- •5.1. Тіссауыттағы ақаулардың пайда болу себептері, тексеру ерекшеліктері Тіс ақауларының және жасанды тіссауыттардың жіктелуі
- •Блэк, в.Ю.Миликевич, г.А.Гаркуша бойынша, тістің зақымданған бетінің атаулары бойынша тістің сауыт бөлігі жарақаттарының жіктемесі (классификациясы)
- •Жасанды сауыттардың түрлері
- •Жасанды сауыттарға қойылатын талаптар
- •5.2. Тістің сауытты бөлігін металды штампталған сауытқа лайықтап егеу ережелері мен реті
- •5.3. Сурет. Тістің қатты тіндерін егеуге арналған алмас кескіш аспаптардың (борлардың) түрлері: а – конус тәрізді; ә – торпеда тәрізді; б – цилиндр тәрізді; в – жасымық тәрізді.
- •Тіс қатарынан қалып алудың әдістемесі
- •Штампталған (металды) сауытты кигізіп көру әдістемесі
- •Протезді цементке бекіту
- •5.3. Тұтас құйылған металл сауыттар
- •5.4. Пластмасса сауыттар
- •Тістің сауыт бөлігін пластмасса сауыт астына егеу әдістемесі
- •Пластмасса сауытты дайындау технологиясы
- •Пластмасса тіссауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.5. Металл-керамикалық сауыттар
- •Металл-керамикалық сауытты әзірлеу үшін науқасты тексерудің ерекшеліктері
- •Металл-керамикалық сауыт түсін анықтау
- •Металл-керамикалық сауытқа тіс егеудің ортақ принциптері
- •Тістерді егеу алгоритмі
- •Алдыңғы топтағы тістерді егеу
- •Бүйір топтағы тістерді егеу
- •5.1. Кесте. Әр түрлі тістердегі кертпе енінің ең жоғарғы мәндері
- •Екі қабатты қалып алу әдісі
- •Құйма қалпақшаны кигізіп көру шарасы
- •Металл-керамикалық сауытты тексеру және тапсыру
- •Металл-керамикалық тіс протездеріне тістерді одонтоегеу кезінде пайда болатын жергілікті асқынулардың алдын алу және оларды кешенді қорғау. Одонтоегеу кезінде тістерді қорғау
- •Одонтоегеу кезінде тіс ұлпасын зақымдайтын факторлар және қорғау тәсілдері
- •Уақытша (провизорлық) сауыттарды дайындау
- •Уақытша сауытты өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Уақытша сауытты стандартты жасанды пластмасса тістерден және өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Дайындау тәсілі
- •Өздігінен қататын пластмассаны қолданып, тіссауыттың анатомиялық пішініне сәйкес келетін целлулоид (полиэтилен) қалпақша көмегімен уақытша тіссауытты тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Тұтас құйылған және металл-керамикалық сауыттарды қолдану кезіндегі қателіктер мен асқынулар
- •5.6. Металл-пластмассалы сауыттар
- •5.7. Металсыз сауыттар
- •Металсыз сауытты дайындаудың клиникалық кезеңдері.
- •Ипс эмпресс жүйесі
- •5.27. Сурет. Фронтальді учаскедегі нығыздалған тұтас керамикалық сауыт. Дайын тұтас керамикалық сауыт.
- •Тұтас керамикалық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Әр түрлі тұтас керамикалық жүйелерге шолу
- •5.8. Винирлер, салмалар, штифті құрылымдар
- •Винирлерді дайындау кезеңдері
- •Блэк бойынша і класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша II класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша ііі және IV класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша V класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Салманың балауыз үлгісін жасау
- •Құйылған тұқылды штифтілі салманы дайындау
- •Тұқылды штифтілі салманы өздігінен қататын пластмассадан дайындау
- •Көп түбірлі тістерге құйылған тұқылды штифтілі салмалар дайындау
- •Ричмонд бойынша және Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс
- •Л.В. Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс дайындау кезеңдері
- •Пластмассадан жасалған штифтілі тіс
- •Алынбайтын ортопедиялық конструкцияларды алуға арналған саймандар
Алдыңғы топтағы тістерді егеу
1. Алдыңғы тістердің вестибулярлы иінін ескере отырып, вестибулярлы беттегі егеудің тереңдігін реттейтін жыралар жасау. Бірінші болып инцизальді бөлікте 2 жыра егеледі. Сосын тіс сауытының вестибулярлы бетінің мойын бөлігіндегі 3 жыра егеледі.
