Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТІССАУЫТ АҚАУЛАРЫН ЕМДЕУ Акмарал.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
36.2 Mб
Скачать

Салманың балауыз үлгісін жасау

Қатпар үлгісін жасаудын белгілі екі әдісі бар: тікелей және жанама. Қатпар үлгісін жасаудың тікелей әдісінде балауыз үлгісін - ауыз қуысында, ал жанама әдісінде – үлгіде қалпына келтіреді. Екінші әдісті қолданған кезде тістің көшірме бедерін алып, одан кейінгі жұмысты зертханада жүргізеді.

Тікелей әдіс. Қуысты қалыптастырғаннан кейін, оны дентин жоңқаларынан тазартып, тісті мақта шиыршықтармен қоршап, ауыз қуысын суға малынған мақта танпондармен ылғалдандырады. Оқшаулайтын қабат ретінде вазелин майын немесе басқа да майлы қоспаларды пайдалануға болмайды. Өйткені қатпардың көлемі оқшаулайтын қабаттың қалыңдығына кішірейіп қалады және оның қуыс қабырғасына жанасу тығыздығы бұзылады.

Балауызды енгізудің белгілі екі әдісі бар: 1) ерітілген балауызды ауыз қуысына азғантай мөлшерде құю; 2) жұмсақ балауызды ауыз қуысына қысыммен енгізу. Бірінші жағдайда ыстық балауыз ауырсыну әкелуі мүмкін, ал балауыз репродукциясы отырып қалады. Сондықтан екінші әдіс басымдыққа ие. Қуысқа жұмсартылған, үлгі жасайтын арнайы балауызды енгізген соң ол окклюзиялық қатынас немесе саусақ қысымымен конденсацияланады. Балауыз конденсациясы отырудың орнын толтырады.

Қуысқа салынған балауыз бүкіл тіс ақауын толтыруы тиіс. Одан кейін маман жоқ дөңестерді, бұрыштарды, еңістерді, қабырғаларды және көрші тіспен қатынас пунктін жасауға кіріседі. IV класты ақау болған жағдайда алдымен алдыңғы тістің таңдай беткейін жасап алады, тек содан кейін ғана кесетін шетін және ерін беткейін жасайды. Қатпарды қосымша бекіту қажет болған жағдайларда, клиникалық жағдайларға қарай, дайын штифтілер, сондай-ақ штифтілермен бір уақытта құйылған қатпарлар қолданады. Дайын штифтілер ретінде фарфор тістерден алынған платина крампондарды немесе сымды пайдаланады. Сымның алтын-платина қорытпасынан болғаны дұрыс. Штифтілердің ұштарын жасалған арналарға енгізіп, балауызбен бекітеді, одан кейін қатпардың үлгісін жасайды. Штифтілерді қатпамен бірге шығарады. Пішіндеу массасында жақсы бекітілуі үшін және штифтінің жылжып кетуіне жол бермеу үшін, арналарға енетін бөліктерді пішіндеу алдында балауыздан тазартып алады.

Қатпармен бір уақытта құйылатын пластмассадан жасалған стандартты штифтілер қолдану мақсатқа лайық. Бұл үшін диаметрі мен ұзындығы жөнінен арналарға сәйкес келетін, беззольды пластмассадан жасалған штифтілерді таңдайды. Штифтілерді қыздырылған балауызбен бекітеді, одан соң қатпардың үлгісін жасауға кіріседі.

Депульпацияланған тістерде қатпарды қосымша бекіту үшін түбір тістің арнасына енгізілген штифт қолданады. Түбір штифті бар қатпарларды тұқылды штифтілі қатпарларды дайындайтын әдісті қолданып жасайды.

Қатпарды орталық, алдыңғы және бүйір окклюзиялардағы тіс қатарларының өзара қатынасын ескере отырып жасайды. Үлгісі жасалған қатпар тіс қуысының барлық қабырғаларына тығыз жабысып, тіс анатомиясын қалпына келтіріп тұруы керек, сондай-ақ тіс қатарларының әр түрлі окклюзиялық өзара қатынастары кезінде антогонист-тістермен супрақатынас орнатпай, антогонист тістермен бір мезгілде қатынаста болуы тиіс.

Қатпардың балауыз репродукциясын тіс қуысынан шығару және оның деформациялануына жол бермеу үшін диаметрі 0,6-0,8 мм болатын П-тәрізді металл штифтіні қыздырып, балауыз репродукциясына енгізеді. Сумен суытылған соң қатпарды оның осі бағытымен қуыстан шығарып алады, одан соң суық су құйылған ыдысқа салып алады да зертханаға жібереді.

Жанама әдіс. Жанама әдіс кезінде қуыс дайындалған соң бедерді силикон, полиэфир немесе винилксилоксан массалармен алады. Тұтқырлығы әр түрлі екі массаны бір мезгілде сала отырып бедер алуға артықшылық берген жөн, өйткені бұл ғаныш үлгінің ауыз қуысындағы жағдайға барынша сай болуын қамтамасыз етеді. Тісаралық қатынас пунктілерінің үлгісін сапалы дайындау үшін құрастырмалы жұмыс үлгілерін жасаған жөн. Компьютерлік фрезерлеу технологиясын жүзеге асыру үшін ауыз қуысына салынатын сандық бейнекамераны қолдана отырып компьютерлік бедер алады.

Микропротездер дайындау технологиялары. Тістердің шайнау топтары үшін негізінен алтын қорытпасынан жасалған қатпарлар, керамика және металл-керамика қатпарлар қолданылады. Металл қатпарларды дәстүр бойынша құю жолымен дайындайды. Тұтас керамикалық қатпарларды дайындау үшін мынадай технологиялар қолданылады: отқа төзімді үлгілерде фарфорды күйдіру, құя отырып пресстеу, компьютерлік және көшірме фрезерлеу.

