- •5.1. Тіссауыттағы ақаулардың пайда болу себептері, тексеру ерекшеліктері Тіс ақауларының және жасанды тіссауыттардың жіктелуі
- •Блэк, в.Ю.Миликевич, г.А.Гаркуша бойынша, тістің зақымданған бетінің атаулары бойынша тістің сауыт бөлігі жарақаттарының жіктемесі (классификациясы)
- •Жасанды сауыттардың түрлері
- •Жасанды сауыттарға қойылатын талаптар
- •5.2. Тістің сауытты бөлігін металды штампталған сауытқа лайықтап егеу ережелері мен реті
- •5.3. Сурет. Тістің қатты тіндерін егеуге арналған алмас кескіш аспаптардың (борлардың) түрлері: а – конус тәрізді; ә – торпеда тәрізді; б – цилиндр тәрізді; в – жасымық тәрізді.
- •Тіс қатарынан қалып алудың әдістемесі
- •Штампталған (металды) сауытты кигізіп көру әдістемесі
- •Протезді цементке бекіту
- •5.3. Тұтас құйылған металл сауыттар
- •5.4. Пластмасса сауыттар
- •Тістің сауыт бөлігін пластмасса сауыт астына егеу әдістемесі
- •Пластмасса сауытты дайындау технологиясы
- •Пластмасса тіссауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.5. Металл-керамикалық сауыттар
- •Металл-керамикалық сауытты әзірлеу үшін науқасты тексерудің ерекшеліктері
- •Металл-керамикалық сауыт түсін анықтау
- •Металл-керамикалық сауытқа тіс егеудің ортақ принциптері
- •Тістерді егеу алгоритмі
- •Алдыңғы топтағы тістерді егеу
- •Бүйір топтағы тістерді егеу
- •5.1. Кесте. Әр түрлі тістердегі кертпе енінің ең жоғарғы мәндері
- •Екі қабатты қалып алу әдісі
- •Құйма қалпақшаны кигізіп көру шарасы
- •Металл-керамикалық сауытты тексеру және тапсыру
- •Металл-керамикалық тіс протездеріне тістерді одонтоегеу кезінде пайда болатын жергілікті асқынулардың алдын алу және оларды кешенді қорғау. Одонтоегеу кезінде тістерді қорғау
- •Одонтоегеу кезінде тіс ұлпасын зақымдайтын факторлар және қорғау тәсілдері
- •Уақытша (провизорлық) сауыттарды дайындау
- •Уақытша сауытты өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Уақытша сауытты стандартты жасанды пластмасса тістерден және өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Дайындау тәсілі
- •Өздігінен қататын пластмассаны қолданып, тіссауыттың анатомиялық пішініне сәйкес келетін целлулоид (полиэтилен) қалпақша көмегімен уақытша тіссауытты тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Тұтас құйылған және металл-керамикалық сауыттарды қолдану кезіндегі қателіктер мен асқынулар
- •5.6. Металл-пластмассалы сауыттар
- •5.7. Металсыз сауыттар
- •Металсыз сауытты дайындаудың клиникалық кезеңдері.
- •Ипс эмпресс жүйесі
- •5.27. Сурет. Фронтальді учаскедегі нығыздалған тұтас керамикалық сауыт. Дайын тұтас керамикалық сауыт.
- •Тұтас керамикалық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Әр түрлі тұтас керамикалық жүйелерге шолу
- •5.8. Винирлер, салмалар, штифті құрылымдар
- •Винирлерді дайындау кезеңдері
- •Блэк бойынша і класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша II класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша ііі және IV класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша V класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Салманың балауыз үлгісін жасау
- •Құйылған тұқылды штифтілі салманы дайындау
- •Тұқылды штифтілі салманы өздігінен қататын пластмассадан дайындау
- •Көп түбірлі тістерге құйылған тұқылды штифтілі салмалар дайындау
- •Ричмонд бойынша және Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс
- •Л.В. Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс дайындау кезеңдері
- •Пластмассадан жасалған штифтілі тіс
- •Алынбайтын ортопедиялық конструкцияларды алуға арналған саймандар
Металл-керамикалық тіс протездеріне тістерді одонтоегеу кезінде пайда болатын жергілікті асқынулардың алдын алу және оларды кешенді қорғау. Одонтоегеу кезінде тістерді қорғау
Одонтоегеу – сырт көзге қарапайым болып көрінетін алдамшы және дәрігердің аз ғана мерзім ішінде ықпал ететін, бірақ тіске кейде күшті әрі қауіпті жарақаттық әсері бар үдеріс.
Бұл сәттің өзіне тән ерекшелігі – механикалық жарақат, гипертермия, кептіру, вибрация және микробтық енуі сияқты зақымдаушы факторлардың болуы жатады. Осылайша, одонтоегеу кезінде тістерге көпфакторлы жарақат әсер еткендіктен, кешенді профилактикалық емшаралар жүргізіледі.
