Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТІССАУЫТ АҚАУЛАРЫН ЕМДЕУ Акмарал.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
36.2 Mб
Скачать

Блэк, в.Ю.Миликевич, г.А.Гаркуша бойынша, тістің зақымданған бетінің атаулары бойынша тістің сауыт бөлігі жарақаттарының жіктемесі (классификациясы)

Тістің сауыт бөлігі зағымданған кезде тіссауыттағы қуыс Блэк бойынша жіктеледі. Ол 5 кластан тұрады (5.1.-сурет).

  1. Сызаттар мен жасанды шұңқырларда пайда болатын қуыстар. Оларда барлық қабырғалар сақталады.

  2. Үлкен азу тістер мен кіші азу тістердің түйісетін бетінің қуыстарында. Бұндай ақаулар тіс арасындағы байланысты құртады.

  3. Кескіш шеті мен бұрыштарын сақтай отырып, алдыңғы тістердің түйісетін бетінде орналасқан тісжегілік қуыстар.

  4. Кескіш шеті жартылай немесе толықтай бұзылған кезде алдыңғы тістерде пайда болатын қуыстар.

  5. Тіс мойнының маңайында қызылиек алды бөлігінде (мойын маңы қуысында) орналасқан тісжегілік қуыс.

Б лэк бойынша ақаулардың І-ІІ кластары кезінде шайнау тістері сауыттарындағы қатты тіндердің бұзылыс деңгейінің көрсеткіші (индексі) ретінде м.ғ.д., профессор В.Ю. Миликевич тістің окклюзиялық бетінің бұзылыс индексі, яғни, ТОББИ (ИРОПЗ) – тістің окклюзиялық бетінің бұзылу индексі түсінігін енгізді. Ол «қуыс-пломба» аумағы көлемінің тістің шайнау бетіне қатынасын көрсетеді (5.2.-сурет).

5.2-сурет. Тістің сауытты бөлігіндегі окклюзиялық беттің бұзылу деңгейі.

Қуыстың немесе пломбаның аумағы қалыңдығы 1 мм оргәйнектен тұратын мөлдір пластинаға жағылған 1 мм2-ден бөлінген үйлестіру торларын қою арқылы анықталады. Тор шаршыларының әр жақтары тістің бергі бетінің бағытымен біріктіріледі. Нәтижелер 0,5 мм2 дәлдікпен шаршы (квадрат) миллиметрмен беріледі.

ТОББИ-ді тез анықтау үшін В.Ю. Миликевич Блэк бойынша І-ІІ класс қуыстары кезінде тістердің қатты тіндеріндегі ақаулардың үш негізгі типтік көлемі бар қондырғы (щуп) ұсынады.

Егер ТОББИ көлемі 0,2 мен 0,6 аралығында болса, металдан құйылған салмалары бар немесе тістерді қайта жаңғыртудың басқа да түрлері қолданылған шайнау тістерін емдеу көрсетілген.

Тістің беті 0,6 (60%) бұзылған жағдайда жасанды сауыттар қолданылады, ал 0,8 (80%) кезінде – штифті құрылымдар пайдаланылады.

Г.А. Гаркуша тістің қатты тіндерінің патологиялық жіктемесін оның деңгейі бойынша классификациялауды ұсынады: І деңгей – тістің дөңестері мен кескіш шеттері қажалады; ІІ деңгей – сауыт байланыс аймағына дейін қажалады (сауыттың жартысына дейін); ІІІ деңгей – сауыттың қызылиекке дейін толықтай қажалуы.

ДСҰ классификациясы бойынша, тістің зақымданған беті «О» әріптік белгісі пайдаланылған жағдайда – окклюзиялық беттің қуысы; «Д» - байланыс бетінің қуысы; «М» - мезиальды, байланыс бетіндегі қуыс; «П» - мойын маңы бетінің қуысы; «МО» - окклюзиялық және мезиальды бетінің қуысы.

Тістің қатты тіндері патологиясының американдық классификациясы бес кластан тұрады: алдыңғы, ауыздық, мезиальды, дистальды, шайнау (кескіш).

Ортопедиялық ем кезінде кеңінен пайдаланылатын жасанды тіссауыттар. Оларды келесі белгілер бойынша жүйелеуге болады:

1. Сауыттар көрсетілімдері бойынша қалыпқа келтіретін, емдік, бекіткіш, тіреуіш, шендеуіш, уақытша, эстетикалық, профилактикалық, ортодонтиялық деп бөлінеді.

2. Құрылымы немесе тісті қамту көлеміне қарай:

а) толық;

ә) экваторлық;

б) штифті сауыт;

в) телескопиялық сауыт;

г) жартылай сауыт және төрттен үш бөлікті сауыт.

3. Әзірлену әдісі бойынша:

а) штамптау әдісі;

ә) құйылмалы;

б) қыздырып біріктіру;

в) нығыздау (престеу);

г) компьютерлік фрезерлеу;

д) гальванопластика әдісі;

е) қысым арқылы полимерлеу әдісі.

4. Материалына байланысты:

а) металды (болат, алтын, кобальтті-хромды құймалар, күміс-палладий, титан);

ә) металды емес (пластмассалы, керамикалық, ситаллдан жасалған, циркониден жасалған).