиямен саяси және сауда байланыстарын орнатты. Билеушілер Жошының кіші ұлы Тоқа-Темір ұрпақтары болды. Астрахандық ханзадалар Қазан мен Русьте маңызды қызметтерге ие болып, олардың тарихына елеулі ықпал етті. Бай сауда орталығы болғандықтан Қажы Тархан көршілерінің шапқыншылығына жиі ұшырап отырды. 1492 жылы қаланы Сібір билеушісі Айбек хан басып алды. Үлкен Орда, Ноғай Ордасы мен Қырым хандығы да Астрахан хандығының ішкі істеріне араласып отырды. 16 ғасырдың ортасында Астрахан хандығын Ресей жаулап алды.

67.Сұлтан Бейбарыс және оның жүргізген саясаты.Сұлтан Бейбарыс және оның жүргізген саясаты,Бейбарыс толық аты жөні Әл Мәлік әз зәкір Рухад аДин Бейбарыс әл Бундуктары әл Салихли.Бейбарыс ғалымдардың шамалауы бойынша 1223ж түрік кыпшактар елінде,Қара теңіздің терңскей бетіндегі далалық өңірде туган,1227ж Дамаскіде кайтыс болган,Египет пен Сириядагы ең мәмлүк сұлтандарының арасындагы ең корнектісі,1260жылдан 1227жылга дейін билік кұрған,Крест жорығын бастаушылар мен монғол жауларына қарсы жүргізген іскри күресімен ғана емес сондай ак елдің ішінде жүзеге асыган әкімшілік реформаларыменде танымал болған,Бейбарыс жұрт мойындаған қолбасшы,тәжірбиелі іскер дипломат кана емес ол билік кұрған тұста елде көптеген арналар қазылып кеме келетін айлақтар жөнделіп жақсартылады,Каир мен дамаскінің арасында жедел пошта байланысы орнатылады,улкен мешіт пен мектеп тұрғызылады,Каирдағы ол мектеп Бейбарыстың атында,Бейбарыс Египет тарихында бірінші болып ислам құқығы бойынша негізгі төрт бағытта жүргізілетін судьяларды бекітті,Бейбарыс өзінің билік еткен кезінде ол көптеген ірі жорыктар жасайды.Оның ең тамаша саяси шешімдерінің бірі Аббасидтер әулетінің монғолдардан бас сауғалап Бағдаттан кашып жүрген үрім бұтағын Каирға алдыртып 1263жылы халиф яғни мұсылмандар қауымының басшысы атандыруы,Бейбарыс сұлтан крест жорықтарын тоқтатқан адам,монғол шапқыншылығын тоқтатқан адам,сонымен қатар мұсылман дініне төнген қауіптің бетін қайтарған адам.

68.Сібір мен Ноғай хандықтарының зерттелуіXV-XVI ғасырларда орыстар қарым қатынас жсаған Қырым Қазан Астрахань Сібір хандықтарын ТАТАРЛАР депатаған,XVғасырда,негізінен XVI ғасырда татарлардан басқа этнографиялық қана емес саяси бірлікті құрайтын өз хандары бар НОҒАЙ халқы аталды,сол кезде ноғайлықтардың орталығы Алтын Орда хандары өмір өткізген Жайық еонеуіндегі Кіші Сарай қаласы болды,XVIғасырда Москва хандарына бағынған Еділ қазақ әскерлерінің құлдырауының аяқталуымен бірге ноғай хандығының тарихы аяқталды,Ноғай терминін тек орыстар ғана қолданғанын байұаймыз,Шығыс қолжазбаларында соның қатарында Әбілғазы да маңғыттар деп түркіленген бір монғол халқының атымен атаған,ал қазіргі кезде керісінше ноғай сөзі Орта Азия мен Қазақстанда өте кең мағынада қолданылады және ноғай деп Еділ таталарын да атайды,төменгі Ресейде қазір ноғай ддеп Қырым мен Солтүстік Кавказдағы белгілі халықты атайды,сонымен бірге ноғай диалектісі монғол кезеңіне дейінгі қыпшақ тіліне жақын болып қарашай балқар диалектілерінен біршама ерекшеленген еді,бұл деректер Еуропа ғалымдарының жазбаларында корсетіледі.

