
- •5.1. Тіссауыттағы ақаулардың пайда болу себептері, тексеру ерекшеліктері Тіс ақауларының және жасанды тіссауыттардың жіктелуі
- •Блэк, в.Ю.Миликевич, г.А.Гаркуша бойынша, тістің зақымданған бетінің атаулары бойынша тістің сауыт бөлігі жарақаттарының жіктемесі (классификациясы)
- •Жасанды сауыттардың түрлері
- •Жасанды сауыттарға қойылатын талаптар
- •5.2. Тістің сауытты бөлігін металды штампталған сауытқа лайықтап егеу ережелері мен реті
- •5.3. Сурет. Тістің қатты тіндерін егеуге арналған алмас кескіш аспаптардың (борлардың) түрлері: а – конус тәрізді; ә – торпеда тәрізді; б – цилиндр тәрізді; в – жасымық тәрізді.
- •Тіс қатарынан қалып алудың әдістемесі
- •Штампталған (металды) сауытты кигізіп көру әдістемесі
- •Протезді цементке бекіту
- •5.3. Тұтас құйылған металл сауыттар
- •5.4. Пластмасса сауыттар
- •Тістің сауыт бөлігін пластмасса сауыт астына егеу әдістемесі
- •Пластмасса сауытты дайындау технологиясы
- •Пластмасса тіссауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.5. Металл-керамикалық сауыттар
- •Металл-керамикалық сауытты әзірлеу үшін науқасты тексерудің ерекшеліктері
- •Металл-керамикалық сауыт түсін анықтау
- •Металл-керамикалық сауытқа тіс егеудің ортақ принциптері
- •Тістерді егеу алгоритмі
- •Алдыңғы топтағы тістерді егеу
- •Бүйір топтағы тістерді егеу
- •5.1. Кесте. Әр түрлі тістердегі кертпе енінің ең жоғарғы мәндері
- •Екі қабатты қалып алу әдісі
- •Құйма қалпақшаны кигізіп көру шарасы
- •Металл-керамикалық сауытты тексеру және тапсыру
- •Металл-керамикалық тіс протездеріне тістерді одонтоегеу кезінде пайда болатын жергілікті асқынулардың алдын алу және оларды кешенді қорғау. Одонтоегеу кезінде тістерді қорғау
- •Одонтоегеу кезінде тіс ұлпасын зақымдайтын факторлар және қорғау тәсілдері
- •Уақытша (провизорлық) сауыттарды дайындау
- •Уақытша сауытты өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Уақытша сауытты стандартты жасанды пластмасса тістерден және өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Дайындау тәсілі
- •Өздігінен қататын пластмассаны қолданып, тіссауыттың анатомиялық пішініне сәйкес келетін целлулоид (полиэтилен) қалпақша көмегімен уақытша тіссауытты тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Тұтас құйылған және металл-керамикалық сауыттарды қолдану кезіндегі қателіктер мен асқынулар
- •5.6. Металл-пластмассалы сауыттар
- •5.7. Металсыз сауыттар
- •Металсыз сауытты дайындаудың клиникалық кезеңдері.
- •Ипс эмпресс жүйесі
- •5.27. Сурет. Фронтальді учаскедегі нығыздалған тұтас керамикалық сауыт. Дайын тұтас керамикалық сауыт.
- •Тұтас керамикалық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Әр түрлі тұтас керамикалық жүйелерге шолу
- •5.8. Винирлер, салмалар, штифті құрылымдар
- •Винирлерді дайындау кезеңдері
- •Блэк бойынша і класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша II класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша ііі және IV класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша V класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Салманың балауыз үлгісін жасау
- •Құйылған тұқылды штифтілі салманы дайындау
- •Тұқылды штифтілі салманы өздігінен қататын пластмассадан дайындау
- •Көп түбірлі тістерге құйылған тұқылды штифтілі салмалар дайындау
- •Ричмонд бойынша және Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс
- •Л.В. Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс дайындау кезеңдері
- •Пластмассадан жасалған штифтілі тіс
- •Алынбайтын ортопедиялық конструкцияларды алуға арналған саймандар
Штампталған (металды) сауытты кигізіп көру әдістемесі
Дайындау кезеңі. Әзірленген жасанды (штампталған) сауыттың технологиялық сапасын тексеру. Сапаның технологиялық критерийлері (шарттары): жасанды сауыт ағартылмаған, жалтыратылмаған (қара түсті), тістің анатомиялық пішініне сәйкес келеді, химиялық қарындашпен белгіленген тістің клиникалық мойнын жауып тұрады. Шайнау тістердің төмпешігі жасқа байланысты ерекшеліктерін сақтайды. Яғни жастарда төмпешіктер айқын көрініп тұрады, ал егде адамдарда әлсіз байқалады. Сонымен қатар, экваторлық бөлік жақсы байқалады, сауыт шеті тістің жоспарланған анатомиялық мойнының деңгейінде болады және ғаныш бағанда терең емес жырашық түрінде кездеседі. Бірқалыпты қалыңдықтағы сауыт ғаныш бағаннан күшпен алынады.
Кигізіп көру кезеңдері: а) жасанды сауытты және егелген тісті сутегі асқын тотығымен немесе спиртпен өңделеді. Штамптан жасанды сауытты алып, науқастың аузын шайдыру керек. Жасанды сауытты тіске кигізіп көру керек.
