
- •33.Түрік тайпаларының ислам дінін қабылдау ерекшеліктерін анықтаңыз
- •34.Түрік-селжүктерінің мемлекеттілігінің қалыптасуы.
- •35.Селжук хандарының жаугершілік саясаты.
- •43.Монғол шапқыншылығы қарсаңындағы түрік тайпаларының саяси жағдайы.
- •48.Авар қағанаты тарихын қазіргі таңда зерттеудегі өзектілігіне анализ жасаңыз.
- •50.Ұлы Карлдың аварларға қарсы ұстанған саясаты.
- •52.Түрік халықтарының ерте орта ғасырлардағы тарихын зерттеуде араб-парсы жазба деректерінің құндылығын көрсет
- •53.Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи – и Рашиди» еңбегінің түркі тарихы үшін маңыздылығы.
- •54.Печенегтердің русьпен қатынасы.
- •62.Ертеортағасырларда түрік халықтарының этномәдени байланыстары.
- •71.Махмұд Қашқари еңбегінің түркі тарихын зерттеудегі құндылығын анықтаңыз.
- •82.Кеңес өкіметі құрамындағы түркі халықтары: негізгі даму тенденциялары.
- •83.Әзербайжан, түркімен, тәжік этнонимдернің тарихын жазба деректер негізінде саралаңыз.
- •84.Ресей империясы қол астындағы түрік тілдес халықтардың (хіх –хх ғғ. Басындағы) азаттық күресінің мәнін анықтаңыз.
- •85.«Жас түрік» қозғалысына қандай тарихи баға беретін едіңіз .
- •88.Кссро-ның құлау себептерін өз ойыңызбен тұжырымдаңыз
- •89.Қазақ асср, Түркімен асср, Әзербайжан асср, ҚырғызАсср, Тәжік асср –лерінің құрылуы.
- •90.Хх ғ. Түркі тілдес халықтардың тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы күрестерін сипаттаңыз.
52.Түрік халықтарының ерте орта ғасырлардағы тарихын зерттеуде араб-парсы жазба деректерінің құндылығын көрсет
Түрік халықтарын зерттеген араб-парсы тарихшыларына: Гардизи, Рашид-ад Дин, Махмұт Қашқари, Ибн Фадлан, Ибн Хордарбек т.б айтуға болады. Олардың еңбектері өте құнды дерек көздері болып табылады. Себебі олар сол уақыттарда оқиғаға тірідей куә болып өз көздерімен көрген зерттеуші ғалымдар. Сол кісілердің бірі Махмуд Қашқари құрастырған түркі тілдерінің жекелеген түрлері туралы көп мәліметтер келтірген. Ол көптеген түркі текті рулар мен тайпалар жерін аралап, олардың тұрмыс-салты, тілі, ауыз және жазба әдебиеті туралы қыруар мәлімет жинаған.Жазуы бойынша түркілерге шығу тегі жағынан түркі емес, бірақ түркіше білген халықтардың бәрі жатқызылады. Ол барлық түркі халықтарын солт.ж.е.оңт. деп екі топқа бөледі, әр қайсысында он-оннан халық болған. Солтүстік тобына жататындар:печенектер, қыпшақтар, оғыздар, имектер, башқұрттар, ябакулар, татарлар, қырғыздар т.б. Оңтүстік тобына жататындар: шігіл, тухси, яғма, играк, чарук, жумыл, ұйғыр, танғұт, хитай, табғаш. Сондай-ақ парсы деректерінен де, «Худуд әл-Әлам» мен «Гардизиден» де мәліметтер табамыз. Осы деректерде сәйкес түргештер тухси және аз болып бөлінеді. Тухсилер Шу өзенінде Суяб қаласы маңын мекен еткен. Түркімен атауы тұңғыш рет геог,әдебиет Макдисиде кездеседі. Ибн Фадлан мен М.Қашқари таза түркі деп қырғыздарды, оғыздарды және тухси, яғма, шігіл, играк, шарық халықтарын атады
53.Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи – и Рашиди» еңбегінің түркі тарихы үшін маңыздылығы.
