Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТІССАУЫТ АҚАУЛАРЫН ЕМДЕУ Акмарал.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
36.2 Mб
Скачать

Әр түрлі тұтас керамикалық жүйелерге шолу

Жүйе

Керамика түрі

Беріктігіне әсер етуші факторлар

Hi-Ceram

Алюминий негізі, алюминиймен бекітілген керамика

Керамиканың екі түрін араластыру арқылы бекіту

In-Ceram

Шыны кіріккен алюминийлі керамика

Алюминийлі негізге төмен температурадағы шыны кіріктіріледі. Шыны енгізу арқылы бекітеді

All Ceram

Отырмайтын алюминийлі керамика

Шпинель есебінен (MgAl2O2) бекітіледі

Optec

Лейцитпен бекітілген керамика

Лейцит кристалдары есебінен бекітіледі

Empress және Jeneric OPC

Нығыздалған лейцитпен бекітілген керамика

Лейцит кристалдары есебінен бекітіледі

Cerapress

Кез келген

Пайдаланатын керамика нығыздалады. Лейцитпен негізделген керамика пайдалануы мүмкін.

Dicor

Құйылған шыны керамика

Кераминг (шыныны кристалл фазасына ауыстыру) есебінен бекітіледі

Металсыз керамика жүйелерін қолданудың кең аясын қысқаша шолу белгілі бір массалардың жетістіктері мен кемшіліктерін көрсетеді.

Платина негізіндегі Hi-ceram жакетті сауыттары – қымбат құрал-жабдықтарды талап етпейді, құны да жоғары емес, бірақ беріктігі төмен. Басқа топ – Ortec, IPS Express, Dicor құрал-жабдық бағасына қарай орта топқа жатады. Неғұрлым қымбат жүйелер – In Ceram, All Ceram т.б. сапалы және ұзақ мерзімді жүйелер. Лейцитпен бекітілген алюминий, шыны-керамика негізіндегі массалардың көп түрі пациентке материалды жеке-дара таңдау мүмкіндігін береді, ортопедиялық құрылымдарын сапалы, эстетикалық, қызметке сай дайындап, қолдануға көмектеседі.

5.8. Винирлер, салмалар, штифті құрылымдар

Эстетикалық стоматология - стоматология нарығының қарқынды дамушы саласы. Винирлер – тісті қалыпқа келтірудің аса сұранысқа ие әдістемелері.

Сау тістер – дені сау, еңбекке қабілетті адамның нышаны. Қазіргі материалдар көмегімен стоматология үздік жетістіктерге жетті.

Стоматология нарығында гидротермальды LFC керамика массаларының пайда болуы арқасында алға қарай үлкен қадам жасалды. 1995 жылы «Ducera» фирмасы LFC керамикасы үшін неміс экономикасының жүлдесін жеңіп алды.

Винирлер техникасының артықшылығы - тіс субстанциясын сақтауында. Мұндай техника, әсіресе, бірінші кезекте алдыңғы аймақтың эстетикасы тұрған жағдайда (мысалға, диастема, тегіс емес тістер, түсі өзгерген және бітемелері бар тістер, және де жоғарғы алдыңғы тістердің окклюзия бетін қалыпқа келтіру кезінде) жоғары тиімділігін көрсетті.

Фосфор винирлерді қолдану өткен ғасырдың 70-шы жылдарының аяғында басталды. Олар Голливудта актерлер киноға түскен кезде олардың тістерінің сыртқы түрін уақытша жақсарту үшін қажет болды. 1937 жылдың сәуір айында американдық стоматолог Pincus әріптестерін стоматологиялық құрылымдарды дененің бір бөлігі ретінде қарастыруға шақырды, стоматолог жұмысының адамның жалпы келбетіне ықпал ете алатынын атап өтті.

АҚШ-та эстетикалық стамотология осы мамандықтың неғұрлым тез дамып жатқан саласы болып табылады. Полимерлі композиттер тез жетілдіріліп, тістерге арналған адгезия жүйелері әрі қарай дамуда. Винирлермен қалыпқа келтіру жоғары сұранысқа ие әдістеме, ол табиғи тістердің түсін, пішінін және бетін өзгертуге аса қолайлы. Винирлер тісті қатты егеуді талап етпей, көптеген клиникалық жағдайларда металл-керамикалық сауыттардың орнын алмастыра алады. Форфор винирлер алғаш стомотологиялық әдебиетте өткен ғасырдың 80-ші жылдарының басында сипатталды (Sima onsen, 1983).

Клиникалық жұмыс түс таңдаудан басталады. Ол үшін емделетін тіс қағынан, тіс тасынан щеткалар мен арнайы пасталар көмегімен тазартылады.

Түс таңдағанда тіс беті ылғал болуы тиіс, мұның өзі оның табиғи түрін сақтайды. Түс табиғи жарық кезінде «Vita» стандартты түстемесінің көмегімен анықталады.

Егеу вестибуляр бетіне көлденең кескіндеу түсіруден басталады, оса кескіндер тістің қатты тіндерінің диаметрі берілген колибрлі алмас дискімен тегістелуі тереңдігін шектейді. Тістің қатты тіндері берілген тереңдікке тегіс бет түзілгенде тегістеледі.

Мойын жаны аймағында кертпе қалыптасады. Мамандардың көбі винирдің мойын маңы бөлігін қызылиек шеті деңгейінде орналастыруды нұсқайды. Тіс түсі елеулі өзгерген жағдайда, винир шеті тіс-қызылиек қатарынан оның тереңдігінің жартысынан аспайтын шамаға батырылады.