69.Әмір Темір державасының құрылу тарихы.Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша: تیمور لنگ‎‎ — Тимур-е Ләнг, Ақсақ Темір, Темірлаң) (13361405 жж.) — Орталық Азия жаһангері. Әмір Темірдің (Темуридтер) империясының негізін қалаған. Барлас руынан шыққан, Кеште туған. Қазір бұл ӨзбекстанныңҚащқадәрия облысының Шахрисабыз қаласы. Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді. Барластар Шыңғысханның жаулануы кезінде, қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға көшкен. Әмір Темірдің арғы атасы Қаражер бек еді, оның баласы Ижил бек еді, оның баласы Әйлеңгір бек еді, оның баласы Беркел бек еді, оның баласы Мұхаммед Тарағай еді, оның баласы Әмір Темір. Темір барластарның бір бөлігінің бекі, жетекшісі еді. Кейін өзіне басқа бектерін қаратты, Шағатай ұлысының хандары - Моғолстанның билеушілеріне қарсы көтеріліс бастаған. Темір басқарған жігіттері керуендеріне шабуыл жасаған, соңдықтан оны жасында баспашы болды дейді. Бектердің бекі болып, Шағатай ұрпақтарынан тәуелсіз мемлекет құрған. Бірақ Шыңғысханның тікелей ұрпағы болмағандықтан, өзінің лауазымы "хан" емес, "әмір" еді.Әмір Темір Тоқтамыс ханмен көп жылдар бойы соғыс жүргізеді.

70.Хорезмшах мемлекетінің құрылуы мен сыртқы саясатта белсенділігінің нәтижесін салыстырып, сипаттап беріңіз. Орта Азиядағы жері бай, мәдениеті өркендеген мемлекеттердін бірі Хорезм мемлекеті болды. Х ғасырдың соңында Солтүстік Хорезм билеушісі Мамун ибн-Мұхаммед елді біріктіріп, біртұтас қуатты мемлекет құрады. Хорезм мемлекетінің астанасы Үргеніш қаласы болды. Мамун ибн-Мұхаммед өлгеннен кейін Хорезмде оның інісі ЫЫ Мамун ибн-Мамун (999-1017) билік жүргізді. Өте ақылды бұл адам елдің тәуелсіздігін сақтау жолында көп жұмыстар атқарған. Үргеніш, Бұхара қалаларында сәнді ғимараттар салдырған. Шығыстың ғұлама ғалымы Ибн Сина сол кезде Үргеніш қаласының мәдени орталығында Бирунимен бірге өз ілімдерін халыққа дәріс оқу арқылы жеткізіп отырған.Хорезм мемлекетін сұлтан Махмұд Ғазнауи (998-1030) жаулап алуға әрекет жасады. 1014 жылы Ғазнауи Мамун Хорезмшахқа хат жолдап, оны қол астына бағындырғысы келетінін, егер осы хаттағы талап орындалмаса, Мамунды өлтіріп, басын шауып алатынын айтады. Мамун ибн-Мамун қойылған талаптарға көну Хорезмнің тәуеліздігінен айырылуымен бірдей екенін түсініп, хатқа жауап бермейді.1017 жылы шілде айында Хорезм мемлекетіне бірнеше мың әскерімен Махмұд Ғазнауи шабуыл жасап, Хорезмді бағындырды. ХЫЫ ғасырдың бас кезінде Ануш-тегин Атсыз (1127-1156) салжұқ сұлтаны Санжарды жеңіп, Хорезм мемлекетін біріктіру үшін құрес жүргізеді. Солтүстік-шығыста қыпшақтарға қарсы соғыс ашып, Жент, батыста Маңғыстау жерін өзіне қосып алады. Атсыз шах уақытында Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймақтарына Қарақытай (қидан) тайпалары шабуыл жасап, 1138 жылы Шаш, Ферғана, Зеравшан және Қашқария өлкесін, 1141 жылы Мауараннахрды жаулап алды. 1153 жылы Салжұқ мемлекеті құлайды. 1156 жылы Хорезмшах Атсыз өлгеннен кейін, Хорезм тәуелсіздігінен қайтадан айырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]