
- •5.1. Тіссауыттағы ақаулардың пайда болу себептері, тексеру ерекшеліктері Тіс ақауларының және жасанды тіссауыттардың жіктелуі
- •Блэк, в.Ю.Миликевич, г.А.Гаркуша бойынша, тістің зақымданған бетінің атаулары бойынша тістің сауыт бөлігі жарақаттарының жіктемесі (классификациясы)
- •Жасанды сауыттардың түрлері
- •Жасанды сауыттарға қойылатын талаптар
- •5.2. Тістің сауытты бөлігін металды штампталған сауытқа лайықтап егеу ережелері мен реті
- •5.3. Сурет. Тістің қатты тіндерін егеуге арналған алмас кескіш аспаптардың (борлардың) түрлері: а – конус тәрізді; ә – торпеда тәрізді; б – цилиндр тәрізді; в – жасымық тәрізді.
- •Тіс қатарынан қалып алудың әдістемесі
- •Штампталған (металды) сауытты кигізіп көру әдістемесі
- •Протезді цементке бекіту
- •5.3. Тұтас құйылған металл сауыттар
- •5.4. Пластмасса сауыттар
- •Тістің сауыт бөлігін пластмасса сауыт астына егеу әдістемесі
- •Пластмасса сауытты дайындау технологиясы
- •Пластмасса тіссауытты кигізіп көру әдістемесі
- •5.5. Металл-керамикалық сауыттар
- •Металл-керамикалық сауытты әзірлеу үшін науқасты тексерудің ерекшеліктері
- •Металл-керамикалық сауыт түсін анықтау
- •Металл-керамикалық сауытқа тіс егеудің ортақ принциптері
- •Тістерді егеу алгоритмі
- •Алдыңғы топтағы тістерді егеу
- •Бүйір топтағы тістерді егеу
- •5.1. Кесте. Әр түрлі тістердегі кертпе енінің ең жоғарғы мәндері
- •Екі қабатты қалып алу әдісі
- •Құйма қалпақшаны кигізіп көру шарасы
- •Металл-керамикалық сауытты тексеру және тапсыру
- •Металл-керамикалық тіс протездеріне тістерді одонтоегеу кезінде пайда болатын жергілікті асқынулардың алдын алу және оларды кешенді қорғау. Одонтоегеу кезінде тістерді қорғау
- •Одонтоегеу кезінде тіс ұлпасын зақымдайтын факторлар және қорғау тәсілдері
- •Уақытша (провизорлық) сауыттарды дайындау
- •Уақытша сауытты өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Уақытша сауытты стандартты жасанды пластмасса тістерден және өзі қататын пластмассадан тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Дайындау тәсілі
- •Өздігінен қататын пластмассаны қолданып, тіссауыттың анатомиялық пішініне сәйкес келетін целлулоид (полиэтилен) қалпақша көмегімен уақытша тіссауытты тура әдіспен бір сеанста дайындау
- •Тұтас құйылған және металл-керамикалық сауыттарды қолдану кезіндегі қателіктер мен асқынулар
- •5.6. Металл-пластмассалы сауыттар
- •5.7. Металсыз сауыттар
- •Металсыз сауытты дайындаудың клиникалық кезеңдері.
- •Ипс эмпресс жүйесі
- •5.27. Сурет. Фронтальді учаскедегі нығыздалған тұтас керамикалық сауыт. Дайын тұтас керамикалық сауыт.
- •Тұтас керамикалық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Әр түрлі тұтас керамикалық жүйелерге шолу
- •5.8. Винирлер, салмалар, штифті құрылымдар
- •Винирлерді дайындау кезеңдері
- •Блэк бойынша і класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша II класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша ііі және IV класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Блэк бойынша V класс қуыстарын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •Салманың балауыз үлгісін жасау
- •Құйылған тұқылды штифтілі салманы дайындау
- •Тұқылды штифтілі салманы өздігінен қататын пластмассадан дайындау
- •Көп түбірлі тістерге құйылған тұқылды штифтілі салмалар дайындау
- •Ричмонд бойынша және Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс
- •Л.В. Ильина-Маркосян бойынша штифтілі тіс дайындау кезеңдері
- •Пластмассадан жасалған штифтілі тіс
- •Алынбайтын ортопедиялық конструкцияларды алуға арналған саймандар
5-тарау. Тіссауыт ақауларын емдеудің ортопедиялық әдістері..................................
5.1. Тіссауыт ақауларының пайда болу себептері, зерттеу ерекшеліктері............
5.2. Тістің сауытты бөлігін металл штампталған тіссауытқа егеу ережелері және реті................................
5.3. Тұтас құйылған металл тіссауыттар......................................................................................
5.4.Пластмасса тіссауыттар..........................................................................................................
5.5. Металды керамикалық тіссауыттар..................................................................................