2. Кескіш аймақтағы егеу тереңдігін реттейтін екі жыра жасау.
3. Жыралар жасаған тереңдікте кескіш шетті егеу ұшы дөңгелектенген фиссуралы алмас борлардың көмегімен жүзеге асырылады.
4. Тіссауыттың вестибулярлы бетін инцизальді егеу берілген жыралармен жасалған тіссауыттың тереңдігінде жүзеге асырылады.
5. Жыралармен жасалған тереңдіктің вестибулярлы бетінің мойын тұсын егеу, кертпе жасау.
6. Шар тәрізді бордың көмегімен тіссауыттың таңдай бетінде шұңқырлар қалыптастыру.
7. Белгіленген тереңдікке сай тістің таңдай беті жасымық тәрізді бормен егіледі. Ұлпаға зиян келтірмеу үшін байқап егеген дұрыс.
8. Тістің проксимальды бетінің сепарациясын абайлап жасау керек. Қатар тұрған тістердің интакті сауыттарын зақымдап алмау керек.
9. Тістің таңдай бетінің мойыналды аймағын егеу және проксимальды бетін көркемдеу торпеда тәрізді бор көмегімен жүзеге асырылады.
10. Тістің вестибулярлы беті мен вестибулярлы беті кертпесін соңғы рет көркемдеп, безендіру ұшы дөңгеленіп келген торпеда тәрізді бормен жүзеге асырылғаны дұрыс.
Бүйір топтағы тістерді егеу
Тістің окклюзиялық бетінен қатты тіндерді алған кезде ұшы дөңгеленіп келетін фиссуралы алмас бор пайдаланылады. Ол бордың кіру тереңдігін реттейтін жыралардың жасалуына арналған. Жыраның тереңдігі қажеті мөлшерде 1,0-1,5 мм болу үшін функционалдық төмпешіктерде 1,5 мм, ал функционалдық емес төмпешіктерде – 1,0 мм тіс егелуі тиіс. Бордың жұмыс істейтін бөлігінің кіру тереңдігін егеу үшін пайдаланылатын алмас бордың диаметрімен салыстыра отырып өлшеуге болады.
Тіссауыттың окклюзиялық бетін егеу қалыптасқан жыралар арасында қалған қатты тіндерді алып тастаудан тұрады. Төмпешік контурын қайталайтын және тістің бетінің морфологиясын қайталайтын жазықтықтардан окклюзиялық бет пайда болады. Осы ережеге сүйене отырып қатты тіндерді тиімді егеуге болады. Алдыңғы кезеңдегідей ұшы дөңгеленіп келетін фиссуралы алмас бор қолданылады.
Функционалдық төмпешіктегі қиыс алдыңғы кезеңдерде қолданылған сол ұшы дөңгеленген фиссуралы алмас бормен жүргізіледі. Бор антагонист тістердің төмпешіктерінің еңкейген жазықтықтарына параллель және ішке қарай еніп тұруы тиіс. Әдетте ол осьтік қабырғамен 45 градустық бұрыш жасайды.
Вестибулярлық және тілдік бетті егеу бір мезгілде кертпе тәрізді анық сызық түзуге мүмкіндік беретін торпеда тәрізді алмас бормен жүзеге асырылады. Кертпе соңғы сызық ретінде болғаны жөн. Себебі сонда ол анық көрінеді және қалыпқа оңай түседі: тіс пен сауыт шетінде үйлесімді ауысым жасап, қажетті қалыңдықтағы сауыт шетіне арналған кеңістікпен қамтамасыз етеді. Егер соңғы сызықты міндетті түрде қызылиек жырасындағы қызылиек астына кіргізу керек болса, онда алдымен оны қызылиек үстінде қалыптастырып алып, сосын оны тереңдігінің ортасынан төмендетпей біртіндеп абайлап кіргізу керек. Бұндай қадам бор ұшының шеткі пародонт тіндерінің аса зақымдалуына жол бермей, тіс-қызылиек науашығына кіруге мүмкіндік береді.