М.Х.Дулатидың ең басты еңбегі «Тариха Рашидидың» маңызы Орт.Азия халықтарының тарихы үшін ерекше орында тұр. Бұл кітапта халқымыздың мемлекеттілігінің Алтын Орда ыдырағаннан кейінгі эволоюциялық дамуы ж.е.дербес Қазақ мемлекетінің пайда болуы көрсетілген.Мұхаммед Хайдар әскери құрылысты кәсіпқойлықпен суреттеп, Керей мен Жәнібектің, Қасым ханның кезіндегі қазақ хандығының стратегиясы мен тактикасына жоғары баға береді. Хандықтың мемлекет қайраткерлерінің алғашқы буыны, автор атап көрсеткендей, ішкі кикілжіңдер ж.е. көрші мем.арасындағы қайшылықтар сияқты геосаяси жағдайды тиімді пайдалана білді, династиялық байланыстарға тиімді пайдалана білді, династиялық байланыстарға тиімді араласып, бейбіт бастамалар жасады.Әскери қуатты арттыра отырып ж.е дипломатиялық күшімен қазақтардың этносаяси қауымдастығы ауқымында аумақтық тұтастығын қалыптастырды. Бұл еңбекте XIV-XVI ғғ.Қазақстанның оңт-шығ., Шығыс Түркістанда ж.е. Қырғызстан территориясында болған. Моғолстан мем.тарихын баяндау үшін жазылған. Еңбек 2 дәптерден тұрады. Алдымен 1542 ж.2-ші дәптер, ал 1546 ж.1-ші дәптер жазылған. Қазақ ханд.құрылуы туралы мәліметтер еңбектің ішінде 2 жерден айтылып өтеді.Қазақ хандығының құрылуы туралы жазылған осы еңбектің қазақ тіліндегі аудармасы жақында ғана Ислам Жеменей ағаның парсы тілінен аударуымен жарық көрді
54.Печенегтердің русьпен қатынасы.
Печенектер мен Русьтердің қарым-қатынасы Хғғ.бастау алады. Печенектер 968 ж. Киев Русі жеріне келе бастайды.970 жылы Аркадипльдегі шайқаста Кикв Князьі Святослав Игоревичатің жағында болды. Орыс-византия бейбітшілік қатынасы біткеннен кейін орыс-печенег конфликті басталды.972 ж.Печенектердің князьі Кури днепрьдің төменгі ағысында орыстардың мықты князьі Святослав Игоревичті өлтіреді. Ал оның сүйегінен скифтердің дәстүрі бойынша тостаған жасады.990 жж.Печенектер мен Русьтердің арасында жаңа құлдырау кезеңі басталды. Князь Владимир оны көтеруге себепші болды. Владимир далалы жерге печенектердің шабуылынан қорғану үшін қорған салды. Ярославом Мудрым мен Святополком Окаян арасындағы шайқасқа белсене қатысады. Константину Багрянородныйдың айтуы бойынша печенектер 8 конфедерациялық ұйымнан және фемнен тұрды. Олар: : Иртим, Цур, Гила, Кулпеи, Харавои, Талмат, Хопон, Цопон. Олардың басында кнзьдер мен архонттар тұрды: Ваицу, Куела, Куркутэ, Ипаоса, Каидума, Косту, Гиаци, Батана.Печенектер көшпелі өмір сүрді. Оларда белгілі бір жерде тұрақты өмір сүру деген болмады.
55.Еділ-Бұлғарлардың Византия империясымен қарым-қатынасы.Бейбіт келісім 681 ж.император 4 Константин мен Аспарух хан арасында жасалды.Келісім бойынша Византия империясы мен бұлғарлар арасындағы шекара анықталды.Н.С.Державиннің айтыуынша осылай Болгар мемлекетінің халықаралық қатынастарда заңды түрде мойындалуы бекітілді.Алайда 4Константиннің ізбасарлары бұл келісім шартты бұзған болатын.ІІ Юстиниян Ринотмет,Никифор І Геник және олардың өзге ізбасарлары бұлғарларды жеңіп,оларды империяға бағындыруға тырысты.Алайда бұл әрекеттер сәтсіз аяқталды.Кейбір императорлар бұлғарлар көмегін жиі пайдаланды.Юстиниан ІІ өзі тақты қайтарып алу мақсатын Тервельден көмек сұраған.Анастасия мен Феодор Скутариоттың «Жалпы хроникасында»Тервель өз келісімін беріп,өзі әскерді басқарған деп жазылған.Бұлғар әскерлерінің көмегімен ІІ Юстиниан өзіне императорлық билікті қайтарып алды.Бұл оқиғаға «741 ж. әмбебап хроникада», «ІХ ғ. Ведастин хроникасы»,Констанинополь патриархы Никифор және «Славиян-болгар тарихының»соңғы авторы – Паисия Хилендарски секілді деректерде пайымдалған.VIII ғ.барысында Византия империясы мен Бұлғарлар арасындағы қарым-қатнастар толқымалы түрде қалыптасты.Бұлғария арабтарға қарсы соғыста Византия үшін серіктес болса,византиялық аумақтар бойынша жау болды.Бұл екі мемлекет арасындағы ауыр қарым-қатнастар гректер мен славян – християндардың пұтқа табынатын бұлғар халқымен діни байланыстарына еш кедергі болмады.
