Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТІССАУЫТ АҚАУЛАРЫН ЕМДЕУ Акмарал.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
36.2 Mб
Скачать

Металл-керамикалық сауытқа тіс егеудің ортақ принциптері

Тістің қатты тіндерін егеу технологиясы емдеу әдістерін таңдау және тіс протезінің құрылымдық ерекшеліктерімен анықталады. Және де тістің әртүрлі топтарындағы ұлпалық қуыстың орналасуының топографиялық ерекшеліктерін білуді қажет етіп, науқастың жас мөлшеріне, тіс қатарының окклюзиялық ерекшеліктеріне, абразивті борлардың, олардың функционалдық бағыттарының, кескіш құралдың айналу жылдамдығына, егелетін тіске түсірілетін қысымға, суыту сапасына тәуелді.

Жасанды сауытқа арналып егелетін тіреуіш тістер өзінің сәйкес топқа жататындықтарын көрсететін белгілерін сақтап қалуы тиіс.

Алдыңғы топтың витальді тістерді егеу кезінде алдыңғы тістер қабырғасының қалыңдығының жас мөлшерлік ауытқулары мен қауіпсіздік аймақтары туралы Н.Г. Аболмасовтың деректеріне сүйенген дұрыс:

1) азу тістерінің:

- кескіш шетімен;

- экватор деңгейінде оральді және вестибулярлы беттерінен;

- мойын тұсынан;

2) алдыңғы тістердің:

- кескіш шетімен;

- экватор деңгейінде оральді, вестибулярлы және контактілі беттерінен;

- оральді және вестибулярлы беттерінен мойын тұсынан.

Жас ұлғайған сайын алдыңғы тістердің барлығында қауіпсіздік аймағы кеңейеді. Сонымен қатар кескіш шетте көбірек, ал тіл бетінде азырақ, экватор деңгейінде көп болып, мойын тұсында тарылады. Тістің басқа қабырғаларында қалыңдық аз ғана артады. Күрек тістердің ең қауіпті жерлері сауыттың төмпешік пен кескіш шетінің ортасындағы оральді иілген тұсы болып табылады. Сонымен қатар түйіспе қабырғалары экватор мен мойын тұсында ең кіші қалыңдықта болады. Жоғарғы жақ сүйектегі сүйір тістерде бұндай аймақ қатарына сауыттың оральді иілгіш тұсы және мойын тұсындағы мезиальды түйіспе қабырғасы, ал төменгі сүйір тістерде осы деңгейдегі дистальды қабырға жатады.

Тістерді егеу алгоритмі

Тісті егеу кейде кіреуке-дентинге дейін өтіп кететін шағын жарақатты сызықтар түріндегі кіреуке құрылымындағы өзгерістерге әкеп соқтырады. Бұл кішкене сызықтар кіреуке призмасының бағытына сәйкес ұзын және кіреуке призмасын бөлетіндей қиғаш болуы мүмкін.

Бұл құрылымдық өзгерістердің көрініс табуына тікелей әсер ететін көптеген факторлар бар. Оның ішіне тісті егеу (одонтоегеу) әдісін жатқызуға болады. Кіреукелік призмалар тіс бетіне әртүрлі бұрышпен шығады. Егер бұрыш бағытының эмальді призмаға шығу бағыты абразивті құралдың механикалық әсерінің векторына сәйкес келсе, онда беттің деструкциясы төмен болып келеді. Егер сәйкестік болмаса, деструкция ең көп мөлшерде көрініс табады.

Сондықтан тістің вестибулярлы және оральді беттерін егеген кезде кескіш шетке қарай мойын тұсынан немесе шайнау бетінен бастаған дұрыс. Абразивті әсердің векторы егеу бағытына сәйкес болуы шарт. Кіші және үлкен азу тістердің шайнау бетін егеуді төмпешіктен фиссураға қарай, сауыттың бүйір бетінен тіс осінің ортасына қарай жүргізу керек.

Бүйір топтағы тістерді егеу белгілі бір ретпен жүргізіледі.

