Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТІССАУЫТ АҚАУЛАРЫН ЕМДЕУ Акмарал.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
36.2 Mб
Скачать

Ричмонд бойынша және Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс

Ричмонд бойынша штифтілі тіс штифтіден, түбір үсті каппасынан (түбі бар толық сақина) және тіссауыттан тұрады (5.33-сурет).

1. Л.В.Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс штифтіден, арна сағасы аумағындағы түбір шұңқырын толтырып тұратын салмадан, колонкадан тұрады (5.33-сурет).

б

5.33-сурет. Штифтілі тістер.

А – Ричмонд бойынша; ә - Л.В. Ильина-Маркосян бойынша; б – пластмассадан жасалған штифтілі тіс.

Ричмонд бойынша штифтілі тісті дайындау кезеңдері. Тіс түбіріне металл каппа дайындалады. Бұл мақсат үшін штампталған тіссауытқа шақтап тіс түбірін егейді де көшірме қалып алады, тіс мойнын тығыз қоршап тұратын және қызылиек шетінің астыңғы жағына 0,1-0,3 мм кіріп тұратын қақпақша дайындайды. Каппаның түбінде, арнаның сағасына сәйкес келетін орында тесік бұрғылайды және осы тесік арқылы түбірдің төбесіне дейін штифт жүргізеді. Штифт қалыңдығы арна саңылауының диаметріне сәйкес, ұзындығы жөнінен оның шеті каппадан 5-6 мм жоғары тұратындай дәрежеде арнаның ұзындығынан артық болуы тиіс. Штифтілі каппаны арнаға орнықтырып, оларды дәнекерлеу үшін дәрігер штифтілі каппадан көшірме қалып алады.

Ауыз қуысынан көшірме қалыпты алып тастаған кезде штифтілі каппаны көшірме қалыпқа түсіреді; осы қалып бойынша құйылған модель каппа мен штифтінің ауыз қуысындағы қалпын қайталайды. Штифтіні каппамен дәнекерлейді және ауыз қуысында каппаның түбір қабырғаларына жанасуын және оның қызылиек шетінің астыңғы бөлігіне ену тереңдігін тексереді; осыдан кейін протез салынатын жақтан жұмыс үлгісін және қарама-қарсы жақтан көмекші үлгі алады. Бұдан соң қалыптарды құйып, зертханашы тіссауыт дайындайды – құйылған металл, пластмасса немесе үйлестірілген тіссауыт.

Дайын болған штифтілі тісті ауыз қуысында өлшеп көреді. Және де қызылиек шетінің астына каппаның ену тереңдігін тексереді. Штифтілі тістің тіссауыты жоқ тіссауыттың морфологиялық ерекшеліктерінің орнын толығымен толтыруы тиіс. Вестибулярлық тараптан ол қызылиек шетіне тығыз жабысуы керек. Тіс қатарларын жапқанда штифтілі тіс тіс қатарынан итерілмеуі тиіс, бұны штифтілі тістің тіссауытына саусақты басу арқылы тексереді. Тістерді жымдастырғанда саусақта антогонистің соққысы (итеруі) сезілмеуі керек. Егер соққы сезілсе, дәрігер көшірме алатын қағаздың көмегімен тістемнен жоғары және тісті жылжытушы нүктелерді анықтайды, және оларды егейді. Тісті орнықтырған соң дәрігер оны тапсыруға кіріседі. Бұл мақсатта штифтілі тісті, одан кейін тістің түбірін кептіреді, цемент араластырып, тістің арнасына аздап цемент салады; цементтің қалған бөлігін штифтіге салып, арнаға енгізеді.

Л.В. Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс дайындау кезеңдері

Л.В.Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіске түбір дайындаудың ерекшелігі – тіс шеті вестибулярлық жақтан қызылиек шетімен бір деңгейде жылтыратылады, түбірдің тіл жақтағы шеті де дәл осылай тегістеледі. Түбір арнасы дәл осындай әдіспен өңделеді.

Түбір арнасымен түбірдің 2/3 ұзындығына дейін өтіп, арнаны рентген суретіне сәйкес кеңейтеді. Арнаның сағасында салмаға арналған орын дайындалады, оның қабырғалары параллель болуы тиіс. Түбір егелген соң кейін тот баспайтын болаттан штифт орнықтырылады. Арнайы балауызды (Лавакс) қыздырып, оның түбір арнасына енгізеді, одан соң үлгі алатын қатты балауызбен арна сағасы алдындағы қуыстан қалып алады және орнықтырылған металл штифтіні қыздырады. Оны крампонды қысқышпен қыстырып алып, балауыз арқылы түбір арнасына апекске дейін жылжытады. Осыдан кейін балауызға суық су шашып, арнадан штифтіні балауыз репродукциясымен бірге алып тастайды, оны құюға зертханаға жібереді. Құюдан кейін салмасы бар штифтіні өлшеп көреді, егер салма түбірдің қабырғаларына жақсы жанасып тұрса, штифтімен бірге ғаныш бедер алады. Жұмыстың одан кейінгі тәртібі штифтілі тістің басқа түрлерін дайындау ретімен бірдей.