56.Печенег тайпалық бірлестігінің тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.Печенегтер — орта ғасырлардағы тайпалар одағы.Печенектер туралы нақты мәлемет жоқ. Грек тілінде пачынах, түрікше бажанак немесе бәжәнәк, славян тілдерінде печенег аталған тайпа атауының этимологиясы әлі анықталған жоқ. Ғылыми әдебиеттерде Печенегтер көне түркі көшпелілерінің сармат және угро-финн тайпаларымен араласуы нәтижесінде қалыптасқан деп есептелінеді. Антропология жағынан моңғол тектес нәсілдің аздаған үлесі байқалатын еур. нәсілге кіреді.Печенегтер түркі тілінде сөйлеген. С.Г. Кляшторный б.з. 1-мыңжылдығының ортасында печенег-кангарлар тұрағы Қанға, яғни Сырдарияның орта ағысы болды деп көрсетеді. М.Қашқари: “Бажанак — Рұмға жақын жайласқан түрік тайпасы. Бажанак — оғыз руларының бірі. Бәженек деп те аталады” деп жазады.8 — 9 ғасырларда Печенегтер Еділ мен Орал аймағында өмір сүрген. 9 ғасырдың соңына қарай оғыздар, хазарлар, қимақтардың қысымымен батысқа қарай жылжиды. Қара т. далаларында көшіп жүрген венгрлерді ығыстырып, Еділ мен Дунай аралығындағы аймаққа орнықты.Олар батыс және шығыс тармақтарға бөлінген 8 тайпа, 40 рудан құралды. Тайпаларды жиындарда сайланатын көсемдер басқарды. 915, 920, 968 жылдары Печенегтер Руське бірнеше рет жорық жасады. Киев князьдары Игорь мен Святослав 944, 971 жылы олармен одақтасып, Византия мен Дунай Бұлғариясына қарсы соғысты. 972 жылы Печенегтердің Курей ханы Святослав Игоревичтің жасағын талқандайды. Бұдан кейін де Руське, көрші елдерге әлсін-әлсін жорық жасап тұрды. 1036 жылы Ярослав Мудрый Киев қаласының түбінде Печенегтерге күйрете соққы беріп, олардың Руське шабуылын тоқтатты. 10 — 11 ғасырларда Печенегтер Византияны ішкі-сыртқы саясатта қолдап тұрған. 10 — 12 ғасырларда олардың біраз бөлігі Венгрияға қарай ығысқан. 13 — 14 ғасырлар шенінде Печенегтер ыдырап, түрік тілді, сондай-ақ венгр, орыс, т.б. халықтармен сіңісіп, осы халықтардың этн. тарихында өз ізін қалдырды.
