Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТІССАУЫТ АҚАУЛАРЫН ЕМДЕУ Акмарал.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
36.2 Mб
Скачать

Уақытша сауытты өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау

Уақытша полимер сауытты өзі қататын акрил пластмассасынан дайындаудың бұл әдістемесі өте қарапайым. Сауыт егелген тістің тұқылында полимерді еркін қалыптау жолымен тура дайындалады. Сауыт кейіннен ауыз қуысында жетіледі, ол үшін артық бөліктерді тегістеу негізінде сауыт мүсінделеді. Жасанды сауыт түсін түстеме арқылы оңай таңдауға болады.

А лайда осы әдіспен жасалған уақытша сауыттардың сыртқы беті онша тегіс болмайды. Себебі полимерлеу қысымсыз жүреді, осының салдарынан кеуек, әдетте, көп болады. Мұның өзі тіс қағының пайда болуына әкеледі. Полимерлеу кезінде пластмассаға целлофан не полиэтилен үлдір (пленка) арқылы түсіруге болады. Мұндай дайындауда шырышты қабатты химиялық, уытты түрде зақымдап, аллергиялық реакцияны тудыруға болады. Дайындау тәсілі: (5.6.-сурет)

5.6-сурет. Уақытша сауытты өздігінен қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау.

1. Сауыт түсін өзі қататын бітеме (пломба) материал түстемесіне қарай таңдайды.

2. Егелген тіс тұқылына және шырышты қабықтың жақын жатқан бөлігіне, қатар тұрған және қарама-қарсы тістерге оқшаулау материалын, мысалға, вазелинді жұқалап жағады, бұл полимерленетін пластмассаның қажетсіз әсерін тежейді.

3. Өзі қататын пластмассаны дайындап, оны қамыр күйінде тұқылға жағады.

4. Науқас орталық окклюзия күйінде тістерін түйістіреді, ал дәрігер шпательмен ауыз сыртынан пластмасса дайындамаға болашақ сауыт сұлбасын береді, содан соң дайындама балауыз қабатпен не полиэтилен/целлулоид жұқа қабығымен жабылады.

5. Жақ сүйегін ашпай науқас аузына суды не су-сода ерітіндісін аузында толтырып ұстайды (2-3 рет қайталауға болады). Полимерлеуді үдету үшін сұйықтық жылы болуы мүмкін (40-50˚С), бірақ, бұл жағдайда пластмассада кеуек пайда болуы мүмкін.

6. Пластмассаның полимерленуінің резеңке тәріздес сатысында дайындаманы мұқият ауыз қуысынан шығарады. Полимерленуді қатты күйге дейін жеткізуге болады, бірақ бұл кезде дайындаманы ауыз қуысынан шығару қиын болады, себебі пластмасса қатар тұрған тістердің экватор асты кеңістігінде бекиді. Бұл жағдайда сауыт түсіру құралын, мысалға, Э.В.Копп аппаратын пайдалануға болады. Мұнда шырышты қабат пластмасса дайындама орналасу аймағында уытты-химиялық зақымдануы мүмкін.

7. Науқас бірнеше рер аузын шаяды (мысалға, сода ерітіндісімен), бір уақытта шырышты қабат сутегі тотығымен өңделеді.

8. Абразив құралдарының көмегімен пластмасса дайындаманы өңдеп, оған сауыттың қажетті анатомиялық қалыбын береді.

9. Дайындаманы тіс тұқылына орнатып, уақытша сауыттың қалыбын пластмассаны тегістеу арқылы соңғы рет мүсіндейді, артикуляцияны түзетеді.

10. Сауытты тегістеп, жылтыратып, оны бір уақытта тісте бекітеді. Осы әдісті пайдаланғанда тіс тұқылы мен сауытты тығыз түйістіру үшін жиі уақытша құрылымның ішкі бөлігін түзетеді.

Уақытша сауытты стандартты жасанды пластмасса тістерден және өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау

Ұсынылған әдістеме жалпыға қолайлы, себебі жасанды тістер алмалы-салмалы тістерді дайындағанда қалған жиынтықтан оңай таңдалады. Ал ауыз бөлігін қалпына келтіру үшін арзан ақ не қызғылт түсті өзі қататын пластмассаны пайдалануға болады. Сауыттың вестибуляр бөлігі мүсінделмейді (5.7.-сурет).

5 .7.-сурет. Уақытша сауытты стандартты жасанды пластмасса тістерден және өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау.

Мұнда сауыт түсін дәл таңдау жеткілікті. Сауыт жасанды тістің тегіс вестибуляр бетіне ие, мұның өзі тіс қағының пайда болу мүмкіндігін азайтады. Бірақ осы сауытты дайындап пайдаланғанда өзі қататын пластмасса протез орны және өрісі тіндеріне жайсыз ықпал етіп, аллергиялық реакция туындауы мүмкін.