- •5.1. Тіссауыттағы ақаулардың пайда болу себептері, тексеру ерекшеліктері Тіс ақауларының және жасанды тіссауыттардың жіктелуі
- •Блэк, в.Ю.Миликевич, г.А.Гаркуша бойынша, тістің зақымданған бетінің атаулары бойынша тістің сауыт бөлігі жарақаттарының жіктемесі (классификациясы)
- •Жасанды сауыттардың түрлері
- •Жасанды сауыттарға қойылатын талаптар
- •5.2. Тістің сауытты бөлігін металды штампталған сауытқа лайықтап егеу ережелері мен реті
- •5.3. Сурет. Тістің қатты тіндерін егеуге арналған алмас кескіш аспаптардың (борлардың) түрлері: а – конус тәрізді; ә – торпеда тәрізді; б – цилиндр тәрізді; в – жасымық тәрізді.
- •Тіс қатарынан қалып алудың әдістемесі
- •Штампталған (металды) сауытты кигізіп көру әдістемесі
- •Протезді цементке бекіту
- •5.3. Тұтас құйылған металл сауыттар
- •5.4. Пластмасса сауыттар
- •Тістің сауыт бөлігін пластмасса сауыт астына егеу әдістемесі
- •Пластмасса сауытты дайындау технологиясы
- •Пластмасса тіссауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.5. Металл-керамикалық сауыттар
- •Металл-керамикалық сауытты әзірлеу үшін науқасты тексерудің ерекшеліктері
- •Металл-керамикалық сауыт түсін анықтау
- •Металл-керамикалық сауытқа тіс егеудің ортақ принциптері
- •Тістерді егеу алгоритмі
- •Алдыңғы топтағы тістерді егеу
- •Бүйір топтағы тістерді егеу
- •5.1. Кесте. Әр түрлі тістердегі кертпе енінің ең жоғарғы мәндері
- •Екі қабатты қалып алу әдісі
- •Құйма қалпақшаны кигізіп көру шарасы
- •Металл-керамикалық сауытты тексеру және тапсыру
- •Металл-керамикалық тіс протездеріне тістерді одонтоегеу кезінде пайда болатын жергілікті асқынулардың алдын алу және оларды кешенді қорғау. Одонтоегеу кезінде тістерді қорғау
- •Одонтоегеу кезінде тіс ұлпасын зақымдайтын факторлар және қорғау тәсілдері
- •Уақытша (провизорлық) сауыттарды дайындау
- •Уақытша сауытты өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Уақытша сауытты стандартты жасанды пластмасса тістерден және өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Дайындау тәсілі
- •Өздігінен қататын пластмассаны қолданып, тіссауыттың анатомиялық пішініне сәйкес келетін целлулоид (полиэтилен) қалпақша көмегімен уақытша тіссауытты тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Тұтас құйылған және металл-керамикалық сауыттарды қолдану кезіндегі қателіктер мен асқынулар
- •5.6. Металл-пластмассалы сауыттар
- •5.7. Металсыз сауыттар
- •Металсыз сауытты дайындаудың клиникалық кезеңдері.
- •Ипс эмпресс жүйесі
- •5.27. Сурет. Фронтальді учаскедегі нығыздалған тұтас керамикалық сауыт. Дайын тұтас керамикалық сауыт.
- •Тұтас керамикалық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Әр түрлі тұтас керамикалық жүйелерге шолу
- •5.8. Винирлер, салмалар, штифті құрылымдар
- •Винирлерді дайындау кезеңдері
- •Блэк бойынша і класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша II класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша ііі және IV класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша V класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Салманың балауыз үлгісін жасау
- •Құйылған тұқылды штифтілі салманы дайындау
- •Тұқылды штифтілі салманы өздігінен қататын пластмассадан дайындау
- •Көп түбірлі тістерге құйылған тұқылды штифтілі салмалар дайындау
- •Ричмонд бойынша және Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс
- •Л.В. Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс дайындау кезеңдері
- •Пластмассадан жасалған штифтілі тіс
- •Алынбайтын ортопедиялық конструкцияларды алуға арналған саймандар
Пластмасса тіссауытты кигізіп көру әдістемесі
Әрекет кезеңдері |
Құрал-сайман |
Өзін-өзі бақылау критерийлері |
1. а) дайындық кезеңі; ә) сапаның технологиялық критерийлерін тексеру |
Тіс дәрігерінің креслосы, пластмасса сауыты, құрал-саймандар жинағы, түрлі бұрғылар. |
Қабырға қалыңдығы жеткілікті. Беті жылтыр, тегіс. Кеуек, сызат жоқ, қалпына келген тістің пішініне сай. |
2. Пластмасса сауытты кигізуге кірісу: а) дәрі-дәрмекпен жасанды сауытты өңдеу; ә) тісті асқын тотығының 3% ерітіндісімен өңдеу. |
Көшірме қағаз, түрлі бұрғылар, өздігінен қататын пластмасса. Тіс дәрігерінің шпателі. |
Пластмасса сауыт тіске киілмейді. Себеп – апроксимальды беттердегі пластмассаның артық бөліктері. Көшірме қағаз көмегімен нақтылап, артық пластмассаны фиссуралы және шар тәрізді бұрғылармен кетіру. Ішкі беттегі артық пластмасса нақталып, түрлі бұрғы көмегімен тегістеледі. Сауыт тіс тұқылына тығыз жатуы үшін тиісті түсті өзі қататын пластмассаны ішкі бетке жұқалап жағып, тіске қайта-қайта кигізіп-шығарады, пластмасса қатқанша осылай бірнеше рет қайталайды. Қатқан соң артық пластмассаны тегістеп алып тастайды. Окклюзиялы өзара қатынас, көрші тістермен түйісуі айқындалады. Қажет жағдайда тағы тегістеледі. |
Науқасқа ұсыныс:
1. Алғашқы екі сағатта ауызды шаюға, ас қабылдауға болмайды - цемент қатуы керек.