5.6. Металды-пластмассалық тіссауыттар..............................................................................
5.7. Металсыз тіссауыттар............................................................................................................
5.8. Винирлер, салмалар, штифті құрылымдар............................................................
5-ТАРАУ. ТІССАУЫТ АҚАУЛАРЫН ЕМДЕУДІҢ ОРТОПЕДИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
5.1. Тіссауыттағы ақаулардың пайда болу себептері, тексеру ерекшеліктері Тіс ақауларының және жасанды тіссауыттардың жіктелуі
Тіссауыт ақаулары функционалдық және эстетикалық бұзылыстарды тудыратын сауыттың қатты тіндерінің жоғалуынан пайда болады. Оған тіс түсінің өзгеруі мен олардың пішіндеріндегі ауытқушылықтарды жатқызуға болады.
Ақаулар пайда болуына байланысты екі топқа бөлінеді: тісжегілік және тісжегілік емес. Бірінші түрі жиі кездеседі.
Тіс сауытының ақаулары кезіндегі клиникалық көрініс негізінен олардың көлемі мен орналасуына негізделеді.
Сауыт ақауының көлемі кіші, орташа және үлкен болуы мүмкін (сәйкесінше, тіс сауытының 1/3 , ½ бөліктеріндегі және одан жоғары бұзылыстар).
Ақаулар орналасуына қарай тіс бетіндегі 5 бөліктің кез келгенінде орналасуы мүмкін. Кейде олардың 2 немесе 3-де болуы мүмкін.
1.Тістің тісжегілік емес ақауларына мыналар жатады:
- қатты тіндердің аса қажалуы;
- сына тәрізді ақаулар мен эрозиялар;
- кіреуке мен дентиннің гипоплазиясы, кіреуке мен дентиннің сызаты;
- флюороз, Стентон-Капдепон синдромы;
- қатты тіндер түсінің өзгерісі;
- пішіндеріндегі ауытқулар.
2. Жарақат алған тіссауыттың ақаулары көбінесе алдыңғы тістерде кездеседі. Жарақат ауыр болған жағдайда оларды екі топқа бөлуге болады: тіс қуысы ашылмайтын ақаулар және ашылатын ақаулар.
Бірінші жағдайда кіреуке және тістің кескіш шеті бойынша дентин жарылып бөлінеді. Науқас химиялық, механикалық және физикалық тітіркендіргіштерге сезімталдығына, эстетикалық жағынан қолайсыздыққа шағымданады.
Екінші жағдайда тіссауыттағы сынық сызығы оның қуысы бойынша жүреді. Сондықтан да клиникалық көрінісінде жіті жарақаттық пульпит белгілері орын алады.
3. Тістің қатты тіндеріндегі созылмалы жарақат тіске бірнеше рет механикалық күш түскен кезде туындайды. Бұл ауызда шеге, ине, қылқалам, жіп тістеген кезде, күнбағыс пен асқабақ дәндерін шаққанда кездеседі. Тістің созылмалы жарақаты протездің кламмерінен пайда болады. Жағымсыз әдет кезінде қатты тіндер ақаулары тістелетін затқа пішіндес болып келеді.
Тұрақты тістер кіреукесі гипоплазиясының пайда болуы баланың жатыр ішінде қалыптасуы барысында ағзасындағы ауыр бұзылыстармен байланысты. Көбінесе, ол бір мезгілде қалыптасатын бірінші молярдың орталық бөліктерінде көрініс табады. Зақымдану жағынан екінші орында қырындағы бөліктер, сосын сүйір тістер.
Гипоплазия – тістің қатты тіндерінің дұрыс дамымауымен көрінетін даму кемістігі.
Таралуы бойынша ауру ошақтық немесе жергілікті (1-2 тіс) және жайылған (симметриялық орналасқан тістердің үлкен тобы) болады.
Флюороз – ауыз суда фтордың шамадан тыс мөлшерде болуымен байланысты және тіс түсінің өзгеруімен көрініс табатын тістің қатты тіндерінің минералдану үдерісінің бұзылысы.
Клиникалық сипаты бойынша штрихты, дақты, сарғылт шұбар, эрозиялық, бүлінген сияқты түрлері кездеседі.
Кіреуке мен детиндегі сызат та кең таралған. Көбіне олар ең жоғары механикалық және температуралық қысым түсетін жерде орналасады. Үлкен азу тістердің шайнау беті, алдыңғы тістердің вестибулярлы беті осындай жерлер болып табылады.
Клиникалық ағымы бойынша қарапайым және пульпитпен, түбір ұшы периодонтитімен, шеткі пародонтитпен асқынған тіс ақауы бар сызаттар болып бөлінеді. Терең сызаттар кезінде науқастар тістерді түйістірген кездегі ауырсынуға шағымдануы мүмкін. Сызаттар қуысты егеген кезде, тісті пломбалағанда, сонымен қатар, салмалармен және кескішпен штифті пайдалана отырып протездеуден кейін пайда болуы мүмкін.
