- •5.1. Тіссауыттағы ақаулардың пайда болу себептері, тексеру ерекшеліктері Тіс ақауларының және жасанды тіссауыттардың жіктелуі
- •Блэк, в.Ю.Миликевич, г.А.Гаркуша бойынша, тістің зақымданған бетінің атаулары бойынша тістің сауыт бөлігі жарақаттарының жіктемесі (классификациясы)
- •Жасанды сауыттардың түрлері
- •Жасанды сауыттарға қойылатын талаптар
- •5.2. Тістің сауытты бөлігін металды штампталған сауытқа лайықтап егеу ережелері мен реті
- •5.3. Сурет. Тістің қатты тіндерін егеуге арналған алмас кескіш аспаптардың (борлардың) түрлері: а – конус тәрізді; ә – торпеда тәрізді; б – цилиндр тәрізді; в – жасымық тәрізді.
- •Тіс қатарынан қалып алудың әдістемесі
- •Штампталған (металды) сауытты кигізіп көру әдістемесі
- •Протезді цементке бекіту
- •5.3. Тұтас құйылған металл сауыттар
- •5.4. Пластмасса сауыттар
- •Тістің сауыт бөлігін пластмасса сауыт астына егеу әдістемесі
- •Пластмасса сауытты дайындау технологиясы
- •Пластмасса тіссауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.5. Металл-керамикалық сауыттар
- •Металл-керамикалық сауытты әзірлеу үшін науқасты тексерудің ерекшеліктері
- •Металл-керамикалық сауыт түсін анықтау
- •Металл-керамикалық сауытқа тіс егеудің ортақ принциптері
- •Тістерді егеу алгоритмі
- •Алдыңғы топтағы тістерді егеу
- •Бүйір топтағы тістерді егеу
- •5.1. Кесте. Әр түрлі тістердегі кертпе енінің ең жоғарғы мәндері
- •Екі қабатты қалып алу әдісі
- •Құйма қалпақшаны кигізіп көру шарасы
- •Металл-керамикалық сауытты тексеру және тапсыру
- •Металл-керамикалық тіс протездеріне тістерді одонтоегеу кезінде пайда болатын жергілікті асқынулардың алдын алу және оларды кешенді қорғау. Одонтоегеу кезінде тістерді қорғау
- •Одонтоегеу кезінде тіс ұлпасын зақымдайтын факторлар және қорғау тәсілдері
- •Уақытша (провизорлық) сауыттарды дайындау
- •Уақытша сауытты өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Уақытша сауытты стандартты жасанды пластмасса тістерден және өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Дайындау тәсілі
- •Өздігінен қататын пластмассаны қолданып, тіссауыттың анатомиялық пішініне сәйкес келетін целлулоид (полиэтилен) қалпақша көмегімен уақытша тіссауытты тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Тұтас құйылған және металл-керамикалық сауыттарды қолдану кезіндегі қателіктер мен асқынулар
- •5.6. Металл-пластмассалы сауыттар
- •5.7. Металсыз сауыттар
- •Металсыз сауытты дайындаудың клиникалық кезеңдері.
- •Ипс эмпресс жүйесі
- •5.27. Сурет. Фронтальді учаскедегі нығыздалған тұтас керамикалық сауыт. Дайын тұтас керамикалық сауыт.
- •Тұтас керамикалық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Әр түрлі тұтас керамикалық жүйелерге шолу
- •5.8. Винирлер, салмалар, штифті құрылымдар
- •Винирлерді дайындау кезеңдері
- •Блэк бойынша і класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша II класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша ііі және IV класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша V класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Салманың балауыз үлгісін жасау
- •Құйылған тұқылды штифтілі салманы дайындау
- •Тұқылды штифтілі салманы өздігінен қататын пластмассадан дайындау
- •Көп түбірлі тістерге құйылған тұқылды штифтілі салмалар дайындау
- •Ричмонд бойынша және Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс
- •Л.В. Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс дайындау кезеңдері
- •Пластмассадан жасалған штифтілі тіс
- •Алынбайтын ортопедиялық конструкцияларды алуға арналған саймандар
5.1. Кесте. Әр түрлі тістердегі кертпе енінің ең жоғарғы мәндері
-
Тіс формуласы
Кертпе ені, мм
32, 31, 41, 42
0,3-0,5
13, 11, 21, 23, 33, 43
1,0-1,2
12, 22
0,7
17, 16, 15, 14, 24, 25, 26, 27, 47, 46, 45, 44, 34, 35, 36, 37
0,7-1,0
Ең төменгі мәндегі кертпені (кертпе символы) төменгі кескіштердің анатомиялық сипатын және тіс бетіне пульпаның қаншалықты жақын орналасқанын ескере отырып, төменгі аймағында жасайды. Жоғарғы жақ сүйектің күрек тістерінде және екі жақ сүйектің сүйір тістерінде кертпенің ең жоғары мәндегі ені 1,0 мм шамасынан аспайды. Ал жоғарғы жақ сүйектің бүйірлік күрек тістерінде - 0,7 мм. Кіші азу тістер мен үлкен азу тістердің кертпесінің ені мен пішіні болашақ сауыттың құрылымына байланысты. Ал оның ені 1,0 мм-ден аспауы тиіс.
