
- •33.Түрік тайпаларының ислам дінін қабылдау ерекшеліктерін анықтаңыз
- •34.Түрік-селжүктерінің мемлекеттілігінің қалыптасуы.
- •35.Селжук хандарының жаугершілік саясаты.
- •43.Монғол шапқыншылығы қарсаңындағы түрік тайпаларының саяси жағдайы.
- •48.Авар қағанаты тарихын қазіргі таңда зерттеудегі өзектілігіне анализ жасаңыз.
- •50.Ұлы Карлдың аварларға қарсы ұстанған саясаты.
- •52.Түрік халықтарының ерте орта ғасырлардағы тарихын зерттеуде араб-парсы жазба деректерінің құндылығын көрсет
- •53.Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи – и Рашиди» еңбегінің түркі тарихы үшін маңыздылығы.
- •54.Печенегтердің русьпен қатынасы.
- •62.Ертеортағасырларда түрік халықтарының этномәдени байланыстары.
- •71.Махмұд Қашқари еңбегінің түркі тарихын зерттеудегі құндылығын анықтаңыз.
- •82.Кеңес өкіметі құрамындағы түркі халықтары: негізгі даму тенденциялары.
- •83.Әзербайжан, түркімен, тәжік этнонимдернің тарихын жазба деректер негізінде саралаңыз.
- •84.Ресей империясы қол астындағы түрік тілдес халықтардың (хіх –хх ғғ. Басындағы) азаттық күресінің мәнін анықтаңыз.
- •85.«Жас түрік» қозғалысына қандай тарихи баға беретін едіңіз .
- •88.Кссро-ның құлау себептерін өз ойыңызбен тұжырымдаңыз
- •89.Қазақ асср, Түркімен асср, Әзербайжан асср, ҚырғызАсср, Тәжік асср –лерінің құрылуы.
- •90.Хх ғ. Түркі тілдес халықтардың тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы күрестерін сипаттаңыз.
48.Авар қағанаты тарихын қазіргі таңда зерттеудегі өзектілігіне анализ жасаңыз.
Авар қағанаты б.з. 6-9 ғ.Шығыс Еуропадағы түркі тілдес мемлекеттердің қарсаңында пайда болған одақ.Авар тарихымен 18 ғ.шет елдік ғалымдар айналыса бастады.Француз ғалымдары Мая мен Гоби саяхаттап Қытай жерлерінен Авар тарихына қатысты материялдар жинаған.20 ғ.Француз ғалымдары С.Жиулье «Түркі тарихына қатысты құжаттар».19-20ғ.Эдворд Шаванн, 20ғ.П.Пелло- аварлардың шығу тегіне байланысты Шаванн мен Жульенің идеясын толықтырушы болды.Сонымен қатар неміс,ресей ғалымдарыда өз үлестерін қосты.Олардан Грумо Гружымайло,Аристов,Иностранцев,Кюнер,Атаманов,Бернштам,Плетенова және т.б. өз үленстерін қосты.Авар қағанатын қазіргі таңда зерттеудегі өзекті мәселе олардың шығу тегі,дипломатиялық қатынастары,саясаты осы күнге дейін толық зерттеліп біткен жоқ.Қазіргі таңда біз Аварлардың швғу тегін әрдерек бойынша әр түрлі қарастырамыз.Яғни нақты тоқтала алмаймыз.
49.Хазар қағандығы мен Русь княздығы арасындағы саяси қарым-қатынастар. Хазар қағанаты – Батыс түрік қағанатының ыдырауынан кейінгі төменгі Еділ бойы мен Солт.Кавказдың шығыс бөлігінде 7ғ.ортасында құрылған алғ.феодалдық мем.Хазар елі тікелей екі халифатпен,олардың бас қаласы Итил мұсылман елімен шекаралас болды.Русьтардың Еділбассейініне қол сұғуынан бұрын Хазарлар шығыс славиян әлеміне шабуылдап өткен еді.9ғ.Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі аймақта Русьтар құрған мем. Болды. Русьтар 910-915ж. Камадия Каспи теңізіне ,Хазарға Святослав шапқыншылықтарын жіберген кезде оларды хазарлар жойып жібергені тарихтан мәлім.Мұсылмандар дерегі бойынша орыстардың 943-944ж.жасаған шапқыншылығы кезінде Кавказмұсылмандарының бас қаласы - Бердьев,сондай-ақ хазарлар тұрған жерлер тонауға түсіп,қираған.Святославтың 3 жорығы 965ж. Хазар қағанатына қарсы бағытталды.Бұдан соң біррнеше жылдар бойы хазарлар Дағыстанға шектескен жермен орыстардың қол астында болды.Бірақ көп уақыт өтпей орыстар өздері жаулап алған жерді тастап кетедіде,Хазар қағанаты қайта қалпына келеді.Русьтар үшін бұл кетіс сәтті болады,өйтпегенде орыстар мұсылман әлеміне еріксіз тап болар еді.Бұл оқиғаның барысын түсіну үшін сол князь Святослав тың басқа жердегі әрекеттеріне назар аудару керек.Оның нормандарға жәнеБат.Еуропаға жасаған жорықтары алғашында тонаушылық сипат алады.Орыстардың Каспий теңізіндегі алғашқы қимылдары да осылай болатын.964-965ж.Святосав Еділге қарсы жорық жасап,Хазар қағандығын талқанддайды.