Тістің сепарациясы тіс тіндерінің интерпроксимальдылығы сақталған вестибулярлы бетінен басталады, сөйтіп қысқа әрі конус тәрізді алмас бордың көмегімен жүзеге асырылады.
Борды тік ұстап тұрып біраз қысым түсіре отырып, тілге қарай жоғары, төмен жылжытады. Егер қажеті кеңістік болса, егелетін тіс бетін теп-тегіс еткенше жіңішке алмас борды алдыға, артқа жылжыта береді.
Торпеда тәрізді бормен проксимальды бет бойынша жүріп өту керек. Бұл кертпе түрінде соңғы сызық жасап, егеудің осьтік тереңдігін арттырады. Сонымен қатар, сауыттың шетінің мөлшерден асып кетуіне әкеліп соқтыратын проксимальды бетті жеткіліксіз егеуден қорғайды. Үйлесімді соңғы сызықты жасауға аса мән бере отырып, әрбір өтпелі аймақта қосымша егеу жұмыстары жүргізіледі.
Мойын тұсында кертпе жасау. Металл-керамикалық сауытқа арнап тісті егеудің басты ерекшелігі тіс-қызылиек жыраға қатысты деңгейде алынбайтын тіс протезінің құрылымын бекіту үшін мойын тұсында кертпесін жасау болып табылады.
Ортопедиялық стоматология тәжірибесінде сауыт шетінің қызылиек асты орналасуының жоғары эстетикалық мәні бар. Бірақ бұл көп жағдайда гингивит пен пародонттың сәйкес бөліктеріндегі қабыну үдерістеріне әкеліп соқтыратыны жасырын емес. Егер науқаста пародонтит болса, онда оның асқынуына және қызылиек рецессиясына душар етеді. Егер керамикалық сауыт қызылиек шетінің деңгейінде орналасса, оның қалыңдығы науқасқа ауыз қуысының толыққанды гигиенасын сақтауға мүмкіндік бермейді. Пародонттың шеткі тіндері үшін тіс-қызылиек жыраларының көлемін және болашақ сауыт шетінің қалыңдығын есепке ала отырып кертпе жасау ең оңтайлы болып табылады.
Толық керамикалық сауыттар үшін кертпе окклюзиялық күштерге қарсы тосқауыл бола алады, функционалдық жүктемені реттейді және тіс протезінің сынуына алып келетін қысымды азайтады. Дегенмен, кертпені жасау үлкен дәрігерлік шеберлікті қажет етеді, өте дәлдікпен істелетін әрекет қатарына жатады.
Кертпелердің түрі көп. Оларға бұрышы 90˚,135˚, қиысы 45˚, науашық тәрізді және кертпе белгісіне ұқсас түрі жатады. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір протез құрылымына қарай жасалады.
Зерттеулер көрсеткендей, науашық тәрізді кертпе сауыт шетінде пайда болатын қысымды азайтады. Осылайша осы аймақтағы конструкциялық материалдың сыну мүмкіндігі төмендейді. Науашық алмас бордың бүйір жағының көмегімен осьтік егеу жүргізіліп жатқан кезде осы құралдың ұшымен жасалады.
Қиысы бар кертпе құйылған сауыт пен салмаға арнап тісті егеу кезінде қолданылады (inlay, onlay және overlay). Кертпенің қиысы немесе еңісті қиыс массасы бар металл-керамикалық сауытты пайдаланған кезде керамикадағы қысым концентрациясын төмендетеді. Кертпенің осындай түрі бұрын әзірленген сауыт болғанда, не тісжегілік ақаудың пішіні салдарынан кертпесі бар аймақтарда да қолданылуы мүмкін. Қиысы бар кертпе толықтай керамикадан құйылған сауыттарда пайдаланылмайды. Себебі, оның жасалуына қажетті осьтік егеу тістің қатты тіндерінің біршама көлемін алып тастауды талап етеді.
Мамандардың басым бөлігі металды-керамикалық құрылымға өте жоғары эстетикалық қасиет беретіндей кертпені 135º етіп жасауға ұсыныс береді. Бұл жасанды сауыт шетінің маргинальды пародонт тіндеріне теріс әсер беру қаупін төмендетіп, бекітетін материалдың шайылып кетуіне қарсы тұрады. Әртүрлі тістерде кертпе ендері әртүрлі болуы мүмкін: 0,3 - 1,2 мм (5.1. кесте).
