- •5.1. Тіссауыттағы ақаулардың пайда болу себептері, тексеру ерекшеліктері Тіс ақауларының және жасанды тіссауыттардың жіктелуі
- •Блэк, в.Ю.Миликевич, г.А.Гаркуша бойынша, тістің зақымданған бетінің атаулары бойынша тістің сауыт бөлігі жарақаттарының жіктемесі (классификациясы)
- •Жасанды сауыттардың түрлері
- •Жасанды сауыттарға қойылатын талаптар
- •5.2. Тістің сауытты бөлігін металды штампталған сауытқа лайықтап егеу ережелері мен реті
- •5.3. Сурет. Тістің қатты тіндерін егеуге арналған алмас кескіш аспаптардың (борлардың) түрлері: а – конус тәрізді; ә – торпеда тәрізді; б – цилиндр тәрізді; в – жасымық тәрізді.
- •Тіс қатарынан қалып алудың әдістемесі
- •Штампталған (металды) сауытты кигізіп көру әдістемесі
- •Протезді цементке бекіту
- •5.3. Тұтас құйылған металл сауыттар
- •5.4. Пластмасса сауыттар
- •Тістің сауыт бөлігін пластмасса сауыт астына егеу әдістемесі
- •Пластмасса сауытты дайындау технологиясы
- •Пластмасса тіссауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.5. Металл-керамикалық сауыттар
- •Металл-керамикалық сауытты әзірлеу үшін науқасты тексерудің ерекшеліктері
- •Металл-керамикалық сауыт түсін анықтау
- •Металл-керамикалық сауытқа тіс егеудің ортақ принциптері
- •Тістерді егеу алгоритмі
- •Алдыңғы топтағы тістерді егеу
- •Бүйір топтағы тістерді егеу
- •5.1. Кесте. Әр түрлі тістердегі кертпе енінің ең жоғарғы мәндері
- •Екі қабатты қалып алу әдісі
- •Құйма қалпақшаны кигізіп көру шарасы
- •Металл-керамикалық сауытты тексеру және тапсыру
- •Металл-керамикалық тіс протездеріне тістерді одонтоегеу кезінде пайда болатын жергілікті асқынулардың алдын алу және оларды кешенді қорғау. Одонтоегеу кезінде тістерді қорғау
- •Одонтоегеу кезінде тіс ұлпасын зақымдайтын факторлар және қорғау тәсілдері
- •Уақытша (провизорлық) сауыттарды дайындау
- •Уақытша сауытты өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Уақытша сауытты стандартты жасанды пластмасса тістерден және өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Дайындау тәсілі
- •Өздігінен қататын пластмассаны қолданып, тіссауыттың анатомиялық пішініне сәйкес келетін целлулоид (полиэтилен) қалпақша көмегімен уақытша тіссауытты тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Тұтас құйылған және металл-керамикалық сауыттарды қолдану кезіндегі қателіктер мен асқынулар
- •5.6. Металл-пластмассалы сауыттар
- •5.7. Металсыз сауыттар
- •Металсыз сауытты дайындаудың клиникалық кезеңдері.
- •Ипс эмпресс жүйесі
- •5.27. Сурет. Фронтальді учаскедегі нығыздалған тұтас керамикалық сауыт. Дайын тұтас керамикалық сауыт.
- •Тұтас керамикалық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Әр түрлі тұтас керамикалық жүйелерге шолу
- •5.8. Винирлер, салмалар, штифті құрылымдар
- •Винирлерді дайындау кезеңдері
- •Блэк бойынша і класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша II класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша ііі және IV класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша V класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Салманың балауыз үлгісін жасау
- •Құйылған тұқылды штифтілі салманы дайындау
- •Тұқылды штифтілі салманы өздігінен қататын пластмассадан дайындау
- •Көп түбірлі тістерге құйылған тұқылды штифтілі салмалар дайындау
- •Ричмонд бойынша және Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс
- •Л.В. Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс дайындау кезеңдері
- •Пластмассадан жасалған штифтілі тіс
- •Алынбайтын ортопедиялық конструкцияларды алуға арналған саймандар
5.7. Металсыз сауыттар
Стоматолог-ортопедтердің шығармашылық ой-толғамы заманауи материалдар негізінде протездер эстетикасын жетілдіруге бағытталады. Осыған орай металсыз керамикалық құрылымдарды дайындап, қолдану басымдыққа және айтарлықтай жетістіктерге ие, олардың негізгісі – тіс пен металл байланысын болдырмайтын металсыз керамиканың тірек тістермен өзара байланысы. Металсыз керамика құрамы және қасиеттері тіс дентиніне жақын, мұның өзі осы құрылымды бекітуде артықшылықтарды береді. Эстетикалық қасиеті жоғары осы протездер жарық сынуы және хромоспектроскопия жағдайында табиғи тістерден кем түспейді.
