- •Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы Экономикалық-әлеуметтік география
- •Қазақстанның шаруашылығы
- •Дәстүрлі экономика кезеңі
- •Нарықтық экономиканың пайда болу кезеңі
- •Жоспарлы экономика кезеңі
- •Нарықтық экономикаға өту кезеңі
- •Қазақстанның экономикалық әлуеті
- •Табиғи-ресурстық әлует
- •Экономикалық әлует
Қазақстанның экономикалық әлуеті
Елдің дамуын өндірістік-экономикалық мүмкіндіктер, яғни экономикалық әлует анықтайды. Ол бес құрамдас бөліктен тұрады
Табиғи-ресурстық әлует
Табиғи-ресурстық әлует - аумақ жер қойнауының, жер, су байлығы, ол — табиғаттың сыйы. Қалған құрамдас бөліктерді қоғам өзі жасайды. Тұрғын-халықтың әлуетінің маңызы артып келеді. Халық санының (оның ішінде жұмыс күшінің) артуы үлкен рөл атқарады. Бірақ ең алдымен сапалық сипатқа назар аудару қажет. Ол - халықтың денсаулығы, білімділігі, ақпараттық сауаттылығы, мамандығы, жаңа технологияны меңгеру қабілеті, ғылыми-техникалық әлует зерттеулерге жұмсалған шығын мен инженерлердің, ғалымдардың саны мен сапасына байланысты. Өндірістік әлуеттің негізін өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы құрайды. Олардың жұмысын банктер мен көлік қамтамасыз етеді. Экономикалық әлуеттің маңызды құрамдас бөлігі - экономикалық-географиялық жағдай (ЭГЖ). ЭГЖ шет елдермен шаруашылық байланысының қолайлы тұстарын анықтайды.
Экономикалық әлует
Экономикалық әлует - жоғары дамудың алғышарты. Оны жүзеге асыру терең ойластырылған стратегияға байланысты. Қазақстандық даму стратегиясы елді түпкілікті жаңалауға бағытталған. Онда жаңа типті жоғары дамыған экономика құру басты орын алады. Мұндай экономиканың сипаттары:
ең алдыңғы қатарлы технологияны қолданады;
тек шикізат қана емес, сонымен қатар күрделі (жоғары технологиялық) дайын өнім өндіреді;
халықаралық шаруашылық байланысына қызмет көрсетеді;
әрбір қазакстандықты лайықты өмір сүру деңгейіне көтереді.
Мұнда табиғи ресурстар шешуші рөл атқаруы тиіс. Экспорттан түсетін кіріс арқылы экономикалық әлуеттің барлык құрамдас бөліктерін нығайту қажет. Экспортқа жіберілетін жоғары технологиялы өнім шығаруды жолға қою керек. Одан соң, әр түрлі шет елдік компанияларға қызмет көрсететін мықты кешен құру керек. Мысалы, жүк тасымалы, өнімді сату, ақпарат беру сияқты. Осы арқылы ресурстарды экспортқа шығару тәуелділігін әлсіретіп, елдің тұракты дамуын қамтамасыз етуге болады. Пайдаланған әдебиет
↑ Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009.
|
|