50.Ұлы Карлдың аварларға қарсы ұстанған саясаты.
Ұлы \карлдың соңғы жоспары авар қағанатын құлату мақсатында болды. Бұл күрес франк қағанаты мен авар қағанатының арасындағы күрес еді. 784 ж.франктер ааврдарға қарсы үлкен соғыс ұйымдастырады. Бұл соғысқа славян отрядтары хорваттар қосылады. Франк соғысының басталуы екі бөліктен тұрады. 1. Ұлы карл бастаған қол аварлардың бекінісіне төменгі Раб өзені арқылы барады. 2. Карлдың ұлы Пепин бастаған.ол Ферульской арқылы жүріп жоғарғы Сава арқылы өтіп аварларға жетеді. 1. Сәтсіз жорық болды. 796 ж шешуші шайқаста аварлырдың астанасына жорық жасап оларды қырды. Франктер толық жеңіске жетті. Аварлар осындай соққыдан кейін тарих сахнасынан өшкендей болды. 797 ж олар қайтадан франктер жорығына қарсы шықты. Бұл соғыс сәтт болды. 797 ж. Авар елшісі қайтадан ұлы карлмен бейбіт шешімге келуге тырысты. Бұдан көретініміз аварлар айтарлықтай ұлы карлға қарсы шығатындай қлы империя болғанын көреміз.
51.ІХ ғ. Печенегтердің этникалық тарихы мен саяси өмірде белсенділіктері.Печенегтер — орта ғасырлардағы тайпалар одағы. Грек тілінде пачынах, түрікше бажанак немесе бәжәнәк, славян тілдерінде печенег аталған тайпа атауының этимологиясы әлі анықталған жоқ. Ғылыми әдебиеттерде Печенегтер көне түркі көшпелілерінің сармат және угро-финн тайпаларымен араласуы нәтижесінде қалыптасқан деп есептелінеді. Антропология жағынан моңғол тектес нәсілдің аздаған үлесі байқалатын еур. нәсілге кіреді.Печенегтер түркі тілінде сөйлеген. С.Г. Кляшторный б.з. 1-мыңжылдығының ортасында печенег-кангарлар тұрағы Қанға, яғни Сырдарияның орта ағысы болды деп көрсетеді. М.Қашқари: “Бажанак — Рұмға жақын жайласқан түрік тайпасы. Бажанак — оғыз руларының бірі. Бәженек деп те аталады” деп жазады.8 — 9 ғасырларда Печенегтер Еділ мен Орал аймағында өмір сүрген. 9 ғасырдың соңына қарай оғыздар, хазарлар, қимақтардың қысымымен батысқа қарай жылжиды. Қара т. далаларында көшіп жүрген венгрлерді ығыстырып, Еділ мен Дунай аралығындағы аймаққа орнықты.Олар батыс және шығыс тармақтарға бөлінген 8 тайпа, 40 рудан құралды. Тайпаларды жиындарда сайланатын көсемдер басқарды. 915, 920, 968 жылдары Печенегтер Руське бірнеше рет жорық жасады. Киев князьдары Игорь мен Святослав 944, 971 жылы олармен одақтасып, Византия мен Дунай Бұлғариясына қарсы соғысты. 972 жылы Печенегтердің Курей ханы Святослав Игоревичтің жасағын талқандайды. Бұдан кейін де Руське, көрші елдерге әлсін-әлсін жорық жасап тұрды. 1036 жылы Ярослав Мудрый Киев қаласының түбінде Печенегтерге күйрете соққы беріп, олардың Руське шабуылын тоқтатты. 10 — 11 ғасырларда Печенегтер Византияны ішкі-сыртқы саясатта қолдап тұрған. 10 — 12 ғасырларда олардың біраз бөлігі Венгрияға қарай ығысқан. 13 — 14 ғасырлар шенінде Печенегтер ыдырап, түрік тілді, сондай-ақ венгр, орыс, т.б. халықтармен сіңісіп, осы халықтардың этн. тарихында өз ізін қалдырды.