Сырт түріне қарағанда металсыз сауыттың табиғи тістерден айырмашылығы жоқ. Олар күрек тістер, сүйір тістер, премолярлар, сирек-молярлар сауыттарының кемістігін түзету үшін қолданылады. Мұндай сауыттар тісжегі не жарақат себебінен туындаған кемістіктерді түзетуге, сына тәрізді ақауларда, тістің анатомиялық қалыбын бітеу не салма көмегімен қалпына келтіру мүмкін болмағанда көрсетілген. Тіссауыттың түсі өзгергенде (қышқылды өлеттену, флюароз, амелогенез), тістер қалыптан ауытқығанда, диастемада, тремаларда, тіс тік осі бойымен бұрылғанда, пластмасса не металл сауыттарды, пластмасса әрлемесі бар металл сауыттарды, олар табиғи тістердің түсі мен пішініне сай келмегенде ауыстыру қажет жағдайда да металсыз сауыттарды пайдалану әлдеқайда тиімді.
Металсыз керамика сауыттарды дайындауға көрсетімдер:
- сауыт бөлігі бұзылған, сынғаннан кейінгі, түсі өзгерген, қажалатын, дұрыс орналаспаған маңдайлас тістер;
- окклюзия жағдайы қолайлы бүйірлік тістер.
Салыстырмалы қарсы көрсетімдер:
- сауыттың шамадан тыс конустығы;
- керамика қалыңдығы үшін орын санының жеткіліксіздігі (<0,8 мм);
- терең тістем;
- тістің қысқа клиникалық сауыты, мұның өзі қалпына келтіру кідірісін (ретенциясын) қиындатады;
- парафункциялар, мысалға, бруксизм.
Металсыз керамика сауыттар металл-пластмасса және металл-керамика сауыттардың арасындағы өтпелі сауыттар болып табылады, олардың өз артықшылықтары және кемшіліктері бар.
Металсыз сауытты дайындаудың клиникалық кезеңдері.
1. Жергілікті жансыздандыру арқылы тірек тісті егеу, тістің қатты тіндерін алып тастау.
2. Қалып алатын қасық таңдау, екі қабатты қалып алу.
3. Дайын сауытты тірек тіске кигізіп көру.
4. Цементке бекіту.
Металсыз сауытты дайындаудың зертханалық кезеңдері.
1. 3D технологиясы (CAD/CAM System).
2. Механикалық фрезермен өңдеу (Zircon Zahn, Turcom Cera).
3. Металсыз керамика қаңқасын нығыздау әдісі (IPS-Impress).
Одонтоегеу алгоритмі.
1. Бағдарлау жыралары. Бағдарлау жыралары егеу тереңдігін белгілейді. Оларды ауыз сырты бетінде және кескіш қырда қалыптастырады. Ауыз сырты бетінде егеу тереңдігі 1 мм, кескіш қыр аймағында 2 мм. Алдымен ауыз сырты бетінде сауыттың мойын маңына 1/3 параллель 1-3 жыра жүргізеді, кейін кескіш қырға параллель екі жыра, және тағы 2 жыра – кескіш қыр бойымен өтеді.
2. Ауыз сырты бетін және кескіш қырды егеу. Кескіш қырды оған параллель етіп егейді. Вестибулалы беті бағдарлау жыралары бойынша егеледі. Тегіс бет қалыптастыру үшін бір уақытта тіндерді егеу ұсынылады.
3. Апраксимальды беттерін егеп дайындау. Тұқылдың медиальды және дистальды қабырғалары бір-біріне барынша параллель болғаны дұрыс. Осы беттерді егеп дайындау кезінде тісаралық бүртікті жаралап алмаған жөн.
