- •5.1. Тіссауыттағы ақаулардың пайда болу себептері, тексеру ерекшеліктері Тіс ақауларының және жасанды тіссауыттардың жіктелуі
- •Блэк, в.Ю.Миликевич, г.А.Гаркуша бойынша, тістің зақымданған бетінің атаулары бойынша тістің сауыт бөлігі жарақаттарының жіктемесі (классификациясы)
- •Жасанды сауыттардың түрлері
- •Жасанды сауыттарға қойылатын талаптар
- •5.2. Тістің сауытты бөлігін металды штампталған сауытқа лайықтап егеу ережелері мен реті
- •5.3. Сурет. Тістің қатты тіндерін егеуге арналған алмас кескіш аспаптардың (борлардың) түрлері: а – конус тәрізді; ә – торпеда тәрізді; б – цилиндр тәрізді; в – жасымық тәрізді.
- •Тіс қатарынан қалып алудың әдістемесі
- •Штампталған (металды) сауытты кигізіп көру әдістемесі
- •Протезді цементке бекіту
- •5.3. Тұтас құйылған металл сауыттар
- •5.4. Пластмасса сауыттар
- •Тістің сауыт бөлігін пластмасса сауыт астына егеу әдістемесі
- •Пластмасса сауытты дайындау технологиясы
- •Пластмасса тіссауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.5. Металл-керамикалық сауыттар
- •Металл-керамикалық сауытты әзірлеу үшін науқасты тексерудің ерекшеліктері
- •Металл-керамикалық сауыт түсін анықтау
- •Металл-керамикалық сауытқа тіс егеудің ортақ принциптері
- •Тістерді егеу алгоритмі
- •Алдыңғы топтағы тістерді егеу
- •Бүйір топтағы тістерді егеу
- •5.1. Кесте. Әр түрлі тістердегі кертпе енінің ең жоғарғы мәндері
- •Екі қабатты қалып алу әдісі
- •Құйма қалпақшаны кигізіп көру шарасы
- •Металл-керамикалық сауытты тексеру және тапсыру
- •Металл-керамикалық тіс протездеріне тістерді одонтоегеу кезінде пайда болатын жергілікті асқынулардың алдын алу және оларды кешенді қорғау. Одонтоегеу кезінде тістерді қорғау
- •Одонтоегеу кезінде тіс ұлпасын зақымдайтын факторлар және қорғау тәсілдері
- •Уақытша (провизорлық) сауыттарды дайындау
- •Уақытша сауытты өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Уақытша сауытты стандартты жасанды пластмасса тістерден және өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Дайындау тәсілі
- •Өздігінен қататын пластмассаны қолданып, тіссауыттың анатомиялық пішініне сәйкес келетін целлулоид (полиэтилен) қалпақша көмегімен уақытша тіссауытты тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Тұтас құйылған және металл-керамикалық сауыттарды қолдану кезіндегі қателіктер мен асқынулар
- •5.6. Металл-пластмассалы сауыттар
- •5.7. Металсыз сауыттар
- •Металсыз сауытты дайындаудың клиникалық кезеңдері.
- •Ипс эмпресс жүйесі
- •5.27. Сурет. Фронтальді учаскедегі нығыздалған тұтас керамикалық сауыт. Дайын тұтас керамикалық сауыт.
- •Тұтас керамикалық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Әр түрлі тұтас керамикалық жүйелерге шолу
- •5.8. Винирлер, салмалар, штифті құрылымдар
- •Винирлерді дайындау кезеңдері
- •Блэк бойынша і класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша II класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша ііі және IV класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша V класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Салманың балауыз үлгісін жасау
- •Құйылған тұқылды штифтілі салманы дайындау
- •Тұқылды штифтілі салманы өздігінен қататын пластмассадан дайындау
- •Көп түбірлі тістерге құйылған тұқылды штифтілі салмалар дайындау
- •Ричмонд бойынша және Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс
- •Л.В. Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс дайындау кезеңдері
- •Пластмассадан жасалған штифтілі тіс
- •Алынбайтын ортопедиялық конструкцияларды алуға арналған саймандар
Құйма қалпақшаны кигізіп көру шарасы
Құйма қалпақша егелген тіске кигізіледі. Егер ол дұрыс бкітілмесе, онда дымқыл көшірме қағазын қалпақша астына салады да, тіреуіш тіске қояды. Ішкі беттің аймақтарының таңбаларын алған соң алмас ұшымен егейді. Шараны бірнеше рет қайталаған соң қалпақша өз орнына дұрыс орнығу керек. Содан кейін қалпақшаның тіс мойнына дәл кигізілуі тексеріледі.
