
- •5.1. Тіссауыттағы ақаулардың пайда болу себептері, тексеру ерекшеліктері Тіс ақауларының және жасанды тіссауыттардың жіктелуі
- •Блэк, в.Ю.Миликевич, г.А.Гаркуша бойынша, тістің зақымданған бетінің атаулары бойынша тістің сауыт бөлігі жарақаттарының жіктемесі (классификациясы)
- •Жасанды сауыттардың түрлері
- •Жасанды сауыттарға қойылатын талаптар
- •5.2. Тістің сауытты бөлігін металды штампталған сауытқа лайықтап егеу ережелері мен реті
- •5.3. Сурет. Тістің қатты тіндерін егеуге арналған алмас кескіш аспаптардың (борлардың) түрлері: а – конус тәрізді; ә – торпеда тәрізді; б – цилиндр тәрізді; в – жасымық тәрізді.
- •Тіс қатарынан қалып алудың әдістемесі
- •Штампталған (металды) сауытты кигізіп көру әдістемесі
- •Протезді цементке бекіту
- •5.3. Тұтас құйылған металл сауыттар
- •5.4. Пластмасса сауыттар
- •Тістің сауыт бөлігін пластмасса сауыт астына егеу әдістемесі
- •Пластмасса сауытты дайындау технологиясы
- •Пластмасса тіссауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.5. Металл-керамикалық сауыттар
- •Металл-керамикалық сауытты әзірлеу үшін науқасты тексерудің ерекшеліктері
- •Металл-керамикалық сауыт түсін анықтау
- •Металл-керамикалық сауытқа тіс егеудің ортақ принциптері
- •Тістерді егеу алгоритмі
- •Алдыңғы топтағы тістерді егеу
- •Бүйір топтағы тістерді егеу
- •5.1. Кесте. Әр түрлі тістердегі кертпе енінің ең жоғарғы мәндері
- •Екі қабатты қалып алу әдісі
- •Құйма қалпақшаны кигізіп көру шарасы
- •Металл-керамикалық сауытты тексеру және тапсыру
- •Металл-керамикалық тіс протездеріне тістерді одонтоегеу кезінде пайда болатын жергілікті асқынулардың алдын алу және оларды кешенді қорғау. Одонтоегеу кезінде тістерді қорғау
- •Одонтоегеу кезінде тіс ұлпасын зақымдайтын факторлар және қорғау тәсілдері
- •Уақытша (провизорлық) сауыттарды дайындау
- •Уақытша сауытты өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Уақытша сауытты стандартты жасанды пластмасса тістерден және өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Дайындау тәсілі
- •Өздігінен қататын пластмассаны қолданып, тіссауыттың анатомиялық пішініне сәйкес келетін целлулоид (полиэтилен) қалпақша көмегімен уақытша тіссауытты тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Тұтас құйылған және металл-керамикалық сауыттарды қолдану кезіндегі қателіктер мен асқынулар
- •5.6. Металл-пластмассалы сауыттар
- •5.7. Металсыз сауыттар
- •Металсыз сауытты дайындаудың клиникалық кезеңдері.
- •Ипс эмпресс жүйесі
- •5.27. Сурет. Фронтальді учаскедегі нығыздалған тұтас керамикалық сауыт. Дайын тұтас керамикалық сауыт.
- •Тұтас керамикалық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Әр түрлі тұтас керамикалық жүйелерге шолу
- •5.8. Винирлер, салмалар, штифті құрылымдар
- •Винирлерді дайындау кезеңдері
- •Блэк бойынша і класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша II класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша ііі және IV класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша V класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Салманың балауыз үлгісін жасау
- •Құйылған тұқылды штифтілі салманы дайындау
- •Тұқылды штифтілі салманы өздігінен қататын пластмассадан дайындау
- •Көп түбірлі тістерге құйылған тұқылды штифтілі салмалар дайындау
- •Ричмонд бойынша және Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс
- •Л.В. Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс дайындау кезеңдері
- •Пластмассадан жасалған штифтілі тіс
- •Алынбайтын ортопедиялық конструкцияларды алуға арналған саймандар
Жасанды сауыттардың түрлері
Толық сауыттар – денсаулық сақтау практикасындағы тіс протездеу түрлерінің ішінде ең жиі қолданылатын түрі. Құрылымды таңдау қалпына келтіретін материалды таңдаумен, клиникалық сауыттың бұзылу деңгейімен, сонымен қатар, тістің қандай тобына арнап әзірленетіндігі арқылы анықталады.
Қалпына келтіретін сауыттар әртүрлі этиологиялық факторлардың әсерінен туындайтын тістің қатты тіндерінің ақауларын жою үшін қолданылады. Олар тістің клиникалық сауыттарының анатомиялық пішінін, сауыттың пішінін және тістің антагонистермен окклюзиялық байланысын қалпына келтіреді.
Телескопиялық сауыттар ішкі (тіреуіш) және сыртқы (толықтай қалыпқа келтіретін) екі сауыттың бірігуі түрінде болады. Берілген құрылым алмалы-салмалы және алынбайтын тіс протездерін, сонымен қатар, ортодонтиялық және жақ пен бет аппараттарын бекітуге арналған. Алмалы-салмалы протездер кезінде бұндай құрылымдарды сонымен қатар телескопиялық кламмер деп те атайды.