4. Ауыз іші бетін егеп дайындау. Осы бетті егеу тіссауыт ауыз сыртқы бетінің мойын маңы 1/3 5-6˚ бұрыш түзу жағдайында өтеді.
5. Ауыз іші бетін қалыптастыру. Қалыптастырғанда таңдай күмбезі және тіс беті арасында 1 мм саңылау түзілуі тиіс.
6. Кертпені қалыптастыру. Кертпенің ауыз сырты және ішкі беттері жағынан ені 0,8-1 мм, ал медиальды және дистальды беттері жағынан 0,6-0,8 мм болады. Кертпе жазық, бір беттен екіншісіне кенет ұласпайтындай болуы керек. Тік жұмыр кертпе қалыптастыру ұсынылады.
7. Үшкір бұрыштарды, шектерді жұмырлау. Олар конустығы шағын FG алмас бұрғысымен жұмырланады (5.18.-сурет).
5.18.-сурет. Тісті тұтас керамикалық құрылым астына дайындау. Сол жақта: тұтас керамика сауыты астына егеп дайындағанда дөңгеленген кертпе қалыптастырады немесе айқын білінетін ылди жасайды. Кескіш қыр аймағында керамика қабаты 2 мм-ден аспауы тиіс (сыну қаупі бар). Оң жақта: тұтас керамика сауыты астына егеп дайындалған тістің көлденең қимасы.
Био-шыны-керамика тіс протездері (БШКМ)
Биокерамика материалдары, олардан протез дайындау технологиялары стоматологтардың назарын өздеріне аударуда. Себебі, қолданысына қарай олардың қасиеттерін реттеп, мүмкіндіктерін шексіз арттыруға болады.
Барлық әйгілі биокерамика материалдары жоғары биоүйлесімдікпен ерекшеленеді. Олардың құрамы, химиялық, механикалық қасиеттері сүйек не тіс сияқты биотіндерге неғұрлым жақын келеді. Оған қоса технологиялық ерекшеліктері де ұқсас.
ҚазҰМУ-дың ортопедиялық стоматология кафедрасында және стоматологиялық протездеу орталығында проф. А.А. Седунов басшылығымен жаңа құрылыс материалы және одан протез дайындау технологиясы әзірленген. 15 жылдан астам уақыт бойы жүргізілген іс-тәжірибелік, клиникалық, технологиялық сынақтар осы материалды және технологияны практикада кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Био-шыны-керамика материалы – (БШКМ) – жаңа құрылыс материалы, стоматологиялық қызмет аясын елеулі кеңейтуге мүмкіндік беретін құнды қасиеттерді өзіне үйлесімді ұштастырады. Бұл - мінсіз химиялық төзімділік, биологиялық бейтараптық, яғни ауыз қуысында электро-химиялық үдерістер болмайды. БШКМ табиғи тістермен жақсы үйлеседі. Жайсыз сезім мен аллергиялық реакция тудырмайды. Әсемдеу мүмкіндігі арқасында БШКМ табиғи тістермен толық косметикалық үйлесім табады. Материал беріктігі стоматологиялық фарфор, сикор беріктігінен жоғары, мұның өзі тіс қатарының маңдай бөлігі үшін қаңқасыз монолит протездерді, металлқұрылыс кірістірілген протездерді, шайнау тістері үшін протездерді дайындауға мол мүмкіндік береді. Сонымен бірге материалдың жарыққа төзімділігі, тозуға төзімділігі жоғары, ұсақ кристалды құрылымы арқасында қарама-қарсы тістер мен протездердің тез қажалуына жол бермейді.
1. Протездеу үшін биокерамика материалын кең қолдануға көрсетімдер: металл қорытпаларға, пластмассаға төзімсіздік, тістердің түсінің, пішінінің, орналасуының өзгеруі, тістің қатты тіндерінде ақау болуы, тістер қатарында, жақ сүйегі-бет аймағы сүйектерінде кемістік анықталу.
2. Биокерамика материалының косметикалық, физикалық-механикалық ерекшеліктері, олардың жоғары биоүйлесімділігі алынбайтын протезді қолдану аясын кеңейтеді. Осы материалдан алынбайтын протездің барлық дерлік түрін әзірлейді, қатты тіндерді мүлде егемей, не сәл ғана егеп, салмалар, төсемелер, жарты сауыттар, сауыттар, көпір тәрізді протездер, штифт тістерін, имплантаттарды, сүйек протездерін дайындайды.