Тісті егеу кезінде жүргізілетін профилактикалық шаралар
1. Оталау аймағын суыту және тістің шамадан тыс қызуына жол бермеу:
үзіп-үзіп егеу,
өткір абразивті құрал,
бор айналымының тиімді жылдамдығы,
сумен суыту,
бордың тіске түсіретін тиімді қысымы 100 гр/мм2 аспау керек.
2. Кеуіп кетуің алдын алу – оталау аймағын біртіндеп дымқылдатып тұру.
3. Вибрацияны болдырмау – барлық айналып тұрған құралдарды орталықтандыру.
4. Ұштық арқылы оталау аймағын әлсіз антисептиктер ерітінділерін пайдалану егеу кезінде микроб инвазиясының алдын алуға мүмкіндік береді.
Егеп болған соң тістерді қорғау. Егеліп болған соң тіс жарақат «алаңына» айналады. Егеу кезінде функциональдық жағынан қорғағыш тін болып табылатын кіреуке (эмаль) беті толықтай алынып тасталады да, перифериялық дентин ашық қалады.
Осылайша, егелген тіске ауыз қуысының қарапайым факторлары да зақымдаушы рөлін атқаруы мүмкін: микрофлора, температураның ауытқуы, ауыздағы сұйықтық және басқа да химиялық факторлар. Сонымен қатар, одонтоегелген тістерден кейінгі тіс тіндерінде осы операция кезінде дамып кеткен патологиялық өзгерістер сақталып қалады. Сонымен қатар тісті қорғайтын жабынды рөлін атқарған кіреукенің болмауына байланысты, жаңадан басқа да патологиялық өзгерістердің туындауы әбден мүмкін.
Әсіресе, қорғағыш тосқауыл-кіреукенің болмауы – одонтобласт өсінділері зақымданып, жатқан дентин өзектерінің жарақаттанып, ашылуына әкеледі, содан егелген тістер термиялық, химиялық және механикалық тітіркендіргіштерге реакция береді.
Сондықтан да, операциядан кейін жүргізілетін шаралар екі құрылымнан тұрады: 1) егелген тістердің ұлпасы мен маргинальды пародонты тарапынан пайда болған асқынулардың профилактикасы; 2) егелген тістердің қатты тіндері тарапынан пайда болған асқынулардың профилактикасы. Сонымен қатар одонтоегеуден кейінгі тістердің тепе-теңдігін сақтап, тістердің алмасуының алдын алу да маңызды міндеттің бірі болып табылады.
Отадан соң тұрақты жасанды тістер салғанша, егелген тістерді қорғау тіс бетінің жоғалтқан жабынын жасанды материалмен ауыстыру арқылы жаралы бетіне емдік дәрі-дәрмектерді салуға негізделеді. Осы мақсатта егелген тіске уақытша (провизорлы) сауыттар әзірленеді.
Провизорлы сауыттар, сөзсіз, егелген тістерді отадан кейін термиялық-химиялық, микробты және механикалық әсерлерден қорғай алады. Дегенмен, олар зақымдалған тіске өздігінен ешқандай емдік әсер ете алмайды.
Уақытша сауыттың басты міндеттерінің бірі – егеуден кейінгі дентин немесе ұлпаға емдік препарат болу.
Барлық ережелер мен талаптар кешенін сақтай отырып, тістерді егеудің заманауи әдістерін пайдалану керамикалық, металл-керамикалық және тұтас құйылған алынбайтын протездерді әзірлеу кезінде оң нәтижеге жетуге кепіл болады. Себебі тіс протездерінің алынбайтын құрылымдарын пайдалану арқылы ортопедиялық ем жасаудың тиімділігі тістің қатты тіндерінің егелу сапасына тәуелді.
Төменде біз тістерді одонтоегеу кезінде зақымдаушы факторлар мен тістерді қорғаудың тәсілдерін келтіреміз. Қорғау әдістерін дұрыс пайдалану одонтоегеуден кейін тіс тіндерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Егеудің заманауи әдістерін пайдаланғанда ережелер кешені толық орындалған жағдайда керамикалық, металды-керамикалық, тұтас құйылған алынбайтын протездерді табысты дайындауға болады. Тістердің қатты тіндерін егеу сапасы алынбайтын тіс протездерін пайдалану арқылы ортопедиялық емдеу тиімділігіне үлкен әсер етеді. Төмендегі кестеде одонтоегеу кезіндегі жарақаттау факторлары мен тістерді қорғау әдістері келтірілген. Қорғау әдістерін дұрыс қолдану тіс тіндерінің одонтоегеуден кейінгі сақталуын қамтамасыз етеді.