Кертпе жасаудың бұзылған тіссауытты сәтті қайта жөндеуге тікелей қатысы бар.
Бұрын кертпені дәстүрлі түрде қызылиек астына терең орналастыратын. Яғни тіс-қызылиек жыраларына. Бүгінде сауыт шетін қызылиекке аса тереңдетіп кіргізу пародонт тіндерінде қабыну процестері басталуының негізгі факторы деп саналады.
Кертпенің маргинальды қызылиекпен бір деңгейде немесе оның қызылиек үстінде орналасуы тістің қатты тіндері мен жасанды сауытқа тиетін тұстарында тиянақты гигиена сақтауға мүмкіндік беретіндіктен, ең тиімді болып табылады.
Алайда тіс-қызылиек жырасы әртүрлі тереңдікте орналасатындықтан, қызылиек асты кертпе деңгейін нақты сандық белгімен емес, науқастың тіс-қызылиек тереңдігінің жекелеген ерекшеліктеріне қатысты жасау ұсынылады.
Мамандардың барлығы металл-керамикалық сауытқа тіреуіш тістерді егеу кезінде айналмалы (циркуляциялық) кертпе жасамайды. Осы кезде тек қана вестибулярлы жағынан ғана кертпе жасайды, ал мезиальды және дистальды жағынан кертпенің оральді бағытына қарай біртіндеп азайтып, оральді жағында мүлдем жасамайды немесе жай ғана кертпенің белгісін (символын) жасап қояды. Бұл жерде сауыттың шеті әрленбейді, металл бөлігі алқа («гирлянда») ретінде қалдырылады. Нәтижесінде сауыт шеті мен тістің қатты тіні арасында конгруэнттілік (беттерінің сәйкестігі) байқалады.
Екі қабатты қалып алу әдісі
Металл-керамикалық протез әзірлеген кезде протез орнындағы тіндерді нақты көрсететін базисті (бағдарланған) және коррекцияланған (нақтылайтын) екі қабаттан тұратын қалыптар ғана қолданылады.
Қалып – протез орнында немесе оның шекаралас бөлігінде орналасқан қатты және жұмсақ тіндер бетінде көрінетін негативті көрініс. Протез орны – тіс протезімен тікелей байланысқа түсетін, өзіне протез әсер ететін аймақта орналасқан жақ сүйек тіндерін қосатын мүшелер мен тіндер кешені.
Қалыптар өзінің қызметіне қарай – жұмыс қалпы, көмекші қалып деп бөлінсе, қысым жасау дәрежесіне қарай – қысым азайтатын, компрессионды, дифференциялайтын деп бөлінеді. Ал әдістемесі бойынша – анатомиялық және функционалдық. Қалыпқа арналған негізгі материалдар бар: қатаятын, термопластикалық, эластикалық.
Қатаятын материалдарға ғаныш жатады. Оның ISO стандартына сәйкес қатаю дәрежесіне қарай бес түрі бар (жұмсақ, орташа, қатты, мөлшерден тыс қатты, тым қатты).
Цинкоксидэвгенольды материалдар қатаятын материалдарға жатады және негізгі және катализаторлы деп аталатын екі паста түрінде шығарылады. Оларға репин, вертекс жатады.
Термопластикалық калып материалдары пластина немесе таяқша түрінде шығарылады, суда жылытылады. Оларға стенс, ортокор, стомапласт, ксантиген жатады.
Эластикалық материалдар – альгинатты, полисульфидті, полиэфирлі, силиконды. Альгинатты – натрий альгинаты, пакеттер мен банкаларға салынған ұнтақ түрінде шығарылады. Өкілдері: стомальгин, упен, эластик, воколоид, альгинмакс, кромальгин, бисико-хроминат және т.б.
Силиконды материалдар – Сиэласт – 69, 03, 05; Вигален – 30, 35; Эрлосил; Сильбопласт – В, Н. Экзофлекс, Дентофлекс, Зетаплюс, Reprosil NE, Ксантропен және т.б.
Қалыпты дезинфекицялау үшін 2%-дық глутар альдегид, формальдегид пайдаланылады. Орташа алғанда қалыпты 10 минутқа салып қою керек.
Екі қабатты қалып алған кезде ең алдымен қызылиек ретракциясы жасалады. Бұл қызылиек науашығының ашылуы және оған сұйық коррекциялайтын қабаттың кіруі үшін қажет.
Емшараның аса ауырсыну сезімдерін тудыратынына байланысты, қызылиек ретракциясы анестезиямен жасалады. Қызылиек ретракциясының әдістері – механикалық, механикалық-химиялық, хирургиялық.
