
- •Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы Экономикалық-әлеуметтік география
- •Қазақстанның шаруашылығы
- •Дәстүрлі экономика кезеңі
- •Нарықтық экономиканың пайда болу кезеңі
- •Жоспарлы экономика кезеңі
- •Нарықтық экономикаға өту кезеңі
- •Қазақстанның экономикалық әлуеті
- •Табиғи-ресурстық әлует
- •Экономикалық әлует
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы Экономикалық-әлеуметтік география
Экономикалық-әлеуметтік география - қоғамдык географиялық ғылым болып саналады. Ол халық пен шаруашылыктың орналасуын, яғни қоғам өмірінің аумақтық ұйымдасуын зерттейді.
Қоғамның аумақтық ұйымдасуындағы басты буын - экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер (ЭӨАК). Олар аумақты игеру барысында қалыптасады. Әрқайсысы ландшафт, тұрғын халық және шаруашылыктың үштік бірлігін көрсетеді. ЭӨАК-нің мысалы ретінде қала, ауыл шаруашылық аудан, демалыс зонасы, т.б. қарастыруға болады. Ең ірі кешендерге облыстар және тұтас ел жатады. География оларды сипаттап жазып, жүріп жаткан процестерді түсіндіре отырып, болашаққа болжам жасайды. Бұл зерттеулердің мақсаты - қоғамның тиімді аумақтық ұйымдасуын қалыптастыру. Мұндай ұйымдасуды жоғары дамыған экономика мен адам өмірінің жоғары сапасы ерекшелендіреді.
«Экономикалық-әлеуметтік географияның» мектеп пәні бұл ғылымның негізіне: түсініктерге, теориялар мен зерттеу әдістемелеріне тоқталады. Ол оқушыларды Қазақстан экономикасының әралуандығымен, оның жетістіктері және болашақ дамуымен таныстырады.
Әлеуметтік-экономикалық география бірнеше ғылымдар жиынтығы болып табылады. Оның экономикалык және әлеуметтік екі негізгі саласы бар. Олар бір-бірімен және басқа ғылымдармен - физикалық географиямен, тарихпен, экономикамен, әлеумет- танумен, статистикамен тығыз байланысты.
Қазақстанның қоғамдық географиясы 1920 жылы аяғында пайда болды. Қазіргі кездегі оның көрнекті өкілдері С.Р. Ердәулетов, Ш.М. Нәдіров, баска да ірі ғалым-географтар. Олар Қазақстанның табиғи ресурстарын, халқы мен шаруашылығын зерттеуге үлкен үлес қосуда.
Қазақстанның шаруашылығы
Біздің Отанымыздың шаруашылығы бірнеше ұрпақтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде жасалған. Бұл ұзақ та күрделі үрдісті 4 кезеңге бөлуге болады
Дәстүрлі экономика кезеңі
Дәстүрлі экономика кезеңі (біздің эрамызға дейінгі I мың жылдықтың басы - XIX ғасырдың ортасы). Ол ұрпақтан ұрпаққа жүздеген жылдар бойы беріліп отырған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердің негізінде дамыды. Халықтың негізгі айналысқан кәсібі көшпенді және жартылай көшпенді мал шаруашылығы болды. Малдың жеке меншікте, ал жайылымның қауымдық меншікте болуы бұған өз ықпалын тигізді. Мал шаруашылығына қоса егін салу, жеке жөне қалалық кәсіптік қоленері де (киіз үй жасау, арба жасау, киім тігу, ұсталық, т.б.) дамыды.
Дәстүрлі шаруашылық өнім жеке пайдалану жағдайында болғандықтан, тұтыну сипатында ғана болды. Айырбас түріндегі сауда көбінесе қосымша рөл ғана атқарды.
Нарықтық экономиканың пайда болу кезеңі
Нарықтық экономиканыц пайда болу кезеңі (XIX ғасырдың ортасы - 1920 жылдың аяғы). Нарықтық экономиканың негізіне - жеке меншік, тауар шаруашылығы мен еркін (нарықтық) баға жатады. Оның қалыптасуындағы басты рөлді тауар-ақша қатынасының дамуы атқарды. Көптеген шаруашылықтар мал басын көбейтумен, сауда-саттық үшін астық өсірумен айналыса бастады. Жәрмеңкелер кеңінен ұйымдастырылды. Айырбас сауданы біртіндеп ақшалы сауда ығыстыра бастады.
XIX және XX ғасырлардың аралығында алғашқы темір жолдар салынды. Олар Қазақстан шаруашылығын жалпыресейлік және әлемдік нарықпен байланыстыруға қол жеткізді. Тау-кен жәнө фабрика-зауыт өндірісі пайда болды. Алғашқы электр стансалары іске қосылды. Дегенмен, экономиканың негізін ауыл шаруашылығы (аграрлық құрылым) құрады. Ол техника жағынан артта қалумен және шикізаттық бағытта болумен сипатталды.