Экваторлық сауыт (синонимі – бүйір тістерге арналған жартылай сауыт) негізінде бүйір тістер аймағында қолданылады және окклюзиялық және вестибулярлы, оральды және апроксимальды бетті тіс экваторының деңгейіне дейін жауып тұрады.
Тұқылды сауыт (синоним – жасанды тұқылдағы сауыт, штифті бар тұқылды сауыт) табиғи сауыт біршама немесе кейде тіпті толықтай бұзылған кезде пайдаланылады. Құрылым жиналмалы болып келеді. Ол металмен бірігіп ерітілген пластмассадан немесе металдың әр түрінен әзірленетін толықтай қалпына келтіретін сауыттан және штифті жасанды тұқылдан (синонимдері: тұқылды салма, штифті-тұқылды салма) тұрады. Құрылым бұндай түрінде тіссауыты толықтай дерлік бұзылған жағдайда қолданылады және бір мезгілде штифті культті, сондай-ақ, толық сауытты әзірлеу қажеттілігі туындайды. Бекіткіш материал сауытты, штифті культті және тіс түбірін алынбайтын бір жүйеге біріктіреді.
Жартылай сауыт – тістің табиғи сауытының вестибулярлы бөлігін ашық қалдыратын кескіштер мен сүйір тістің апроксимальды, оральды бөлігін жауып тұратын алынбайтын протез. Осылайша, протез шамамен клиникалық сауыт бетінің ½ бөлігін жауып тұрады.
Төрттен үш бөлікті алып жататын сауыт – кіші азу тістер үшін пайдаланылатын протез. Ол вестибулярлы жағы мен аппроксимальды бөлігін есепке алмағанда, тіс сауытының біршама бөлігін, яғни шамамен оның сыртқы бетінің ¾ бөлігін жауып тұрады. Көптеген авторлар оны жартылай сауыттың бір түрі деп есептейді.
Панцирлі сауыттар (синонимдері: винир, ламинат, қабық, вестибулярлы жартылай сауыт) әдетте тістің вестибулярлы бетін ғана жауып тұрады және ол керамикалық, фарфор немесе пластмассалы бастырма түрінде болады.
Жартылай сауыттардың бұл құрылымы толықтай сауыттардың баламасы болып табылады. Олар бұдан қарағанда азырақ егеуді талап етеді және эстетикалық, функционалдық артықшылықтары бар. Алайда берілген құрылымды әзірлеу қиын.
Шендеуіш сауыттар пародонт ауруларын ортопедиялық емдеу кезінде қозғалмалы тістерді бекітуге арналған. Сонымен қатар, тістердің қозғалысына себеп болатын тістердің мөлшерден тыс функционалдық жүктемесінің алдын алады.
Профилактикалық сауыттар тістердің қатты тіндерінің аса қажалуы сияқты тіс-жақ сүйек аймағындағы бірқатар патологиялық процестердің алдын алу үшін немесе оларды бәсеңдету үшін қолданылады.
Уақытша жасанды сауыттар арнайы мақсатта қолданылады. Мысалы, әртүрлі ортодонтиялық аппараттарды бекіту, тістемнің альвеолааралық биіктігін біртіндеп арттыру үшін және қоршаған орта әсерінен, сонымен қатар, тісті егегеннен кейін ұлпадағы қабыну өзгерістерінің дамуына жол бермес үшін қолданылады. Уақытша сауыттар емдеу кезінде ғана және (немесе) тұрақты тіс құрылымдарын даярлауға дейін ғана пайдаланылады. Бұдан кейін ол алынып тасталады.
Эстетикалық сауыттар (синонимі: косметикалық) өзгермеген тістердің (біз тәрізді тісте, т.с.с.) «ұсқынсыз» пішінін, сонымен қатар ұлпа жойылғанда және терапиялық емнің тиімділігі болмаған кезде түстің өзгеруі кезінде қолданылады.
Сауыттар қолданылу уақытына қарай өз кезегінде тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді.
Жасанды сауыттарды қолдануға арналған көрсетімдер.
1. Туа біткен (тістердің қатты тіндерінің тұқым қуалағыш жарақаттары, мөлшерден тыс қажалу, тістердегі, түсі мен орналасуындағы ауытқулар) немесе жүре біткен (тісжегі, жарақат, сына тәрізді ақаулар, мөлшерден тыс қажалу, пломбалағаннан кейінгі тіс түсінің өзгерісі және т.б.) сияқты түрлі патологиялық жағдайлар нәтижесінде бұзылған табиғи тістердің анатомиялық пішінін және сауыттың түсін қалыпқа келтіру үшін пайдаланылады.
2. Арқалық тіреуіші бар көпір тәрізді, алмалы-салмалы протездерді, аттачмен түріндегі тіреуіш сауытқа құлыппен бекітілген алмалы-салмалы және алынбайтын протездерді, сонымен қатар жасанды сауыттағы окклюзиялық салмаға орын әзірлеу үшін, т.с.с. қолданылады.
3. Протездер мен әр түрлі емдеу аппараттарын бекіту кезінде (жасанды сауытта экваторды айқын етіп жасау арқылы протездің бекітілуі жақсартылады) қолданылады.
4. Бірнеше жасанды сауыттардан тұратын шендеуіштерді құрылымдау үшін пародонт ауруларын ортопедиялық емдеу кезінде қолданылады.