57) Хазар қағанатының құрылуы және қоныстану мәселесі: Хаза́р қағандығы(650—969) — хазарлар құраған, орта ғасырлық мемлекет. Хазар халқы мен хазар мемлекеті 7 ғасырдан 10 ғасырға дейін Еділдің төменгі сағасында өмір сүрді. Бұл батыл әрі жауынгер тайпа болды. Хазарлар елі Қара теңізден Каспий теңізіне дейінгі аумақты алып жатты. Хазарлар түріктер болды және алғашқы уақытта олар Батыс түрік қағанатының құрамына енді. Кейін олардың қарауынан шығып, олар өз елдерін құрды. . Хазарлар Еуразияда араб экспансиясымен түйісіп қалған бірінші мемелекет болды. Кавказда 642 жылы арабтармен бірінші шайқас өтті. Бірінші соғыс кезінде арабтардың әскербасы мерт болып, хазарлар жеңіп кетеді. Шайқас Баланжир деген жерде өтеді, бұл хазар ханының ордасы тұрған жер еді. Кейінірек хазарлар ордасы орын ауыстырып, Самандарға көшеді, содан кейін Еділ (Итель) бойына қоныстанады. Арабтар мен хазарлардың екінші соғысы 772-773 жылдары болады, бұл жерде хазарлардың жолы болмай, олар жеңіліс табады. ІХ ғасырдағы орыс жылнамаларында Днепр бойындағы тайпалар хазарларға сансыз ақ терілермен немесе қарулармен, қылыштармен алым-салық төледі делінген, ал Х ғасырда сол алым-салық олардан ақшалай алынған. Исламдық (арабтық) жазбаларда хазарлар тамаша егіншілер және шебер балықшылар деп айтылады. Соларда хазарлар жері кең және су қоймаларына бай, әсіресе қыста судың молдығы соншалықты, балық пен жануарларға бай сансыз көлдер пайда болады. Сол көлдердегі балықтар семіз болып келіп, оларды хазарлар өз майына қуырады. Су тартылған көктем мен жазда хазарлар астық себеді. Сөйтіп, бір жерден хазарлар екі өнім: қыста - балық, жазда - бидай жинады. Кезінде хазарлар мұсылмандықты қалай қабылдағаны туралы тамаша аңыз бар.¤з халқына мұсылмандықтың, христиандықтың және иудаизмнің бірін таңдап алу үшін хазар қағаны өзіне үш ірі діннің өкілдерін шақырады. Қаған христианинді және иудейді тыңдап болған соң, өз құлағын исламды уағыздаушы Фараби ибн Кораға тосады және одан осы қарсаңда көрген түсін жорып беруді сұрайды. Бұл түсінде оған періштелер келіп, хазарлар қағанның істі жүргізуіне наразылығын білдіреді. Сонда Фараби ибн Кора: "Сіздің түсіңізде періште санадан әлде ашылудан көрінді ме? Әлде ол сізге алма ағашы түрінде, әлде басқа түрде келді ме?" - деп сұрайды. Қаған періште оған бірінші (сана) адамнан да, екінішісінен де (ашылу) және үшіншісінен де (алма ағаш түрінде) келген жоқ дейді. Содан кейін Фараби ибн Кора қағанға: "Әрине, періште біріншісі де, екіншісі де және үшіншісі де болған жоқ. Мәселе оның мүлдем басқа періште болғанында. Бұл Адам Рухының періштесі. Сіз өзіңіздің серіктестеріңізбен соған дейін көтерілгіңіз келеді. Бұл сіздің игі ниетіңіз және бұл жақсы. Бірақ сіз бәріне тек түсіңізде көретін Адамды теңестіргіңіз келеді, оны шын адам жасамақ боласыз, оны кітапқа жазғандай етіп жазып алғыңыз келеді. Бұл сіздің қылығыңыз және бұл дұрыс емес. Мәселе сізде қасиетті кітап Құранның жоқтығында", ал сіз осының өзінде өз кітабыңызды жасағыңыз келеді, Қасиетті кітап бізге жоғарыдан сыйланған, оны сіз біздерден алыңыз, бәрімен біздермен бөлісіңіз, бәрінде, істе де, ниеттеріңізде бізбен бірге болыңыз және өз кітабыңызды өзіңіз жасауға талпынбаңыз ..."-дейді. Бұл сөздерден кейін хазарлар қағаны Фараби ибн Кораны құшақтап, халықтың исламды қабылдағаны туралы жарлық шығаруға бұйырды.
