Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Без имени 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
47.1 Кб
Скачать

Жоспарлы экономика кезеңі

Жоспарлы. экономика кезеңі (1920 жылдың аяғы - 1990 жылдың басы). Жоспарлы экономиканың іргетасын мемлекеттік меншік пен шаруашылық кызметті жоспарлау кұрады. Оның дамуы орталықтан түсетін мемлекеттік жоспарларға байланысты болды. Олар нені, қай жерде және қанша мөлшерде өндіру қажет екендігін анықтап беріп отырды. Баға қоюды, өнімді таратып бөлуді үкімет жүзеге асырды. Сол себепті жоспарлы экономиканы әміршілдік-таратушы экономика деп те атайды.

Жоспарлы экономика кезеңінде ел экономикалық артта қалушылық қыспағынан құтылды. Дамыған индустриалды-аграрлық экономика құрылды. Мұнда шешуші рөл атқарған индустрияландыру мен тың игеру болды. Қазақстаң өнімнің көптеген түрлері бойынша КСРО-да алдыңғы орындардан көрінді. Бидайдың әрбір жетінші тоннасын Қазақстан егістіктері өндірді.

Бірақ жоспарлы экономиканың айтарлықтай кемшіліктері де болды.

Экономика дамуының негізгі бөлігін кәсіпорындарды көптеп салу құрады. Көбінесе пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеуге күш салынды. Осының нәтижесінде шикізаттық бағыт ұлғайып, экологиялық мөселелер пайда болды. Экономикаға қажетті отын, металл орасан көп мөлшерде өндірілді. Ал халық тұтынатын тауар шығару төмен деңгейде қалды. Шаруашылық адамдардан гөрі өзіне көбірек жұмыс істеді. Өндірісті қайта кұру кәсіпорындардың жоспарды орындауына кедергісін тигізді. Бұның өзі тозығы жеткен құрал-жабдықтарды ауыстырып, ғылыми-техникалық революция нәтижелерін меңгеруді баяулатты. Жоспарлы экономиканың нарыктық экономикадан артта қалуы анық байқалды.

1980 жылы екінші жартысында оның қарқыны одан әрі нашарлай түсті. Кеңестер Одағы үлкен тоқырауға ұшырады, бұл оның тарауына әкелді. 1991 жылы 16 желтоқсанында Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігін жариялады. Шаруашылық қалыптасуының жаңа кезеңі басталды.

Нарықтық экономикаға өту кезеңі

Нарықтық экономикаға өту кезеңі (1990 жылы басынан бастап). Оның мақсаты нарықтық экономиканың негізін салу болды. Бұл үшін үш негізгі міндеттерді шешу қарастырылды:

  1. экономикалық іс-әрекетке еркіндік беру (либерализациялау; лат. liberalis - еркін);

  2. мемлекеттік меншікті жеке иеліктерге беріп, жеке меншікті шаруашылықтар құру (жекешелендіру);

  3. шет елдермен жан-жақты шаруашылық байланыстарын қалыптастыру (әлемдік шаруашылық интеграциясы).

Қазақстанның ол кезде ұлттық валютасы болған жоқ. Сондықтан, қайта құруға Ресей үкіметі ықпалын жүргізді. Ол «шұғыл радикалды қайта құрудың» ауыр жолын таңдады. Ондағы басты нәрсе - бір мезгілде бағаны босату және мемлекеттік шығынды қыскарту болды.

Бұл уақыт екі кезеңнен тұрады.

Біріншісіне (1992-1998 жылдары) ең ауыр жоспардан нарыққа өтудің тығырықты жағдайы сәйкес келеді. Ол бұрын болып көрмеген бағаның ұшығуымен, өндірістің, өмір сүру деңгейінің құлдырауымен ерекшеленеді. Бірақ дәл осы кезде болашақтағы дамудың негізі жасалды.

Бұл кезеңге жататын негізгі шаралар:

  1. либерализациялау;

  2. жекешелендіру;

  3. ұлттық және басқа банктердің құрылуы;

  4. төл теңгенің енгізілуі;

  5. кәсіпорындарды шет елдік компаниялар басқаруына беру.

Осы аталған шаралар экономикалық саясаттағы өз бетімен атқаратын істі қамтамасыз етіп, өндірісті жандандыруға көмектесті.

Екінші кезеңді (1999-2008 жылдары) экономикалық өсудің онжылдығы деп атауға болады. Оған қолайлы жағдай туғызған Қазақстандық экспорттың (шетке шығарудың) негізін құрайтын мұнай мен металға әлемдік бағаның өсуі еді. Осы жағдай экспортқа бағытталған мұнай мен металдың экономикасын құруға себеп болды. Ол әлемдік экономиканың жағдайы мен халықаралық нарықтағы бағаға тәуелді.

Әлемдік экономика дамып, баға көтерілген кезде Қазақстанға кіріс мол кірді. Халықтың өмір сүру деңгейі көтерілді. Еліміз экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешумен айналысып, Қазақстанның алтын валюталық қоры жасалды. Әлемдік экономикалық тығырық кезеңінде мұнай мен металға сұраныс қысқарып, баға күрт төмендеді. Бұл жағдай өндірістің құлдырауына, жұмыссыздыққа әкелді. Бұрын жиналған қор ғана дағдарыстың әсерін жеңілдетті. Ал оның салдарын толық жеңу тек әлемдік экономикамен байланысты.

Бұл тәуелділікті азайтудың жалғыз жолы - экономикалық-әлеуметтік әлуетті нығайту болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]