3. Биокерамика протездерін қолдану қабыну-сему құбылыстары, аллергия, улану, протез материалына төзімсіздік, металл қорытпалары және пластмассадан жасалған протездермен тірек тістер пародонтын, жұмсақ тіндерді жарақаттау сияқты асқынулардың алдын алады.
4. Биокерамика технологиясы дайын жүйесінің (БК-технологиясының) артықшылығы – қол жетерліктей құны, жергілікті отандық шикізатты пайдалану мүмкіндігі.
Биокерамика материалын тіс протездерімен тістер мен тістер қатарының анатомиялық-қызметтік ерекшеліктерін қалпына келтіру үшін ғана емес, сонымен бірге имплантат көмегімен тіс қатары және жақ сүйек тіндерінің кемістіктерін түзетуге қолданады.
Тиімдісі – протездің тұтас био-шыны-керамикадан дайындалуы, әсіресе тіс қатарының маңдай бөлігі үшін. Бүйір бөлімдерінде био-шыны-керамикаға металл кіріктіруге болады.
Тіс сауытының басым бөлігі сақталған жағдайда, оның жеке бөліктерінің орнын салмалармен толтырады. Сауыт айтарлықтай бұзылған болса, салма бекітілмесе, анатомиялық қалыпты қайталау үшін жасанды сауыт, жарты сауыт, вестибулалы сауыт (бастырмаларды) дайындауға тура келеді. Тіс сауыты түгел бұзылса, ол штифт тісімен не тұқылдық штифт салмамен, түбір қызылиек деңгейінен төмен бұзылса да қалпына келтіріледі.
ҚазҰМУ-дың ортопедиялық стоматологиясы кафедрасының доценті И.А. Астахованың зерттеуінің нәтижесі бойынша, БШКМ-нан протез дайындаудың клиникалық-технологиялық кезеңдерінің ерекшеліктері анықталды. Олар мынандай:
1. Тірек сауыты 1,5-2,0 мм қалыңдығына, кескіш қыр – 45-50˚ бұрышы астына егеліп дайындалады. Шайнау беті жұмыр, тістің анатомиялық қалыбы сақталған, конустығы – 2-5˚.
2. Екі қабатты қалып созылмалы (эластикалық) массамен алынады.
3. Суперғаныштан жұмыс модельдері құйылады.
4. Тірек тісті мүсіндеу: тірек тіске қайнап жатқан балауыз жағылады, сосын мүсіндеу балауызы салынып, сауыттың анатомиялық пішінін жасайды.
5
.
Сауыттың балауыз моделі био-шыны-керамика
протезіне ауыстырылады. Био-шыны-керамикаға
ауыстыру мына әдістермен іске асады:
құйып, нығыздау, вакуумда құю, орталықтан
тепкіш құю, суықты нығыздап, кейіннен
пресс-формада қыздыру.
5.19.-сурет. Био-шыны-керамика протездерді вакуумда құюға арналған құрылғы.
Әрбір әдістің технологиялық ерекшеліктері, өзіндік жиынтығы бар (5.19., 5.20-сурет).
5.20.-сурет. Протездерді әсемдеу: а – түстеменің балауыз үлгілерін алуға арналған құрал; ә – балауыз үлгілерді био-шыны-керамикаға ауыстыру; б – протездерге табиғи тістер түрін беру.
In-Ceram Spinell сауыттарын дайындау (металсыз алюминий керамика)
1. Жұмыс моделін және отқа төзімді штамптарды дайындау. Силикон қалыптан жұмыс моделін құяды. Қызметтік қалпына келтіру үшін екі тіс қатарынан толыққанды қалып алынады.
Модельдерді артикуляторға бекітеді. Жұмыс штампына оқшаулау материалының жеткілікті қалың қабатын салады. Қалпына келтіруге дұрыс цементтеу үшін осы жай өте маңызды. Барлық цемент аз дегенде үлдірдің бір қалыңдығына тең кеңістікті талап етеді. Полимерлі цемент басқаларына қарағанда жеткілікті қату үшін белгілі қалыңдықты талап етеді. Содан соң жұмыс штампынан силиконды қалыппен көшірме алып, отқа төзімді штамп әзірлейді.