58) Хазарлардың ұстанған саясаты:Тарихының алғашқы кезеңін маңайлас Кавказ елдерімен соғыспен бастаған хазарлар 626 ж. Кавказ Албаниясын бағындырды. Византиямен бірігіп, Тбилисиді басып алды. Арменияға жасалған 684 жылғы шабуыл өте жойқын болып, Григорий патша өлтірілді. Араб жаулап алу жорықтарының қақ жолында орналасқан хазарлар олармен ұзаққа созылған соғыс жүргізуге мәжбүр болды. 654 ж. Дағыстан жеріндегі үлкен орталық Беленжерге бағытталған араб шабуылы тоқтатылды. 8 ғ-дағы араб-хазар соғыстары ауыспалы жеңіспен жүрді. 730/731 ж. болған ең ауыр шайқаста хазарлар Ардебиль қ-н шауып, арабтың 25 мыңдық қолын талқандады. Хазар әскері Мосулға дейін жетті. 737 ж. қолбасшы Марван 120 мыңдық араб әскерімен келіп, ел астанасы Семендерді басып алды. Бұл қағандықтың басты орт-тарының Еділ мен Дон алқаптарына қарай жылжуына, ал Дағыстан жерінің бұдан былай мемлекеттің оңт-тегі қиыр аймағына айналуына әсер етті. Хазарларға үнемі арабтар ислам дінінің, ал византиялықтар христиандықтың түпкілікті енуіне ықпал жасауға тырысты. Араб-хазар қатынастарының ымырасыздығы исламның хазарларға түбегейлі тарамауына әсерін тигізді. 9 ғ-дың басында Обадия қағанның өз әулетімен иудей дінін қабылдап, оны жалпы мемлекеттік дін ретінде күштеп жариялауы ел ішіндегі наразылықты күшейтті. Өлкелер қаған билігіне қарсы шықты. Бұған дінбасылардың әуелі христиандықты, іле-шала исламды қуғындауы әсер етті. 9 ғ-дың ортасына қарай ішкі-сыртқы қайшылықтардың әсерінен мемлекеттің аумағы кішірейді. Шығыстан печенег және оғыз тайпаларының шабуылы күшейді. Византия түркі көшпелілерінің басын қосу арқылы қағандыққа қарсы коалиция ұйымдастырды. Көптеген славян тайпаларының өзіне емес, хазарларға бағынышты болып, алым-салықты соларға төлеп тұрғанына наразы Киев князі Святослав та осы кезде қағандыққа қарсы көтерілді. Печенегтердің үзіліссіз шабуылынан қатты әлсіреген, ішінен де бүлініп, ыдырау алдында тұрған қағандықтың ірі орт. Саркелді Святослав 965 ж. басып алып, қала мұнан кейін орыс жылнамаларында Белая Вежа аталды. Мемлекет дербестігінен айрылды. Ислам дінін қабылдап, Хорезмнен көмек сұрауға бағытталған әрекет нәтиже бермеді. Бірте-бірте шығыстан келген құман (половец) тайпалары хазар жерін толығынан иемденді. 11 ғ-дың 2-жартысында деректерде соңғы рет аты аталған хазарлар жекелеген топтар болып құ-мандарға, славяндарға, т.б. сіңіп кетті. Зерттеушілер Х. қ-н Ғұн мемлекетінің мұрагері деп санайды. Бірақ ғұндар мен хазарлардың байланысы дәйекті түрде зерттелмеген. Көптеген ғалымдар Х. қ. Шығыс Еуропа халықтары үшін көп жағдайда “қалқан” қызметін атқарды деп бағалайды. Мұндай пайымдаулар бойынша хазарлар араб халифатының Дербент арқылы Шығыс Еуропаға бағытталған экспансиясын тоқтатқан және шығыстан ағылған түркі көшпелілерін ұзақ уақыт тежеп тұруы арқылы шығыс славян тайпаларының үлкен аумақтарды иемденіп, іргесін көтеріп алуына жағдай жасаған.
№59 ІХ-ХІ ғғ. Шығыс Еуропа даласын қоныстанған түркі тілдес халықтардың мәдениеті:Түркі дәуіріндегі Қазақстанды мекендеген халықтар туралы жазба, археологиялық және этнографиялық деректер. Феодалдық қатынастардың қалыптасуы, дамуы. Қоныстар мен қалалардың өсуі. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қала мәдениеті дамыған аймақтар: Сыр бойы, Шу және Талас өңірі, Жетісудың солтүстік-шығысы. Қала мәдениетінің дамуындағы түркі-соғдылық синтез. Б.з.б. ІІ ғ. қалыптасқан Ұлы Жібек жолының сауданың күре тамыры ретіндегі қызметі. Ұлы Жібек жолының қазақ жеріндегі тармақтары. Қалалар - саяси өмір, сауда, қолөнер және мәдениет орталығы. Қалаларға сипаттама. Материалдық мәдениеті.