Бірінші кезең – окклюзиялық бетпен бірге қатты тіндерді егеу. Жоғары функционалдық және эстетикалық әсер алу үшін, сонымен қатар металды қаңқаның қалыңдығы 0,3 пен 0,6 мм аралығында болатынын (қолданылатын қорытпаға байланысты), ал керамикалық әрлеме 0,7-1,2 мм болатынын ескеріп, керамика бөлігінің тіреуіш тістер мен антагонистер арасында қалып қалмас үшін 1,2-2,0 мм саңылау қалдыру керек.

Екінші кезең – вестибулярлы (жақ) және оральді (таңдай, тіл) беттерін егеу.

Тірек тістің вестибулярлы және оральді беттерін егеу келесідей жүзеге асырылады. Кері конус пішініндегі алмас бормен қызылиек бойымен, қызылиекке 0,3-0,5 мм жетпей жыра жасалады. Оның тереңдігі 1,0 мм-ді, жоғарғы жақ сүйектің бүйір күрек тістерінде – 0,7 мм-ді, төменгі жақ сүйек күрек тісінде – 0,3-0,5 мм-ді құрайды.

Одан әрі цилиндр тәрізді ірі түйіршікті алмас бормен тістің қатты тіндері вестибулярлы және оральді беттерінде жырадан кескіш шетіне дейін тегістеледі.

Үшінші кезең – табиғи тістер сауытының проксимальды (мезиальды және дистальды) сепарациясы. Тіреуіш тістің қатар тұрған тістен сепарациялау мен бөлу үшін жұқа алмасты конус тәрізді борды пайдаланған дұрыс. Бұл кезде қызылиек шетіне 0,3-0,5 мм жетпей 90º бұрышпен алдын-ала кертпе салып сәл жылжыту керек.

Алдыңғы топтағы вестибулярлы және оральді беттерді егеу кезінде алмас бордың бағыты тіс бетіне параллель болуы тиіс. Ал сепарация кезінде ұлпаның жарақатынан пайда болатын қауіпті біразға дейін азайтатын тістің осіне параллель болуы шарт.

Алдыңғы топтағы тістердің кескіш шетінің аймағы (немесе бүйір тобындағы тістердің шайнау бетін) мен тістің үштен бір бөлігінің вестибулярлық жағы қиғашталады. Осылайша тұқылға оральді бағыт береді. Бұл берілген аймақта жағатын материалдардың қабатын қалыңдату үшін жағдай жасайды. Бұл металл-керамикалық протездің эстетикалық қасиетін арттырады. Тістердің алдыңғы тобындағы вестибулярлы бетін егеу жұмыстарын басқа әдістер арқылы жүргізуге болады. Цилиндрлі алмас бормен сауыттың вестибулярлы бетінде тіс осінің бойымен барлық периметрі бойынша қызылиек шетінен 0,3-0,5 мм қашықтықта тік жыралар қалыптастырады.

Сосын қызылиек үстінен тістің барлық периметрі бойынша кертпе жасалады. Келесі жолы кертпе тіс-қызылиек сайының түбіне жеткізілмей қалыптастырылады. Бұл әрекетті тістің циркулярлы байламын бұзып алмау үшін абайлап істеген жөн. Егелген тіс сауытының тұқылдары (күрек тістер, сүйір тістер, кіші азу тістер, үлкен азу тістер) кішірейтілген күйінде өзінің анатомиялық пішінін сақтау керек.

Төртінші кезең – берілген деңгейде кертпесіне сәйкес протез қалыптастыра отырып тісті соңғы рет егеу. Қорытынды кезеңде тіреуіш тістерді цилиндр тәрізді орташа түйіршіктелген алмас бормен вестибулярлы және оральді бетке өтетін үшкір бұрыштарды тегістейді, дұрыс егелмеген аймақтарды жөндейді, тіс кемерлерін кетіреді.

Бордың бір жақ қырымен қалыптасқан кертпені қызылиек шетіне жақындатып, тегістейді. Кертпені соңғы рет жөндеу үшін 135° бұрыштық алмас бор пайдаланған дұрыс. Оның көмегімен қиғаш бар иық торпеда тәрізді қатты қорытпалы немесе алмас бор қолданылады. Бұл өз кезегінде 135 градус бұыштық кертпе қалыптастыруға ықпал етеді.