Қалпақшаның антагонист тістермен бөлектену деңгейі және керамиканың әрлемелік қабатына арналған орын көлемі ең соңынан анықталады. Егер қалпақша барлық қойылған талаптарға сәйкес болса, онда оны керамикалық қабаттың түсін анықтап алып, керамикалық қабат жасау үшін зертханаға жібереді.
Керамикалық массаны жағу технологиясы бірнеше зертханалық кезеңдерден тұрады. Құмаққыш аппаратта өңдегеннен кейін қалпақшада тотық пленка пайда болады. Белгілі әдіс бойынша төсеме қабат, одан соң анатомиялық пішінді қалыпқа келтіре отырып, дентинді қабат жағылады. Содан соң табиғи тістер түсінің гаммасы ескеріле отырып, эмальді қабат жағылады. Керамикалық массаның вакуумдық күйдіру температурасы 750º-930º болған жағдайда бірнеше рет керамикалық масса нұсқаулығына байланысты жүзеге асырылады.
Металл-керамикалық сауытты тексеру және тапсыру
Дайындалған сауыттың сапасын тексеру оны ғаныш модельде тексеруден басталады. Анатомиялық пішінінің дәлдігіне, антагонист тістердің түйісу сипаты мен тісаралық түйіспе орындарының болуына аса мән беріледі, тістің қызылиек жанына сауыт шетінің отыруы бағаланады. Дезинфекцияланған сауыт ауыз қуысындағы тіреуіш тіске кигізіліп, модельдерде жасалған іс-шаралар қайталанады.
Сауыттың егелген тіс тұқылына нақты бекітілгеніне көз жетікізілгеннен соң анатомиялық пішін бағаланады. Бәрінен бұрын оның симметриялық орналасқан тістермен сәйкестігі тексеріледі. Қажет болған жағдайда, тиісті өзгерістер енгізіледі. Ол үшін өрнекті алмас тастармен керамикалық қабаттың бір бөлігі алынып, зертханалық әдіспен қосымша керамикалық қабат салынады. Керамика түсі мен табиғи түстердің сәйкестігіне аса жоғары мән беріледі.
Жекелеген жағдайларда табиғи түстер гаммасы өте күрделі болса, бояғыш заттар да қолданылады. Көп жағдайда бояу процесі бірден жүзеге асырылса, кейде металл-керамикалық сауыт кигізіліп болған соң іске асады.
Әшекейлеу (глазурьлеу) табиғи тіс кіреукесіне тән керамикалық қабатқа жылтырлық беру үшін жасалады. Ауыз ішінде керамикалық қабаттың сапасын бағалаған соң сауытты тағы да зертханаға жібереді, дәрігердің микрорельефке байланысты жасаған нұсқаулары бойынша жөндетіледі, керамиканың беті тегістеліп, ажарланады, ағын суда щеткамен мұқият жуылады. Қажет болса, кептірілген протезге аздап арнайы бояу жағылады. Арнайы әшекейлегіш сұйықтық арқылы вакуумсыз әшекейлеу жүргізіледі.
Бояп болған соң керамикалық тіс эмальға тән жылтыр түс алады. Табиғи тістер эмалінің түс ерекшеліктеріне сәйкес сипат алатын керамикалық жабындының бояғаннан кейін эстетикалық қасиеті арта түседі. Дайын сауытты кигізу кезінде соңғы эстетикалық сипаттың болуын қадағалау шарт. Ол үшін дайын сауыт тіреуіш тіске кигізіледі. Сыртқы көрінісімен қатар сауыттың функционалдық құндылығы да тексеріледі. Көп жағдайда ол қатар тұрған тістер мен антагонистердің протезбен өзара қатынасына байланысты болып келеді.