ҮІ-ХІІІ ғ. басы аралығындағы түркі халықтарының рухани мәдениеті. Наным-сенімдері, әдет-ғұрыптары. Тәңірге сену, оның көріністері. Түркілердің басты құдайы. Түркілердің отбасы, бала қамқоршысы және әйелдік бастау құдайы.
Түркі жазуының пайда болуы және оның маңызы. Түркі жазуының ескерткіштері, оның таралу аймағы, зерттелуі. Түрік әдеби "Күлтегін" ескерткішінің авторы. Түркі сына жазбасының оқылуы және жарыққа шығуы. Ежелгі түркі алфавитінің белгілері. Көпшілікке танымал түркі жазба ескерткіштерінің орналасқан жері. Тоныкөк, Күлтегін және Білге қаған құрметіне қойылған құлпытастар, оларға сипаттама.
Ислам дінінің түркі халықтарының өміріне ене басталуы. Түркі елдерінің араб халифатымен байланысының артуы. Ислам мәдениеті және оның негізі болған Құран Кәрім мен Хадистердің түркі халықтарының өміріне тигізген ықпалы.
ІХ-ХІІ ғғ түркістандық ғалымдар мен ойшылдар: Аристотельден кейінгі Шығыстағы екінші ұстаз Әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары.
Орта ғасырлық ақын және исламды таратушы, Яссауидың ұстазы. Қожа Ахмет Яссауи, Сүлейман Бақырғали және т.б. олардың қалдырған мұралараның маңызы мен ортағасырлық мәдениетте алар орны.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі, Махмұд Қашғаридің «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі, Өтміс қажының «Шыңғыс-намэ» еңбегі. «Кодекс Куманикус», «Ақсақ құлан». «Тоныкөк», «Күлтегін» ескерткіштеріне сипаттама. XIII ғ. Кетбұға, XIY-XY ғғ. Сыпыра жыраулар.
60.Оғыз тайпалық бірлестігінің әлеуметтік-этникалық тарихы.Оғыздар – (ежелгі түрікше – оғуз; қазақша – оғыз) – орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген түрік тілдес тайпалар. Оғыздар атауын бірқатар зерттеушілер алғашқыда «тайпалар», «тайпалар бірлестігі» деген ұғымды білдірген деп есептеді. Оғыздар жайлы деректер түрлі жазба ескерткіштерде, шежіреде, жыр, аңыз әңгіме үлгілерінде ғұз, оғыз деген атаулармен ертеде орта ғасырлардан басталғаны белгілі. Оғыз атауының ұлыстық, тайпалық этнонимге айналуы түркі халықтарына ортақ «Оғызнама» жырындағы басты кейіпкер Оғыз қаған есімімен тікелей байланысты. Жырда ол барша түркі ру-тайпаларының арғы атасы етіп көрсетіледі. Уақыт өте келе оның есімі этностық атау мағынасына айналған. 7 ғасырдың басында Түрік қағандығы құрамында тоғыз-оғыз одағы пайда болды. Орхон руна жазуында Шығыс Түрік қағандығы (6 – 8 ғасырлар) құрамына кірген Оғыздар тайпалары Шығыс Моңғолияны мекендегендігі айтылады. Н.Я. Бичурин өзінің «Ерте кездері Орта Азияны қоныстанған халықтар жөніндегі мәліметтер» жинағында «Шығыс Түрік қағандығы кезінде Ашина ұрпағының «түрік» атымен (қайта аталып) оғыз-түрік тайпа одағының әкімшілік бірлігі болды» деп жазады. Оғыздар шамамен 8 ғасырдың орта шенінде Жетісудан Қаратау бөктері мен Сырдарияның төменгі ағысы алқаптарына жылжи бастаған. Қырғыздар шабуылынан 840 жылы Ұйғыр қағандығы ыдырап, оған тәуелді түрік-оғыздар қарлұқтармен болған қақтығыс нәтижесінде 9 ғасырда батысқа қарай ығысты. 