- •5.1. Тіссауыттағы ақаулардың пайда болу себептері, тексеру ерекшеліктері Тіс ақауларының және жасанды тіссауыттардың жіктелуі
- •Блэк, в.Ю.Миликевич, г.А.Гаркуша бойынша, тістің зақымданған бетінің атаулары бойынша тістің сауыт бөлігі жарақаттарының жіктемесі (классификациясы)
- •Жасанды сауыттардың түрлері
- •Жасанды сауыттарға қойылатын талаптар
- •5.2. Тістің сауытты бөлігін металды штампталған сауытқа лайықтап егеу ережелері мен реті
- •5.3. Сурет. Тістің қатты тіндерін егеуге арналған алмас кескіш аспаптардың (борлардың) түрлері: а – конус тәрізді; ә – торпеда тәрізді; б – цилиндр тәрізді; в – жасымық тәрізді.
- •Тіс қатарынан қалып алудың әдістемесі
- •Штампталған (металды) сауытты кигізіп көру әдістемесі
- •Протезді цементке бекіту
- •5.3. Тұтас құйылған металл сауыттар
- •5.4. Пластмасса сауыттар
- •Тістің сауыт бөлігін пластмасса сауыт астына егеу әдістемесі
- •Пластмасса сауытты дайындау технологиясы
- •Пластмасса тіссауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.5. Металл-керамикалық сауыттар
- •Металл-керамикалық сауытты әзірлеу үшін науқасты тексерудің ерекшеліктері
- •Металл-керамикалық сауыт түсін анықтау
- •Металл-керамикалық сауытқа тіс егеудің ортақ принциптері
- •Тістерді егеу алгоритмі
- •Алдыңғы топтағы тістерді егеу
- •Бүйір топтағы тістерді егеу
- •5.1. Кесте. Әр түрлі тістердегі кертпе енінің ең жоғарғы мәндері
- •Екі қабатты қалып алу әдісі
- •Құйма қалпақшаны кигізіп көру шарасы
- •Металл-керамикалық сауытты тексеру және тапсыру
- •Металл-керамикалық тіс протездеріне тістерді одонтоегеу кезінде пайда болатын жергілікті асқынулардың алдын алу және оларды кешенді қорғау. Одонтоегеу кезінде тістерді қорғау
- •Одонтоегеу кезінде тіс ұлпасын зақымдайтын факторлар және қорғау тәсілдері
- •Уақытша (провизорлық) сауыттарды дайындау
- •Уақытша сауытты өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Уақытша сауытты стандартты жасанды пластмасса тістерден және өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Дайындау тәсілі
- •Өздігінен қататын пластмассаны қолданып, тіссауыттың анатомиялық пішініне сәйкес келетін целлулоид (полиэтилен) қалпақша көмегімен уақытша тіссауытты тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Тұтас құйылған және металл-керамикалық сауыттарды қолдану кезіндегі қателіктер мен асқынулар
- •5.6. Металл-пластмассалы сауыттар
- •5.7. Металсыз сауыттар
- •Металсыз сауытты дайындаудың клиникалық кезеңдері.
- •Ипс эмпресс жүйесі
- •5.27. Сурет. Фронтальді учаскедегі нығыздалған тұтас керамикалық сауыт. Дайын тұтас керамикалық сауыт.
- •Тұтас керамикалық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Әр түрлі тұтас керамикалық жүйелерге шолу
- •5.8. Винирлер, салмалар, штифті құрылымдар
- •Винирлерді дайындау кезеңдері
- •Блэк бойынша і класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша II класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша ііі және IV класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша V класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Салманың балауыз үлгісін жасау
- •Құйылған тұқылды штифтілі салманы дайындау
- •Тұқылды штифтілі салманы өздігінен қататын пластмассадан дайындау
- •Көп түбірлі тістерге құйылған тұқылды штифтілі салмалар дайындау
- •Ричмонд бойынша және Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс
- •Л.В. Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс дайындау кезеңдері
- •Пластмассадан жасалған штифтілі тіс
- •Алынбайтын ортопедиялық конструкцияларды алуға арналған саймандар
Одонтоегеу кезінде тіс ұлпасын зақымдайтын факторлар және қорғау тәсілдері
Ортопедиялық емдеу кезеңдері |
Зақымдаушы факторлары |
Қорғау әдістері
|
Одонтоегеу кезінде |
Гипертермия |
Суыту |
Кептіру |
Үздіксіз ылғалдандыру |
|
Вибрация
|
Біртіндеп, үзіп-үзіп егеу. Тіске түсетін абразивтің тиімді қысымы. Бор айналымының тиімді жылдамдығы. Абразивтің тиімді диаметрі мен физикалық-механикалық қасиеттері. Өткір абразивті аспап. Бормашинаның барлық айналмалы бөліктерін орталықтандыру. |
|
Одонтоегеуден кейін |
Микроорганизмдер |
Пленкатүзгіш организмдер |
Химиялық тітіркендіргіштер |
Провизорлы сауыттар |
|
|
Температура ауытқулары |
Одонтотропты пасталарды жергілікті қолдану + провизорлы сауыттар |
Ауыз сұйықтығы |
Тісті антисептикалық өңдеу + провизорлы сауыттар |
Уақытша (провизорлық) сауыттарды дайындау
Тісті егеуге пульпаның ықтимал реакциясының алдын алу үшін уақытша сауыт қолданады. Оның үстіне окклюзия беттері егеу салдарынан қарама-қарсы тістермен түйісуден ұзақ уақыт бойы ажыраған тіске протезді салу қаншалықты қиын екені белгілі.
