Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТІССАУЫТ АҚАУЛАРЫН ЕМДЕУ Акмарал.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
36.2 Mб
Скачать

Металл-керамикалық сауытты әзірлеу үшін науқасты тексерудің ерекшеліктері

Науқаспен әңгімелескен кезде келесі мәселелерді анықтап сұрап алған дұрыс: тіссауыттың анатомиялық пішінінің біртұтастығының бұзылуы; түсінің өзгеруі; шайнау кезінде тісте сыртқы тітіркендіргіштерден ауырсыну сезімінің пайда болуы; пломбаның түсіп қалуы; тіссауыт шетінің немесе сауыттың толықтай түсіп қалуы; сөйлеу қабілетінің бұзылуы; бет пен жымиюдың эстетикалық нормаларының бұзылуы. Аурудың, науқас өмірінің анамнезін жинаған дұрыс: тіс тісжегінің салдарынан бұзылды ма, емделді ме, егер емделсе неше рет? Аурудың басталуы (тісжегілік емес бұзылыстар) бірнеше айлар немесе бірнеше жылдар бойы жүре беруі мүмкін. Жарақат, тұқым қуалау арқылы пайда болғанын анықтау. Ағзадағы басқа аурулар туралы біліп алған жөн (жүрек-қан тамыр, жүйке, эндокринді жүйелерінің аурулары).

Жергілікті көрінісі: бет-әлпеттің конфигурациясы өзгеріске ұшырамаған, сөйлегенде, жимиғанда науқастың ерін жиегі дұрыс сақталып, фронтальды тістері өзінің жеке даралығын сақтайды.

Ауыз қуысын тексеру: Тіссауыттың ақауы өзінің көлемі мен орналасуына байланысты әртүрлі болып келеді: тісжегілік ақау тістің кез келген бетіне орналасады; сына тәрізді ақау - тістің мойын тұсына, көбіне күрек тістерде, сирек – үлкен азу тістерде; жарақаттық ақау – кесу қырында, төмпешікте, көбінесе фронтальды тістер зақымданады; мөлшерден тіс қажалу – окклюзиялық бетте (кесу қырында, төмпешіктерде); құрылымдағы бұзылыстар (флюороз, гипоплазия) – фронтальды тістердің вестибулярлы бетінен симметриялық аймақтарында; кәсіби зиянның салдарынан тіс құрылымы мен пішінің өзгеруі; ұлпа некрозы мен жарақаттан кейінгі тіс ұлпасына қан кету кезіндегі тіс түсінің өзгеруі; емдеу мен пломбалау әсерінен; суықтан және ыстықтан пайда болған гиперестезия (аса жоғары сезімталдық).

Тістердің орталық окклюзияда түйісуі: тісжегілік бұзылыстар кезінде, жарақат кезінде тіс антагонист тістермен түйісе алмайды, қызметі төмендейді, төменгі жақ сүйек қозғалысы еркін.

Тіс окклюзиясы бұзылған тіс деңгейінде өзгерсе, антагонист тістерде ақау пайда болып, төменгі жақ сүйектің артикуляциялық қозғалысы өзгеруі мүмкін.

Металл-керамикалық сауыт түсін анықтау

1. Таңдау сәті. Егеп болғасын тіс дегидрация салдарынан тым ақ болып кетеді. Сондықтан түс егеу алдында таңдалады.

2. Жарық. Түс стандартты жарық кезінде анықталады: DIN 67505 – жарық күші 1000-2000 lх. Ең дұрыс түс температурасы 5000+1000/-750К аралығында болу керек. Бүгінгі таңда халықаралық заттаңбасы хх-950 жарық трубалары ұсынылады. Мысалы, OSRAM LUMILUX DELUX Daylinght 12-950. 1500 1х-тан үлкен операциялық лампалардың жарығы түсті дұрыс көрсетпейді – тіс түсі тым ашық болып көрінеді. Ал 1500 1х-тан төмен әлсіз жарықта тіс түсі сұрғылттанып көрінеді.

Егер жасанды жарықтандырудың стандартты жағдайы болмаса, онда керамика түсін күннің бірінші жартысында, аспан сәл ғана бұлттанып тұрған кезде солтүстікке қарап тұрған терезеден 1 м қашықтықта таңдау керек. Тәулік мерзіміне байланысты жарықтандырудың арасында көптеген айырмашылықтар бар.

3. Оптикалық көмекші құралдар. Түсті көзілдіріксіз таңдаған дұрыс. Себебі, көзілдірік әйнегінің коюлығынан түсті дұрыс қабылдау мүмкін емес.

4. Айналасы. Тістің жалпы айналасы бейтарап болуы тиіс және де тіс өзінің фонынан сәл ашықтау болғаны дұрыс. Науқас ернінде далап және үстінде ашық түсті киім болмағаны абзал. Ашық түсті киімді ақ матамен жауып қойған дұрыс.

5. Арақашықтық. Түс таңдаған кезде түс шкаласын науқастың аузында қол созым жерде ұстаған дұрыс.

6. Тістің ашықтығы. Тіс түсінің ашықтығын анықтау үшін бөлмедегі жарықты сәл өшіру керек. Бұл ашық және қою түсті ажырауға мүмкіндік береді.

7. Шаршау. Түсті жедел әрі алғашқы әсермен анықтау керек. Өйткені көз 5-7 секунд аралығында шаршап үлгереді. Шаршауды басу үшін біраз уақыт бейтарап аяға (фонға) қарап отырған дұрыс. Сосын ғана түс таңдау керек.

8. Залалсыздандыру. Түс таңдайтын шкаланы әр қолданған сайын залалсыздандырып (дезинфекциялап) тұрған жөн. VITAPAN 3D MASTER шкаласы 140 градусқа дейінгі температурада залалсыздандырылады.

9. Түсті таңдайтын маман. Түс таңдау кезінде тіс технигінің отырғаны абзал.