9 – 10 ғасырларда Оңтүстік және Батыс Қазақстан аумағында Оғыздар этносы бірте-бірте қалыптасып орнықты. Оғыздардың этностық құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларын мекендеген ежелгі этностық топтар (негізінен, түріктенгендер) мен Жетісу, Сібірдің көшпелі және жартылай көшпелі рулары мен тайпалары енді. Оғыздар бірнеше тайпаға, тайпалар руларға бөлінді. Махмұт Қашқаридың (11 ғасыр) деректерінде оғыздардың алғашқы 24 тайпадан, кейін 22 тайпадан құралғаны айтылады. Олар: қынық, қайығ, байундур, йуа-йыуа, салғур, афшар, бәктілі, бугдуз, байат, йаз-ғыр, аймур, қарабөлук, алқабөлук, ігдір, урәгір-йурәгір, тутырқа, улайундлуғ, тугәр-тігер, бажанақ, чувулдар, чәбич, чаруқлуғ. Жетекші руы – қынық. Оғыздар бұзұқ (бузук), ұшұқ (учук) болып екіге бөлінді. Олар тиісінше оғыздар әскерлерінің оң және сол қанаттарына кірді. Осы топтардың әрқайсысы теңдей екі топқа бөлінген 24 тайпадан құралды. 9 ғасырдың соңы мен 10 ғасырдың ортасында Арал теңізі, Каспий теңізі және Сырдарияның төменгі алқаптарында Оғыз мемлекеті құрылды. Мемлекет орталық Янгикент (Жаңакент) қаласы болды. Махмұт Қашқари оғыздардың Сабран (Сауран), Сіткун (Сүткент), Суғнақ (Сығанақ), Қарнақ, т.б. қалалары болғандығын айтады. 11 ғасырдың ортасында шығыстан келген қыпшақтар оғыздар мемлекетін талқандады. Оғыздардың бір бөлігі батысқа кетіп, оңтүстік орыс далаларына қоныс тепті, салжұқтар басқарған басқа бір бөлігі алдыңғы Азия елдерін жаулап алды. Оғыздардың солтүстік-батыстағы бөліктері бертін келе Еділдің төменгі бойындағы татарлармен, оңтүстік Оралдағы башқұрттармен сіңісіп кетті. Сырдария, Арал алқаптары мен Солтүстік Каспий маңын мекендеген Оғыз тайпалары қазақ тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оғыздардың 11 – 13 ғасырларда Кавказ бен Кіші Азияға өтіп кеткен оңтүстік тобы әзірбайжан, түрік, гагауз халықтарының этногенезінде маңызды рөл атқарды
61.Түрік мәдениетінің әлемдік өркениетке қосқан үлесі.Осы күнге дейін тарихшылардың, саясаткерлердің, филососфтардың, әдебиетшілердің және тағы басқа ғылым өкілдерінің арасында пікірталас туғызып жүрген проблемалардың бірі-бірегейі әртүрлі халықтардың өркениеттілігі және олардың әлемдік тарихтағы орны қандай деген мәселе болып отыр. Л.Н.Гумилев дүниенің төрт жағын бірдей жайлаған жер кіндігі Орта Азия, одан қалды Византия, Персияны, Үндімен, Қытаймен қосатын, шын мәнінде Шығыс пен Батыс тоғысатын түркі әлеміне тәнті болды. Ол әлемнің Еуропа мен Шығыстың өмір салтымен бәсеке болуға мүмкіндігі бар-ды. Барша мемлекетті «Ел» деп атаған, баспалдақты-бағынышты жүйе жасаған, шен-шекпенді билеуші топқа орынды кигізген, әскери тәртіппен, дипломатия арқылы Түрік Еліне баршаны игізген, өмірге деген көзқарас арқылы өмір салтын әлемге білгізген Ұлы империя Гумилевтің пассионарлық теориясына негіз бола алды. Л.Н.Гумилев «Көшпенділер мәдениеті өзінің 3000 жылдық ғұмырында Жерорта теңізі мен Қиыр Шығыс елдеріне қарағанда творчестволық эволюцияны бастан өткерді»деп санайды. Евразия сахарасындағы бұл көшпенділер өркениетін б.з.д. XI ғасырдан бастап, б.з. XVIII ғасырына дейін жеткізеді.