- •5.1. Тіссауыттағы ақаулардың пайда болу себептері, тексеру ерекшеліктері Тіс ақауларының және жасанды тіссауыттардың жіктелуі
- •Блэк, в.Ю.Миликевич, г.А.Гаркуша бойынша, тістің зақымданған бетінің атаулары бойынша тістің сауыт бөлігі жарақаттарының жіктемесі (классификациясы)
- •Жасанды сауыттардың түрлері
- •Жасанды сауыттарға қойылатын талаптар
- •5.2. Тістің сауытты бөлігін металды штампталған сауытқа лайықтап егеу ережелері мен реті
- •5.3. Сурет. Тістің қатты тіндерін егеуге арналған алмас кескіш аспаптардың (борлардың) түрлері: а – конус тәрізді; ә – торпеда тәрізді; б – цилиндр тәрізді; в – жасымық тәрізді.
- •Тіс қатарынан қалып алудың әдістемесі
- •Штампталған (металды) сауытты кигізіп көру әдістемесі
- •Протезді цементке бекіту
- •5.3. Тұтас құйылған металл сауыттар
- •5.4. Пластмасса сауыттар
- •Тістің сауыт бөлігін пластмасса сауыт астына егеу әдістемесі
- •Пластмасса сауытты дайындау технологиясы
- •Пластмасса тіссауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.5. Металл-керамикалық сауыттар
- •Металл-керамикалық сауытты әзірлеу үшін науқасты тексерудің ерекшеліктері
- •Металл-керамикалық сауыт түсін анықтау
- •Металл-керамикалық сауытқа тіс егеудің ортақ принциптері
- •Тістерді егеу алгоритмі
- •Алдыңғы топтағы тістерді егеу
- •Бүйір топтағы тістерді егеу
- •5.1. Кесте. Әр түрлі тістердегі кертпе енінің ең жоғарғы мәндері
- •Екі қабатты қалып алу әдісі
- •Құйма қалпақшаны кигізіп көру шарасы
- •Металл-керамикалық сауытты тексеру және тапсыру
- •Металл-керамикалық тіс протездеріне тістерді одонтоегеу кезінде пайда болатын жергілікті асқынулардың алдын алу және оларды кешенді қорғау. Одонтоегеу кезінде тістерді қорғау
- •Одонтоегеу кезінде тіс ұлпасын зақымдайтын факторлар және қорғау тәсілдері
- •Уақытша (провизорлық) сауыттарды дайындау
- •Уақытша сауытты өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Уақытша сауытты стандартты жасанды пластмасса тістерден және өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Дайындау тәсілі
- •Өздігінен қататын пластмассаны қолданып, тіссауыттың анатомиялық пішініне сәйкес келетін целлулоид (полиэтилен) қалпақша көмегімен уақытша тіссауытты тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Тұтас құйылған және металл-керамикалық сауыттарды қолдану кезіндегі қателіктер мен асқынулар
- •5.6. Металл-пластмассалы сауыттар
- •5.7. Металсыз сауыттар
- •Металсыз сауытты дайындаудың клиникалық кезеңдері.
- •Ипс эмпресс жүйесі
- •5.27. Сурет. Фронтальді учаскедегі нығыздалған тұтас керамикалық сауыт. Дайын тұтас керамикалық сауыт.
- •Тұтас керамикалық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Әр түрлі тұтас керамикалық жүйелерге шолу
- •5.8. Винирлер, салмалар, штифті құрылымдар
- •Винирлерді дайындау кезеңдері
- •Блэк бойынша і класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша II класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша ііі және IV класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша V класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Салманың балауыз үлгісін жасау
- •Құйылған тұқылды штифтілі салманы дайындау
- •Тұқылды штифтілі салманы өздігінен қататын пластмассадан дайындау
- •Көп түбірлі тістерге құйылған тұқылды штифтілі салмалар дайындау
- •Ричмонд бойынша және Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс
- •Л.В. Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс дайындау кезеңдері
- •Пластмассадан жасалған штифтілі тіс
- •Алынбайтын ортопедиялық конструкцияларды алуға арналған саймандар
Дайындау тәсілі
1. Жасанды тіс үшін сауыттың түсін, пішінін, өлшемін жалпы қабылданған сұлба бойынша анықтайды (түс – түстеме бойынша, пішін – бет келбетіне қарай, өлшемі – тістер енін қарама-қарсы жақтан өлшеу арқылы не қатар тұрған тістердің арақашықтығын өлшеу арқылы).