2. Ауыз қуысы гигиенасын сақтау қажет. Тісті щеткамен және тіс пастасымен тазалап тұру керек.
3. Пластмасса сауыт бояғыш ас өнімдерінен (шайдан, кофеден) түсін өзгертеді. Пластмасса сауытқа аса күш түсіруге болмайды (шишаны ауызбен ашуға, сүйек мүжуге болмайды).
5.5. Металл-керамикалық сауыттар
Өзінің физикалық-химиялық қасиеттері мен биологиялық бейтараптылығы арқасында және эстетикалық артықшылықтарына байланысты металл-керамикалық сауыттар кеңінен пайдаланыла бастады.
Металл-керамикалық протездер қай жағынан алсақ та, эстетикалық және функционалдық талаптарға жауап береді. Бұл факторлар науқас тісінің табиғи түсін бере алатын керамиканың көмегімен қамтамасыз етіледі. Металл-керамикалық протездер фронтальды және шайнау тістері аймағындағы тіс қатары мен тіс ақауларын жою үшін қолданылады.
Осыған байланысты керамиканың өте жоғары эстетикалық қасиеттерімен қоса оның механикалық беріктігі бар протез алу керек. Бұл мәселе тәжірибеге металл-керамикалық протездер енгізілгенде толықтай шешілді деуге болады. Мамандардың алдында тұрған басты міндет металл мен керамиканы сенімді қоса білу болды. Металл қорытпа мен керамика массасын дұрыс қосу керамика массасын күйдірген кезде химиялық қосылыс түзетін тотық қабығын құру жолымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар керамика мен қорытпаның ұлғаюының термиялық коэффициенттерін сәйкестендіру қажет.
Металды-керамикалық протездерді қолданудың көрсетімдері төмендегідей анықталады.
1. Жүре пайда болған (тісжегі, жарақат, сына тәрізді ақаулар, флюороз кезінде, пломбалағаннан кейін немесе дәрі-дәрмек қолданғаннан кейін тіс түсінің өзгеруі, т.с.с.) және туа біткен (көлемнің, пішіннің, тіс орналасуының, қатты тіндер құрылымының ауытқулары және т.с.с.) патологиялық жағдайдың салдары ретінде табиғи тістердің анатомиялық пішіні мен сауыт түсінің өзгеруі;
2. Тістің қатты тіндерінің мөлшерден тыс қажалуы;
3. Ауыстыруды қажет ететін алынбайтын металл протездердің болуы;
4. Тіс қатарының алдыңғы және алдыңғы қырындағы кішкене ақаулардың болуы;
5. Алынбайтын протездердің пластмассалы әрлемесіне аллергияның болуы;
Төмендегі жағдайларда металл-керамикалық протездер қолданылмайды:
1) ұлпасы тірі балалар мен жасөспірімдерге;
2) қабырғасы жұқа тірек тістердің клиникалық сауыттары төмен, ұсақ немесе тегіс болған жағдайда;
3) тіс қатарының ақаулары үлкен болғанда (көпір тәрізді протездердің аралық бөлігінің деформациясы кезінде 3-4 тістен артық тіс болмағанда керамиканың бөлінуіне әкеп соқтырады).
Салыстырмалы түрде қолданылатын қарсы көрсетімдерге төмендегілер жатады:
1) терең күрек тістің жабындысы бар тістем ауытқулары;
2) тірі ұлпасы және шағын клиникалық сауыты бар төменгі жақ сүйектердің күрек тістері.
Металл-керамикалық протезді әзірлеудің клиникалық-зертханалық кезеңдері:
науқасты тексеру және емдеу жоспарын құру;
тістерді егеу және екі қабатты қалып әзірлеу, керамикалық әрлеменің түсін анықтау;
құрамдалған ажырамалы модельді әзірлеу, металл-керамикалық протездің қаңқасын балауызбен мүсіндеу;
құю жүйесін орналастыру, отқа төзімді модель құю, протез қаңқасын алу, қаңқаны кигізіп көру, тегістеу;
металл-керамикалық протез қаңқасын ауыз қуысында кигізіп көру;
6) керамикалық массаны металл қаңқаға жағу; қаңқа бетін майсыздандырып, тотықты қабық алу, төсеме қабат жағу (грунтовый слой), дентинді массаны жағу, керамикалық қабаттың пішіні мен көлемін, сауыттың окклюзиялық бетін түзету соңғы рет күйдіргенде протез бетін әйнекелеу (глазурлеу);
7) протезді ауыз қуысында кигізіп көру;
8) протезді ауыз қуысында бекіту.