Тістің апроксимальды беттерін екі әдіспен егейді. Неғұрлым кең тарағаны – егеу шегін тістің вистибуляр бетінен тісаралық түйісу пунктерін бұзбай бүйірлік бетке көшіру, мұның өзі тіс қатары тұтастығы мен тұрақтылығын сақтайды. Бұл жағдайда апроксимальды жақтар бойымен міндетті түрде тереңдігі 0,5 мм тік жырашықтар (паздар) қалыптастырылады. Алайда металды керамика эстетикалық протездеуде басты рөл атқарғанымен, өкінішке орай, артықшылықтармен қатар кемшіліктерге де ие. Кемшіліктері: тістің қатты тіндері елеулі егеліп, тіс мойны аймағына металл бұрғыланады. Осы жай стоматологтарды тістердің, әсіресе, алдыңғы топ тістерінің тісжегілік және тісжегілік емес зақымдануындағы ортопедиялық емге арналған жаңа құрылымдарды іздестіруге мәжбүр етті.

Осындай құрылымдар бүгінде винирлер болып табылады. Керамикалық винирлер кейде жай ғана кәрлен бастырма деп аталады, комсетикалық стоматологияның соңғы жетістіктерінің бірі. Винирлер қалыңдығы жұмыртқаның қалыңдығындай, шытынаған тістерді, қатты боялған не тістер қатарында тегіс тұрмайтын тістердің мәселесін шешуде қолданылуы мүмкін.

Винирлердің артықшылығы:

1. Винир бастырмалары бар тістер табиғи тістерге өте ұқсас. Тіс кіреукесі оның сыртқы бөлігін ғана жабады. Оның негізгі ерекшелігі – мөлдір болуы. Жарық тіс бетіне түскенде бірден шағылыспай, кіреуке арқылы өтіп, соңынан тістің мөлдір емес құрылымында шағылысады. Осы мөлдір көріну қасиеті тіске табиғи сипат береді. Тарихи тұрғыда стоматологтардың қолжетерлік косметикалық желімдейтін материалдары тек жартылай мөлдір болатын. Сондықтан, жарық тіске түскенде желімдейтін қабаттан әрі өтпей одан шағылысады. Кәрлен винирлер шыны тәрізді болғандықтан, жарық олардан кедергісіз өтеді. Мөлдірлік әсері тереңдік сипатын, демек тістің табиғи сыртқы түрін береді;

2. Винирлер бояуға тұрақты. Көп адамның тісі шай, кофе, қызыл шарап, шылымға сезімтал келеді. Винирлердің басты артықшылығы бұл жай кәрлен, керамика, сондықтан олардың шыны тәрізді беті өте тегіс те, одан бояушы заттар өтпейді. Кәрлен винирлер шағын косметикалық кемшіліктерді жоюға тиімді әдіс, алайда кез келген жағдайда құтқара алмайды.

Кәрлен винирлердің кемшіліктері:

1. Басты кемшілігі - оның ең қолайсыз сәтте сынып, не желімнен түсіп қалуы. Винир сынса, қалпына келмейді, стоматологқа жаңасын дайындауға тура келеді. Оның өзі қосымша қаражат пен уақытты талап етеді. Винир жай ғана желімнен түссе, дәрігер оны қайта желімдей алады.

2. Винирді орнату үдерісі қайтымсыз. Тістің жоғарғы бетінен кіреуке аз ғана жойылса да, винир орнына желімденбеген жағдайда (немесе басқа да қалыпқа келтіру құрылымдары – сауыттар қолданылмаса) тіс бұрынғы пішініне оралмайды. Алайда пациент тістерінің сыртқы түрін жақсартуға шешім қабылданса, қарсы көрсетімдер болмаса, кәрлен винирлер ең қолайлы нұсқа.

Винирлерді қолдануға көрсетімдер.

1) Сынығы елеусіз және беті тегіс емес тістерді қалпына келтіру;

2) түсін өзгерткен бітемелерді жасыру;

3) түсі өзгерген (тетрациклин тістер, гипоплазия, флюароз, жарақат, эндодонтиялық емдеу нәтижесінде түстің өзгеруі) тістерді қалпына келтіру;

4) ортодонтиялық емдеуге балама ретінде.

Винирлер үлкен тісаралықты жабу, тіс қатарын тегістеу үшін жиі қолданылады. Брекет киюден гөрі осы аталған шара неғұрлым арзанға түседі.

Қарсы көрсетімдер:

1. Ауру тістер. Тісжегісі бар тістерге, пародонтит бар жағдайда винирлер желімденбейді. Алдымен сырқатты емдеу керек.

2. Әлсіреген тістер. Тісжегі не сыну нәтижесінде тістің құрылымының едәуір көлемі жоғалған болса немесе үлкен бітеме тұрса, бұндай тісті винир жөндей алмайды. Винир орнаған тісті бекітпейді.

Көлемнің үлкен бөлігін жоғалтқан тісті сауыт көмегімен жөндеген тиімдірек.

3. Винир тістің кіреукесіне ғана жабысады. Косметикалық емделген тістер және аз ғана кіреукеге ие тістер, не алдыңғы бетінде кіреукесі мүлде жоқ тістер винир астына пайдаланылмайды.

4. Бруксизмге шалдыққан пациенттерге винир салмайды.