Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТІССАУЫТ АҚАУЛАРЫН ЕМДЕУ Акмарал.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
36.2 Mб
Скачать

Тіс қатарынан қалып алудың әдістемесі

Тіс егеліп болған соң, жақ сүйектің негізгі және көмекші модельдерін алу үшін қалып алу жұмысы басталады. Қалыптар стандартты және жеке болып келетін арнайы қалыпқа арналған қасықтармен алынады. Жоғарғы және төменгі жақ сүйектерге арналған металл қасықтар тоттанбайтын болаттан, дюралюминийден немесе пластмассадан жасалады. Металды қасықтар тұтастай құйылмалы және перфорациялы болып келеді. Екіншісін бірнеше рет пайдалануға болса, біріншісі бір ретке ғана жарамды. Барлық қасықтар ауыз қуысында тістер болған жағдайда 1 мен 6 аралығындағы, тіссіз жақ сүйектер үшін 7-10 аралығындағы сандармен нөмірленеді.

Дайындық кезеңі: науқасты креслоға дұрыстап отырғызу керек. Жоғарғы жақ сүйектен қалып алған кезде науқастың басының орналасуы: ақырын ғана басын артқа шалқайтады, беттің төменгі бөлігі дәрігердің жұмыс жасап тұрған қолының иық буыны деңгейінде болады. Қалыпты төменгі жақ сүйектен алған кезде науқас басы тік болуы тиіс. Беттің төменгі бөлігі дәрігердің шынтағынан бүгілген қолының білек тұсына келеді.

Қалыпты алу кезеңі: а) қалып алу материалына, қалып түріне, көлеміне, жақ сүйекке байланысты стандартты қасықты таңдап алу керек. Жоғарғы жақ сүйекке жеке таңдалып алынған қасық ұзындығы жағынан жоғарғы және төсенгі жақ сүйектердегі тіс қатарын 3 мм-ге жауып тұруы тиіс. Егер қасықтар шетінің ұзындығы бойынша қысқа болып келсе, оларды балауыз сызықтармен ұзартады. Жылтыр массаның қасықта дұрыс бекуі үшін қасықтың шетін лейкопластырьмен жабыстырады немесе перфорацияланған стандартты қасықты пайдаланады (көптеген тесіктері бар);

ә) қалып алатын материалды әзірлеу: эластикалық массамен қалып алу үшін қажет мөлшерде ұнтақты алып, оған су қосу керек. Эластикалық материалды қалақшамен резеңке ыдыста қамыр тәрізді болғанша араластырамыз.

б) қасықты қалып алатын материалмен толтырамыз. Жұмысқа қажетті қалып шыққанша материалды қасыққа 0,5 см артық етіп толтырамыз. Ал қосымша қалып үшін қасық деңгейімен бірдей болса жеткілікті;

в) науқасты дайындау: науқас аузын калий перманганаты ерітіндісімен шаю керек. Сосын ауызды қалып массасы бар қасық кіретіндей етіп ашу керек. Стоматологиялық айнаның көмегімен аузын ашып отырған науқас аузының оң жақ бұрышындағы жұмсақ тіндерін жылжыту керек. Сосын қалып массасы бар қасықты ауыз қуысына кіргізу керек. Бұл кезде қасықтың ұстағышы беттің ортаңғы сызығы бойында, ал қасық тіс қатарынан 3 мм-ден кем болмайтындай болу керек. Жоғарғы жақ сүйекте қалыпты масса алдымен дистальды бөлікке жағылады, сосын артығы бір мезгілде қасық барлық жақ сүйекке жақындатылып, алдыңғы бөлігіне орналасады. Қасық түбі тістің окклюзиялық бетіне 3-5 мм жетпей тұрады. Төменгі жақ сүйекте қалып заты бар қасықты алдыңғы бөлікке ақырын ғана басып, сосын науқастан тілін жоғары көтеруді сұрай отырып, қасықты бір мезгілде жақ сүйекке отырғызады;

г) жоғарғы жақ сүйекте қалыптың шетін өңдеу. Қасықты жоғарғы жақ сүйекте ұстап тұрып қарқынды түрде (егер науқас өзі істесе), ақырындап, екі саусақпен бет пен ерінді ұстап, дәрігер қалып шетін жөндейді.

Төменгі жақ сүйекте қасықты қалып материалы толықтай алынғанша ұстап тұру керек. Дәрігер бір қолымен белгілі бір тәртіппен қасықты дұрыстап ұстап тұрады, екінші қолымен ақырындап саусақтармен бетті, ерінді ұстап тұрып, вестибулярлы беттен қалып шетін жөндейді; науқас тілінің қарқынды әрекетімен қалыптың тіл жақтағы шетін жөндейді.

Эластикалық массамен алынған қалып қасықпен бірге ауыз қуысынан жеңіл рычаг тәрізді қозғалыспен жоғарғы жақ сүйектен төмен және төменнен жоғары қарай алынады. Бұл кезде бір мезгілде қалып шетін де ұстап тұру керек. Алынған қалып зарарсыздандыруға арналған ерітіндісіне салынып, модельге құйылады;

д) науқас аузын шаяды.