2
.
Шликерлі
құю және қыздырып беріктіру.
Шпинельді ұнтақты арнайы сұйықтықпен
дұрыс арақатынаста илеп, ультрадыбыс
(Vita Sonic-II) көмегімен араластырады. Отқа
төзімді штампты қоспаға батырып, шликер
алады. Шликерлі қаңқа қалыңдығы 0,5 мм-дей
болуы тиіс. Шликер массасының шеттегі
артығын өткір пышақпен алып тастайды.
Сосын қыздырып біріктіреді. Нәтижесінде
алынған қалпақшаны отқа төзімді штамптан
алып жұмыс штампына бейімдейді.
5.22.-сурет. Алюминий керамикадан қаңқа дайындау. Сол жақта: отқа төзімді штампты дайындау. Орталықта: штампта алюминий керамикадан қаңқа құяды. Оң жақта: алюминий керамикадан жасалған дайын қаңқа.
5.23. -сурет. In-Ceram Spinell қаңқасын күйдіру сұлбасы.
Алюминий қаңқаны арнайы пеште күйдіреді. Беріктігі жоғары қаңқа жасау үшін күйдіру ережелерін сақтаған жөн (5.23.-сурет).
3. Шпинельді ұнтақты жапсырмалау және күйдіру. Дистильденген суға шыны ұнтағын илейді. Алюминий керамика қаңқаны қоспаға батырады, кескіш қырдан 1 мм шеттеу қажет. Шынының неғұрлым тиімді түсін пайдаланады. Сосын құрылымды вакуумда күйдіреді. Бетін алюминий ұнтақты құмағымды аппаратпен өңдейді (бөлшектер өлшемі 50 мкм). Күйдіру кезінде In-Ceram қаңқасы өзіне тән оптикалық қасиеттерге ие болады. Қаңқаны модельге кигізіп көреді.
5
.24.-сурет.
Шпинельді қаңқаны жабу. Сол жақта:
шпинельді қаңқаны қабатпен жабу. Ортада:
дайын сауыттың ауыз іші жағынан
қарағандағы көрінісі. Оң жақта: дайын
сауыттың ауыз сырты жағынан қарағандағы
көрінісі.
4. Сауытты қайта құрастыру. Vitadur Alpha керамика массасының көмегімен модельде тіссауытты қайта қалпына келтіреді (алдын-ала жоспарланған қабатпен дайындау техникасы бойынша).
Сауыт бетіне және жұмыс моделіне күміс ұнтағын себеді. Мұның өзі тіс бетінің құрылымын көруге мүмкіндік береді. Себебі, анатомиялық қалып пен түстің эстетикалық маңызы зор. Жылтырды (глазурьлеу) өте жоғары температурада күйдіруге болмайды. Бұл жөнделген беттің бұзылуына әкеледі. Оның орнына сауыт бетін жақсылап жылтыратуға болады (5.24.-сурет).
Шыны инфильтрациясынан кейін қаңқаны жеткілікті қысқа вакуумда күйдіру In-Ceram Spinell пешінде өткізіледі. Егер қаңқа жүйесі Celay жүйесі көмегімен дайындалса, шыны инфильтрациясын кәдімгі керамикалық пеште жүргізуге болады. In-Ceram жүйесінің кемшіліктерінің бірі – опака қабатының қалыңдығы. Сондықтан In-Ceram Spinell сияқты мөлдірлік қасиеті бар жүйе дүниеге келген. Осы екі жүйенің дайындау технологиясы бірдей. Бірақ негіз ретінде In-Ceram Spinell шыны сіңген шпинельді (MgAl2O4) пайдаланады. Нәтижесінде қалпына келетін өнімдер неғұрлым тұнық, бірақ In-Ceram-ға қарағанда сынғыш келеді. Оның себебі иілу беріктігінің 100 МПа-ға (In-Ceram-мен салыстырғанда) төмендейді. Сондықтан In-Ceram Spinell керамикасы маңдай бөлігіндегі жеке сауыттарды дайындауға ғана қолданылады. In-Ceram Spinell сауыттарын In-Ceram сауыттарындай өңдейді және бекітеді.