Тіс қатарының доғасын қалпына келтіру жақ сүйекке шайнау қысымын ұтымды бөлуге мүмкіндік туғызады. Ал окклюзиялық беттерді дұрыс мүсіндеу антагонист тістердің парадонтына түсетін функциялық артық жүктемені және алдын-ала түйіспені болдырмайтын профилактикалық шараға жатады.
Жасанды сауыттың әзірлену сапасы тексерілгеннен кейін, дәрігер оны тіреуіш тіске цементпен бекітуге кіріседі. Ол үшін ең алдымен сауыт дезинфекцияланады, сосын кептіріледі. Тіреуіш тісті сілекейден қорғау үшін мақта салынады да, оның беті кептіріледі (жылы ауамен).
Ереже бойынша бекіткіш цементті сұйық консистенция түрінде араластырады. Бұл оның егелген тіс тұқылын ұстап тұрған сауыт шетінен еркін шығуына қажет. Аса қою цемент консистенциясы жасанды сауыттың толық кигізілмеуіне әкеп соқтырады. Әзірленген цемент сауыт ішінің үштен бір бөлігі толтырылып, орналастырылады. Клиникалық шпательдің ұшымен сауыттық бүйір беттеріне оның шетіне дейін цемент жағылады. Сауытты тіреуіш тіске кигізген соң науқас тіс қатарын қатты қысып ұстауы керек. Қатып қалған цемент біршама күш жұмсамай-ақ жасанды сауыттан 20-30 минуттан соң алынып тасталады. Бұл жерде шеткі пародонтты зақымдап алудан сақтанған жөн. Науқасқа алғашқы 2-3 сағатта тістерін ыждағатпен күту керектігін ескерту тиіс. Қатты тағам жемеу керек. Протезге күш түсірмеу цементте жүретін кристализация процесінің толыққандылығын қамтамасыз етеді.
Егер науқас протездің эстетикалық сапасына көңілі толып, тістерді бір-біріне тигізгенде ешқандай ыңғайсыздық байқамаса, протезді тіреуіш тістерге бірден орнатып тастаған абзал. Алайда кейбір жағдайларда уақытша бекіту қажет болады.
Уақытша бекіту қандай да бір асқыну байқалған кезде протезді бұзбай, олардың көзін жоюға мүмкіндік береді. Бұндай асқынуларға жарақаттық пульпит, түбір ұшы периодонтиті, керамикалық әрлеменің түсіп қалуы, түстің сәйкессіздігі, т.б. жатады. Уақытша бекіткіш үшін Tempbond, репин және т.б. материалдар пайдаланылады.
Егер уақытша бекіткен уақыт аралығында асқыну байқалмаса, науқас шағым айтпаса, протез алынып, қайта қаралып, патология байқалмаған жағдайда, цементпен біржола бекітіледі. Біржола бекіту үшін әртүрлі цементтерді пайдалануға болады: фосфат-цемент, унифас, рауцем, адгезор, адгил, силидонт; полимерлі цементтер: супербонд, 3М Релай Экс ARC; шыны-ионмерлі: витакрил, мерон, аква-сем, фуджи, цемин М Ketac-Cem, т.б.
Бүгінгі таңда металл-керамикалық сауытпен протездеудің алдыңғы қатарлы озық әдістерін қолдану мүмкіндіктері бар. Бірінші келген уақытта треуіш тістер егеліп, екі қабатты қалып алынады, екіншісінде – дайын протез тапсырылады. Металл-керамикалық протез әзірлеудің жеделдетілген әдісі үш нақты шарттардан тұрады: дәлме-дәл құйма, технологиялық кезеңдердің нақты сақталуы, тіс технигі мен дәрігердің жоғары кәсіби біліктілігі мен тәжірибесі. Дәстүрлі әдіс кезінде протезді әзірлеу кезеңдері дәрігерге үш рет барудан тұрады.