Ретракциялық сұйықтық (Epipak, Gingitrack) сіңірілген шыт мата жібімен қызылиек науашығын ашуға негізделетін механикалық әдіс ең зақымдамайтын әдіс болып табылады.
Мехникалық-химиялық ретракция кезінде әртүрлі диаметрлі сақина таңдалып, ретракциялық сұйықтыққа салынады. Сосын 15-20 минутқа – қызылиек науашығына енгізіледі.
Қызылиектің ретракциясы пародонтит, жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары кезінде жасалмайды.
Екі қабатты қалып алудың әдістемесі: қызылиекті ретракциялау мен базисті (бастапқы) қалып алудан, нақтылайтын екінші қалыпты металл стандартты қасықпен алудан тұрады.
Кейбір жағдайларда екінші қабаты бар қасықты жекелеген аймақтарға қойған кезде бірінші қабат жаншылып қалады. Бұл жағдайда тіс егеуге дейін бірінші (базисті) қабат алынады.
Егеп болғаннан кейін соңғы коррекцияланатын қабат алынады. Екінші қабатта егелетін тіс қалыңдығына аралық қалады. Бұл нақты қалып алуға көмектеседі.
Қалып алудың бір сәтте алатын әдісі бар. Тіс егеліп болғаннан кейін қызылиек ретракциясы жүргізіледі, қалыптың екі қабаты да (бірінші, екінші) араластырылып, қасыққа бірінші қабат салынады, оның үстіне – екінші қабат, бір мезгілде пісекпен (шприцпен) қызылиек науашығына коррекциялайтын қабат енгізіледі де, тіске қасық қойылады. Бұл әдіс протез орнына тіндердің аса нақты таңбасын қалдыруға ықпал етеді.
Зертханада алынған қалыптарды аса берік ғаныштан тіреуіш тістері бар құрамдалған модель жасауға пайдаланады. Бұдан әрі бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылады: ғаныш ретенциялық штивтер салынып, ғаныш қатқан соң модель тіреуіш тіс арасында кесіліп, өңделеді, сосын тіс тұқылы лакпен боялады (екі рет). Қалпақша әзірлеу үшін арнайы балауыз керек. Мүсінделіп болғаннан кейін модельден қалпақша алынып, құю зертханасына металға ауыстыру үшін тапсырылады.
Қалпақшаның аса жоғары сапасы 0,4-0,5 мм қалыңдыққа сәйкес келеді. Өңдеп болғаннан кейін қалпақша тегіс болуы тиіс; өткір бұрыштары мен қырлары болмағаны жөн, тістің кертпесіне дәл келіп, құймалық шұңғылша (раковина) болмай толық құйылғаны дұрыс.
Металл-керамикалық протездердің қалыбын алу кезінде қолданылатын кейбір қорытпалар мен массаларды айтып кеткен жөн:
- никель-хромды қорытпа (вирон-77, вирон-88, жемени-П, ультратек),
- кобальт-хромды, алтын (дегудент), алтын мен платина (пантоллойд), негізінде жасалған қорытпа,
- алтын мен палладий (бегостар),
- пайдаланылатын керамикалық «Vita», «Ducera», «Noritaki», «IPS-classik», «Ceramco», «Дизайн» массалары.
Барлық талаптарға сай қалпақша жұмыстың модельге жақсылап кигізіледі. Металл қалпақшаның дайындалу сапасы клиникада тексеріледі. Ол үшін осы жұмыстық модельді қалпақшамен бірге дәрігерге тапсырады.
Екінші клиникалық кезеңде дәріге модельде құйылған қалпақшаға назар салады, яғни оның сыртқы қабатының өңделу сапасына, шұңғыланың болмауына, құйылу сапасына, тістің ғаныш тұқылына, дәл кигізіліп көрілуіне, артикуляторда белгіленген жақ сүйектердің ғаныш моделіндегі болашақта жасалатын керамикалық қабат қалыңдығын ескере отырып, қалпақшаның қатар тұрған тістер мен антагонист тістер қатынасына мән береді. Қалпақша мен қатар тұрған және антагонист тістер арасындағы саңылауды анықтайды.
Қалпақша мен қатар тұрған тістердің арасында саңылау керамикалық қабатқа жеткізілксіз болса, оның себебі анықтау керек. Біріншіден, ол тіреуіш тістің тиісті дәрежеде дайындалмауынан болады. Яғни, егелген тіс тіні металл-керамикалық сауыт қалыңдығына сәйкес келмеген. Екіншіден, қалың құйылған қалпақша да керамиканың біраз орнын алуы мүмкін. Үшіншіден, тістің ғаныш тұқылында құйылған қалпақшаның дұрыс кигізілмеуі біршама орынды тарылтады. Осы айтылған себептердің біреуі анықталып жатса, ақаудың көзін кетіру туралы мәселені шешу қажет болады. Талаптарға сәйкес келетін қалпақша дезинфекцияланып, ауыз қуысының тіреуіш тісінде тексеріледі.
