Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мэп-срс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
36.38 Кб
Скачать
  1. Концессия шарты

Концессия шарты бойынша: концессия объектiсi туралы мәлiметтердi;концессионердiң концессия объектiсiне құқықтары және (немесе) белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асыруға құқықтары туралы шарттарды; концессионердiң көрсетiлетiн қызметтердiң қажеттi саны мен сапасын ұсынуы мақсатында объектiге қажеттi жақсартулар жүргiзудiң шарттары мен көлемiн; концессионердің шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін;тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаны (тарифтерді) және бағаларды белгілеу тәртібін; инвестициялардың, соның iшiнде негiзгi қорларға салынатын инвестициялардың мөлшерi туралы шартты, концессиялық жобаны әзiрленген бизнес-жоспарға (жұмыс бағдарламасына) сәйкес қаржыландырудың мерзiмдерi, көздері мен шарттарын; қызмет түрлерiн (шарт талаптары бойынша ұсынылатын жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер);концессия шарты бойынша концессионер ұсынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) сапа стандарттарын; шарттың қолданылу мерзiмiн; тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн;қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргiзу қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды; концессия объектiсiн, сондай-ақ концессия шартының орындалуына байланысты берiлген жер учаскелерiн мемлекетке берудiң тәртiбi мен шарттарын;тараптардың жауапкершiлiгiн;шартты өзгерту және тоқтату талаптарын;тараптардың орналасқан жерiн және банктiк деректемелерiн; концеденттiң концессия шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн;концессионердің қабылданған міндеттемелерді орындауын бағалаудың өлшемін және олар орындалмаған жағдайда айыппұлдар салу тәртібін; мемлекеттік қолдау ұсынылған жағдайда, оның түрлерін, көлемін, мерзімдері мен ұсыну шарттарын қамтуға тиіс. Концессия шартында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де талаптар көзделуi мүмкiн.

      Шартқа тараптардың келiсiмi бойынша өзгерiстер енгiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, шарттың талаптары концессия шартының барлық қолданылу мерзiмiнде күшiн сақтайды.

      Концессия шартында концеденттiң қоғам мен мемлекет мүддесi үшiн шарт талаптарын бiржақты тәртiппен өзгерту немесе шартты бұзу талабы көзделуi мүмкiн, бұл ретте шарт мұндай талаптардың, оның iшiнде мұндай iс-әрекеттер ұлттық және экологиялық қауiпсiздiктi, денсаулық сақтауды және адамгершiлiктi қамтамасыз ету мақсатында жасалса, толық тiзбесiн қамтуға тиiс.

Концессия шарты отыз жылға дейiнгi мерзiмге жасалады.

      Концессионер өзiне қабылдаған мiндеттемелердi орындаған жағдайда, концессия шарты тараптардың келiсiмiмен белгiленетiн қосымша кезеңге жаңа шарт жасасу арқылы ұзартылуы мүмкiн.       Өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған концессионерге конкурссыз негiзде жаңа келiсiм жасасу құқығы берiледi.

      Жаңа мерзiмге концессия шартын жасасу кезiнде тараптар келiсiмi бойынша шарт талаптары өзгертiлуi мүмкiн.

Концессия шарты мiндеттемелердi тоқтатудың жалпы негiздемелерiмен қатар: концессия шартының бұзылуына немесе қолданылу мерзiмiнiң өтiп кетуiне немесе концессионердiң таратылуын байланысты болады.

Концеденттiң құқықтары мен мiндеттерiмынадай тәртіппен жүреді:

1) концессия шартының талаптары туралы концессионермен келiссөздер жүргiзуге;

2) концессионердiң кiнәсiнен концессия объектiсiнiң жай-күйi нашарлаған жағдайда, концессионерден залалдарды өтеуiн талап етуге;

3) концессионердiң жедел қызметiне және концессия шартын iске асыру барысына араласпастан, концессионердiң қаржы-шаруашылық қызметiн тәуелсiз аудиторлық ұйымды тарту арқылы тексерудi жүзеге асыруға;

4) Қазақстан Республикасы заңнамасының, концессия шарты талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және жол берiлген бұзушылықтарды жоюды талап етуге;

5) концессионер концессия шартының талаптарын бұзған жағдайда шартты бұзуды талап етуге;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына және концессия шартына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.