Көпір тәрізді протез конструкциясында жүктеме түсіретін қатпарларды дайындау үшін керамикамен қапталған цирконий диоксидінен жасалған, толығымен бірігіп жымдасқан қаңқаға басымдық берген дұрыс. Окклюзиялық беткейде аздаған ақау болған жағдайда, стандартты керамикалық қатпарлар қолдануға болады. Металл-керамикалық қатпарлар алудың болашағы бар технологиясы – гальванопластика әдісімен даярланған металл қаңқалар даярлау. Микропротездер алудың альтернативті әдістері – композиттердің жарық полимеризациясы және жылу пневмопоимеризациясы. Басқа конструкциялық материалдармен салыстырғанда композиттік протездердің қажалу дәрежесі табиғи тістерге жақын. Алайда бұл микропротездерде тістің шайнау тобына қойылған гелиокомпозитті бітемелерде жекелеген кемшіліктердің болатындығын мойындау керек.

Металл және металл-керамика қатпарлар дәстүр бойынша цементтерге бекітіледі, керамикалық протездер екі рет қатырылған композиттерді пайдалана отырып адгезивті техника көмегімен бекітіледі. Адгезивті техника әсіресе винирлердің қызмет етуі кезінде үлкен маңызға ие.

Тіссауыттар толығымен бұзылған жағдайда, ең заманауи конструкция – тұқылды штифтілі қатпар. Бұл қатпар әр түрлі қаптаушы конструкцияларға негіз болады: металл, пластмасса, үйлестірілген, фарфор, металл-керамика тіссауыттар. Сонымен қатар, көбіне қатпарлар алынбайтын және алмалы-салмалы тіс протездеріне тірек те болады. Бірқатар авторлардың (С.С. Смирнов және басқалар, 1977; В.С.Клюев, 1978; Х.А.Каламкаров, 1975; В.Н.Копейкин және т.б.) зерттеулері көрсеткендей, тұқылды штифтілік салманың басқа конструкцияларға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Оларға мыналар жатады:

  1. Дайындалу қарапайымдылығы;

  2. Сыртқы тіссауыт кез келген сәтте жаңасына ауыстырыла алады;

  3. Тіс арнасына сенімді бекітіледі, оның түбірін нығайтады;

  4. Тіссауыт толығымен бұзылғанда және тіпті оның мойын бөлігі бұзылғанда да қолдануға болатындығы.

Жанама әдіспен дайындалған салмалардың сапасына үлгі дайындалатын бедер материалының сызықтық және көлемдік өзгерістері, сондай-ақ құйғанға дейін оның дайындалу сапасын клиникада тексеру мүмкіндігінің болмауы әсер ете алады. Осыған байланысты тікелей әдіске артықшылық беріледі. Және сонымен қатар қол жетпейтін жерлердегі тістердің үлгісін жасау немесе конфигурациясы күрделі қуыстарда салмалардың үлгісін дайындау қажет болғанда, тек жанама әдіс қана қолданыла алады.

Салманы орнықтыру. Орнықтыру алдында ішкі беткейден оксидтелген бұлыңғыр пленканы және көзге көрініп тұрған көпіршіктерді алып тастайды. Сызықтық және көлемдік жағынан отыру салманы қуысқа енгізуді қиындатады. Кедергі келтіріп тұрған нүктелерді өзара тегістеу жолымен қуыстың барлық қабырғаларына салманың тығыз жабысып тұруына қол жеткізіледі. Орнықтыруды литникті алып тастаумен және антагонист-тістермен окклюзиялық жанасулар сипатын нақтылаумен аяқтайды. Антагонист-тістермен біртегіс жанасуға кедергі келтіретін бөліктерді көшірме алатын қағаздың көмегімен анықтайды. Жылтыратқан соң салманы тіс қуысына салады.

Штифтілі конструкциялар. Көп түбірлі тістерге (азу тістер, кіші азу тістер) тұлылды штифтілі салмалар қолдануға, пластмасса қатпарларды бір сәтте дайындауға, оларды дайындау жолдарына көптеген жарияланымдар арналған (Ш.Х.Саакян, 1987; Г.В.Безвестный, 1988; Н.А.Пучко, 1979). Көпір тәрізді протездің тірегі болатын, сондай-ақ әр түрлі шиналайтын конструкцияларға негіз болып табылатын тістерге әр түрлі тұқылды штифтілі қатпарларды кеңінен қолдану соңғы жылдары аса өзекті.

Тұқылды штифтілі қатпарларды дайындау кезінде барлық жағдайларда төмендегі принциптерді басшылыққа алу керек:

  1. Түбір арналары төбесіне дейін бітемеленуі тиіс;

  2. Түбір тұрақты болуы, жұмсарған дентин мұқият алынып тасталуы керек;

  3. Тік бағыттағы арналар (көбіне бұл таңдай – жоғарғы азу тістер, кіші ауз тістер және төменгі азу тістердің дистальды түбірлері) 8-10 мм тереңдікке дейін кеңейтілген. Бұл арналар кейін болашақ тұқылды штифтілі салмаға негізгі тірек болады.

  4. Қосымша тірек ретінде жоғарғы жақтың бірінші кіші азу тістері мен азу тістерінің мойын арналарын, төменгі жақтың медиальды арналарын 0,5-4,5 мм тереңдетеді (бұны R-графия бақылауымен жүргізуге болады).

  5. Тұқылды штифтілі салмаларды жасау жанама әдіс кезінде орын алуы мүмкін көлемдік өзгерістерге (Г.В.Безвестный, 1988) жол бермеу үшін тек тікелей әдіспен жүргізіледі.