Уақытша сауыт салу егелген тістердің протез дайындау кезеңінде ығысуына жол бермейді. Психикасы тұрақсыз, алдыңғы тістерінің пішінінің, шамасының, түсінің бұзылуын ауыр қабылдайтын пациенттер үшін провизор сауыттары эстетикалық және әлеуметтік тұрғыдан маңызды.
Тіс кемістігінде пайдаланатын уақытша протездерді С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ортопедиялық стоматология кафедрасында Т.К. Алдабергенова ұсынған (1997). Мұндай протез қолжетімді, дайындалуы қарапайым, композит материалының не тез қататын пластмассаның физика-механикалық және физика-химиялық қасиеттері тиімді болғандықтан, егелген тістерді жақсы қорғайды.
Клиникалық, зертханалық әдістер дәлелдегендей, акрилаттар және композит материалдарынан (қалдықты мономері алынған) әзірленген уақытша протездердің дәстүрлі түрде жасалатын протездерге қарағанда артықшылығы болады.
Уақытша сауытты акрилаттар мен композит материалдарынан дайындау мына кезеңдерден тұрады: егелген тістен екі қабатты қалып алу, берік ғаныштан модель құю, сауытты балауызбен үлгілеу, балауызды композитке ауыстыру. Кейін отпен өңдеу арқылы қалдықты мономерді шығару, мұның өзі уақытша сауыттың кері әсерін жояды. Ақыры-соңы уақытша сауыт дайындау.
Уақытша провизорлық «қорғау» полимер сауыттары тісті егегеннен кейін металл-керамикалық, металл-пластмасса керамикалық алынбайтын протездерді тура дайындау кезінде кеңінен пайдаланылады. Уақытша қорғау сауыттарын қолдану науқастың протездеу кезеңіндегі эстетикалық түрін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге олар ұлпаны қорғап, тіс өміршеңдігін, қызылиек саулығын сақтайды, шайнау, сөйлеу қызметін атқарады.
Уақытша сауыттар тұрақты протездердің көптеген талаптарына сай келуі тиіс. Олардың сипаттамалары мыналарды қамтуы тиіс:
- тіс пішіні мен қызметін қалпына келтіру және жақсарту;
- қызылиек шырышты қабатының аз реакциясын қамтамасыз етуі;
- жақсы гигиеналық қасиеттері;
- жеткілікті беріктігі, күтілетін мерзімдегі төзімділігі;
- астында жатқан тіс тіндерінің өміршеңдігін, тұтастығын қамтамасыз етуі;
- қызмет ету жайлылығы;
- сыртқы әсем келбеті.
Оған қоса мұндай сауыттарға мынадай клиникалық талаптар қойылады:
- олар қызылиек қалтасында орналаспауы керек;
- қызылиекке дейін 0,1-0,5 мм дейін жетпеуі шарт;
- уақытша сауыттың ішкі беті егелген тіс тұқылының қатты тіндерімен тығыз жанасуы қажет, себебі сауыт уақытша бекіту материалына отырғызылады.
Уақытша сауыт тіске жеңіл отырғызылып, керек жағдайда тез алынғаны дұрыс, мұнда құрылыс тұтастығы сақталуы тиіс.
Тістердің қорғау құрылымдары үшін мына полимерлер қолданылады:
- акрилат;
- поликарбонат;
- целюллоид.
Уақытша сауыттар мынадай материалдан дайындалуы мүмкін:
- тез қататын биакрилат композит материалдарынан (БисДжет, Протемп, Люксатемп, Провитекс, Ультратрим);
- еселеніп полимерленген биакрилат композит материалынан (Айзотемп, Провилионт, т.б.).
Уақытша сауыттар тура және тура емес әдіспен әзірленеді.