Сапаның клиникалық критерийлері: жасанды сауыт біраз күшпен тіске кигізіліп, алынады. Тіс мойнын тығыз қысып, тістің қызылиегінің науашасына кіреді. Көршілес тістермен апроксимальды жақтарынан байланыс аймақтарын, тістемде антагонист тістермен фиссуралық-төмпешіктік байланысты сақтайды, тіс сауытының қажетті пішініне сәйкес келеді. Жасанды сауытты тіске аса қатты күш түсірмей-ақ кигізуге болады. Және біртіндеп қызылиек шеті мен сауыт шетінің арасындағы аралық 0,5 мм болғанша, тістің клиникалық мойнының шетіне дейін әкеледі. Егер оның шеті тістің клиникалық мойнын толықтай жауып, қызылиек науашығының шеткі сызығына сәйкес болса, оны тіс-қызылиек жырасына қарай 0,1 мм жылжыту керек. Сүңгімен (зондпен) сауыт шетінің тіс-қызылиек науашасына ену тереңдігі тексеріледі, сауыт шеті оңай білінеді. Сүңгімен апроксимальды бет, төменгі жақ сүйектің артикуляциялық қозғалысы кезінде антагонист тістермен тістемдегі фиссуралық-төмпешіктік түйіспе тексеріледі.
Субъективті: науқасқа жасанды сауыт ешқандай ыңғайсыздық тудырмайды.
Жасанды сауыт шетімен тіс мойнына тығыз кигізілетіндіктен, оны алу үшін бірқатар тәсілдерін білген жөн: а) кішкене мақта тампонымен жасанды сауытты оң қолдың 1 және 2-саусақтарымен және сауытты вестибулярлы-оральді бағытта ауысырып отырып ұқыптап жылжыту қажет.
ә) жасанды сауытты алу үшін Коптың сауыт алғышы пайдаланылады.
Қателерді түзеу. Тіссауыт дұрыс егелмеген жағдайда, жасанды сауыттың клиникалық талаптарға жауап бере алмайтын кездері жиі кездеседі.
Тар жасанды сауыт. Тіске кигізгенде жасанды сауыт кигізілмейді. Қажетті шаралар: а) тіссауытты дұрыстап тағы да егеу керек немесе ә) бөлу, яғни, жасанды сауыттың ұрт және ауызға қараған беттері төс пен балғаша арқылы кеңейтіледі.
Кең жасанды сауыт. Жасанды сауыт кең болған кезде ешқандай күш жұмсамастан, еркін кигізіледі, бірақ сауыт шеті тіс-қызылиек жырасынан тыс жатады. Шырышты қабатқа тиіп, ауыртады. Алып тастағаннан кейін шырышта қызарған сызық пайда болады. Егер сауыт біраз кең болса, крампонды қысқашпен сауыт шетін «жинап», сосын қайта тіске кигізіп, сүңгімен тексеріп көрген дұрыс. Егер сауыт біршама үлкен болса, жасанды сауытты қайта жасап, қайта штамптау үшін тістен қалып алу керек.
Жасанды сауыттың шеті қысқа. Тіске кигізген кезде жасанды сауыт шеті қызылиек деңгейіне жетпейді. Сол кезде сауыт шетін балғаша мен төс көмегімен ұзартуға болады. Сонымен қатар жасанды сауыт шетін сауыт шетінен бастап төс үстінде балғашамен ұру керек. Егер жасанды сауыт шеті 0,2 мм-ге немесе одан көп мөлшерге қысқа болса, сауыт қайта жасалады.
Жасанды сауыттың шеті ұзын. Тіске кигізген кезде жасанды сауыттың шеті ауыртып, ишемия құбылысының пайда болуына ықпал етіп, тіс-қызылиек қалтасының шеңберлі байламын қысып тұрады. Ал алғаннан кейін біршама қан ағуы мүмкін. Сауыт шеті тіс-қызылиек қалташасында сүңгімен тексергенде, білінбейді. Жасанды сауыттың шеті бормашинада карборунд таспен қысқартылады.
Жасанды сауыт тістемді арттырады. Тістен сауытты алып, көшірме қағаз көмегімен (8 қабатты) окклюзия аралық саңылау тексеріледі. Қажет болған жағдайда тісті қайта егеп, сауытты қайта кигізіп көру керек. Егер тіс дұрыс егеліп, сауыт толығымен тістің мойнына тығыз кигізілсе, тістемді арттырса, онда сауыт жасалады.
Жасанды сауыт тістемде емес. Жасанды сауыт окклюзиялық бетімен, кескіш шетімен антагонистерге жетпейді. Сүңгі еркін кіреді. Қалып қайта алып (жұмыс және көмекші), сауытты қайта әзірлеу керек.
Алынбайтын тіс протездерін тұрақты бекітетін материалдарға қойылатын бірнеше негізгі талаптар бар:
1) олар ауыз сұйықтығында ерімеуі керек;
2) тіс тіндеріне, металдарға, керамикаға, полимерлерге жабысқақ болуы тиіс;
3) аз ғана су немесе ауыздағы сұйықтық тисе, қатаюы керек;
4) ұстағанда шөкпеуі тиіс;
5) тістің жылу коэффициентіне және жасанды сауыт материалына жақын (орташа), яғни кеңею әрі жылу коэффициентіне ие болғаны дұрыс;
6) ұлпа мен ауыз қуысының жұмсақ тіндеріне кері әсерін тигізбегені дұрыс;
7) қабынуға қарсы әсері болуы тиіс және дентиногенезге ықпал етуі керек.