Тісжегілік ақау болған кезде науқастың шағымдары болмауы мүмкін немесе физикалық және химиялық факторлардан пайда болатын ауырсынуларға, тістар арасындағы бүртіктердің қабынуына және тістер арасында тағамның тұрып қалуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Аурудың белгілері былай сипатталады:
- функцияларының бұзылуы салдарынан тістің анатомиялық пішінінің бұзылуы;
- физикалық және химиялық тітіркендіргіштерге деген аса жоғары сезімталдығы;
- байланыс пунктінің жоғалуымен және маргинальды пародонттың зақымдалуы;
- ақаудың үшкір бұрыштарымен шырышты қабаттың зақымдануы;
- эстетика мен сөйлеудің бұзылуы.
Тіссауыттардың ұзақ уақыт бойғы ақаулары шайнау-сөйлеу аппаратында бірден байқалатын біршама өзгерістер тудыруы мүмкін. Олар:
- тіс қатарының окклюзиялық бетінің бұзылысы ретінде;
- шайнаудың қарама-қарсы жаққа ауысуымен және осыған байланысты пародонтқа, шайнау бұлшық еттеріне, шықшыт буынға түсетін функционалдық күштің шамадан тыс артуы көрініс табады.
Тіссауыттың қатты тіндеріндегі кейбір ақауларды ортопедиялық емдеудің міндеті – тістің одан әрі бұзылуына жол бермес үшін протездеу жолымен тіссауытты қалыпқа келтіру.
Тіссауытында ақауы бар науқастарды тексерген кезде келесі мәселелерге мән берген жөн:
Тістің қатты тіндерінің патологиясы ақау түрімен ғана шектелмейді (тісжегі, сына тәрізді ақау, этиологиясы әртүрлі гипоплазия). Қатты тіндердің қажалуы – аса сирек кезедесетін ауру емес. Бірақ тіс-жақ сүйек жүйесінің жарақаттарын (ауруларын) диагностикалау кезінде, көп жағдайда жас мөлшеріне байланысты болғандықтан және жас ерекшеліктеріндегі өзгерістердің нәтижесі деп қарастырылатындықтан, ол есепке алынбайды.
Окклюзиялық биіктікті анықтау.
Патологиялық қажалудың жергілікті түрі окклюзиялық биіктіктің төмендеуімен қатар жүруі мүмкін екендігін естен шығармау керек. Окклюзиялық биіктіктің төмендеуі өз кезегінде шықшыт буындарының ауруларына әкеп соқтыруы мүмкін. Жергілікті және таралған қажалуы, окклюзиялық биіктіктің асқына төмендеуі кезінде науқас шығамданбағанның өзінде шықшыт буындарын жан-жақты зерттеген дұрыс.
О
сылайша,
патологиялық қажалу кезінде тексеріс
барысында дәрігер осы ауру кезінде
кездесуі мүмкін түрлі асқынуларға аса
мән бергені немесе олардың жоқ екеніне
көз жеткізгені жөн. Сондай-ақ патологиялық
қажалуды тудырған себептерді де анықтаған
жөн. Дәрігер өзі жасанды сауытқа пайдалану
үшін емдеген тістерді рентгенологиялық
тұрғыдан тексергені дұрыс.
5.1-сурет.
Блэк бойынша тісжегі қуысының жіктемесі: а – І класс; ә – ІІ класс; б – ІІІ класс, в – IV класс; г – V класс.
Тістің сауыт бөлігіндегі жартылай және толық ақауларды емдеу әдісін, сонымен қатар сипаты мен қатты тіндерге шұғыл шаралар көлемін таңдау негіздеріне өзара тәуелді факторлар кешенінің талдауы жатады. Бұл факторларға біз: 1) ауыз қуысы мен ұлпаның сақталу топографиясы мен қатты тіндердегі ақаулардың өзара байланысы; 2) ақауды шектеп тұратын қабырғалардағы дентиннің болуы мен қалыңдығы; 3) тіс тіндері мен болашақ протезге түсіретін шайнау күшінің сипатын есепке ала отырып, ақаудың топографиясы мен оның окклюзиялық жүктемеге қатынасы; 4) тістің тіс қатарындағы орналасу мен оның вертикальді жазықтыққа қатысты еңкеюі; 5) ақаудың тісжегімен ең көп зақымданған аймақтармен қатынасы; 6) қатты тіндердегі ақаулардың түзілісімен негізделген себеп; 7) жоспарланған протез құрылымының тіссауыттың толық анатомиялық пішінін қалыпқа келтіру мүмкіндігін жатқызамыз.
Патологияның клиникалық көрінісін жан-жақты зерттеу ортопедиялық емдеу құралын дұрыс таңдауға көмектеседі.