
2. Концедент:
1) концессия шартында көзделген жағдайларда және мерзiмдерде концессионерге концессия объектiсiне құқықтарды беруге;
2) концессия шарттарының жобаларын мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсуге;
3) концессия шартында көзделген және концессионердiң концессия объектiсiне құқығын растайтын құжаттарды уақтылы беруге;
4) жасалған концессия шарттары туралы тiзiлiм жүргiзудi жүзеге асыратын тиiстi мемлекеттiк органға жыл сайын есептiк ақпарат берiп отыруға;
5) концессия шартында көзделген талаптарды сақтауға;
6) концессия объектiлерiн үшiншi тұлғалардың құқықтарынан еркiн етiп беруге;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.
Концессионердiң құқықтары мен мiндеттері:
1) концессия объектiсiне қатысты құқықтарды концессия шартында көзделген жағдайларда жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес берiлетiн инвестициялық преференциялардың субъeктici болуға;
3) концессия шартын орындауға байланысты келтiрiлген шығындардың өтемiн алуға;
4) концедент концессия шартының талаптарын бұзған жағдайда, концессия шартын бұзуды және мiндеттемелердi бұзудан туындаған залалдарды өтеудi талап етуге;
5) егер концессия шартына енгiзiлген өзгерiс концессионердiң шығынға ұшырауына әкеп соқтырған жағдайда, шығынның орнын толтыруды талап етуге;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2.Концессионер:
1) концессия объектiлерiнiң бейiнiн сақтауға;
2) шартта көзделген жұмыстарды жүргiзуге (қызметтердi көрсетуге);
3) концессия объектiсiнiң мүлiктiк кешенiне кiретiн әлеуметтiк сала объектiлерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржыландыруға;
4) Қазақстан Республикасының еңбек, жұмыспен қамту және қоршаған ортаны қорғауcаласындағы заңнамасын сақтауға;
5) концессия шарты жасалған мерзiм аяқталғаннан кейiн шарттың талаптарына сәйкес концедентке концессия объектiсiн тиiстi техникалық қалпында және үшiншi тұлғалардың құқықтарынан еркiн етiп беруге;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында және концессия шартында белгiленген өзге де талаптар мен жағдайларды сақтауға;
7) осы Заңның 14-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 7) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда концессиялық жобаны қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессия шартында айқындалған банкте арнайы несиелік шот ашуға міндетті.
Қорытынды
Концессиялық шарттар мен олардың жүзеге асырылуының мемлкеттің экономикалық қызметінде алатын орны артып келе жатыр. Жеке меншік пен мемлекеттік меншік арасындағы әріптестік – салалардың кең спектрінде маңызды бағдарламалық және жобалық мақсаттарды жүзеге асырудағы мемлекет пен жеке бизнес арасындағы альянс. Өйткені әлемдік тәжірибеге сүйенсек мемлкеттік меншіктен жеке меншіктің әлдеқайда тиімді әрекет ететінін көреміз. Сондай-ақ концессиялық операциялар бюджет дефицитін жабуға да тиімді.
Концессялық шарттардың еі тиімді жағы – қызмет етумен байланысты барлық тәуекелдер концессионердің мойнына түседі, ал мемлекет болса паушалды немесе роялти түріндегі табысын алып отырады.
Концессиялардың әлемдік экономикадағы артуы байқалады. Соңғы екі онжылдықта концессиялар транспорттық инфрақұрылымды дамуту үшін әлемнің 50-ден астам елінде қолданылып келеді. Еуропада концессиялар ақылы жолдар, тоннельдер мен көпірлер құрылысында кеңінен пайдаланылады. Ал Мексика, Корея, Индонезида магистральдардың 100 пайызы, Жапония, Малайзия, Аргентина, ОАР, Франция, Италияда магичтральдардың жартысынан астамы концессиялардың негізінде жатыр.
Концессиялық келісім объектісіне жекешелендіруге болмайтын, әлеуметтік маңызы зор болатын автомобиль жолдары мен темір жолдары, аэродром, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық және өзге де инфрақұрылымдық объектілер, сондай-ақ мемлекеттік транспорт, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт сфералары жатады.
Осылайша әлеуметтік маңызы жоғары жобалар концессиялық шарттар негізінде жүзеге асырылып, қызмет етеді.
Концессиялық шарттар шетелдік жеке тұлғалардың қатысуымен де жүзеге асырылады. Мұнда біз елге тікелей инвестицияардың келуін де айта кетуіміз керек. Бірақ қалай болғанда да меншік иесі мемлкет болып қала береді, ал концессионер тек бекітілген уақыт аралығында ғана қызметін жүзеге асыруға және келісімшартта көрсетілген ресурстарды пайдалануға құқық алады.
Концессиялардың тиімді жақтарын жалпылай кетсек:
Біріншіден. мемлкет меншікті ұстау, қаржыландыру, қызметін жүргізуге байланысты шығындардан мен тәуекелдерден айырылып, оны концессионерге тапсырады.
Екіншіден, мемлекеттік бюджетке концессионерден төлем алу арқылы кіріс әкеледі.
Үшіншіден, маңызды әлеуметтік-инфрақұрылымдық мақсаттарды жүзеге асырады.
Сонымен әлемдік тәжірибеде мемлекеттін меншікке жеке капиталды тарту тек жекешелендіру есебінен емес осындай концессиялық шарттар негізінде жүзеге асырылып қызмет етіп жатыр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Wikipedia.org ашық энциклопедиясы
БарГУ.by » Учебные материалы » Лекции » Правовые основы инвестиционной деятельности » Концессионный договор. Понятие, виды, порядок заключения
Концессиялар туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi N 167 Заңы
МИРОВОЙ ОПЫТ РЕАЛИЗАЦИИ КОНЦЕССИОННОГО МЕХАНИЗМА. ЭКОНОМИЧЕСКИЙ ЖУРНАЛ. 2012Ж, 3 ВЫПУСК. Автор научной статьи: СТЕПАНОВА НАДЕЖДА ГЕРМАНОВНА