2. Жасанды тісті жиынтықтан (гарнитурадан), бұл неғұрлым оңай, немесе бос қалған тістерден таңдайды.
3. Тістің сай келуін ауыз қуысында тексереді.
4. Жасанды тісте, мысалға, металл цилиндр фреза көмегімен ауыз бөлігінің үлесін қабықша (скорлупка) алу үшін жонып тастайды.
5. Қабықшаны ауыз қуысында тіске кигізіп көреді. Дайындалған қабықша вестибуляр бетін және апроксималды беттерінің бөлігін жабуы тиіс. Қабықшаны тіске орнатқанда қызылиекті жарақаттамауды ескерту қажет.
6. Егелген тіс тұқылын, шырышты қабатты, қатар тұрған тістерді қорғау қабатымен, мысалға, вазелинмен жабады. Осылай протез өрісін қорғайды.
7. Өзі қататын пластмассаны илейді, ал пластмасса қабықшаның ішкі бетіне акрил мономерін жағады.
8. Пластмасса қамырға айналған соң оны шпательмен тұқылға жағады. Науқастан тісті түйістіруді сұрайды. Икемделген қабықшаны орнатады.
9. Полимерлеудің резеңке тәріздес сатысында пластмасса құрылымын тістен түсіреді.
10. Науқас мұқият аузын шайған соң сода ерітіндісімен, тұқыл мен шырышты қабығын асқын тотығымен өңдейді.
11. Өздігінен қататын пластмасса толық полимерленген соң тіс мойны ізі бағытында пластмассаның артығын кетіреді, тегістейді, ауыз бетін жылтыратады.
12. Сауыттың беку тығыздығын тексереді. Тістем бойынша түзетеді, уақытша тісте бекітеді.
Осы әдістемені пайдаланғанда дайын сауыттың ішкі бетін түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.
Өздігінен қататын пластмассаны қолданып, тіссауыттың анатомиялық пішініне сәйкес келетін целлулоид (полиэтилен) қалпақша көмегімен уақытша тіссауытты тура әдіспен бір сеанста дайындау
5
.9-сурет.
Өздігінен қататын пластмассаны қолдана
отырып, тіссауыттың анатомиялық пішініне
сәйкес келетін целлулоид (полиэтилен)
қалпақша көмегімен уақытша тіссауытты
тура әдіспен бір сеанста дайындау.
Егелген тістің қатты тіндерін сақтау үшін не бітемені сұлбалау мақсатында стандартты целлулиод қалпақшалар не поликарбонат сауыттар қолданылады, оларды көп фирмалар ұсынады. Әдістеме сыртқы беті тегіс сауыт алуға мүмкіндік береді, мұның өзі оған жұмсақ қақтың берік орнығуына жол бермейді. Сонымен қатар бекіту алдында уақытша сауытты тегістеу де қажет емес. Полимер контрштамппен үлгіленеді. (5.8.-сурет).
1. Анатомиялық пішіні тіссауытқа сәйкес келетін целлулоид қалпақшаны, мысалға, уақытша сауыт не сұлбалы бітемелер үшін дайындаманы ауыз қуысында тіс тұқылына кигізіп көреді. Кигізіп көрерде жақ сүйектерді орталық окклюзия күйінде түйістіреді.
2. Егелген тіс тұқылына вазелин жағады.
3. Уақытша сауыт үшін полимер материал дайындап, оны қалпақшаға салады. Полимерлену қамыр тәрізді сатыға жеткенде, «қалпақша-полимер» жүйесін тұқылға орнатады. Науқастың жақ сүйектері орталық окклюзия күйінде болады.
4. Резеңке тәрізді сатыда «қалпақша-полимер» жүйесін ауыз қуысынан шығарады.
5. Ауызды сода ерітіндісімен мұқият шайған соң шырышты қабатты сутегінің асқын тотығы ерітіндісімен өңдейді.
6. Полимерлеу сатысы басталғанда қатты дене, қалпақша үшкір шпательмен кесіліп, уақытша сауыттан алынады.
7. Сауытты тұқылға орнатып, қажетті жағдайда мойны және окклюзия беті бойынша түзетеді (тістем биік болса).
8. Сауыт түзетілген болса, оны тегістеп жылтыратады.
9. Сауытты алынбайтын құрылым ретінде тіске уақытша бекітеді. Әдістемені қатар тұрған 1-2 тісті жеке сауыттармен протездегенде ғана қолданады.
Осы әдістің негізгі кемшілігі – уақытша құрылымда бекіткен соң тісаралық түйіспенің болмауы.
